Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамды қалай дұрыс мақтау керек: мотивацияға толы 7 әдіс

Опубликовано:

Әріптестер жиыны
Қол алысқан әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қабілеті мықты жұмысшылар да қолдау мен мақтау күтеді. Адамдарға мотивация беру үшін қандай сөздер айту керек? Бұл жазбамызда адамдарға ерекше шабыт беретін жеті сөз жайлы айтамыз.

"Бұл сенің қолыңнан келді!"

Адамды жасаған еңбегі үшін қалай мақтауға болады? Әріптесіңіздің, жақын адамыңыздың немесе досыңыздың жетістігіне қуанғаныңызды "Сен мұны жасай алдың!" деген сөз арқылы білдіруге болады. Ол үшін шынайы қуанышыңызды көрсетіп, әдемі сөзіңізбен сол адамның жұмысына тоқталып өтіңіз. Оның жобаларының сәтті аяқталғанын айту жақсы әсер қалдырады.

Мұндай мақтау жағымпаздық емес, өйткені онда дәйек бар. Осы тұста таңданған кездегі интонация өте маңызды. Ең бастысы дұрыс мақтай біліңіз:

  • жалпылама сөздерді қолданбаған жөн;
  • адамды ешкіммен салыстырмаңыз;
  • мақтау мен сынды бір сөйлемге қоспаңыз;
  • сөзіңізді шын жүректен айтыңыз.

Дэйл Карнеги "Как стать мастером общения с любым человеком, в любой ситуации" кітабында мақтау сөз ізгі тілектен тұруы керек және ешқандай ирония, екіұштылық немесе астарлы мәтінді қамтымауы керек, - деген. Мақтауыңыз күлкіге айналмас үшін әрбір сөзді өз орнымен айтыңыз.

"Бәрін қалай жақсы ойластырғансыз!"

"Бәрін қалай жақсы ойлап таптыңыз!" деген сөз адамның істеген жұмысының маңыздылығын, оның жетістігін көрсетеді. Бұл оны басқалардан ерекшелендіреді, бірегей екенін көрсетеді. Сонымен қатар мынадай сөздерді де айтуға болады: "Дәл нүктесіне түстіңіз!", "Бұл - сенің жеңісің", "Мен сенің қолыңнан келетінін білдім", "Бәріне керегі осы еді!".

Мәселен жаңа көліктің астындағы қорапқа ойыншықтар салып қойған баланың ісі мақтауға тұрарлық. Ол өзін жаңалық ашқандай сезінеді әрі алдағы уақытта ойыншықтарын жинап қоятын болады.

Дәл осындай сөздермен серіктесті немесе әріптесті де мақтауға болады. "Одноминутный менеджер" кітабының авторлары Кеннет Бланшар және Спенсер Джонсон қызметкерді жұмыс аяқталғаннан кейін бірден мақтау керек деп кеңес береді. Одан кейін мақтаудың немесе сын айтудың мәні жоқ.

Бояу жаққан бала
Беті-қолын бояп алған қыз бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Мен сені мақтан тұтамын!"

Егер сіз бастық ретінде қызметкердің жобаны аяқтауы үшін қаншалықты күш жұмсағанын, шамадан тыс жұмыс істегенін білсеңіз, оған мақтау айтылу керек. Мұндай жағдайда "Жарайсың" немесе "Жақсы жұмыс істедіңіз" деген сөздер жарамайды, бұл құрмет көрсетпеу болып саналады. Сөзіңіз шынымен мотивацияға толы әрі ирония болмас үшін адамның еңбегін жоғары бағалаңыз. Ол үшін мына сөздерді айтсаңыз болады:

  • "Сізді мақтан тұтамын!";
  • "Бұлай жақсы жұмыс істеу қалай қолыңыздан келеді?";
  • "Менің көңілімді қалдырмайтыныңызды білдім";
  • "Сіз бәрін дұрыс жасадыңыз!".

Кей адамдар қасында сыйақысы жоқ мақтау қағаздарын, дипломдар мен алғыс хаттарды жалған мадақ деп ойлайды. Көп адамда осындай ой мектеп немесе студенттік жылдардан бері бар. Ендеше мақтау қағаздарын қайта оқып шығыңыз, сонда рахаттанып, мақтанышпен жымиятын боласыз. Сіздің жұмысыңыз, қабілетіңіз, талантыңыз бағаланды, бұл үлкен мотивация болып қала береді.

"Сізден үйренетін дүние көп!"

Мақтау сөз адамның құндылығын көрсетеді. Сіздің мәртебеңізді жасыңыз бен лауазымыңызға қарамастан мойындайтын сөздердің орны ерекше:

  • "Сізден үйренетін дүние көп!";
  • "Сіз - нағыз кәсіби мамансыз!";
  • "Сізден әрқашан кеңес сұрауға болады";
  • "Бұлай жасау қалай қолыңыздан келеді?

Мәртебесі жоғары адамның мұндай мақтау айтуы ерекше құнды. Мысалы мұғалімнің оқушыны, бастықтың қызметкерді, үлкен адамның баланы мақтауы бағаланады.

Кездескен кезде адамды мақтау шарт емес. Ford және Chrysler компанияларының экс-президенті Ли Яккока "Карьера менеджера" кітабында мақтау сөзді телефон қоңырауы, электрондық пошта немесе SMS арқылы жолдауға болады, - дейді. Барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз.

"Сіз мұны оңай істедіңіз"

Мақтауды тек жұмыстың нәтижесін көргенде ғана емес, іс жасалып жатқанда да айтуға болады:

  • "Сіз мұны оңай жасадыңыз";
  • "Тез үйреніп алады екенсің";
  • "Мынау - таптырмас әдіс!;
  • "Жұмыс үшін жақсы әдіс!";
  • "Енді сені ештеңе тоқтата алмайды".

Біз мақтаудың маңызымен қатар, қауіпті тұсын да білуіміз керек, - дейді психолог Терри Аптер. Себебі ол әрқашан мотивация бола бермеуі мүмкін. Мысалы ер адам әйелінен таңғы ас пісіруді сұраса, ал әйелі "Сен мұны менен жақсырақ істейсің" десе, ер адам мұны мақтау деп қабылдамайды.

"Тамаша!"

Сөз жанды жаралайды әрі шабыттандырады. Адамды бір сөзбен қалай мақтауға болады? Кейде мақтау үшін бірауыз сөз жеткілікті: "Тамаша!", "Ғажап", "Жарайсың!", "Керемет", "Өте жақсы!", "Мақтауға тұрарлық!".

Мұндай мақтаулар әсіресе, оқу орындарындағы сабақтарда маңызды. Бір сөзбен айтқанда, мұғалім сұраққа жауап берген оқушының барлығын мақтай алады. Психолог Терри Аптер балаларды қабілеті үшін емес, күш-жігері мен жетістіктері үшін мақтаған дұрыс, - деп кеңес береді.

Мақтау айтуды мүлдем білмейтіндер немесе сынаса жақсы болар еді деп санайтындар қысқа сөзден бастауға болады. Осындай бір буынды мақтау сөздің арқасында жақсы әсер қалдыра аласыз.

Мұғалім мен балалар
Сыныптағы оқушылар мен мұғалім. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Бұл - керемет!"

Суретшінің, мүсіншінің немесе басқа да шығармашылық тұлғаның жұмысына таңданысыңызды білдіретін сөз табу қиын. Кейбіреулер: "Сөз жоқ!" - дей салады. Шын мәнінде шедевр үшін лайықты мақтау сөз табуға болады.

Адамның шығармашылығын қалай мақтауға болады? Мына сөз тіркестерін пайдалана аласыз: "Бұл керемет!", "Таланттысыз!", "Мен таң қалдым!", "Әсерлі!". Сізді тамсандырған дүниедегі нақты бір затқа таңданысыңызды жеткізуге болады: "Қандай астарлы фон!", "Эмоция қалай дәл жеткізілген!". Шығармашылық адамна оның жұмысының прогресін атап көрсетіңіз. Егер авторға қандай да бір сұрақ қойғыңыз келсе немесе түсініксіз дүниелерді сұрағыңыз келсе, мұны мақтаудан кейін ғана айтыңыз.

Мақтау сөз адамды шабыттандырады, қанат бітіреді. Ең бастысы ол шынайы болу керек. Шынайылық болса, әдемі сөз де шығады. Ал адамды қалай мақтау керегін білмесеңіз, біз ұсынған сөздерді айтсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2059232-adamdy-qalai-durys-maqtau-kerek-motivaciyaga-toly-7-adis/

pixel