Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке шекараны қалай қорғаймыз: манипуляция құрбаны болмаудың жолдары

Опубликовано:

Қыз
Қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әдетте өзгенің ниетіне қарайласып, өз мүддемізді қорғауды ұмыт қалдырып жатамыз. Ал бұл қауіпті. Өз шекараңды бекітіп, қауіпсіздігіңді қорғаудың жолдары қандай? Психотерапевтер Шерон Мартин мен Дженни Миллер айтып берсін.

Жеке шекара дегеніміз не және ол не үшін қажет

Жеке шекара деген не? Бұл адамның даралығының шекарасы, осы арқылы ол өзін өзгеден бөліп қарастыра алады. Бұл оның өз ойына, сезімдеріне, құндылықтарына, мақсаттары мен мүдделеріне деген құқығы. Оның арқасында адам өз құндылығын түсініп, өзін қорғай алады, деп түсіндіреді Шерон Мартин "Сила личных границ" кітабында.

Жеке шекара денсаулық, бақыт және сәттілік үшін қажетті шарт, өкініштісі, бұл аспект жиі назардан тыс қалып жатады. Басқаларға қызмет етуде жеке шекаралар сақталған жағдайда ғана көңілге қуаныш сыйлайды. Бұл әркім үшін маңызды, бірақ, мысалы, актерлер үшін ерекше маңызға ие. Олар бар эмоциясын арнап рольге кіргенде, жеке шекарасын жоғалтады. Бұл ауыр ауруға әкеп соғуы мүмкін, өйткені олар физикалық және эмоционалды түрде өзін жоғалтады.

Ал жеке шекара бізге не береді?

  • Оның адам өміріне ықпалы орасан зор:
  • Адамның бірегейлігі мен автономдығын даралай түсіп, өзіне деген берер құнын көтереді.
  • Адамның жауапкершілік аясын нақты анықтайды: өз ойларына, сөздеріне, сезімдеріне, әрекеттеріне, денесіне жауап беруге міндеттейді. Басқа адамдардың сезімдері мен әрекеттері бұған кірмейді.
  • Олар физикалық және эмоционалды қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, яғни физикалық және эмоционалдық ауырсынудан (қорқыту, алдау, сынау, тітіркену, сатқындық) қорғайды. Қауіпсіздік - адамның маңызды қажеттіліктерінің бірі. Психолог Абрахам Маслоу өзінің қажеттіліктер иерархиясында физиологиялық қажеттіліктерден кейін қауіпсіздікті екінші орынға қояды.

Маңызды нәрселерге назар аударуға, мақсаттар мен құндылықтар үшін жұмыс істеуге және ұсақ-түйектерге алаңдамауға немесе өз ресурстарын жеке мүдделерге қарсы нәрселерге жұмсамауға көмектеседі.

Жеке шекаралар біздің кім екеніміз және неге өмір сүріп жатқанымыз туралы негізгі философиялық сұраққа түсінік пен жауап береді. Сенімді психологиялық шекаралары бар адам өзіне осы сұрақты қояды және өзінен жауап алады.

Көпшілік адам айналасындағыларға өз шекарасын бұзуға өз еркімен мүмкіндік беріп, жиі қателеседі, тіпті өзі үшін емес (балалар, жұбайлар, немерелер үшін) басқалар үшін өмір сүруді мақтан тұтады. Бірақ бос уақытын отбасына арнаған әйелден бақыттысыз ба деп сұрасаңыз, жауабы шынайы бола бермейді. Жеке шекараларға ие болу - бұл жеке тұлғаның тұтастығы мен өмірдің толықтығын сезінуге кепілдік беретін психологиялық қажеттілік.

Кейбіреулер сөзге қалудан және қабылдамаудан қорқып, өзін жасырады. Олар өзі қабылдағысы келетін шешімдерді қабылдамайды, бірақ қоғамға ыңғайлы, жақын немесе достарына қолайлы нәрсені таңдайды. Нәтижесінде олар өзі емес, кім екенін және қалай өмір сүретінін басқалар анықтайды.

Неліктен қарым-қатынаста жеке шекара маңызды?

"Бір-біріне үйкелу" (ағылшын тіліндегі қалыптасқан сөз тіркесінің тікелей аудармасы, мәні - өзара бой үйрету) жеке шекараларды түсінуді білдіреді. Мұндай жағдай болған кезде серіктестер бір-біріне ең маңызды нәрсені жеткізе алады: олар қарым-қатынастан не қалайтынын өзара түсінетін жағдайға жетеді. Содан кейін олардың тілектерін қанағаттандыруға үміт оты жағылады. Біздің қажеттіліктеріміз бен үміттеріміз қанағаттанан кезде қарым-қатынас оңайырақ және бақытты болады, деп түсіндіреді Шарон Мартин.

Ер мен әйел
Ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жеке шекара адамдардың бір-бірінен сау сепарациясы кезінде қалыптасады. Бұл процесс ерте балалық шақтан басталаып, адамның тұлғалық қасиеті анықталып, өзі үшін дұрыс шешімдер қабылдай алатын жеке ерекшеліктерін анықтайды.

Жеке шекараны орнатып, оны қорғаудың жолдары

Жеке шекара тек жеке қарым-қатынаста емес, жұмыста, отбасында, балалармен, қоғамда да маңызды. Бұл ішкі мен сыртқы әлеммен қарым-қатынастың сау үлгісі.

Жеке шекараны қалай құруға болады? Өзіңізді және қажеттіліктеріңізді біліңіз, "пікірталас үстеліне" өзіңіздің әртүрлі пікірі бар өз нұсқаларыңызды шақырыңыз, физикалық шекараны елестетіп көріңіз, жеке негізгі қажеттіліктерге қатысты шекараларды белгілеңіз, өзіңізге "жоқ" деп айтуға құқық беріңіз.

Өзіңізді таныңыз

Егер сізде жеке шекаралар болмаса немесе сол шекараларыңыз өте әлсіз болса, бұл сіздің қалауыңыз бен қажеттіліктеріңізбен де әлі таныс емес екеніңізді білдіреді. Өзіңізбен танысыңыз. Өзіңізден өміріңізде не ұнайтынын және ұнамайтынын, нені өзгерткіңіз келетінін, мазасыздық пен ыңғайсыздықты тудыратын, күш қосатын және тозатын, қауіпсіздік пен қолдау беретін нәрсені сұрап көріңіз.

Жауаптарды жазып алыңыз, содан кейін оларды екі бөлікке бөліңіз: біріншісі — сіз не қабылдайсыз, екіншісі — қабылдамайсыз. Олардың арасында шекара сызығын салыңыз. Өмірде де солай әрекет етіуге көшіңіз. Жеке шекараларды тосқауыл ретінде көрсету арқылы қолайсыз нәрсені алып тастаңыз.

"Пікірталас үстеліне" түрлі көзқарасты шақырыңыз

Сырттан таңған емес, өз пікіріңізді таңдау қиын. Мұны істеу үшін сіз барлық ойды қарастырып, олармен "пікірталас үстеліне" отыруыңыз керек, деп кеңес береді психотерапевт Дженни Миллер.

Ішкі пікірталас ата-ананың (ата-анаңыздан не алғаныңыз), баланың (бала болсаңыз не қалайтыныңыз) және ересек адамның (сіздің шынайы болмысыңыз) пікірлері арасында туындауы мүмкін. Оларды тыңдаңыз, талдаңыз, өзіңізге есеп беріңіз, әр нұсқаңыз не нәрсеге сүйенетінін біліп, ересек адам сияқты әрекет етіңіз. Өз пікіріңізді анықтай алмаған әр сәтте осылай жасаңыз.

Физикалық шекараны көз алдыңызға елестетіңіз

Дженни Миллер алдымен өз-өзіңмен қарым-қатынасты түсінуге кеңес береді, содан кейін ғана басқалармен шекара құру керек. Жанама түрде бұл жақын адамдарға да ықпал етеді.

Физикалық шекараны анықтау оңай. Мұны істеу үшін досыңыздан немесе әріптесіңізден екі метр қашықта болуын сұраңыз, содан кейін баяу жақындаңыз. Өз жағдайыңызды белгілеп алыңыз: танысыңыздан қандай қашықта өзіңізді жайлы сезінесіз және оның жақындығы жағымсыз бола бастаған кезде белгі беріңіз. Жайлылық шекарасы - шартты физикалық шекара. Ең қымбат адамдар ғана сізге жақын бола алады.

Негізгі қажеттіліктерге қатысы бар шекара орнатыңыз

Өз күн тәртібіңізді қарастырып көріңіз: таңғы ас, түскі және кешкі ас, фитнеске, қаншада жатып, қаншада тұратыныңызға қанша уақыт бөлетініңізге назар аударыңыз. Егер сіздің режиміңіз тіпті негізгі қажеттіліктерде басқа адамдардың кестесіне бағынатын болса, бұл жайсыз бола отырып, сіз оған көндіксеңіз, онда бұл жеке шекара жоқғын білдіреді.

Бәріміз де кейбір шарттарға бағынамыз. Мысалы, біз таңғы 10-да таңғы ас ішкіміз келеді, бірақ 8-де немесе одан да ертерек ішуімізге тура келеді, өйткені балаларды мектепке апарып, жұмысқа асығу керек. Бірақ мұнда да жағдайды өзгертуге болады, егер бұл аса стресс туғызар болса, міндеттердің бір бөлігін басқаға үлестіру немесе жұмыс ауыстыру керек.

"Жоқ" деп айтуға өзіңізге мүмкіндік беріңіз

Егер өзгенің айтар өтініші жеке мүдделеріңізге қайшы келсе, адамдардан бас тарту қабілетіңізді жеке бақылауға алыңыз. Бұл өзімшілдікке ешқандай қатысы жоқ. Бұл ұшақта оттегі маскасын бірден өзіңізге, содан кейін балаға тағуды сұрау сияқты әдеттегі көрініс болуға тиіс.

Егер сіз шаршап отырғанда, сізден жұмыста кешке дейін қалуды сұраса, өзіңізді артық сылтаусыз жоқ деп айтуға мәжбүр етіңіз. Келісу немесе келіспеу сіздің құқығыңыз.

Адам "жоқ" деп тұр
Адам "жоқ" деп тұр. Көрнекі сурет: pixabay.com

Психологиялық шекараларды қалыптастыру - күрделі процесс, бірақ ол үлкен ішкі қанағат сыйлайды, дейді Шерон Мартин. Тиімді құрылған жеке шекара өміріңізді құлпыртуы да ғажап емес.

Егер адамның жеке шекарасы болмаса, ол манипуляцияның құрбаны болады. Бұған жол бермеу үшін шекараңызды қалай құруға болатыны және оларды қалай қорғауға болатыны туралы кеңестер көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2059981-zeke-sekarany-qalai-qorgaimyz-manipulyaciya-qurbany-bolmaudyn-zoldary/

pixel