Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам сүйіктісіне жиі сыйлық сыйлауы үшін не істеуге болады: 5 тиімді лайфхак

Опубликовано:

Ер адамның сүйіктісіне сыйлық берген сәті. Көрнекі сурет
Ер адамның сүйіктісіне сыйлық берген сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйіктіңіз сізге сыйлық сыйлауды ұмытты ма немесе тек мерекелерде ғана сыйлық беруді еске ала ма? Редакция мамандардың пікіріне жүгіне отырып, бұл жағдайды өзгерту үшін қандай әрекеттерді қолға алу керегін анықтады.

Сыйлық алып үйреніңіз

Ер адам өзін-өзі бағаламайтын әйелге сыйлықтар бермейді, себебі ол мұндай нәзік жандыларды сыйлыққа лайықсыз деп санайды. Ғашық болып жүрген шақта сізге сыйлықтың түр-түрін беруі мүмкін, тіпті өзіне деген сенімі мүлдем жоқ деген әйелдің өзіне гүл немесе кез келген басқа сыйлық ұсынған кезде ол өзін шын бақытты сезінеді. Дегенмен екі жас бір-біріне үйренісіп, ер-азаматыңыз сізге гүл сыйлағанда "Несіне ақша жұмсадың?" деген жауап естісе, келесі жолы гүл шоғына ақша жұмсамайтын болады. Әйел адам мұндай сыйлықты қаламаса, келесі жолы ол несіне мұндай гүл шоғын әперуге тиіс?

Ал комплименттерге қалай қарайсыз? Бұл да ерекше сыйлық түрі.

Егер жолдасыңыз сізге әдемі екеніңізді айтса, ал жауап ретінде басыңыздың жуылмағанын әрі ұйқыңыздың қанбағанын естісе, әрине, бұл жауаптан көңілі қалары сөзсіз. Өзіңізді тұлға ретінде қабылдай алмау - сіз туралы басқа адамдардың пікірін қалыптастырады.

Өзіңізге, сұлулығыңызға, бірегейлігіңізге сеніңіз, сонда бірден кез келген сыйлық пен мақтауларға лайық болып шыға келесіз. Ер адам мұндай әйелге сыйлық беруден аянбайды.

Ер адамға үнемі алғыс айтып отырыңыз

Ер адам өзі көңіл бөлген адамды немесе затты қатты бағалайды. Ол өзінің сүйіктісіне ақша жұмсаған сайын, одан ләззат алады. Сол себепті оған үнемі алғысыңызды білдіріп отырыңыз және берген сыйлықтарынан бас тартпаңыз. Бұдан ол тек жағымды эмоциялар алады және бұдан да биік белестерді бағындыруға ұмтылады, оның ішінде сүйіктісін қуанту үшін көп ақша табуға тырысады. Бұл ер адамға ләззат сыйлайтын нағыз дофамин.

Сондықтан шын жүректен алғыс айтыңыз. Ол сонда сыйлықтардан бөлек, өзінің де маңызды екенін түсінеді.

Сол себепті сүйіктіңіз сыйлық берген сәтте ғана емес, жұмыстан келгенде де сезімдеріңізді көрсетіңіз. Оны қуана қарсы алыңыз, оған тек бақытты сәттер сыйлаңыз.

Бақытты ғашық жұп. Көрнекі сурет
Бақытты ғашық жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ер адамды мақтаңыз

Жігітіңіз сыйлықтарды мүмкіндігінше жиі берсін десеңіз, оған сыйлықтар үшін емес, жай күндері де көп мақтау айтыңыз. Оның кез келген сыйлығын, қажет нәрсені таңдай білетін қасиетін мақтаңыз. Сыйлықта ерекше ұнаған тұсына мән беріңіз: түсі, пішіні, сапасы, хош иісі. Психотерапевт және психоаналитик Дайан Барт өзіңізге ұнамайтын сыйлық алсаңыз да, жігітіңізді мақтауға асығыңыз деген кеңес айтады.

Сыйлық - бұл жай ғана зат емес, бұл адамның сізге деген көзқарасы мен қамқорлығы, дейді мамандар. Сыйлыққа жауап ретінде мақтау айту - бұл қамқорлықты қабылдаудың белгісі. Уақыт өте келе, сіз бұған дейін берілген сыйлықтарды еске алмай-ақ, ненің ұнайтынын және ұнамайтынын айта аласыз. Ер адамдар мұндайды мұқият тыңдап, келесі жолы қателік жібермеу үшін сіздің қалауыңызды есте сақтайтын болады.

Сыйлық – сүйіктіңізге деген сый-құрметіңіздің белгісі ғана емес, ол ғашығыңыздың сізге деген ыстық сезімі, дейді Дайан Барт. Сондықтан сыйлық ойыңыздан шықпай жатса ренжімеңіз, сезім сыйлықпен өлшенбейтінін естен шығармаңыз, дейді мамандар. Себебі махаббат — бұл сыйлық қорабының ішінен де үлкен сезім. Егер сіз өзіңізге көп нәрсе сатып ала алсаңыз да жақсы.

Алайда ол туралы сүйіктіңізге айтудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ер адамдарда сыйлықты ғашығым өзі де сатып ала алады деген ой қалыптасады. Жұмыста мықты болыңыз, бірақ ер адамыңыздың жанында онымен бәсекелес екеніңізді көрсетпей, керісінше нәзік қызға айналып, оны махаббатқа бөлеңіз. Сарапшы-блогер Сильвия Смит әйел адам ер адамға қолдау көрсету үшін қажет дейді.

Үстел үстіндегі әдемі сыйлық. Көрнекі сурет
Үстел үстіндегі әдемі сыйлық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыйлыққа не алғыңыз келетінін еске салып отырыңыз

Ер адам не беру керегін білмесе, сыйлық сыйламайды деген қате пікір. Бірақ өз қалауыңызды нақты айтқан сайын, сыйлық алуыңыз да көбейеді дейді психотерапевт және психоаналитик Ф. Дайан Барт. Сондықтан өзіңізге не нәрсе ұнайтынын айтудан ұялмаған жөн. Ол үшін дүкенге бірге барыңыз. Оған: "Мына сөредегі көйлек қандай әдемі, маған дәл келеді екен! Қалай ойлайсың?" деп бірден айтыңыз. Мұндай сыйлық тосынсый ретінде берілмеді деп еш алаңдамаңыз. Уақыт өте келе, ер адам сіздің қалауыңызды білетін болады және сыйлықтарды өзі-ақ сатып алатын болады.

Егер ол сыйлық жайлы ештеңе білмесе де, онымен кеңесіңіз. Осы арқылы сіз, біріншіден оның пікірі маңызды екенін көрсетесіз, екіншіден, сыйлықтарды дұрыс таңдауына үлес қосасыз. Оны ренжітіп алмау үшін немесе намысына тиіп кетпеу үшін, әр сөзіңізге мұқият болыңыз. Мысалы: "Лаураның жолы болды! Күйеуі оның туған күніне көлік сыйлады!" деп айтпаңыз. Мұндай сөздерден кейін, сыйлықсыз қалатыныңыз айдан анық. Егер ыммен түсінбесе, не қалайтыныңызды төтесінен айтыңыз.

Кейде біз сүйіктіміздің махаббат әлемін түсінбейміз және сезімдерді ол қалағандай білдіре бермейміз, деп жазады PhD докторы Гари Чапман "Махаббаттың 5 тілі" кітабында. Ал, осындай түсініспеушілік үшін, бүтін бір отбасылардың шаңырағы шайқалып жатады. Гари Чапман жұбайыңыздан сіз үшін маңызды нәрсе сұрауға кеңес береді. Өтінішіңіздің орындай алу, алмайтынына қарамастан, ай сайын сыйлық сұраңыз. Осы арқылы оны өзіңіздің махаббат тіліне үйретіңіз. Оның жаныңызда болуы да сіз үшін баға жетпес сыйлық болуы мүмкін. Оның сіз үшін қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін, одан бұл тілегіңізді де сұрап отырыңыз.

Саябақтағы қос ғашық. Көрнекі сурет
Саябақтағы қос ғашық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Озіне сыйлық сыйлаңыз

Гэри Чепмен сыйлықтарды уақыт, көмек, қолпаштау сөздерімен бірге жүретін махаббат тілінің бір белгісі деп санайды. Сыйлық – махаббатты білдірудің нышандарының бірі. Сондықтан, отбасыңызда мынадай дәстүрді енгізіңіз: әр апта сайын бір-біріңізге сыйлық жасаңыз. Бірге өткізген уақытты да сыйлық ретінде қабылдаңыз. Сыйлықтар бір-бірімен жақындасуға және тығыз байланыс орнатуға ықпал етеді. Бұл сіз бірге тұратын адамды түсіну, оның қалауы, қажеттіліктеріне қызығушылық білдіру тәсілі.

Біз күтпеген сыйлық алған кезде адамның жанының саулығына жауап беретін дофамин бөлінетінін сеземіз. Мұндай тұжырымды Атлантадағы Эмори университетінің зерттеушілері айтып отыр. Тіпті туған күніңізге сыйлық алған сәтте қатты қуанып қаласыз. Алайда зерттеуші, доктор Григорий Бернстің айтуынша, туған күнде жасалған сыйлықтардан гөрі, тосынсыйлар адамды бақыттырақ етеді.

Сондықтан сүйіктіңізге күтпеген тосынсыйлар беріңіз, сонда олар да сізге сыйлықпен жауап беретін болады. Бір-біріңізбен жиі сөйлесіп, бірге уақыт өткізіңіз, сүйіктіңіздің айтқанын тыңдап, оған өзіңіз туралы айтыңыз, ойларыңыз бен қалауыңыз туралы айтыңыз. Сыйлықтан гөрі, сүйіктіңіздің бағалы екенін үнемі есіне салып отырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2057559-er-adam-suiiktisine-zii-syilyq-syilauy-usin-ne-isteuge-bolady-5-tiimdi-laifxak/

pixel