Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түске мұз кірсе не болады: түс жору кітаптарындағы түсіндірмелер

Жарияланған күні:

Мұз үстіндегі ер адам. Көрнекі сурет
Мұз үстіндегі ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түсіңізге мұз кірсе, көп жағдайда сізді алда қиындықтар күтіп тұр деген мағынаны білдіреді. Мұндай түс одан бөлек нені білдіруі мүмкін? Танымал түс жору кітаптарына шолу жасап көрелік.

Лоффтың түс жорамалы

Мұз – суық пен беріктіктің белгісі болғандықтан, оны уақытша қиындықтар мен келеңсіздіктердің, бизнес пен қарым-қатынаста тұралаудың белгісі деп қабылдаған жөн. Лоффтың түс жору кітабында түсіңізге мұз кірсе, ол былай деп түсіндіріледі:

  • Қатты мұзды көру – өмірдегі сынақтың белгісі.
  • Мұздың ерігенін көру – тұрмыс жағдайыңыз жақсарады деген сөз.

Суық су мен мұз түске не себепті кіруі мүмкін? Ол өмірдегі өзгерістердің белгісі болуы мүмкін. Егер суық су ағып жатса және сіз онда керемет көңіл-күймен жүзіп жүрсеңіз, жағымды жаңалықтарды күтіңіз. Егер суық суда жүзу түсіңізде сізге ұнамаса, онда жақын арада ауырып қалуыңыз мүмкін. Мұзды суға күмп етіп түсіп кету – алдағы уақыттағы алаңдаушылықтың белгісі болуы мүмкін.

Ванганың түс жорамалы

Түсіңізде мұз көруге қатысты болгар көріпкелінің өз болжамы болған. Ванганың жорамалы бойынша, түсіңізде айсберг көру – жаһандық апаттың белгісі екен. Кейде ол ауа райының өзгеруін білдірген (күннің сууы, қар, жолдағы көктайғақ мұз).

Түсіңізде ірі әрі мөлдір мұз көру – ойыңыздың таза әрі айқын екендігінің белгісі. Көп ұзамай қиындықтар шешіліп, табысқа жетесіз деген сөз. Кішігірім мұз жарықшасын көрсеңіз, жұмыста табысқа кенелесіз. Егер түсіңізде мұзды тауға көтеріліп жатсаңыз, онда жаныңыз жалғыздықтан қиналып жүрген болуы әбден мүмкін.

Мұз ішіндегі әйел адам. Көрнекі сурет
Мұз ішіндегі әйел адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Феломеннің түс жорамалы

Феломеннің түс жорамалы бойынша, түсіңізде мұз көру – жағымсыз жаңалықтардың белгісі. Су бетіндегі жұқа мұз алдағы өміріңіз қилы кезеңге толы болады деген сөз. Сол себепті үміт үзбей, тек жақсылыққа сеніп, алға қарай жылжығаныңыз абзал.

Мұндай түс, сонымен бірге саудагерлердің саудасы жүрмей, шығындар көбейеді деген мағынаны білдіреді. Биржада сауда жасайтындардың жолы болмай, ұтылуы әбден мүмкін. Кейбір жандар жақын достарының, туыстарының немесе сүйіктілерінің сатқындығын көруі мүмкін. Өзен бетіндегі мұз бәсекелестікке дайын болуды және қырағы болуды талап етеді. Ал, жол үстіндегі мұз әріптестерімен келіспеушілік орын алуы мүмкін деген мағынаны білдіреді.

Цветковтың түс жорамалы

Цветковтың жорамалы бойынша, түсіңізге мұз кіру – жамандықтың нышаны. Ол адамның физикалық және эмоционалдық жағдайы жақсы болмаған кезеңде түске кіруі мүмкін. Оның болжамы бойынша мұндай түс төмендегідей мағынаны білдіреді:

  • Су үстінде мұзды көру – тұрмыстық қиындықтардың белгісі.
  • Мұзды қолмен сындыру үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Сонымен бірге, оның пікірінше адамның түсіне мұз белгісіздіктен қорқудың көрінісі ретінде кіруі мүмкін. Бұл түс сізге жақын адамдарыңыздың мәселелерін шешу немесе өмірден тығырықтан шығу деген мағынаны білдіруі мүмкін.

Ислам түс жорамалы

Ежелгі ислам түс жору кітабы түске мұздың кіруін алда күтіп тұрған қиындықтар ретінде сипаттайды. Мұндай түс кітапта мазасыздықтың, әлденені жоғалту, айырылып қалу немесе сәтсіздіктің белгісі ретінде түсіндіріледі. Түс жору кітабында аталған түсті әйел мен ер адамның түске кіруімен байланыстырады:

  • Егер әйел адам мұз үстінде жүрсе, жайсыздық.
  • Ер адамның түсіне мұз кірсе, кедейліктің белгісі болуы мүмкін.

Өзен бетіне қатқан мұз не себепті түске кіруі мүмкін? Бұл дұшпандардың кесірінен кәсібіңіздің құлдырауы деген мағынаны білдіруі мүмкін. Егер адам қатты мұз арқылы өзенді кесіп кетсе, онда қиындықтарды тез, сәтті және өз пайдаңызға қарай еңсересіз деген сөз.

Алып көл бетіндегі айсберг. Көрнекі сурет
Алып көл бетіндегі айсберг. Көрнекі сурет: pixabay.com

Фрейдтің түс жорамалы

Психоанализдің білікті сарапшысы мұндай түсті романтикалық арақатынас тұрғысынан түсіндірді. Фрейдтің түс жору кітабында мұз – ғашықтардың арасындағы сезімнің салқындауының, өзаратүсіністіктің жоғалуының белгісі болып саналады. Алайда мұндай түс өмірдің басқа салаларына әсер етпеуі де мүмкін, дейді маман.

Сондықтан Фрейдтің болжамы бойынша түске мұз кіру - бұл қарым-қатынастың тоқтауының белгісі болуы мүмкін. Егер күйеу жігіттің түсіне мұз кірсе, онда оның болашақ некесі сәтсіз болуы ықтимал. Егер күйеуі түсінде әйелінің айналасындағы мұзды сындырса, онда арақатынастарына сызат түсіп, оларды шешуге тура келеді деген мағынаны білдіреді. Бойдақ жігіт түсінде мұзды ұстаса, жалғыздықтың белгісі. Мұзда жүгіріп, аяғыңыздың тоңып қалғанын сезіну – жамандықтың белгісі.

Миллердің түс жорамалы

Түсіндегі жарқыраған мұз көру Миллердің пікірінше, жамандықтың белгісі. Әсіресе, егер адам нәзік мұз қабығымен жүрсе, онда алдағы уақытта сізді қиындықтар күтіп тұр деп ойлай беріңіз. Сол сияқты түсінде егер адам аяғының астындағы жерді, мұзды сезбесе, онда ол адам күмән, қорқыныш пен сенімсіздікке толы екенін білдіреді. Миллердің түс жору кітабында мұзға қатысты мынадай да болжамдар бар:

  • Өзенде жүзіп бара жатқан мұзға қарау – сіздің әлдекімдер көре алмайды деген сөз.
  • Мұздан мүсін жасау - өзімшілдіктің арқасында жақын адамыңыздан айырылу деген сөз.
  • Мұзды жеу — аурудың белгісі.

Егер сіз түсіңізде мұзбен бірге суда жүзіп бара жатсаңыз, абай болғаныңыз жөн: алда сізді қиындықтар күтуі мүмкін. Сол себепті барынша мұқият болып, оларды еңсеруге күш жинағаныңыз абзал.

Хассенің түс жорамалы

Хассенің түс жору кітабында түске мұз кіруге қатысты жағымды болжамдар жоқ. Оның мұзға қатысты жорамалы мынадай:

  • Үлкен мұз қиыршығын көру - материалдық шығынға ұшырайсыз.
  • Мұзды қолыңызда ұстау – құнды затыңызды жоғалту.
  • Судағы мұз – бизнестегі қиындықтардың белгісі.

Егер адам мұз бен қар құрсауынан шыға алса, онда өңінде ол бар қиындықтарды жеңеді деген сөз. Егер мұз үстінде тайып құласа, онда қорқынышқа тап болады деген мағынаны білдіреді.

Көл бетінде қатқан жылтыр мұз. Көрнекі сурет
Көл бетінде қатқан жылтыр мұз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Юнонаның түс жорамалы

Юнонаның түс жору кітабында мұз "қатқан" эмоцияны білдіреді. Демек адам басқалардың көңілін қалдырмай, тепе-теңдікті сақтау үшін, өз эмоцияларын көрсете бермейді деген сөз. Егер су қоймасындағы қатқан мұз түске кірсе, онда жұмыста, жеке өмірде және денсаулықта қиындықтар туындайды деген сөз.

Мұзда сырғанау – сынақ белгісі. Жинақталып, қиындықтарға қарсы тұруға тура келеді. Осы ретте, ең үздік тактика — ішіңіздегі күмән, қорқыныш пен үміт туралы жақын адамыңызға ашық айту. Бұл жақын адамдарыңыздың сізге көмектесуге және қолдауға мүмкіндік береді.

Нострадамустың түс жорамалы

Нострдамустың түс жору кітабында мұндай түс жаһандық мағынаны ие болған. Мұндай түс өмірдің барлық кедергілерін сәтті жеңетіндігіңізді білдіреді. Бұл адамның күшті, ақылды, табысты болуының және тұлға болып қалыптасуының белгісі болуы мүмкін. Нострадамустың түс жору кітабында аталған түске қатысты мынадай да болжамдар бар:

  • Мұз қабатының астында болу — мүмкіндіктерді жіберіп алудың белгісі.
  • Мұзда жүгіру – шамадан тыс жұмыс істеудің нышаны.

Егер адам түсінде үлкен мұз даласын көрсе, онда ол бақытты болады деген сөз. Алда оны жағымды өзгерістер күтіп тұруы мүмкін.

Түсте мұзды көру – қиындықтардың белгісі болуы әбден мүмкін. Ол сондай-ақ өз ойларыңыз бен әрекеттерінде күшті, сенімді болу қажеттілігін көрсетеді. Сол себепті, қателіктерге жол бермеу үшін, жоғарыдағы түс жору кітаптарының кеңесіне құлақ түріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2060733-tuske-muz-kirse-ne-bolady-tus-zoru-kitaptaryndagy-tusindirmeler/