Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұз төгіп алса не болады: халық арасында таралған ерекше наным-сенімдер

Опубликовано:

Үстел үстінде шашылған тұз. Көрнекі сурет
Үстел үстінде шашылған тұз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үйде тұздың төгіле қалса, үлкендер түрлі наным-сенімдер айта жөнелетіні бар және кейде әр адамның бұл жайтқа қатысты айтары әртүрлі. Бұл наным қашан және қайда пайда болған? Үйде кенеттен тұз төгіп алсаңыз, не істеу керек? Бұл туралы эзотерик Флоранс Соул түсіндіріп берді.

Ырым қайдан шықты

Күнделікті тұрмыста қолданылатын ас тұзы ежелгі Таурат заманынан бастап киелі әрі қасиетті саналған. Қара тұзға көптеген дін мен мәдениетте құрметпен қарайды. Православ дінінде бейсенбі күніндегі қара тұздың маңызы жоғары. Себебі бұл күні тұзды ерекше түрде дайындап, оның емдік және қорғау қасиеттері жоғары болады деген сенім бар. Кейде тіпті, тұз шашылса алдағы уақытта қиындықтар күтіп тұр деген мағынаны білдіреді.

Тұзға қатысты наным-сенімдер қашан және қайдан пайда болған? Назарларыңызға халық арасында кең таралған болжамдарды ұсынамыз:

  • "Тағаның сиқыры: өзге де фольклорлық жазбалар" кітабының авторы Роберт Минс Лоуренс тұз достықтың символы болғанын және оның жоғалуы алдағы қиындықтардың белгісі екендігін жазады.
  • Француз жазушысы Чарльз Нодье тұздың төгілуі - үй иелерінің қонақжай емес екендігін, келген қонақ осы әрекет арқылы үй иесі өзін жақтырмады деп түсіну қажет екендігін айтады.
  • Эзотерик Флоранс Соул тұзға қатысты сенім ежелгі римдіктерде пайда болғанын айтады. Ол Леонардо да Винчидің әйгілі "Құпияға толы кеш" фрескасын еске түсіріп, онда Иуданың үстел үстіне тұз төккенін көрсетеді. Әйгілі отырыстан кейін құтқарушыға опасыздық жасалып, ал бұл жамандыққа төгілген тұз себеп болған деп суреттеледі.
  • Medium әлеуметтік басылымы бұл ырымды ежелгі шумерлер, мысырлықтар, ассириялықтар мен гректер мәдениетімен, сондай-ақ тұздың қайсиеттілігімен байланыстырады.
  • Шығыс елдерінде қолбасшылар келісімге келген кезде, тұзды аузына салатын болған. Тұзды шашып жіберу, бұл келісімді бұзумен тең болған.
  • Тұз - негативті энергияны бойына сақтайтын минерал болып саналады. Төңкеріліп қалған тұздың ыдысы осы негативті энергияны жан-жаққа шашыратып, үйге жанжал әкеледі деген сенім бар.

Әр жылдары тұз кен орындары әлемнің әр түкпірінен табылған. Оны сатып алу үшін жүздеген және мыңдаған шақырымға бару керек болған. Тұзды осынша алыс аймақтан тасымалдау қиын болғандықтан, ол әр ұлтта маңызды дәмдеуіш саналған және оны төгіп алуға жол берілмеген.

Үйдегі ұрыстан көңілі қалған ару. Көрнекі сурет
Үйдегі ұрыстан көңілі қалған ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тұзды төгіп алу үйде алу ұрыс-жанжал тудырады деген сенім қалыптасқан? Көптеген ғасыр бұрын әлемнің кейбір елдерінде тұз өте құнды тағам болып саналған. Ол тауарға немесе көрсетілген қызметтерге есеп айырысу кезінде, сондай-ақ ақша ретінде де пайдаланылған.

Кей тілдерде "жалақы" сөзі salary деп аталады және "salarium" ("тұз ақша") терминімен тікелей байланыстырылған — себебі ол римдік сарбаздармен есептеу әдісі болып саналған. Минералдың ұрлануы мен жоғалуы үлкен ұрыс-жанжалдар тудырған және тұздың төгіліп қалуы үлкен дау-жанжалдың белгісіне айналған.

Тұз арқылы болашақты да болжаған. Мэн аралында Әулиелер күні қарсаңында тұз табақтарға салынып, түнге қалдырылған. Қай үйде таңертең тұздың кристаллдары жарылып, төгілсе, сол үйде тұратын отбасы мүшелері бір жыл ішінде о дүниеге аттанады деген сенім болған.

Десе де тұздың тқгілуі туралы ырым тек жамандықты білдірмейді. Орта ғасырларда үйдің төрт бұрышындағы тұзды кристалдар зұлым рухтар мен шайтаннан қорғау элементі ретінде қолданылған. Кристалдары сынған тұз түске кірсе, бұл жақсылықтың белгісі болып саналған, өйткені ол жақын адаммен татуласуды және жақсы жаңалықты білдіреді.

Тәрелкедегі тұз түйікршіктері. Көрнекі сурет
Тәрелкедегі тұз түйікршіктері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үйде тұз төгілсе, не істеу керек

Ю Чжан басқарған психологтар тобының зерттеулерінің нәтижесі тұзға қатысты ырымға сенетіндер оған сенбейтіндерге қарағанда өмірге деген көзқарасы позитивті болатынын растайды. Егер тұзды байқаусызда төгіп алсаңыз, мына болжамдарға назар аударыңыз:

  • Тұз салынған ыдыс тамақ жасап жатып, төңкеріліп қалса, отбасындағы келіспеушіліктердің белгісі.
  • Бір адам екіншіге ішінде тұзы бар ыдысты беріп жатқанда, төгілсе, бұл - дау-дамайдың белгісі.
  • Тұз еден үстіне төгіліп қалса, күтпеген қонақпен жанжал болуы мүмкін. Бұл ырым, сонымен қатар заңға қатысты қиындықтар туындауы мүмкін деген мағынаны білдіреді.
  • Тұздың ыдысы кенеттен сынып, ондағы тұз төгіліп қалса, досыңыз немесе әріптесіңізбен жанжалдасып қаласыз деген сөз.
  • Бір қап тұзы бар пакет жыртылып қалса, жақындарыңыздың бірінің шыдамы шегіне жетеді деген сөз.
  • Тұздың ыдысын қонақта отырып төңкеріп алсаңыз, онымен ара қатынасыңыздың бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
  • Тұздың ыдысын үй жануары төңкеріп тастаса, отбасы мүшелерімен немесе қонақтармен арада реніш тууы мүмкін.
  • Тұздың ыдысын бала қағып кетіп, ондағы тұз тқгілсе, бүкіл әулетте ұрыс-жанжал болады деген сөз.

Үйіңізде тұз төгілмесін десеңіз, үстелдегі тұз ыдысына мұқият болыңыз. Тұзды сұрап алған адамның алдына қойған жөн, тұзды сол адамның қолына бермеген абзал. Сонда тұз төгілмейтін болады.

Көп адам төгілген тұз туралы ырымды білсе де, оған көп сене бермейді. Бұл ырымның шығу тарихын зерттей келе, өзіңіз қорытынды жасап көріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2060494-tuz-togip-alsa-ne-bolady-xalyq-arasynda-taralgan-erekse-nanym-senimder/

pixel