Дұрыс емес қарым-қатынастың 8 белгісі қандай
Жарияланған күні:
Кейде адамдар жұбымен қарым-қатынасының дұрыс болмай жүргенін түсінбейді. Сөйте тұра бірге өмір сүре береді. KAZ.NUR.KZ қарым-қатынас қай кезде дұрыс болмайтынын және оны қандай белгілер арқылы білуге болатынын анықтап көрді.
Қарым-қатынастың дұрыс емес екенін қалай білуге болады? Жұптың бір-біріне деген қырғи-қабақ қарым-қатынасы сезімнің сууына әкеледі, олар серігін бәсекелес ретінде көреді. Осылайша әрқашан жеңіске жетуді қалайды, кез келген жағдайда бір-бірін айыптап, бақылауда ұстайды. Егер сіз жақын адамдарыңыздан және достарыңыздан алшақтап, қарым-қатынаста өзіңізді жоғалтып алсаңыз, жұбыңызды түсінуге және кешіруге тырыспасаңыз, себебі мұның өзі қарым-қатынастың дұрыс емес екенін көрсетеді.
Екінші жартыңыз сізді өзгерткісі келеді
Дұрыс емес қарым-қатынас дегеніміз не? Медицина ғылымдарының докторы, клиникалық психолог Рокси Зарраби мұны жақсылық әкелмейтін қарым-қатынас, дейді. Не болмаса пайдасынан гөрі зияны көп қарым-қатынас деп түсіндіреді.
Әдетте мұндай жұптың қарым-қатынасы жақсы сияқты көрінеді, бірақ жанындағы серігі үшін сүйіктісі мінсіз көрінбеуі мүмкін: біресе гардеробты өзгерту керек, шаш үлгісі дұрыс емес, қатты күледі, салмақ тастау немесе бұлшықетті нығайту керек болады. Бұл жағдай ер адамды алаңдатады және ол аруын өзгерткісі келетінін тікелей айтады. Сонымен қатар ол сүйіктісін басқалармен салыстырады.
Үйлесімді жұп қандай болса да қабылдайды және жақсы көреді. Осыны есте сақтау керек. Психотерапевт Лесли Бекер-Фелпс "Нетревожные отношения" кітабында "Серігіңіз сізді жақсы көруі мүмкін, бірақ ол ата-анасының көзқарасымен осылай қарайды және отбасындағылардың пікірін ұстанады", - дейді. Мұндайда пікірлер мен салыстырулар сізге жағымсыз екенін түсіндіруіңіз керек.
Сізді жеңуге тырысатын қарсылас ретінде көреді
Егер серігіңіз сізді бәсекелес ретінде көрсе, үнемі өзімен салыстырса және кез келген жағдайда жеңіске жетуге ұмтылса, мұндай қарым-қатынасты дұрыс деп атауға болмайды. Ол үшін сүйіктісінің жеке өсуі, өзін-өзі дамытуы маңызды емес. Керісінше оны жеңу фактісі маңызды. Бұл аюдан қашу үшін аюдан жылдам жүгірудің қажеті жоқ, қашып бара жатқанды басып озу жеткілікті деген әзіл сияқты көрінеді
Шығыс Орегон университетінің (АҚШ) мақаласында адам өзін-өзі бағалауды жеңістермен бастаса, бұл зиянды бәсекелестік болып саналады, делінген. Мұндай адамдар, әдетте үйлесімді тұлғааралық қатынасты құра алмайды.
Қай кезде де бәріне сіз кінәлісіз
Ол сіздің сүйікті тостағаныңызды сындырып, кешірім де сұрамады, өйткені ыдысты дұрыс емес жерге қойған өзіңіз. Сіз оған көйлегі мен галстугын дер кезінде тауып бермегеніңіз үшін ол жұмысқа кешігіп келді ме? Көңіл-күйі жоқ, уайымдап отыр ма, іші пысты ма? Бұған да сіз кінәлісіз, тіпті ештеңе істемеген болсаңыз да кінәлі санауы мүмкін. Бәлкім, сіз манипуляцияға жақын адамның әйелі (күйеуі) болғаныңыз үшін кінәлі шығарсыз, ол сізді басқара алуы үшін кінәлі болу сезімін оятуға тырысады.
Қарым-қатынаста бірінің ісі әрқашан дұрыс, екіншісінікі әрқашан бұрыс болса, жағдай қиындау. Бұл бір ғана адам жауапты болатын күрделі қарым-қатынас. Мұндай жұпта екі адам да бақытты бола алмайды.
Сіз ештеңені дұрыс істемейсіз
Қарым-қатынаста егер жігіт гүл сыйламаса, "қалайша сыйламадың?" деп, ал гүл сыйласа, "кәмпит сатып алғаның жақсы болар еді" дейтіндер бар. Әйелі "Борщ пісірдім" десе, "ащы көже ішкім келіп еді" дейді, "ащы көже пісірдім" дегенде, "неге борщ емес?" дейді. Қысқасы, жұбыңыз әрқашан кінә іздеуге себеп табады. Оның ойынша, сіз ештеңені дұрыс істемейсіз және орынсыз сын көп. Адам өзінің бағасын көтеру үшін және дәрменсіздігінің арқасында тартымды көріну үшін сізді сыйламайды және қадіріңізді түсінбейді.
Серігіңіздің пікірімен келісу қарым-қатынасқа да, өзіңізге де зиянын тигізеді. Сіз оған оның қалауындағы затты қалай істеу керегін көрсету үшін бірге жасауға ұсыныс айтыңыз. Тек дұрыс айтылған сынға ғана жауап беретініңізді ескертіңіз. Негізсіз айыптауларды азайтуын сұраңыз, өйткені бұл сіз үшін жағымсыз.
Жұбыңыз әр қадамыңызды бақылайды
Джулия Робертс басты рөлді сомдаған "В постели с врагом" фильмінде кейіпкердің күйеуі Лор Мартин әйелінің әр қадамын бақылауға тырысады, мұны қамқорлық деп санайды. Сырттай олар бақытты ерлі-зайыпты сияқты көрінгенімен, Мартин үйде әйелін қорлайды, тіпті физикалық зорлық-зомбылық көрсетеді.
Verywell Mind психологиялық саулыққа арналған мамандандырылған платформаның авторы Токетему Охвовориоле басқа адамның өмірін бағындыруға деген ұмтылыс көбіне махаббат деп қателесетін обсессивті сезім мен сүйіспеншіліктің бұзылуының көрінісіне айналады, деп түсіндіреді. Мұндай қатынастың басы "Қайда бара жатырсың?, "Кіммен жолығасың?", "Қашан қайтасың?", "Неге кешігіп жатырсың?" деген зиянсыз сұрақтардан басталып, эмоциямен, тіпті физикалық зорлық-зомбылықпен аяқталуы мүмкін.
Егер серігіңіздің қысымын әрі оның сізді көп бақылайтынын байқасаңыз, өзіңіздің алдыңызда шыншыл болыңыз және оны ақтамаңыз. Өзіңізді бағалау үшін жұмыс істеңіз және жеке шекараңызды таптауға жол бермеңіз.
Жақындарыңыз бен достарыңыздан алыстап кетсеңіз
Адам өзін жақсы сезінгенде бақытты сәттерін ең жақын адамдарына бөліскісі келеді. Егер жақындарымен аз сөйлессе, бұл оның проблемаларын өзгелерге білдіргісі келмейтінін аңдатуы мүмкін.
Жақын адамдардан алшақтау қарым-қатынастың аспектілерін басқаларға көрсетпеу үшін жасыру немесе бұрмалау қажеттілігінен туындауы мүмкін, деп түсіндіреді медицина ғылымдарының докторы, клиникалық психолог Рокси Зарраби.
Сіз мұны сезбей, тіпті байқамай жүруіңіз де мүмкін, бірақ қарым-қатынас жақсы жаққа өзгеретініне іштей үміттеніп, содан кейін демалуға және отбасыңызбен, достарыңызбен бұрынғы қарым-қатынасыңызға оралуға болады.
Адамның қарым-қатынаста өзін жоғалтуы
Дұрыс емес қарым-қатынас адамның өзіне және өз пікіріне күмәндануына, өзін-өзі төмен бағалауына, кінәлі сезінуіне, сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Қарым-қатынасты сақтауға тырысып, ол өзімен байланысын жоғалтады, ақыл-ойдың үнін өшіруге тырысады және жеке шекарасын, қажеттіліктері мен сезімдерін білдіруге қорқады. Достар мен туыстар бұл қарым-қатынастың жағымсыз әсерін байқап, оған бұл туралы айтуы мүмкін, бірақ бұл оның титығына тиюі ықтимал.
Сіз серігіңіздің контекстінде ғана өмір сүрмейтініңізді түсінуіңіз керек. Егер үнемі серігіңіздің көлеңкесінде болсаңыз, бұл зиянын тигізеді, өйткені сіз өз болмысыңызды жоғалтасыз, деп ескертеді психология бойынша кеңесші және "Внутреннее спокойствие" кітабының авторы Таня Петерсон.
Рокси Заррабидің айтуынша, мұндай қарым-қатынаста әр жұп өзін қолайсыз сезінбеуі керек.
Бір-біріңізді түсінуге және кешіруге тырыспаңыз
Егер сөйлесуден түк шықпаса, екі адам бір-бірінің өтінішіне құлақ аспаса, ұрыс-керіс болмаған күннің өзінде қарым-қатынасты жақсарту қиындау болады.
Философия ғылымдокторы Андрой Брош дұрыс қарым-қатынас қай кезде де өте маңызды екенін және мұндай қарым-қатынас жұпты бір--біріне жақындататын айтады. Кез келген адам жанындағы серігі оған құлақ асқанын қалайды. Адамдар өзін тыңдайтындарға қарай ұмтылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2061200-durys-emes-qarym-qatynastyn-8-belgisi-qandai/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.