Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ пен тағдырды қағаз бен қаламның көмегімен қалай болжауға болады

Опубликовано:

Қағаз бен қалам. Көрнекі сурет
Қағаз бен қалам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қағаз арқылы бал ашу – қандай да бір магиялық құралдарды пайдаланбай болашақты болжаудың бірден-бір құралы болып саналады. Қарапайым әдістер арқылы сіз болашағыңызды болжай аласыз. Ол үшін эзотерик Кассандра Изонның болжамдарын пайдалануға болады.

Әріптер мен сандардың көмегімен болашақты болжау

Қағаздың көмегімен махаббатқа қатысты қандай болжам жасауға болады? Ол үшін 1, 2, 3 және 4 төрт сандарының комбинациясы арқылы болашақ сүйіктіңіз туралы болжам жасап көріңіз. Ол үшін болашақ жарыңыз жайлы ойлап, сандарды рет-ретімен жазыңыз:

  • 1234 — ұнайсыз.
  • 1243 – қызғанады.
  • 1342 - ұнамайсыз.
  • 1324 - некеге тұру мүмкіндігі.
  • 1423 – жай ғана дос.
  • 1432 – оған басқа біреу ұнауы мүмкін.
  • 2134 – ренжулі болуы мүмкін.
  • 2143 – кездесу болады.
  • 2341 – өзінің ұнатынын жасырады.
  • 2314 – сізге немқұрайлы қарайды.
  • 2431 – оның басқа біреуі бар.
  • 2413 - жақсы көреді.
  • 3124 – қоңырау шалады.
  • 3142 - сыртқы түрі ұнайды, бірақ мінезі ұнамайды.
  • 3412 – опасыздық жасайды.
  • 3421 – жеке кездесу.
  • 4123 - сыртқы келбеті ұнайды.
  • 4132 - сыйлайды.
  • 4231 – ешқашан сүймейді.
  • 4213 - қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.
  • 4321 – ренжітуі мүмкін.
  • 4312 - сезімдерін айнады.

Жұмбақ адамның қалай әрекет ететінін білу үшін келесі алгоритмді қолданыңыз:

  1. Сіз қызығушылық танытып жүрген адамның атын қағазға жазыңыз.
  2. Есімінің астына сізге қызық сұрағыңызды жазыңыз.
  3. Оларға қайталанатын әріптерді жұппен сызыңыз.
  4. Қалған сызылмаған әріптерді санаңыз.
Қаламсап пен жазылған дәптер парағы. Көрнекі сурет
Қаламсап пен жазылған дәптер парағы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер әріптер саны жұп болса — жауап "жоқ", тақ болса — "иә" деген сөз. Мерриам-Вебстер онлайн энциклопедиясында көрсетілген мұндай болжам жасау түрі ономантия деп аталады.

Таяқшаларды сурет етіп салу арқылы болашақты болжау

Болашақты болжау білу үшін, Ұлыбританияның ақ сиқыршы және эзотерика туралы 45-тен астам кітаптың авторы Кассандра Изон, болашақ жайлы сұрақтарды жинақтап, сол жайлы ойлауға кеңес береді. Сол себепті, таяқшалар арқылы болашақты болжау әдісін қолданып көріңіз:

  1. Қағаз бен қаламды алыңыз.
  2. Болашақ жайлы сұрағыңызды ойлай отырып, параққа тік таяқшалардың суретін салыңыз.
  3. Өзіңізге ішіңізден "тоқта" деп айтып, сол қатардан жаңадан бастаңыз.
  4. Осындай бес қатар сызғаннан кейін, оны анықтауға көшіңіз.

Таяқшалар арқылы болашақты болжау үшін, қатардағы әрбір үш таяқшаны сызып тастаңыз және сызылмаған таяқша қанша қалғанын есептеңіз. Барлық бес жолдың сандарын қосқаннан кейін, қосындыны жай санға келтіріңіз (0-ден 9-ға дейін). Алынған жауапқа болжам жасап көріңіз:

  • 0 – жағдай еш өзгермейді.
  • 1 – жағымсыз жаңалық.
  • 2 - адамдардың сатқындығы.
  • 3 - жағымды жаңалықтар.
  • 4 – ережелерді бұзуға тура келеді.
  • 5 – жұмыс немесе тұрғылықты жерін өзгерту.
  • 6 – саяхат.
  • 7 – тағдырды өзгертетін кездесу.
  • 8 – маңызды хат.
  • 9 – махаббатты кездестіру.

Бұл тәсілді жұп болып қолданған жөн. Таяқшаларды өзіңіз салыңыз, ал серіктесіңіз "тоқта" деген сөзді айтсын.

Өртенген қағаздың көлеңкесі арқылы болжам жасау

Күйдірілген қағаз арқылы болашаққа болжам жасаудың ең тиімді кезеңі - кешке және түнгі уақыт (7-19 қаңтар). Ол үшін, мынадай дайындықты бастаңыз:

  • Жел үріп тұратын жерлерді жабыңыз.
  • Терезелерді перделермен жауып, шамдарды сөндіріңіз.
  • Бөлмеден айна, фотосуреттер және электр құрылғыларын алып тастаңыз.

Сізге таза бос қағаз, балауыз шам және терең табақ қажет болады. Тегіс, жеңіл қабырғаға қарсы тұрыңыз. Сұрақты ойша тұжырымдап, рәсім жасауға кірісіңіз:

  1. Табақты төңкеріңіз.
  2. Табақтың түбіне мыжылған қағазды салыңыз.
  3. Жанып тұрған шамды қабырғаға табақ пен қағаздың көлеңкесі пайда болатындай етіп орнатыңыз.
  4. Қағазды өртеп, қабырғадағы көлеңкелерді бақылаңыз.
  5. Көргендеріңізді түсіндіріп көріңіз.
Майшамды қараңғы бөлмеде жағу. Көрнекі сурет
Майшамды қараңғы бөлмеде жағу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жанып тұрған қағаз бен күл кезектесіп көрсететін фигуралар оқиғаларды хронологиялық тәртіпте көрсетеді. Төменде кейбір фигуралардың мағыналары былай деп түсіндіріледі:

  • Ат үстіндегі адам, шабандоз – жақсы жаңалықтың белгісі.
  • Нәресте - бұл жаңа кәсіп, жүктілік.
  • Таулар – кедергілергі тап боласыз.
  • Ағаш, гүл - әл-ауқатыңыз артады.
  • Жұлдыз – үміт.
  • Шұңқыр – ақшасыз, қиын күндер.
  • Көбелек – махаббат.
  • Жылан – сатқындық.
  • Мұнара - мансаптық өсу.
  • Үй – мықты тірек.

Тек суреттердің ғана емес, сонымен қатар өзіңіздің де түйсігіңізге сүйеніңіз. Күніне бір реттен артық болжам жасамаңыз.

"Иә", "Жоқ", "Білмеймін" тәсілі арқылы болжам жасау

Қағаздағы қарапайым болжам жасау арқылы үш жауап алуға болады. Ол үшін сізге екі парақ, қалам және қайшы қажет. Бұл тәсіл төмендегідей орындалады:

  1. Қағазға өзіңізді қызықтыратын мәселеңізді жазыңыз.
  2. Екінші парақтан үш бірдей шаршыны кесіп, оларға "Иә", "Жоқ", "Білмеймін" деп жазыңыз.
  3. Оларды араластырыңыз, үстіне сұрақ қойылған парақты салыңыз.
  4. Кез келген шаршыны кездейсоқ ашып, жауапты оқыңыз.

Жауабы шаршылардың орнына телешоудың жүргізушісі және өмір туралы кітаптар мен блог авторы Марта Стюарт кеңес бергендей, қағаз оригами көріпкелін пайдаланыңыз. Жауаптарды оның шеттеріне жазыңыз. Махаббат жайлы болжау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Қағаз парақты үш бағанға бөліңіз.

2. Оларға "Иә", "Жоқ", "Білмеймін" деп жазыңыз.

3. Құрбыңыздан сүйіктіңіз туралы 20 сұрақ қоюды сұраңыз.

4. Оларға жауап бергенде, жауапқа сәйкес келетін бағандарға құсбелгіні қойыңыз.

5. Қорытындылаңыз.

Әр бағандағы жауаптардың санын есептегеннен кейін, олардың саны көп болатын біреуін таңдаңыз. Бағанның атауы болжам жасаудың нәтижесі болады.

Тілектің орындалуы үшін жасалатын болжам

Тілегіңіздің орындалуы үшін қағазда қалай болжам жасауға болады? Тілегіңіздің орындалатынын білу үшін, параққа тік таяқшалардың суретін салыңыз. Оларды көлденең сызықтармен жұптастырыңыз. Егер барлық таяқшалар жұптасқан болса, жауап "Иә", ал егер бір таяқша жұпсыз қалса, жауап "Жоқ"деген мағынаны білдіреді. Жоспарыңыздың белгілі бір күні орындалатынын білу үшін күндерге қатысты болжам жасаңыз:

  1. Болжамды оқиғаның және сіздің туған күніңіздің күнін бір жолға жазыңыз.
  2. Барлық сандарды қосып, жай санға айналдырыңыз.
  3. Жауапты шешіңіз.

Нәтижені түсіндіру үшін, төмендегі мағыналарды қолданыңыз:

  • 1 – кәсіпте табысқа жетесіз.
  • 2 – көңіліңіз қалады.
  • 3 – жол және маңызды әңгіме.
  • 4 – маңызды жаңалықтар.
  • 5 – күтпеген кездесу.
  • 6 – жоспарлардың бұзылуы.
  • 7 – бәрі жоспар бойынша жүреді.
  • 8 – ниеті түзу емес жанмен жолығу.
  • 9 – ғажайыптың болуы.

Тілегіңіздің орындалуының тағы бір белгісі – алақандағы із болып табылады. Сол қолыңыздың алақанын шаршы дәптердің парағына қойып, оны контур бойымен сызып шығыңыз. Контурдың ішіндегі әрбір ұяшықты нөмірлеңіз. Егер соңғы ұяшықтағы сан жұп сан болса, онда тілегіңізорындалады. Егер тақ сан болса, нәтиже теріс болады.

Қағаз арқылы болашаққа болжам жасау – ішкі түйсігіңізді сезіп, ғаламның сізге берілген белгілерін айқындаудың ежелгі тәсілі. Өзіңізге ұнаған тәсілді күнделікті өмірде қолдансаңыз болады. Қорытындыны түсіндіріп, оны өміріңізді жақсарту үшін пайдаланыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2058095-bolasaq-pen-tagdyrdy-qagaz-ben-qalamnyn-komegimen-qalai-bolzauga-bolady/

pixel