Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең ақылды жұлдыз белгісі: астрологтардан қызықты дерек

Опубликовано:

Бір топ ғалым-зерттеушілер. Көрнекі сурет
Бір топ ғалым-зерттеушілер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамның қай күні және қай жұлдыз белгісінде дүниеге келгені маңызды. Астролог мамандар жұлдыз белгісі адам тағдырына, мінезіне, тіпті интеллектісіне тікелей әсер ететінін айтады. Астрологиялық басылымдар ең ақылды жұлдыз белгілерінің тізімін жасап көрді.

Егіздер

Қай жұлдыз белгісі ең ақылды? Business Insider жаңалықтар порталының мәліметінше, 1901 жылдан бері 900 Нобель сыйлығын алғандардың ішінде Егіздер көп болған. Соңғы жүзжылдықта 97 Егіздер Нобель сыйлығын алған.

Олардың арасында рок-музыкант Боб Дилан бар. "Джеймс Уэбб" астрологиялық сайты Егіздердің басты ерекшелігі – кез келген жағдайға тез бейімделу, жан-жақты дамыған интеллект және адамдармен тез тіл табысу қабілеті екенін айтады.

Таразылар

Таразылар туа біткен дипломаттар, ал жоғары интеллект оларға мәселенің салдарын тез анықтауға және оған қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Олардың интеллектуалды артықшылығы - шешілуі қиын, күрделі жағдайлардың өзін тез шешіп, тепе-теңдікті сақтай білуінде.

Таразылар өте ақылды, тапқыр және өз-өзін үнемі дамытып отыруға ұмтылады. Олардың басты артықшылығы — қателіктерге бой алдырмау. Бұл белгі нақты шешім қабылдамастан бұрын, "жеті рет өлшеп, бір рет кеседі".

Бикештер

Ерлер арасында ең ақылды жұлдыз белгісі қандай? Medium әлеуметтік басылымының пікірінше, Бикеш белгісінде туған ер адамдардың бойында аналитика жасау қасиеті жоғары, кез келген мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттегенді жақсы көреді. Олардың интеллектісі жоғары және жұмысты барынша тиянақты орындауға бейім.

Күрделі мәселелерді талдай білу, оларға қатысты тиімді шешімдерді табу сынды қабілеттер Бикештерді мықты орындаушы етеді. Тұрақтылық, сенімділік және өз ісіне адал болу сынды қасиеттер Бикеш ер адамдарды бағалы қызметкерлерге айналдырады.

Өсімдікті зерттеуші ғалым. Көрнекі сурет
Өсімдікті зерттеуші ғалым. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндар

Шаяндардың интуициясы жақсы дамыған, осының арқасында олардың интеллектісі де жоғары болады. Олар күрделі әлеуметтік жағдайларға тез бейімделеді. Шаяндар адамды жақсы тани біледі. Осының арқасында адамның мінез-құлқын терең түсінуге қауқарлы. Биұдан Шаяндардың қырағы бақылаушы екенін көруге болады.

Ол көп жағдайда логикаға емес, эмоцияға сүйенеді. Шешімдерді де эмоциямен қабылдайды. Шаяндар қымбат, бағалы заттарды ұнатады және осыған қарай жақсы ақша табуды да жақсы біледі. Шаяндар алдына материалдық мақсат қойып, оған міндетті түрде жетуге тырысады

Тоқтылар

Love To Know маңызды құбылыстар туралы басылымның пікірінше, Тоқтылар тәуекелге жиі барады екен. Оның алғырлығы, терең ақыл-ойы мен алған білімі оған жетістікке тез жетуіне көмектесетін көрінеді. Осы қасиеттердің барлығы Тоқтының ең ақылды жұлдыз белгілерінің бірі екенін білдіреді.

Табысты Тоқтылар ретінде Леди Гага және иллюзионист Гарри Худинидің мысалын қарастыруға болады. Тауешкінің мықта тұсы – динамикалық ойлау қабілеті және жылдам шешім қабылдау дағдылары. Белгі өкілдерінің интеллектісі инновациялық рухпен және адамдардың көңілінен шығу қабілетімен сипатталады.

Торпақтар

Торпақ – даналықтың үлгісі. Ол кез келген мәселені нақты әрі тиянақты шешеді. Торпақтар бойындағы төзімділік пен тез шешім қабылдай білу қасиеттерінің арқасында кез келген кедергіні оңай жеңіп, табысқа жете алады.

Торпақтар әсіресе әдістемелік тәсіл мен егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін тапсырмаларды орындауда табандылық танытады. Жұлдыз белгісінің салмақты табиғаты оның өркендеуіне, табысты жұмыс жасауына, ақша жинап, жайлы өмір сүруіне көмектеседі. Торпақтардың эмоцияға берілмей, тепе-теңдікті ұстай алатын қасиеті олардың кез келген қиындыққа төтеп беруге көмектеседі.

Зертханада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әйел. Көрнекі сурет
Зертханада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер

Мергендерге Юпитер қолдау көрсетеді ден саналады. Сондықтан олар жаңа мүмкіндіктерге ұмтылатын, тәуекелшіл жандар қатарында. Оларды туа біткен философтар деп айтсақ артық айтқанымыз емес. Олардың жоғары интеллектісі жаңа дүниеге, жаңашылдыққа құштарлығынан көрінеді.

Олар үнемі білімін жетілдіріп, дамып, кез келген ақпаратты миға сіңіріп отыру қажет. Десе де бұл жұлдыз белгісі эмоциялар мен таза ақылдың аражігін ажырата алады. Оның ақыл-ойы орнықты, сондықтан Мергендер пайдалы білімін бөлісуге қашан да ашық.

Балықтар

Балықтар шығармашылық та, интуитивті қасиеттері де бар интеллектке ие. Олар жағдайды басқаша қырынан көре алатын новаторлар болып саналады. Балықтар ешқашан ештеңені жоққа шығармайды және қашан да ортақ шешімге келуге дайын.

Мұндай адамдар психологиялық тұрғыдан өте төзімді келеді. Осындай ерекше қасиет оларға қиын өмірлік жағдайларды ақылмен, салқынқандылық және сабырмен шешуге мүмкіндік береді.

Суқұйғыштар

AstroVed астрологиялық басылымы интеллект деңгейі бойынша көшбасшылар тізіміне Суқұйғышты енгізді. Бұл белгіге Сатурн мен Уран планеталары қолдау көрсетеді, осы арқылы жұлдыз белгілері жаңашылдық пен зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұмтылады. Оның ақыл-ойы үнемі жинақы, ал ойлау қабылетінде шек жоқ. Ол әр нәрсені алыстан ойлайды және жаңашылдықты жаны сүйеді.

Алыстан ойлап, мәселені алдын ала болжау қабілеті Суқұйғыштың көшбасшы екенін көрсетеді. Ол шығармашылық пен өзіндік ерекшелік идеяны қажет ететін салаларда зоржетістіктерге жететін болады.

Арыстандар

Арыстандар өзіне деген сенімділігі мол, тартымды харизмасы бар жұлдыз белгісі. Олар елдің ыстық ықыласына бөленіп жүреді және көшбасшы болуға қабілетті. Бұл оның өзін-өзі дамытуға деген құштарлықтан туындайды.

Ол жауапкершілікті өз мойнына алып, бизнесті басқаруға қашан да дайын тұрады. Арыстандардың интуициясы күшті дамыған. Оның темпераменті эмоционалды шешімдерді жылдам қабылдауға қабілетті. Алайда Арыстандар қателіктерді өз күшімен түзетуге бейім және жұмыстың қай түрінен де қорықпайды. Оның харизмасы мен тартымдылығы оған кез келген проблемадан "сүттен ақ, судан таза" шығуына көмектеседі.

Сарышаяндар

Әйелдер арасында ең ақылды жұлдыз белгісі кім? Revive Zone астрологиялық басылымының хабарлауынша, бұл - Сарышаяндар. Жұлдыз белгісі өз идеясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Табанды әрі өжет Сарышаяндар қандай қиындық болмасын, өз мақсатына жете білетін жандар. Ол өзгелердің құпиясын зерттегенді ұнатады, оларға демеу болуға тырысады. Жаңа нәрсеге деген ұмтылыс пен сараптамалық ойлау қабілеті Сарышаян әйелдерді шебер зерттеушілер мен табысты стратегтерге айналдырады.

Өз-өзіне сенімді кәсіпкер ер адам. Көрнекі сурет
Өз-өзіне сенімді кәсіпкер ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тауешкілер

Тауешкілер – туа біткен стратег, кемеңгер және интеллектуалдық деңгейі жоғары адам. Оның мақсаттары қашан да ұзақ мерзімді, ол тіпті, өмір бойы сол мақсатына жетуге дайын болады. Мызғымас тәртіп, шыдамдылық пен амбиция Тауешкілерді кез келген интеллектуалды айқаста көшбасшы етеді. Бұл жұлдыз белгісі – өз мамандығына қатты берілген және мансап қууды армандайды. Ұстамды, салмақты және ақылды жұлдыз белгісі уақытты болмашы нәрселерге жұмсамайды. Тауешкілер көшбасшылық қасиетке ие және команданы алға сүйреуде керемет төзімділік таныта алады.

Барлық жұлдыз белгісінің күшті және әлсіз жақтары бар. Нобель сыйлығы лауреаттарының рейтингі мен астрологтардың пікірлеріне сүйене отырып, олардың қайсысы жоғары интеллектіге ие екенін біле аласыз. Десе де әр жұлдыз белгісінің ойлау қабілетін дамыта алатын ерекше қасиеттері бар екенін ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2061016-en-aqyldy-zuldyz-belgisi-astrologtardan-qyzyqty-derek/

pixel