Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Менталдық байланыс дегеніміз не және ол қалай орнайды

Опубликовано:

Қыз бен жігіт
Бір-біріне қараған ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Екі түрлі адамның ойы, сезімі және қажеттіліктерінің сәйкес келуі таң қалдырмай қоймайды. Бұл мистика сияқты көрінуі мүмкін, бірақ мұндай құбылыстың ақылға қонымды анықтамасы бар. Мұны менталдық байланыс деп атайды. Джейн Бертран мен Джейн Бич есімді педагогтар мен антрополог Адриана Фридманн мұның не екенін әрі бұл сезімді қалай дамытуға болатынын айтты.

Менталдық байланыстың мәні мен мағынасы

Көптеген адамға менталдық байланыс ұғымы таныс. Мұның не екені және ғылыми анықтамасы кез келген адамды қызықтыратыны белгілі.

Менталдық байланыс дегеніміз не?

Адамдардың ойлары мен қалауының сәйкес келуі, тіпті алыста болса да, бір-бірін сезіне алатын телепатикалық байланыс менталдық байланыс деп аталады. Бұл ұзақ уақыт тығыз байланыс орнатқан кезд пайда болатын энергия алмасудың ең жоғары деңгейі.

Ақыл-ой байланысы туралы алғаш рет ғаламның әр түкпіріндегі ғалымдар бір уақытта бірдей жаңалықтар ашқан кезде айтыла бастады:

  • 1839 жылы Л.Дагер (Париж, Франция) мен Г.Талботтың (Лондон, Англия) фотоаппарат жасап шығаруы.
  • 1876 ​​жылы АҚШ-та А.Белл мен Э.Грэйдің телефонның патентін тіркеуі.
  • 1993 жылы Р.Робертс (Ұлыбритания) және Ф.Шарп (АҚШ) үзілісті гендік құрылымды ашқан.

Менталдық байланыс кімдерде болады? Менталдық байланыс бір-біріне қатты қызығатын, үнемі араласатын шынайы адамдар арасында пайда болады. Бұл адамдардың тізіміне романтикалық қарым-қатынас орнатқан жұп, жақын туыстар, достар, мұғалім және студенттер кіреді.

Сүйкімді жұп
Жағада серуендеген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Менталдық байланыстың белгілері

Бірнеше ғылыми зерттеу бойынша менталдық байланыс қызықты тақырып аясында диалог жүргізетін адамдардың оң және сол жарты шарларының синхронизациясы делінеді. Осы сәтте тыңдап отырған және әңгіме айтып отырған адам санасы бір-бірін көшіреді.

Менталдық байланыс тәжірибеде былай көрінеді:

  • Сөйлесу кезінде адамдар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтайды немесе бір нәрсені бір уақытта айтады.
  • Алыста тұратын адамның не істеп жатқанын және белгілі бір уақытта не сезінетінін анық сезінеді.
  • Адамды есіне алған кезде телефон қоңырауы соғылады немесе одан хабарлама келеді.
  • Адамның белгілі бір уақытта не қалайтыны туралы нақты түсінік бар. Алайда бұл мәселе талқылана бермейді.

Менталдық байланыс бейсаналы түрде орнатылады. Ол үздіксіз әрі тығыз байланыс орнату арқылы күннен-күнге күшейе түседі.

Менталдық байланыстың түрлері және олардың ерекшеліктері

Менталдық байланыс әр түрлі адамдар арасында болады, бұл қызығушылық пен сезімге негізделуі мүмкін. Көзге көрінбейтін телепатикалық байланыстың айқын көрінетін бірнеше мысалы бар:

  • Ер мен әйел арасындағы сезім ең күшті байланыстың бірі болып саналады, өйткені ол тек менталдық қана емес, сонымен қатар физикалық, эмоционалдық және рухани деңгейде орнатылады. Жұп арасында шекара болмайды, олар бір-біріне жақын бола алады. Эзотериктер мұны төртінші деңгейдегі менталдық байланыс деп атайды.
  • Егіздерде күшті байланыс болады. Егіздердегі менталдық байланысының ерекшеліктері қандай? Олар криптофазияны – өздері ғана түсінетін паравербальдық және микрогестуралдық белгілерді қолданады. Егіздер, әсіресе монозиготалы егіздер бір-бірінен ажырамайды және бір-бірімен сөйлеспей-ақ ұқсас әрекеттерді орындайды. Мысалы бір-бірінің тағдырын қайталаған АҚШ-тан келген "Джим егіздерінің" оқиғасы ерекше таң қалдырады. Тіпті олар жырақта өмір сүрсе де, сүйіспеншілік пен ортақ байланысты көрсетеді.
  • Ата-ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынас жайлы ЮНИСЕФ те зерттейді. Ана баласын құрсағында жатқанда сезіне бастайды. Бала мен оның арасында тығыз байланыс орнайды, ол жылдар бойы үзілмейді. Жаңа туған нәрестені қорғау керек, бұл ананы баласына еміренуге итермелейді, - дейді "Өмірдің бастауы" деректі фильмінің сарапшыларының бірі, неонатолог Хосе Мартинс Филю.

Мектепке дейінгі білім мекемесінің профессоры Джейн Бертран және бала күтімі туралы кітап авторы Джейн Бич ата-ана мен бала арасындағы менталдық байланысты ерте жастағы балаларды дамыту бағдарламаларында бірінші орынға қояды. Антрополог және педагог Адриана Фридман ана мен бала арасындағы байланыс баланың психологиялық және физикалық қауіпсіздікті сезінуі үшін үлкен рөл атқарады деп санайды.

Менталдық байланыс достар мен мұғалім немесе рухани тәлімгер және оның оқушылары арасында болады. Мұндай адамдар бір-бірінің көңіл-күйін, қалауын өзінікі тәрізді сезінеді.

Баланың қолы
Бала мен ересек адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Менталдық байланысты қалай өрбітуге және бұзуға болады?

Менталдық байланысты басқаруға болады. Қандай жаттығулар жақындықты нығайтуға көмектеседі және дұрыс емес байланысты қалай үзуге болады?

Менталдық байланысты орнату

Кез келген қарым-қатынас, сезім әрі қарай өрбуі керек. Бұл менталдық қарым-қатынасқа да қатысты. Менталдық байланысты қалай дамытуға болады? Арнайы жаттығулардың көмегімен тыңдау және есту, жанашырлық таныту, құрметтеу және қолдау көрсету, сондай-ақ серігінің жай-күйін ішкі түйсік арқылы сезуді нығайтуға болады.

Менталдық байланысты нығайтуға арналған ең тиімді жаттығулар:

  1. Қабылдау және беру. Жаттығуды орындайтын адамның бірі бөлмеде көзін байлап, өзімен-өзі сөйлесіп жүреді, ал екіншісі үнсіз қозғалады. Біріншісі тоқтап, екінші адам тұрған орынды көрсетуі керек.
  2. Қоңырау визуализациясы. Сүйікті адамның жүзін елестетіп, оған қоңырау шалуын ойша сұрау керек.
  3. Әрекет бағдарламасы. Жақын адамыңызды елестетіп, одан қандай да бір әрекетті орындауды ой арқылы сұрауыңыз керек.

Менталдық байланысты үзу

Адамға бауыр басу әркез қуаныш әкелмейді. Кей жағдайда бұдан құтылу керек болады. Мысалы: менталдық серігі қайтыс болған жағдайда, араздық салдарынан байланысы үзілген жұп.

сырласқан жұп
Пойызда отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұл жағдайда адамды ойламауға мынадай әдістер көмектесуі мүмкін:

  1. Шамды жағыңыз, ыңғайлы отырып, денеңізді бос ұстаңыз.
  2. Байланысты үзу керек адамның бейнесін елестетіңіз.
  3. Араңызда болған барлық нәрсе үшін ол адамға алғыс айтыңыз.
  4. Сіз бен ол адам арасында энергетикалық қуаттың түрлі-түсті жіптері созылғанын елестетіп көріңіз.
  5. Қолыңызға майшам алып, осы жіптерді төменнен жоғары қарай жағыңыз. Барлық жіпті осылай жасаңыз.
  6. Көз алдыңыздағы бейненің қалай жоғалып кететінін елестетіп көріңіз. Ол көзге мүлдем көрінбей қалғанша күтіңіз.

Шамның орнына жіпті кесетін қайшыны алуға да болады. Бұл әдісті бірнеше рет қайталау керек. Менталдық байланысты орнату үшін және оны бұзу үшін де біраз уақыт қажет екенін түсіну маңызды. Бұл уақыт ренжуге және сіз үшін қымбат болған адамды босатуға арналады.

Менталдық қарым-қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірін телепатиялық тұрғыда сезінуі, бұл құбылыс әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Мұндай байланысты адамдар арасындағы қарым-қатынастың, өмірінің жақсаруы үшін зерттеп, пайдалану қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2056616-mentaldyq-bailanys-degenimiz-ne-zane-ol-qalai-ornaidy/

pixel