Есімдер құпиясы: адамның есімі оның өміріне қалай әсер етеді
Жарияланған күні:
Астрологтар адам есімі оның өмірінің коды деп есептейді. Сол себепті балаға есім таңдарда ондағы әріп санын есептеп, ол санның бала тағдырына қалай әсер ететінін біліп алған жөн, дейді олар. Бұл туралы толығырақ Astronumero нумерологиялық басылымының кеңестерінде жазылған.
Адам есіміндегі сандар деген не және оны қалай есептеуге болады
Адам өміріндегі сандар мен оқиғалардың байланысы миф емес, ол эзотерика мен өзін-өзі танудың жеке бағыты болып саналады.
Эзотерик мамандардың пікірінше, адам бұл әлемге белгілі бір кармалық тапсырманы орындау үшін келеді. Ол адам бойындағы туабітті әлеуетті жүзеге асыруға және өмір жолын дұрыс таңдаудан тұрады. Жұлдыз жорамал, жай карталар мен Таро карталарындағы болжам әр адамның өмірлік мақсаты мен міндеттерін сипаттайды.
Жеке тұлғаны бағалаудың негізгі құралдарының бірі – оның есімінің саны болып табылады. Адам есіміндегі сан ол өмірге келген кезде оны ДНҚ деңгейінде сипаттайтын сандық код болып саналады. Astrologyk астрологиялық басылымының мәліметінше, адамның есімі оның бойындағы келесі параметрлерді ашады екен:
- Табиғи талант және жеке тұлғаның әлеуеті;
- мінезі мен ерекшеліктері;
- белгілі бір энергетикалық толқу;
- адам басынан өткеруі тиіс өмірлік сабақтар.
- арман-мақсаттарды орындау және қолайлы болашақ құру ықтималдығы.
Егер адам есімі оған сәйкес келсе, ол өмірде зор жетістіктерге жетіп, барлық арманына жетеді. Егер қол жеткізе алмаса, ол өз есімін өзгерту арқылы шешімін таба алады, дейді мамандар. Бұл тұста көптеген танымал тұлға бүркеншік атпен ғана атақ-даңққа қол жеткізе алғанын айта кету керек.
Astronumero нумерологиялық басылымының хабарлауынша, актриса және әнші Барбра Стрейзанд ("Күлкілі қыз") 18 жасында есімін өзгертіп, атақ-даңққа жеткен.
Адам есіміндегі санды қалай есептеу керек
Адам есімінің санын білу үшін эзотерика мен өзін-өзі танудағы танымал бағыттар құралдарын қолдану керек. Осылайша, адам есіміндегі санды екі жолмен іске асыруға болады:
- Нумерология және оның астрологиямен байланысы арқылы;
- сандық психология ілімі - сюцайдың көмегімен.
Екі жағдайда да есептеу принципі бірдей болады. Онда тек әріптердің мағыналары мен есептеу нәтижесін түсіндіру жолы ғана әр түрлі болады. Сандар мен әріптерге қатысты түсіндірме келесідей болады:
- А, и, с, ъ — 1.
- Б, й, т, ы — 2.
- В, к, у, ь — 3.
- Г, л, ф, э — 4.
- Д, м, х, ю — 5.
- Е, н, ц, я — 6.
- Ё, о, ч — 7.
- Ж, п, ш — 8.
- З, р, щ — 9.
Сюцай көмегімен адам есімінің санын есептеу үшін латын әліпбиі қолданылады. Бұл ретте, әріптер мен сандарды келесідегідей етіп қолданса болады:
- A, i, j, q, y — 1.
- B, k, r — 2.
- C, l, s, g — 3.
- D, m, t — 4.
- E, h, n, x — 5.
- U, v, w — 6.
- O, z — 7.
- F, p — 8.
Нумерология мен сюцайда адамның атынын санын қалай есептеуге болады? Ол үшін төмендегі әрекет алгоритмін қолданыңыз:
- Қағазға адам есімін жазыңыз.
- Әр әріптің алдына нумерологиядан немесе сюцайдан алынған сандардың мәндерін қойыңыз.
- Адам есіміндегі барлық санды дәйекті түрде қосыңыз, оларды 1-ден 9-ға дейінгі аралықтағы жай санға келтіріңіз.
- Нумерология мен сюцай бойынша шыққан соманың мәнін қараңыз.
Нақты мысалды ала отырып, адам есімінің санын есептеп көрейік. Ольга есімін жазыңыз. Әріптерді сандарға сәйкестендіре отырып жазамыз: O - 7, л - 4, ь - 3, г - 4, a - 1. Әр әріпке сай келетін сандарды бір-біріне қосамыз: 7+4+3+4+1=19. Қарапайым санға келтіреміз: 1+9=10, 1+0=1. Ольга есімінің саны - 1.
Адам есіміндегі санның мәні
Ежелгі эзотерикалық ғылым нумерологияда әр санның өзінің толқыны бар деген ұғым қалыптасқан. Бұл адамға тікелей әсер етеді, дейді мамандар. Сол себепті, жұлдыз белгілерінің архетиптерімен байланыстырылған сандардың келесі мәндерімен таныс болыңыз:
- Бір саны (Тоқтылар) - көшбасшы. Medium әлеуметтік басылымы бір санын амбиция мен еркіндік саны деп атайды. Мамандықтары: мемлекеттік қызметкер, саясаткер, ғалым, авиатор, ғарышкер, инженер, өнер адамы.
- Екілік (Торпақтар) - материалдық және рухани игіліктерді жинақтаушы. Мамандықтары: қаржыгер, мұрағатшы, мұражай немесе кітапхана қызметкері, кәсіпкер, аграрлық сала маманы, диетолог.
- Үштік (Егіздер) — ақпарат иесі. Мамандықтары: ақын, суретші, жазушы, дипломат, кәсіпкер. Журналист, режиссер, музыкант, бишіні де табыс күтеді. Сондай-ақ саяхатшы мен қолөнершілер де табысқа жетеді.
- Төрттік (Шаян) - ел тарихын жатқа білетін, шежірені білетін тұлға. Мамандықтары: археолог, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің қызметкері. Мұражай қызметкері, реставратор, сәулетші, химик және технолог ретінде де табысқа жете алады.
- Бестік (Арыстан) — тәрбиелеуші және бесаспап шебер. Мамандықтары: зергер, қару жасаушы, пластикалық және кардиохирург, стоматолог, қалпына келтіруші. Радио және теледидар қызметкері ретінде де зор табысқа жете алады.
- Алтылық (Бикештер) – тәртіпті орындаушы. Мамандықтары: талдаушы, философ, зерттеуші, экономист, физик, биолог, дәріханашы. Математик, шенеунік, әскери қызметкер, саясаткер ретінде зор табысқа жете алады.
- Жетілік (Таразы) — шаңырақтың ұйытқысы. Мамандықтары: дипломат, келіссөз жүргізуші, судья, адвокат, әлеуметтік қызметкер.
- Сегіздік (Сары шаян) — рухани азық беруші. Мамандықтары: жүргізуші, альпинист, құтқарушы, сынақтан өткізуші, психиатр, дәрігер, цензор, арнайы агент.
- Тоғыздық (Мерген) — идеолог. Мамандықтары: философ, мәдениеттанушы, әлеуметтанушы, насихаттаушы, оқытушы, діни қызметкер, қоғам қайраткері.
Marie Claire әйелдер журналының пікірінше, кармамен жұмыс істеу үшін келесі әрекеттерді жасау керек:
- бір саны бар адамдар адамдарға - ашылып үйрену керек;
- екілік түскен адамдарға - туындаған проблемаларға алаңдамауды үйрену қажет;
- үштіктер өзіне тым көп алуды қою керек;
- төрттіктерге жалқаулықты қою керек;
- бестіктерге өзін қорғауды үйрену керек;
- алтылықтар тыныштықты қажет етеді;
- жетіліктер қоғамның бел ортасында жүруі керек;
- сегіздіктерге өзгенің емес, өзінің мәселесін шешіп үйренген жөн;
- тоғыздықтардың кармасы - демалуды үйрену.
Сюцай адамның есіміндегі сандардың оң және теріс мағыналарын ескереді. Тұлғаның мәнін ашу үшін төмендегі деректерге мән беріңіз:
- 1 - танымалдық
- 2 - жеке әл-ауқат
- 3 - беріктік
- 4 - иеліктен шығару
- 5 – артистік шеберлік
- 6 - табыс
- 7 – табиғатпен таласу
- 8 – тұрақты, қажырлы еңбек
- 9 - эмоционалды тереңдік
Мысалы, Ольга есімінің саны - 1. Бұл оның танымал тұлға екенін білдіреді. Потенциалды ашу, байланыс желісін құру, көпшілік алдында сөйлеу және Ольганың жұлдызды жолы Сюцайдың өмірлік миссиясын іске асырады және ол өмірде бақытты болады.
Адам есіміндегі сан - өзін-өзі танудың қуатты құралы. Оны ашу үшін нумерология мен сюцай ережелеріне сүйене отырып есептеу керек. Осы білімнің арқасында өмірде табыстарға жету оңай әрі жеңіл болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2057092-esimder-qupiyasy-adamnyn-esimi-onyn-omirine-qalai-aser-etedi/