Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 30 қаңтар күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін жеке өміріңізде өзгерістер орын алуы мүмкін. Таныс адамдарыңыздың бір-бірін ұнатып қалуы немесе біреудің сезіміңізге оң жауап беруі де ғажап емес.

Торпақ

Бүгін сүйіктіңізбен арада салқындық пайда болмас үшін біраз еңбектенуіңізге тура келеді. Сондықтан аянып қалмаңыз!

Егіздер

Сүйікті адамыңыздың әрекетін бақылаңыз. Аса бір маңызы жоқ, ұсақ-түйек болып көрінген нәрселер нағыз проблемаға айналуы мүмкін.

Шаян

Өзіңізді бағалауыңыз және сенімділігіңіз арта түседі. Қандай да бір мерекеде немесе салтанатты іс-шарада сүйіктіңізді жолықтыру ықтималдылығы жоғары. Ал егер сүйіктіңіз бар болса, оның махаббатқа адал жан екенін естен шығармағайсыз.

Арыстан

Егер сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз шырғалаңға түсіп, шешімін таппай жүрсеңіз, бірнеше айға үзіліс алыңыз. Бұл оңаша қалып, барлығын қайта дұрыстап ойлануыңызға көмектесері сөзсіз. Бәлкім, қарым-қатынасыңызды жақсартудың жолын тауып, сүйіктіңізге жаңа күшпен ораларсыз.

Бикеш

Егер сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдіруге әлі дайын емеспін деп ойласаңыз, керісінше, батылырақ болыңыз! Мүмкін, ол да сізді асыға күтіп жүрген болар.

Таразы

Ғашығыңызды әдемі сөздермен баурап аламын десеңіз, қателесесіз. Кім де болсын, сөзден гөрі іспен дәлелдегенді ұнатады емес пе?

Сарышаян

Егер махаббат майданында тығырыққа тірелгеніңізді сезсеңіз, өзіңізді сырт көзбен бақылап, сынап көріңіз. Бұл жіберген қателіктеріңізді түсініп, кеш болмай тұрғанда барлығын жақсартуға көмектесері анық.

Мерген

Бүгін екінші жартыңыз сізге сый-құрмет көрсетіп, сезімдеріңізге деген сеніміңіз арта түседі. Сол себепті сіз де аянып қалмай, сүйіктіңіздің романтикаға толы сәттерді барынша сезінуіне сеп болыңыз.

Тауешкі

Барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз, себебі махаббат жолы ешқашан оңай болған емес. Қайта сүйіктіңізді кездесуге шақырып, қандай да бір мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, талқылап, ортақ шешімін табуға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Жағымсыз сезімдерден аулақ болыңыз, өйткені мұның соңы даулы мәселелерге айналып кетуі мүмкін. Мысалы, сүйіктіңізге эмоционалды тұрғыдан қысым жасамаңыз. Одан да бірге қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуге барыңызды салыңыз.

Балықтар

Қандай да бір даулы мәселеде сүйікті адамыңыздың не сезінетінін түсінуге тырысып, оны барынша шешуге тырысыңыз. Тіпті түсінбей жатсаңыз, мәселенің басын ашып, өзінен сұрау да артық етпейді.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Бұл күніңізді отбасыңызға арнап, орын алған қандай да бір проблемалар болса, оларды шешуге тырысыңыз.

Торпақ

Отбасыңызда түсініспеушілік орын алса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір шешу жолдарын қарастырыңыз. Ата-анаңызға көңіл бөліп, аға буын туыстарыңызбен араласыңыз және шынайы болудан еш қорықпаңыз.

Егіздер

Бүгін қандай да бір отбасылық кездесуді жоспарлауға болады. Жақын туысыңызды таңғы асқа шақырып, дәмді ас үстінде жайбарақат әңгімелесуден рахаттаныңыз.

Шаян

Отбасыңыз қаржылық қолдауға мұқтаж. Сондықтан бюджетті есептеп, оны қалай өзгерту керектігін шешіңіз. Отбасы мүшелерінің қажет етіп жүрген нәрселері болса, оған да назар аударыңыз.

Арыстан

Бұрын болған отбасылық мәселелерді іштей ой елегінен өткізіп, қазіргі кезде олар қайталанып жүрген жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір салдары туындаса, оны түзеуге тырысыңыз.

Бикеш

Кей уақыттарда үйіңізде орын алған қиындықтарды жеңу үшін кажырлы күш-қуат қажет болуы мүмкін. Біреулер кеңес айтып жатса, еріп кетпеңіз, себебі кейбірі тым асығыс болуы мүмкін. Дегенмен құнды ақыл айтатын адамдардың барын да жоққа шығармаған жөн.

Таразы

Басқа жаққа қоныс аударуды қарастырып көріңіз. Туыстарыңыздан алыстап кетемін деп уайымдамай, жаңа мүмкіндіктердің барын ойлаңыз.

Сарышаян

Бос уақытыңызды тек отбасыңызбен ғана арнамай, басқаларға да көңіл бөліңіз. Мысалы, достарыңызбен кешкілік кинотеатрға барып, фильм тамашалаңыз.

Мерген

Отбасыңызбен уақыт өткізуге тырысыңыз. Мысалы, жақын адамдарыңызбен әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіз немесе көңіл сергітіп, ойын-сауық орталығына барыңыздар. Бәлкім, сізге дәл осы нәрсе жетіспей жүрген блар. Сондықтан оларға деген сағынышыңызды басып, қамқорлық танытыңыз.

Тауешкі

Бүгін отбасыңыздың қолдауына зәру болуыңыз мүмкін. Сол себепті көмек қажет болса, еш қысылып-қымтырылмаңыз.

Суқұйғыш

Отбасыңызбен және достарыңызбен тіл табыса алмай жүрсеңіз, бүгін ымыраға келуге тырысыңыз. Бір мезет олардың да ойын тыңдап, түсіністік танытсаңыз, бұл даулы мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Балықтар

Жақындарыңыздың қателесуіне кешіріммен қараңыз. Себебі, бәріміз де пендеміз, біреудің қателігін бетіне басып айта беруден гөрі көмектескеніміз әлдеқайда абзал.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Досыңызбен арада түсінбеушілік туындап, арты ұрысқа айналмас үшін қиын жағдайларда ортақ шешім табуға тырысыңыз.

Торпақ

Достарыңызды тыңдап, оларды да түсінуге тырысыңыз. Дегенмен олар да сізге құлақ асып, пікіріңізбен санасқандары жөн. Сондықтан достарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсарту мақсатында жаңа жолдарын іздеген дұрыс.

Егіздер

Достыққа материалдық пайда тұрғысынан қарамаңыз. Керісінше, оның құндылық екенін түсініп, дос-жарандарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз.

Шаян

Бүгін елгезек әрі мейірімді болыңыз. Мұқтаж адамдарға көмектесіп, сізге де біреудің жақсылық жасауына мүмкіндік беріңіз.

Арыстан

Достық қарым-қатынасыңызды нығайту үшін достарыңызға деген қызғаныш пен немқұрайлылықтан арылуға тырысыңыз. Бұл тамаша бастама болмақ.

Бикеш

Достығыңызда жанжал немесе түсініспеушіліктер болдырмас үшін барынша дос адамдарыңыздың қас-қабағына қарап, көңілінен шығуға тырысыңыз.

Таразы

Жаңа ортада әңгіме-дүкен құрудан қашқақтамаңыз, сонда достар табу да оңайырақ болмақ. Сондай-ақ өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетіп, әңгімелесіп отырған адамыңыздың айтқандарын қызығушылық танытып тыңдаңыз.

Сарышаян

Бүгін достық қарым-қатынасты айтарлықтай қажет етесіз. Бұл – жаңа достармен, пікірлес адамдармен кездесуге қолайлы күн. Сондықтан өз ой-пікіріңізбен және сезіміңізбен бөлісуге ұялмай, қайта пайдалы байланыс орнатыңыз.

Мерген

Бүгін достығыңыз өз жемісін беруі мүмкін: бірге қандай да бір нәрсе ұйымдастырып көріңіздер, себебі нәтижесі жақсы болмақ.

Тауешкі

Достарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Сол себепті шыдамдылық танытып, әр айтқан сөзіңізге мән беріңіз. Өз ойыңызды басқаларға таңып, сізден еш сұрамаса, кеңес беруге асықпаңыз.

Суқұйғыш

Бос уақытыңызды қызықты өткізгіңіз келсе, достарыңызды қонаққа шақырыңыз. Бұл бойыңызды сергітіп, көңіл күйіңізді көтерері сөзсіз.

Балықтар

Бүгін досыңызбен қарым-қатынасыңыздың қаншалықты нығая түскенін сезінесіз. Сіз қиындықтарды жеңуге көмектесетін адамдардың қолдауы мен түсіністігіне ие боласыз.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Басшылықты өнімді жұмыс жасап жатқаныңызға сендіріңіз. Себебі бұл мансабыңызға оң әсер етуі мүмкін. Табысқа жету стратегиясымен жұмыс жасап, оған жеткізер нақты іс-әрекет жоспарын белгілеңіз.

Торпақ

Бизнестегі әріптестеріңіздің талантты және құлшынып жұмыс жасауға дайын екеніне көз жеткізіңіз. Мұндай адамдармен күш біріктіріп, талай белесті бағындыруға болады.

Егіздер

Жалақысы жоғары бос жұмыс орындар туралы ақпаратқа назар аударыңыз, бұл мансап жолында көтерілуге көмектеседі.

Шаян

Мансаптық өсу жолында бюрократия мәселелері, жұмыстағы қаржылық қиындықтар деген сияқты кедергілерге тап болуыңыз мүмкін.

Арыстан

Мансапта жетістікке жету немесе қажетті адамдармен байланыс орнату үшін креативті идеялар ұсынуға тырысыңыз. Белсенді жұмыс жасап, мүдделер қайшылығы бар жерде икемдірек болыңыз.

Бикеш

Кәсіби салаңызда жоғарылауыңыз мүмкін. Командаңыз атқарған жұмысыңыз үшін алғысын білдіреді.

Таразы

Қандай тапсырмалардың маңызды әрі шұғыл екенін анықтап алыңыз. Барлығын уақытында, дәл және кәсіби түрде орындау үшін барлық шараны қабылдаңыз. Бұл үшін маңызды құжаттарды өңдеу кезінде әсіресе мұқият болыңыз.

Сарышаян

Жұмыс күнінің жақсы басталуына назар аударыңыз. Уақытында аяқтау үшін қолыңызда бар жұмысқа мұқият болыңыз.

Мерген

Бүгін жұмыста қиындықтар туындауы мүмкін, сондықтан барынша көп нәрсені істеуге дайын болыңыз. Кешке қарай нәтижесі үмітіңізді ақтайды, бастысы, жұмысыңызды тоқтатпаңыз.

Тауешкі

Кәсіби тұрғыдан шешім қабылдауды үйрену маңызды. Бұл әлеуметтік жағдайыңызды жақсартуға және мансап жолында көтерілуге көмектеседі.

Суқұйғыш

Жаңа жобаны бастау үшін таптырмас күн: бизнес бастамаңыздың сәтті болатындығына мүмкіндік бар.

Балықтар

Бүгін жақсы интуицияның арқасында бизнес стратегияңызды жоспарлауды бастаңыз.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Жүрек және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алуға көбірек уақыт бөліңіз. Күйзелістен және қатты толқып, уайымдамаңыз. Дұрыс тамақтануды ұстанып, тұрақты жаттығу жасаңыз, йогамен айналысыңыз. Тұтынатын тұз бен қант мөлшерін қадағалаңыз және көп тәтті жемеңіз.

Торпақ

Демалуға уақыт бөліп, жан тыныштығын қамтамасыз етуге тырысыңыз.

Егіздер

Бүгін қатты күйзелістен аулақ болуға тырысыңыз. Себебі бұл ұйқының сапасын нашарлатуы мүмкін.

Шаян

Жаман әдеттерден бас тартатын кез келді, өйткені денсаулық бір сәттік ләззаттан да қымбат, ал сіздің мақсатыңыз – оны сақтап қалу.

Арыстан

Белсенді спортпен айналысыңыз және дұрыс тамақтануға назар аударыңыз. Себебі әл-ауқатыңыз тікелей соған байланысты.

Бикеш

Аллергияның белгілерін сезінсеңіз, жұтқыншақтың және тамақтың шырышты қабығының тітіркенуіне қарсы дәрі қабылдаңыз.

Таразы

Шамадан тыс дене жаттығуларын жасамаңыз, әсіресе фитнес залында жүктеменің аз болуына мән беріңіз.

Сарышаян

Бүгін денсаулығыңызға барынша көңіл бөліңіз, тіпті жоспалы тексеруден өту де артық етпейді.

Мерген

Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі шаршаңқылық сезімін жеңілдету үшін бұл күнді медитация жасаумен немесе жылы ванна қабылдаумен аяқтаңыз.

Тауешкі

Физикалық және психологиялық тұрғыдан қатты шаршап қалған боларсыз, сондықтан үзіліс жасаңыз. Жақсылап демалып, релакс жасаңыз.

Суқұйғыш

Бүгін инфекцияны оңай жұқтырып алуыңыз мүмкін. Мұны болдырмас үшін қолыңызды қайта-қайта жуып, бөлмеде дезинфекция жасаңыз.

Балықтар

Кешегі ауыр күннен кейін бүгін шаршап қалуыңыз әбден мүмкін. Өзіңізді жеңіп, барлық ісіңізді ертеңге қалдырыңыз.

Көңіл күй жұлдызнамасы

Тоқты

Егер сізге дәл қазір күш-қуат қажет болса, жақсы кітап, фильм немесе ойын сатып алыңыз. Өзіңізді еш себепсіз қуантыңыз.

Торпақ

Бүгін эмоцияларыңызды бақылауда ұстау қиынға соғады. Кез келген жағдайда басқалардың қас-қабағына қарап, асығыс шешім қабылдамаңыз.

Егіздер

Айналаңыздағы адамдардың көңіл күйін бақылап, көмек қажет болса, қол ұшын созыңыз.

Шаян

Бұл күнді өзіңізге арнаңыз. Соңғы кездері мазалап жүрген нәрселер болса, соларды талдап, ой елегінен өткізіңіз. Шешімін табуға, өміріңізде кедергі келтірмеуіне мән беріңіз.

Арыстан

Адамдарға шыдамдылық танытып, оларға қысым көрсетпеуге тырысыңыз. Бәріміздің де қателесуіміз мүмкін.

Бикеш

Айналысып жүрген ісіңіздің өзгеруі көңіл күйіңізге әсер етеді. Сондықтан күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке алыстап, ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Ол сізге үйлесім табуға көмектеседі.

Таразы

Бүгін өзіңізге уақыт арнап, дәмді тамақтаныңыз немесе ойларыңызбен жалғыз қалып серуендеңіз. Немесе сүйікті фильміңізді тамашалап, жақсы сергіп қалуға болады.

Сарышаян

Теріс эмоцияларға берілмей, көңіл күйіңізді түсірмеуге тырысыңыз. Өзіңізді соңғы рет қашан қуантып едіңіз? Бәлкім, соның уақыты келген болар?

Мерген

Демалуға тырысып, өз қалауыңыз бен армандарыңыз жайында ойланыңыз, егер мүмкін болса, шаршағанша билеңіз немесе сүйікті музыкаңызды тыңдаңыз.

Тауешкі

Жаңа мүмкіндіктер уақыты. Жаңа дағды, жаңа хобби үйреніңіз – осы бағытта дамитын уақыт келді. Сіз өзгерістерге және жаңа тәжірибелерге дайынсыз, бұл сізге керемет сезімдер сыйлайды.

Суқұйғыш

Басқа адамдарға жанашырлық танытып, оларды бағалаңыз. Сезімдеріңіздің ақыл-парасатыңызды басып кетуіне жол бермеңіз.

Балықтар

Егер уақытыңыз болса, тыныш жерде терең тыныстап, ойлануға, сезім мен эмоцияларыңызды іштей түсінуге арнаңыз. Күніңіздің неліктен жақсы өтпегенін, оны қалай түзетуге болатынын және қайталануын болдырмау жолдарын қарастырыңыз.

Тұрмыс жұлдызнамасы

Тоқты

Сатып алу тізімін жасауды ұмытпаңыз.

Торпақ

Қарапайым үй жұмыстары уақыт өткізудің тамаша тәсілі болмақ. Оларды ұйықтар алдында жасаңыз.

Егіздер

Үйде үй шаруасы көп болады: шаң сүртіп, төсеніштерді жуу керек. Тұрмыстық техникаға да назар аударыңыз. Ақаулары болса, жөндеуге тырысыңыз.

Шаян

Күнделікті тұрмысты реттеп, сатып алуға қажет заттардың тізімін жасаңыз. Бұл үйде тәртіп орнатуға көмектеседі.

Арыстан

Бұл күнді үйіңізге қажет заттарды сатып алуға арнаңыз. Дүкендердегі жағымды тосынсыйлар көңіл күйіңізді көтерері сөзсіз.

Бикеш

Үй жануарларыңыз болса, уақытыңызды соларға қамқорлық жасауға арнаңыз: бұл жайлылық пен тыныштық сезімін сыйлары анық.

Таразы

Ұнамсыз жұмыстарды үйіп қоймас үшін бүгіннен бастап жасап тастаңыз.

Сарышаян

Кірді түнде жуу әдетін қойып, киімдеріңізді күндіз дайындауға машықтаныңыз. Сонда кешкілік демалуға да уақыт табасыз.

Мерген

Үй шаруасына көп күш пен уақыт жұмсамауға тырысыңыз. Қайта үй тазалаудың жаңа әдісін қолданып көріңіз.

Тауешкі

Үй жинауды жалықтырмайтын, қайта жақсы бір іске айналдыруды үйреніңіз. Үйіңіздегі әр зат өз орнында тұрса, ойыңыз да жинақталып қалады.

Суқұйғыш

Үй шаруасын ертеңге қалдырмай, бүгін тындырып тастаңыз, себебі сізді алдағы уақытта жағымды жоспарлар күтіп тұр.

Балықтар

Үйіңіз бен аулаңызды таза ұстауға тырысып, жарық пен судың жеткілікті болуын қадағалаңыз.

Өзіңе күтім жасау жұлдызнамасы

Тоқты

Стилиспен бірге сән дүкеніне барыңыз. Шопинг жасап, қызықты уақыт өткізіңіз.

Торпақ

Бүгін еш қиналмай табысқа жету мүмкіндігіңіз бар. Бұрыннан ойыңызға алған жоспарыңыз болса, мысалы, арықтағыңыз келіп жүрсе, іске сәт!

Егіздер

Бүгін шашыңыздың түсі мен үлгісіне көңіл бөліңіз.

Шаян

Өзіңізге күтім жасап, сұлулық марафонын ұйымдастырыңыз. Жақсы киім дүкендеріне барып, косметологқа жазылыңыз немесе массаж қабылдаңыз.

Арыстан

Тері күтіміне назар аударыңыз: оны ылғалдандырып, нәрлендіру пайдалы болмақ. Кешке терең тазарту процедурасына жазылып қойыңыз.

Бикеш

Киіміңізді жаңалағыңыз келіп жүрсе, оларды тастамай, мұқтаж жандарға бергеніңіз жөн. Бұл әлемдегі қандай да бір жанның қуанышына себепші болыңыз.

Таразы

Осы демалыс күндері жақсы көңіл күймен дүкенге баруға уақыт бөліңіз. Талғамыңыздың жоғары екенін көрсететін керемет киімдер сатып алыңыз.

Сарышаян

«Адам көркі – шүберек» дегендей, бүгін жаңа ортада таныстық орнату кезінде сырт келбетіңізге назар аударғаныңыз жөн.

Мерген

Сырт келбетіңізді өзгерткіңіз келіп жүрсе, бүгін кірісіңіз. Жаңа шаш үлгісін жасатыңыз немесе косметолог маманның қызметіне жүгініңіз. Мұның бәрі көңіл күйіңізге әсер ететіні анық.

Тауешкі

Бұл күн кішігірім сауда жасау үшін өте қолайлы: жаңа сөмке немесе әдемі әшекейлер алып, өзіңізді қуантып қойыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін үйде уақыт өткізіңіз. Денеңізге күтім жасап, жағымды әуен тыңдап демалыңыз немесе массаж жасатыңыз.

Балықтар

Сұлу екеніңізді сезіну үшін өзіңізді басқалармен салыстырудың қажеті жоқ. Барлық адам өзінше әдемі. Оның орнына оқу-білімге уақыт арнап, дамыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2057974-bugingi-zuldyz-zoramal-30-qantar-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/