Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайырлы түн": неге кей ұлттың тілінде бұл сөзді айтпау керек және ол сөзді немен алмастыруға болады

Опубликовано:

Түс аулаушы
Жақсы түс тұмары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күнделікті айтып жүрген "қайырлы түн" сөзінің мағынасы кей елдерде қорқынышты болуы да мүмкін. Ұйықтар алдында жақын адамыңызға қандай жылы сөз айтқан дұрыс? Жақсы сөздерді бірге қарастырып көрейік.

Бұл жазбадан сіз мына тақырыптарды білесіз:

  1. "Қайырлы түн" тіркесінің мағынасы.
  2. Бұл сөздің орнына айтуға болатын сөздер.

Неліктен кей елдерде "қайырлы түн" деуге болмайды?

Дат физиологы әрі психологы және "Иллюстрированная история суеверий и волшебства" кітабының авторы Альфред Леманның пікірінше, ертедегі адамдар қарапайым нәрселерді түсінбегендіктен ырымдарға сеніп өмір сүрген көрінеді. Олар ақпаратқа, ғылымға, медицинаға еркін қол жеткізе алмады, сондықтан жеке тәжірибе мен нанымдарға сүйене отырып, бір-біріне өз бетінше қамқорлық жасауға тырысты.

Бұрынғы адамдар ауру-сырқау мен жоқшылықтан, сұқ көзден және бұзылудан, көреалмаушылық пен жалғыздықтан сақтана отырып, жақсы сөздер мен тілектерді дауыстап айтты. "Суеверия. Путеводитель по привычкам, обычаям и верованиям" кітабының авторы Питер Уэст адамдар әдет-ғұрып пен нанымдарға қатысты кішігірім рәсімдерді ұнатады деп есептейді. Осылайша жеке және күнтізбелік мерекелермен құттықтау, күнделікті айтылатын тіркестер мен тілектер, соның ішінде ұйқы алдындағы белгілі сөздер пайда болды.

Неліктен кей елдерде "қайырлы түн" деп айтуға болмайды? Олардың ата-бабалары тыныштық тек өлгеннен кейін болады деп сенген. "Қайырлы түн" тіркесі теріс энергияға ие және адамның өмірін қажетсіз тәуекелге баруға итермелейді деп сенген. Бұған қоса мұндай сөз қайтыс болған адаммен бірге түнеу деген мағынаға да келіңкірейді делінген.

Ұйқытап жатқан қыз
Тәтті ұйқыда жатқан ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Осылайша қайырлы түн тілеу басқа мағынаға айналады. Қайтқан адамды жерлеу кезінде тыныш ұйықта деп дұға ететін үрдістер де бар. Бұл тіркес "қайырлы түн" сөзіне ұқсас делінеді.

Жоғары күштерге сенетіндер өздерінің логикасына сүйенеді. Жоғарыдағы адамдардың сөздері мен тілектері сөзбе-сөз қабылданады, тіпті бірден орындалуы да ықтимал. Бұл сөздің теріс мағынасының тағы бірнеше себебі былай түсіндіріледі:

  • Түнгі ұйқыға шамадан тыс көңіл бөлу. Ұйқыны жақсарту үшін демалу қажет болған кезде ұйқысыздықты тудырады.
  • Мазасыз ойлардың көбеюі. Тыныш ұйықтауға тырысып, ойыңызда сол күнгі оқиғаларды сүзгіден өткізіп, ертеңгі істерді жоспарлауды бастай аласыз.
  • Эмпатияның төмендеуі. Бұл тіркес адамға деген көзқарасты көрсетпейді, бұл клише болып көрінеді.

Ырымға сенетіндер бұл сөзді ұнатпайды. Дүниеде кәсіби дәрігерлерден артық ырымшыл адам жоқ екеніне көпшілік келіседі. Дәрігерге "қайырлы түн" тілейтін болса, кезекшілігі сәтті болмайды деп есептеледі. Әдетте шұғыл әрі күтпеген жағдайлар және басқа да көптеген жағымсыз және мазасыз сәттер болады.

Бұл сөздің орнын немен ауыстыруға болады?

Ұйықтар алдындағы кешкі рәсімдер алдағы демалыс пен көңіл-күйге әсер етеді. Әрекет баяулайды, есінеу пайда болады, терең тыныс алып, демалғысы келеді. Жақсы тілек айту арқылы адам түнгі ұйқыға өзін дайындайды. Мұны дұрыс және ұқыпты орындау маңызды.

Егер сіз сөздің күшіне сенсеңіз, "қайырлы түн" тілегін позитивті әрі шабыттандыратын сөзбен өзгертіңіз. Түнгі тілекті қалай айтуға болады? Ол үшін әр түрлі әдісті қолдануға болады:

  • Қамқорлық таныту. Құшақтау, иығынан сипау, сүю.
  • Ұйықтар алдында бірге дұға жасау.
  • Дәстүрлі "қайырлы түн" сөзінен ерекшеленетін қанатты сөз айту.

"Қайырлы түн" дегеннің орнына не айту керек? Ұйықтайын деп жатқан адамға айтуға болатын жағымды сөздерді қарастырыңыз:

  • "Түніңіз тыныш өтсін! Бұл - бейтаныс адамға да айтуға болатын тілек.
  • Балаларыңызға "Жақсы түс көр" және "Тәтті түс көр" деп тілеуге болады.
  • Жақсы түс көріңіз.
  • Жақсы демалыңыз.

Үй шаруасындағы әйелдерге арналған Good Housekeeping журналы бірнеше нұсқаны ұсынады, соның ішінде "Демалысыңыз керемет әрі жақсы болады деп үміттенемін" деген жылы сөз бар. Мұндай сөздер жақсы ұйықтауға және тамаша көңіл-күймен оянуға мүмкіндік береді. "Таңертең кездескенше" деп те айтуға болады.

Ұйқыдағы сәби мен әке
Ұйықтап жатқан әке мен сәби. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әрбір адам белгілі бір адамға деген көңілін білдіретін әдемі сөздерді таба алады. Бұл жағынан мәдени және діни ерекшелікті де ескеріңіз.

Мәселен, араб тілінде "қайырлы түн" дегеннің орнына "Түсбихун ала хайр" ("Жақсы хабар оятсын") дейді. Ағылшын тілінде әдемі тіркес бар: "Go to bed, you sleepy head!". ("Ұйқыға жат, ұйқысы келген адам).

Қазақ тілінде қайырлы түн тілеудің бірнеше нұсқасы бар. "Жайлы жатып, жақсы тұр" деген сөз "жақсы демалып, сау болып оян" дегенді білдіреді. Түрлі жорық кезінде қазақтар түнде бір-біріне "Түннің амандығын берсін", "Түннен түгел шығайық", - деп тілек айтқан.

Ұйықтар алдында аффирмация айту да артық болмайды, себебі бұл түпсанада триггер ретінде жұмыс істейді. Бұл әдіс әсіресе эмоцияға жақын адамдарға қатысты айтылған. Олар балалар сияқты жақсы әңгімеге ұйықтап кетеді, сондықтан жақсы көретін адамдарыңызға қайырлы түн тілеу кезінде осыны ескеріңіз.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, ұйықтар алдында айтатын сөзіңізге мұқият болыңыз. Кейде көңілсіз немесе тым қарапайым сөз айтқаннан гөрі үнсіз қалған жақсы.

Жақындарын жақсы көретін және оларға қамқорлық жасайтын жандар үшін жағымды сөз айту және оған жауап беру маңызды. Егер ырымшыл болсаңыз, жақсы сөзді аямаңыз. Бұл сіздің түнгі ұйқыңызды жақсартады және қажетсіз уайымды ұмыттырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2057350-qaiyrly-tun-nege-kei-ulttyn-tilinde-bul-sozdi-aitpau-kerek-zane-ol-sozdi-nemen-almastyruga-bolady/

pixel