Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 ақпан: Валентин деген кім және ол қалай әулие болды

Опубликовано:

Кітап үстіндегі гүл
Кітап үстіндегі гүл. Көрнекі сурет: pixabay.com

15 сәуірде тойланатын Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніміз болғанымен де, әлем жұрты ғашықтар тақырыбын әулие атанып кеткен Валентин күнімен байланыстырады. Бұл – сүйіктілер бір-біріне сыйлық жасап, сезім білдіретін күн. Дегенмен Валентин неге әулие? Бұл күн шын мәнінде мереке ме еді және оның шығу тегі қандай деген сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Шығу тегі

Бірден анықтап алатын жағдай – бұл мерекеге қатысты көптеген нұсқа айтылады. Мифі қайсы, шыны қайсы – бүгінде ажырату қиынның қиыны. Сондықтан тарихшылар белгілі бір дәуірдің жазбаларына қарап қана теория айтқан. Біз келтіргелі отырған мерекенің шығу тегі туралы нұсқа да солардың бірі деп қабылдаңыз.

Луперкалийді тойлау
Андреа Камассей 1635 жылы салған "Луперкалийді тойлау" картинасы: Wikipedia/PD-US

Көп жазбада бұл мерекені Италияның көктем мерекесі саналатын Луперкалиінен бастау алатыны айтылады. Бұл ақпан айының ортасына таман тойланып, оның молшылық пен ер мен әйелдің қарым-қатынасына қатысты өз ырымдары болған.

Алайда V ғасырда Рим папасы Геласий І Луперкалий мерекесін тойлауға тыйым салады. Оның орнына әулие Валентин күнін тағайындады деп те келетін нұсқа бар. Содан, 14 ғасырға дейін-ақ әулие Валентин күні тойлана бастаған-мыс.Алайда бұған көз жеткізетін дәлелдер жоқ.

Валентиндер қанша?

Британ энциклопедиясының мәліметі бойынша, Валентин есімді құлшылық етуші адам біреу емес. Мәселен, ІІ Клавдий Готский император біздің заманымыздан бұрынғы 270 жылы осы Валентин есімді христианды азаптап өлтірген.

Аңыз бойынша, шіркеу қызметкері өз қызының атынан түрмеде отырған адамға жазылған хатқа "Сенің Валентиніңнен" деп мәтін қалдырған. Діндардың қызы осы тұтқынмен әңгіме жарастырған. Тіпті шіркеу қызметкерінің қызын соқырлықтан емдеп-жазған делінеді. Сол үшін азаптап өлтірілген.

Ал тағы бір дереккөздер бұл мерекеге Валентин Тернийский эпископы себеп болған дейді. Ал тарихи деректерде олар бір адам болған-мыс.

Сондай нұсқалардың бізде көп таралғаны жасырын неке туралы миф. Сол нұсқа бойынша, әулие Валентин императордың бұйрықтарын елемей, қалыңдықтарға күйеулерін соғыстан қорғау үшін ерлі-зайыптыларға жасырын түрде некесін қиып беріп отырған. Дәл осы себепті оның мерекесі махаббатпен байланыстырылады екен.

Валентин күніне берілетін хат
Валентин күніне берілетін хат. Фото: britannica.com

Алайда, скептик тарихшылар бұл теорияға қарсы, себебі жасырын түрде үйлендіру тарихы бұл кезеңде тіпті болмаған да. Ең көп таралған нұсқа император II Клавдий кезінде өмір сүрген белгілі бір діни қызметкер мен дала дәрігері Валентин туралы айтылған.

ІІ Клавдий императоры бейнеленген тиын
ІІ Клавдий императоры бейнеленген тиын. Фото: britannica.com

Ер адамдар жақсы соғысып, әскери қызметке дайын болуы үшін, шіркеу қызметкері оларға үйленуге тыйым салған-мыс, ал қыздарға сол соғысатын ерлерге тұрмысқа шығуға тыйым салды. Себебі императордың ойынша, ер адамдар әйелге назар аудармаса, соғысқа деген құлшынысы мықты болады.

"Валентинкалардың" өз тарихы бар

Ресми түрде "валентинка" аталып кеткен хат-хабарлар 1500-жылдары пайда болыпты, ал 1700 жылдардың аяғында коммерциялық түрде басылған ашық хаттар қолданыла бастаған. Алғашқы коммерциялық "валентинкалар" Америка Құрама штаттарында 1800-жылдардың ортасында басылған.

Валентин хатының үлгісімен жасалған түрлі дәм
Валентин хатының үлгісімен жасалған түрлі дәм. Фото: pixabay.com

Валентинкалар әдетте римнің махаббат құдайы Купидон, сондай-ақ жүректі, дәстүрлі түрде эмоциялар белгісін бейнелейді. Құстардың жұптасу кезеңі ақпан айының ортасында басталады деп ойлағандықтан, құстар да осы ғашықтар күнінің символына айналыпты. Дәстүрлі сыйлықтарға мыналар кіреді: конфет және гүлдер, әсіресе қызыл раушандар, сұлулық пен махаббаттың символы.

Бүгінгі Валентин күні

Әулие Валентинді католиктік және православие шіркеуі құрметтейді. Католиктердің ғибадат күнтізбесі 14 ақпанда Кирилл мен Мефодийдің қасиетті апостолдарын еске алады.

Қасиетті саналатын Валентин шіркеудің тізімінде қалған, бірақ тек жергілікті әулие ретінде, өйткені оның істері туралы тарихи ақпарат өте аз. Осылайша, бұл мереке католиктер үшін де, православие үшін де міндетті емес.

Валентин мен гей-некеге қатысты кейбір тарихи негіз бар делінетін мифтер әсіресе біздің елде көп таралған. Шығыс, Византия, шіркеуде аделфопоэз немесе "бауырластық" сияқты рәсім болған, оны "бауырластық" деп атаған дұрыс шығар. Бұл бір жыныстағы екі адамның, әдетте ер адамдардың шіркеуге берекелі достық одағы болған деп сипатталады. Алайда бұған тарихи дәлел жоқ.

Әулие Валентин картинасы
Jacopo Bassano салған "Әулие Валентин" картинасы. Фото: Wikipedia/PD-US

Кейінгі уақытта бұл рәсім шіркеу практикасынан мүлдем шығып, неге бейдәстүрлі қатынастар тақырыбына ойысқанына тоқталайық. Бәрі бастап берген Йель университетінің тарихшысы Джон Босвелл бұл мерекені гей-некеге жақын деп қарастырған, бірақ оның көзқарасын басқа зерттеушілер даулайды. Мұнда Босвеллдің өзі гей-белсенділер қатарында болғанын және белгілі бір мүддесі болғанын назарға алуымыз керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2060708-14-aqpan-valentin-degen-kim-zane-ol-qalai-aulie-boldy/

pixel