Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті жанға сөз айту: романтикалық әрі әсерлі мәтіндер топтамасы

Опубликовано:

Бойжеткен қолындағы жүрекше. Көрнекі сурет
Бойжеткен қолындағы жүрекше. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шынайы ғашық болып, жүрегіңізді сиқырлы сезім баурағанда, сүйіктіңізге уақытылы әрі дер кезінде сөз салған дұрыс. Сол себепті білікті мамандар оған алдын ала дайындалу қажет екенін айтады. Назарларыңызға эмоцияларды зерттеудің білікті сарапшысы Аарона Бен-Зеевтың құнды кеңестерін ұсынамыз.

Психолог Дженнифер Делгадо Суарестің айтуынша, әдетте ер адамдар сүйіктісіне бірінші болып сезімін білдіреді. Сондықтан ғашығыңызға сезіміңізді білдіруге дайын болсаңыз, онда таңдаған ару сізге қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп көріңіз.

Осы орайда, жүрегіңізді жаулап алған бойжеткенге сезімді қалай білдіруге болады деген заңды сауал туындайды. Ол үшін сезіміңіздің қаншалықты берік екенін айтып, эмоцияңыз бен жоспарларыңызды айтып, ниетіңіздің таза екенін көрсетіңіз. Төменде сондай мәтіннің бірнеше нұсқасын назарға ұсынамыз:

***

Қымбаттым! Сенің мен армандаған бойжеткен екеніңізді тек бір көргеннен-ақ түсіндім. Мен сені шексіз сүйемін және сенің жаныңда өзімді бақытты сезінемін. Сенің әр күніңді бақытқа бөлегім келеді, маған сондай мүмкіндік бересің деген сенімдемін!

***

Жаным менің! Танысқаннан кейін сен менің ең жақын адамыма айналдың. Сенімен кездестірген тағдырыма ризамын. Мен сені сүйемін және сенің де маған деген сезімің бар деп сенемін!

***

Қымбаттым! Сені кездестіргенге дейін мен шын бақыттың не екенін білмеппін. Енді менің кеудемде тек бақыт, өмірдің әр сәті менің жаныма ләззат сыйлайды. Мен сені шын жақсы көремін және оны құр сөзбен емес, іспен де дәлелдеймін. Сен үнемі менің жанымда болсаң деймін, себебі мен сені шын сүйемін.

***

Саябақта серуендеп жүрген ғашықтар. Көрнекі сурет
Саябақта серуендеп жүрген ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Психология докторы, әлемдегі эмоцияларды зерттеуші ең үздік маман Аарон Бен-Зеев ер адам сезімін білдіру үшін 88 күн қажет екендігін айтады. Егер осы уақыт аралығында сүйіктіңізге сезіміңіз суымай, керісінше оған ынтыға түссеңіз, онда ғашығыңызға махаббатыңызд туралы айтуға асыққаныңыз жөн. Оған төмендегі мәтіндер сізге көмектесе алады:

***

Сүйіктім, өмірдегі басты нәрсе - махаббат. Мен бұған сені кездестіргенде көзім жетті. Осы бақытымыз ұзағынан болса екен деп тілеймін. Сен менің өмірімдегі ең маңызды адамға айналдың. Мен сені кездестіргенім үшін тағдырыма ризамын. Сені шексіз сүйемін!

***

Сүйіктім! Көп жыл бойы шынайы махаббаттың не екенін білмей келдім. Сен менің өміріме күн болып келіп, сәулеңді шаштың, өмірімді мәнді әрі мағыналы ете түстің. Мен сені қаншалықты қатты жақсы көретінімді білсең екен деймін. Сенің өміріңнің әр сәтін бақытқа толтырсам деп армандаймын!

***

Психикалық саулық саласына арналған Better Help сайты сүйіктіңізге сезіміңізді білдірместен бұрын жайлы орын тауып, романтикалық жағдай жасауға кеңес береді.

***

Қымбаттым! Бірде мен періштеге ғашық болдым. Енді мен күн сайын миллиондаған бойжеткеннің ішінен тек сені ғана іздейтін боламын. Осы күннен бастап менің жүрегімнің иесі сенсің! Мен сені жақсы көремін және бұл менің өмірімдегі ең маңызды сәт.

***

Періштем менің! Осы әлемнің бар ғаламатын саған сыйлауға әзірмін. Сен үшін мыңдаған шақырым жүріп, аспандағы жұлдызды алып беруге дайынмын. Миллиондап табыс тауып, сені тек бақытқа бөлейтін боламын. Сен маған шабыт сыйлайтын тірегімсің, сенің мені жақсы көретініңе сенімдімін.

***

Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қашықтан сезімді білдіруге арналған мәтіндер

Кейде сүйіктіңізге ғашық екеніңізді көзбе-көз айту мүмкін болмай жатады. Егер ғашығыңыз алыста болса, онда оған әсерлі хабарлама жіберіңіз. Мұндай хабарламалар топтамасы төменде:

***

Қымбаттым! Сенің көздеріңнен мен тек бақытты көргім келеді. Осы ажарлы жүзіңді көрген сайын, мен саған шынайы ғашық боламын.

***

Сүйіктім! Мен саған ғашық болып қалдым. Сенің әрбір хабарламаң, қарағаның, дауысың менің жүрегімнен орын таба білді. Мен саған шынайы ғашықпын.

***

Жаным менің! Егер менен бақыт деген не сұраса, мен ойланбастан сен деп айтар едім. Сен бар жүрегіммен сүйемін.

***

Күнім менің! Сен менің жүрегімнің иесісің, менің өмірімнің мәнісің! Мен сенің үнемі күліп жүруің үшін, қолымнан келгеннің бәрін жасайтын боламын! Сен шексіз сүйемін!

Егер сезіміңізді ерекше етіп білдіргіңіз келсе, төмендегі шумақтарды қолдансаңыз болады:

Көкжиектен сағым болған сұлуым, Өзіңменен жолықтырды ұлы күн. Талайларды тамсандырған нұр бейнең Салды маған махаббаттың құрығын.

Жүректе арна сынды тұрар дәйім, сезімді аялашы, құралайым. Сағынып, мұңайғанда іздей-тұғын, Бір сенің наз күлкіңе қуанайын.

Дәурені өтіп, жүдеп тұрған қайыңның, жақын келіп сұрайды екен жайын кім? Сенің нәзік көкірегіңді келмейді ғашықтықтың кәусарынан айырғым.

Сүйген жандар аралайтын бақтан біз сырлы сезім маржандарын таққанбыз. Сол бір түні серт берісіп, екеуміз ақ үміттің мәңгі алауын жаққанбыз.

***

Кірбің түсіп кеткендей ақ көңілге, Өткен күннен жоқ емес əттеңім де. Сол бір жанға еріксіз ғашық болдым, Осы жылдың шуақты көктемінде.

Ақпан өтті, сырғытып үскүрігін, Махаббаттың сезімі күшті бүгін. Қалай ғана жүректен кетіремін, Үрлеп тұрған сезімнің ысқырығын?!

Кімге айтамын білінбес сырларымды? Ұлғайтамын көрінбес мұңдарымды. Ойлап тұрып,өзгеше сағыныштан, Білмей қалам жабығып қалғанымды.

Маған сезім бар ма ода,əлде жалған, Көз алдымда сезімдер сызықталған. Білмей жүрмін япыр-ау не істерімді, Жетелейді жүректе үміт-арман.

Əрі ойлаймын,өзімді құлатамын, Бері ойланып жүректі жылатамын. Жаным менің!бірақ та біліп жүрші, Мен сені ұнатамын,ұнатамын!!!

Жамбыл Ахатов

***

Бірін-бірі сүйетін шынайы ғашықтар. Көрнекі сурет
Бірін-бірі сүйетін шынайы ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйіктіңізге қалай сөз айту керегін білмесеңіз, танымал авторлардың кітабын ақтаруға болады. Мысалы, Люсинда Райли "Жеті апалы-сіңлілі" романында былай деп жазады: "Шынайы махаббат арақашықтықтың не екенін білмейді, оған шектеу жоқ, өйткені ол шексіз сезім мен шынайы бақыт". Егер осы сөзді сүйіктіңізге жазсаңыз, оның жүрегін бірден жаулап алатыныңызға сенімді болыңыз. Сонымен бірге төмендегі романтикалық хабарламаларды жолдасаңыз болады:

***

Қымбаттым! Саған ғашық болу - үлкен бақыт. Менің саған деген сезімім күн өткен сайын күшейіп келеді.

***

Жаным сол! Мен тек сенімен бірге шын махаббаттың не екенін түсіндім. Сезіміміз мәңгілік болсын, сені шын жүрегіммен жақсы көремін.

***

Жалғызым менің! Менің бар ойым тек сенде. Сен менің жүрегім мен жанымды жаулап алдың. Мен сені қатты жақсы көремін және өмір бақи жақсы көріп өтемін.

***

Жаным менің! Бүгін менің өмірімдегі басты күн, себебі мен саған өз сезімімді білдірмекпін. Сенімен мәңгіге бірге болсам деймін, әлемде сенен асқан ару жоқ. Біз бақытты боламыз деген сенімдемін!

***

Алыста жүріп, өз сезіміңізді білдіру оңай болмайды. Сондықтан әр сөзіңізге абай болып, сүйіктіңіздің көңілінен шығуға тырысыңыз.

Ғашық жанға сөз салу, әсіресе ер адамдар тарапынан жасалатын алғашқы маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан оған жауапкершілікпен қараған дұрыс. Жоғарыда айтылған кеңестерге құлақ түріп, өзіңізге ыңғайлы нұсқасын таңдасаңыз, ұтылмайсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2060688-suiikti-zanga-soz-aitu-romantikalyq-ari-aserli-matinder-toptamasy/

pixel