Аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай құтылуға болады: ең тиімді 8 әдіс
Жарияланған күні:
Аяқ киімде аяқтың терлеуінен жағымсыз иіс пайда болады. Мұндайда өзіңіз ұнатып киетін аяқ киіміңізді бірден қоқыс жәшігіне тастай салуға асықпаңыз. The Spruce және Medicine Net веб-сайты аяқ киімдегі жағымсыз иістен арылуға арналған ең тиімді әдістерді ұсынды.
Ас содасы
Ас содасы - иісті сіңіретін, дезинфекциялайтын және бактерияларды өлтіретін табиғи дезодоратор. Аяқ киімдегі жағымсыз иісті ас содасының көмегімен қалай кетіруге болады? Үй шаруашылығы туралы жазатын The Spruce журналы аяқ киімнің ішіне ас содасын сеуіп, түнге қалдыруға кеңес береді. Ас содасы бактерияларды бейтараптандырып, ылғалды сіңіреді.
Таңертең ұнтақты алып тастап, аяқ киімнің ішін жақсылап сүртіңіз. Қажет болған жағдайда тағы бір мәрте қайталаңыз. Бұл әдіс ішінде жүні жоқ, жабық аяқ киімге жарамды. Етік, бәтеңке, кроссовкаларды және ішінде жылы жүні бар аяқ киімдерді тазалау үшін 3 ас қасық сода және 1 ас қасық крахмалды араластырыңыз. Қоспаны 2 шұлыққа сеуіп, байлап тастаңыз. Шұлықтарды аяқ киімге салып, кем дегенде 10 сағатқа қалдырыңыз.
Құрамында спирті бар заттар
Аяқ киімнен аяқ терлесе, жағымсыз иіс тудыратын бактериялардың көбеюіне қолайлы ылғалды орта пайда болады. Аяқ киімдегі тердің жағымсыз иісінен 5 минут ішінде қалай арылуға болады? Спирт немесе антисептик аяқ киімдегі қолаңсаны тез және оңай кетіруге көмектеседі. Себебі қарапайым антисептиктердің құрамында бактерияларды өлтіретін, соның ішінде жағымсыз иісті жоятын заттар бар.
Ол үшін бірдей мөлшердегі спирт мен суды араластырыңыз. Қоспаны бүріккіш бөтелкеге құйып, аяқ киімнің ішіне шашыратыңыз және спирттің буланып, құрғағанын күтіңіз.
Одан бөлек сұйылтылмаған антисептикті шашыратып, оны да аяқ киімді тазалау үшін пайдалануға болады. Егер иіс сіңіп қалса, арнайы хош иісті спрейді пайдалансаңыз болады. Оның құрамында да спирт бар және ол жағымсыз иісті жоюға көмектеседі. Егер қолаңса иіс күшті болса, шүберекті су-спирт ерітіндісімен сулап (1:1), түнде аяқ киімге қалдырыңыз.
Шай пакеттері
Аяқ киімде жағымсыз иістің пайда болуы көбінесе аяқ киімнің материалы мен сапасына тікелей байланысты. Аяққа ауа кіргізбейтін материалдардан жасалған жабық модельдер аяққа ыңғайсыз ғана емес, онда бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюіне әкеп соқтырады. Жағымсыз иісті кетіру үшін қарапайым қара шайды қолдансаңыз болады. Оның құрамында бактерияларды өлтіретін бөлшектер бар.
Аяқ киімді тазарту үшін бірнеше шай пакетін алыңыз. Олар ұсақталмайды және адсорбенттің рөлін тиімді орындайды. Шай пакеттерін суда бірнеше минут қайнатып, суытып алыңыз. Артық ылғалды сығып, аяқ киімге 3-5 шай пакетін салыңыз. 24 сағат өткеннен кейін оларды алыңыз, аяқ киімді майлықтармен сүртіңіз және күн сәулесінде құрғатыңыз. Осы уақыт ішінде аяқ киім бактериялар мен жағымсыз иістерден толығымен арылады.
Сутегі тотығының қоспасы
Сутегі тотығының қоспасы – тиімді дезинфекциялау және ағарту құралы болып саналады. Былғары аяқ киімді 3% сутегі тотығы қоспасында малынған мақта жөкесімен тазалаңыз. Тампондарды ауыстыра отырып, аяқ киімнің барлық бөліктерін мұқият сүртіңіз. Егер аяқ киімнің ішкі жағы мата немесе аң терісінен жасалса, процедураны бірнеше рет қайталаңыз.
Өңдеуден кейін аяқ киімді толық кептіру үшін жылы жерге немесе күнге қойыңыз. Жағымсыз иістерден сутегі ерітіндісін де пайдаланады. Оны 1:1 көлемде сумен араластырыңыз, мақтаны сұйықтыққа батырыңыз және аяқ киімнің ішіне 6 сағатқа қойыңыз. Процедурадан кейін оларды алып тастап, аяқ киімді жақсылап құрғатыңыз.
Сірке суы
Аяқ киімдегі жағымсыз иістен құтылу үшін 9%-дық сірке суын қолданыңыз. Өнімнің өзіне тән иісі бар, алайда ол бөгде иістерді жақсы жояды және бактериялармен күреседі. Ол үшін, сірке суын 1:1 қатынасында сумен араластырып, аяқ киімнің ішкі жағын бүріккіш бөтелкемен себіңіз. Мұндай кеңесті салауатты өмір салтын насихаттайтын Marathon Handbook басылымы береді.
Сосын аяқ киімді түні бойы ашық ауада кептіруге қалдырыңыз, мұндайда аяқ киімнің бауларын шешіп қоюды ұмытпаңыз. Ол аяқ киімнің тез кебуіне әсер етеді. Егер иіс толығымен жойылмаса, процедураны тағы да қайталаңыз. Бұл әдіс кез-келген жабық және ашық аяқ киімге жарамды. Алайда сірке суымен резеңке модельді аяқ киімді сүртуге кеңес берілмейді.
Дәмдеуіштер мен хош иісті шөптер
Көптеген ащы шөптердің бактерияға қарсы қасиеттері мен күшті хош иісі бар. Оларды аяқ киімді көгеруден тазарту үшін пайдаланса болады. Мұндай шөптерге ұсақталған жалбыз, шалфей, лаванда, тимьян жатқызуға болады. Олардың біреуін немесе бірден бірнешеуін таңдап, аяқ киімге салып қойыңыз.
Осы әдіс тиімді болуы үшін аяқ киімді террассаға немесе балконға шығарып қойыңыз. Американдық медициналық Medicine Net веб-сайты аяқ киімге қалампыр шөбін салуға болатынын айтады. Ол үшін, майлыққа қалампырдың бірнеше бүршігін байлап, оны аяқ киімнің әр сыңарына салып қойыңыз. 4-5 сағатқа қалдырыңыз. Егер жағымсыз иіс әлі де сақталса, қалампырды аяқ киімнен қолаңса иіскетпейінше, сонда қалдырыңыз.
Белсендіргіш көмір немесе силикагель
Жүні бар қысқы аяқ киімнен жағымсыз иісті қалай кетіруге болады? Белсендіргіш көмір немесе силикагель сияқты адсорбенттер бұл мәселені шеше алады. Көмір жағымсыз иіс пен артық ылғалды сіңіреді, сондай-ақ бактериялардың көбеюін тоқтатады. Жағымсыз иісі бар аяқ киімді тазарту үшін 10 дәрі белсендіргіш көмірден ұнтақ жасаңыз. Оны аяқ киімнің ұлтарағына сеуіп, таңға дейін қалдырыңыз.
Ұнтақты шаңсорғыш көмегімен тазалап алсаңыз болады. Жаңа аяқ киімнің қораптарында бар силикагель пакеттерді де дә осылай пайдаланса болады
Эфир майлары
Аяқ киімге арналған табиғи дезодорант қатарына эфир майлары да жатады. Олар саңырауқұлаққа қарсы және бактерияға қарсы қасиетке ие. Мұндай майдың қатарына шай ағашының майы, қалампыр майы, даршын және балқарағай майы, апельсин, лимон және эвкалипт майы жатады. Ол үшін аяқ киімнің үстін және ішін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Содан кейін жағымсыз иісті бейтараптандыру үшін, аяқ киімге бірнеше тамшы эфир майын тамызыңыз. Процедураны аптасына кемінде 1 рет жасаңыз.
Аяқ киімге цитрустың жағымды хош иісі сіңуі үшін, оны маймен өңдегеннен кейін ішіне апельсин, лимон немесе грейпфрут қабығын салып қойыңыз. Осылайша ертеңінде аяқ киімнен кез-келген жағымсыз иіс жоғалатын болады.
Егер кептіру мен желдету сияқты әдістермен аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетіре алмау мүмкін болмаса, жоғарыда айтылған дәлелденген әдістердің бірін пайдаланыңыз. Мұндай тәсілдер кез-келген материалдан жасалған, ашық және жабық аяқ киімді дезинфекциялауға және дезодорациялауға тиімді болып саналады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2060243-ayaq-kiimdegi-zagymsyz-iisten-qalai-qutyluga-bolady-en-tiimdi-8-adis/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.