Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түс жору: түсіңде қалың орман көрсең не болады

Опубликовано:

Ормандағы ағаштар
Ағаштар арасынан күн сәулесі түсіп тұрған орман көрінісі. : pixabay.com

Түс - адам баласының ұйықтап жатқан сәтінде көретін бейнелері. Әрбір түстің өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл жазбада әйгілі түс жорушылардың кітаптарын негізге ала отырып, адамның түсінде орман көруі немен байланысты екенін қарастырып көрдік.

"Түс жору түрлері және қазақтың ырымдары" жазбасында адам түсінде орманға барса сәтсіздік, алдау, ал орманда адасса, жақсылықтың нышаны деп жорыған. Әйгілі түс жорушылар мұндай түсті қалай болжаған?

Миллердің түс жору кітабы

Миллердің түс кітабы бойынша адамның түсінде орман көруі нені білдіреді? Ну орманның ішінде жүру бизнестегі шығындар мен отбасындағы қиындықтардан хабар береді. Егер орманда жүргенде тоңсаңыз әрі аш болсаңыз, онда сізге жағымсыз мәселені шешу үшін ұзақ сапарға шығуға тура келеді.

Әдемі орман бейнесі - гүлдену мен рахатқа толы өмірдің белгісі. Егер әдебиет саласында жүрген жандар осындай түс көрсе, оларды атақ-даңқ пен оқырмандардың қошеметі күтіп тұр.

Ванганың түс жору кітабы

Ванганың түс жору кітабы бойынша түсіңізде орман көру нені білдіреді? Егер орманда адасып қалсаңыз, көп күш жұмсаған ісіңізде сәтсіздік болуы мүмкін. Түстің екінші түсіндірмесі өзіңізді жалғыз сезінумен байланысты, яғни достарыңыз көп болса да, сырыңызды бөлісетін ешкім болмайды.

Түсіңізде қорық көрсеңіз, сізді ұзақ және өте берекелі сапар күтіп тұр. Алда көптеген жаңа және қызықты дүниені үйренесіз. Дегенмен мұндай түс жер бетіндегі жануарлардың азайғанын, оларды тек арнайы жерлерде ғана көруге болатын қиын кезеңдерді де білдіруі мүмкін.

Орманда серуендеп жүргенде жаңбыр жауып кетсе, күнәларыңызға өкінетін уақыт келді -деген сөз. Ал ормандағы ағаштарды кесіп жатсаңыз, ештеңеден тайынбайтыныңызды білдіреді. Балаларыңыз сіздің әрекетіңізден зардап шегуі мүмкін, басқа адамдардың қаржылық және жеке өміріне зиян тигізуіңіз де ғажап емес. Мейлінше жақын адамдарыңызбен бірлесе шешім қабылдаған жөн.

Ислами түс жору кітабы

Ислами түс жору кітабы бойынша түсіңізде орман көру нені білдіреді? Орманды сыртынан немесе онда серуендеп жүргеніңізді көрсеңіз, бұл жақсы белгі болып саналады. Егер қалың орман ішінде адасып, одан қалай шығу керегін білмесеңіз, денсаулығыңызға мән беру керек деген сөз. Сізге қандай да бір дерттің алдын алу керек деген ескерту болуы да мүмкін.

Ормандағы қыз
Ағаш жанында отырған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Фрейдтің түс жору кітабы

Фрейдтің түс жору кітабы бойынша түсіңізде орман көру нені білдіреді? Фрейд адамның түсінде орман мен төмпешіктерді көруін әйел энергиясымен байланыстырды. Егер түсіңізде ағаштарға қарап тамсансаңыз, онда бұл жалаңаш денеге қарауға деген құштарлықты білдіреді.

Лоффтың түс жору кітабы

Лоффтың түс жору кітабы бойынша түсіңізде орман көру нені білдіреді? Орман әдетте ләззат, қорқыныш және одан өтуге мәжбүр болуды білдіреді.

Орманда жасырынып жүрсеңіз, шындығында сіз бизнестің агрессивті әсерінен жасырғыңыз келетін шығар. Өміріңізді реттеу үшін миды тынықтыру керек.

Егер түсіңізде орманнан өту керек болса, ішіңіздегі сұрақтарға жауап беріңіз. Бұлай жасау кімге және не үшін қажет болды? Бірдеңеге қол жеткізу үшін бе әлде бір нәрседен аулақ болу үшін бе?

Нострадамустың түс жору кітабы

Нострадамустың түс жору кітабы бойынша түсіңізде орман көру нені білдіреді? Әйгілі түс жорушы ағашты өмірдің, өркендеудің, сонымен бірге қайғының белгісі деп атаған. Егер түсіңізде көрген орман жасыл түсті әрі әдемі болса, өмірде бәрі жақсы болады. Құрғақ немесе құлаған ағаштар сіздің психикалық тұрғыда жалғыздықты, депрессияны бастан өткеріп жатқаныңызды және денсаулығыңыздағы мәселелерді аңдатады.

Қылқан жапырақты орман сізге еркіндіктің жетіспейтінін көрсетеді. Ормандағы ағаштарды кесу сабырсыздығыңыздың салдарынан өзге адамдарға зиян тигізуіңіз мүмкін екенін білдіреді.

Түсіңіздегі қысқы орман көрінісі қазіргі жұмыстарыңызбен байланысты. Сізді жетістік күтеді, бірақ табанды болу керегін ұмытпаңыз.

Қысқы орман
Қысқы орман көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Цветковтың түс жору кітабы

Цветковтың түс жору кітабы бойынша түсіңізде орман көру нені білдіреді? Цветков мұндай түсті әйелдер мен ер адамдарға бірдей мағынада түсіндіреді. Оның бірі - ғашық болу, екіншісі - романтикалық кездесумен байланысты.

Хассенің түс жору кітабы

Хассенің түс жору кітабы бойынша адамның түсінде орман көруі нені білдіреді? Түсте көрген әрбір бейненің маңызы бар. Мысалы қараңғы әрі ну орман басталған жұмыстың аяқталмайтынын көрсетеді. Ал көздің жауын алатын жасыл орман бақытты отбасылық өмірді білдіреді. Егер сіз орманға алыстан қарасаңыз, кейбір жағдайға ренжуіңіз мүмкін, ал ағаштардың арасында қыдырсаңыз, керісінше қуанасыз. Орманда ән айтып жүрсеңіз жақсы күндер күтіп тұр. Ормандағы ағаштарды кессеңіз, жаңа бір зат аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2060235-tus-zoru-tusinde-qalyn-orman-korsen-ne-bolady/

pixel