Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 наурызда қыздарға не береміз: жігіттерге ең үздік кеңестер

Жарияланған күні:

Сыйлық
Сыйлық. Көрнекі сурет: pixabay.com

8 наурыз - көктемнің ең шуақты мерекесі. Бұл күні әйел баласына: қызға, әпке-қарындастарға, анаға сыйлық жасаймыз. Бірақ әр жылы жігіттер қауымы не сыйлауды білмей, даурығатыны сөзсіз. Сыйлық қажетіне жарайтын, ұнайтын және тосын болуға тиіс. Ал осы үш талапқа сәйкес келердей не сыйлаймыз? KAZ.NUR.KZ тілшісі үздік сыйлықтар топтамасын жасады.

Идея қаншалықты көп болса да, бізге көмектесетін статистика бар. Мысалы, Vox Populi компаниясының сарапшылары 2022 жылы сауалнама жүргізген. Олардың анықтауы бойынша, сұралғандардың 36 пайызы гүл шоғын үздік деп тапқан. Ал екінші орында ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар екен. Үшінші орын концерттерге, театрға билеттер немесе мейрамханадағы кешкі ас болған.

Әшекей бұйым

Қанша толғансақ та, ең сыйлы әрі ұнамды сыйлық - әшекей-бұйым. Бұл әйел атаулының басты қаруы - сұлулығын атап өткеніміз болады. Оның үстіне, қыз балалардың алтын-күміс бұйымым көп деп шағымданған кезі болмапты. Сол үшін дизайнерлер жыл сайын ең өзекті, трендке сай, әрбір нәзік жандының көзін жаулайтын неше түрлі сырға, алқа, сақина, білезік жасап келеді.

Ал оның ішінде ең мағыналысы - қазір әбден сәнге айналған шармы бар браслеттер. Бұл әшекейдің мәні де сол - қыз балаға әрбір өмірлік оқиғаны белгілеп отыратын шармын қосуға болады. Сонда қыз баласы сый берушінің бұл аманатын әрдайым жадынан шығармай, өмірлік серігі ретінде күмәнсіз қараймын деп ой түйеді. Әрине, жағдай болса, алтынын алуға болады. Бірақ көп жағдайда мұндай бұйымдар күмістен жасалатындықтан, қалтаңызды қақпайды.

Солмайтын гүл

Әрине, мұны сый деуге келмес. Оны сыйлағаннан кейін серігіңіз негізгі сыйдан үміттеніп қалуы да мүмкін. Сондықтан гүлдің қазіргі флористер жасаған солмайтын да түрі болады. Бұл қасиетін айтпай берсеңіз де, кейінірек тосынсый екенін аңғартады.

Шоқ гүл
Шоқ гүл. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мұндай гүлдерді мамандар күншуақта жинап алып, сұйықтықтан ажырататын арнайы қоспаға салады. Өңдеу кезінде өсімдік түсі өзгеріп, сынғыш күйге түседі. Әр сорт үшін табиғи шырындарды алмастыратын, жұмсақтық пен серпімділікті қайтаратын глицерин негізінде өзінің тұрақтандырғыш құрамы жасалады. Сіңдіру кезінде бүршіктер ашық реңктерге боялады. Флористер гүлшоғырларға қажетті пішінді береді, сөйтіп, стендке бекітіледі, берік жұқа әйнектен жасалған ыдысқа салынады.

Гүлмен әрленген жұмсақ ойыншық

Қыз баласы еркелеткенді, қамқоршылықты сезгенді ұнатады. Сондықтан 8 наурызға не сыйлаймын деп бас қатырсаңыз, қонжықтың немесе қоянның кейпіндегі жұмсақ ойыншық сыйлаңыз. Әдетте безендіру ретінде хризантемалар пайдаланылады, өйткені бұл әдемі өсімдіктер сусыз ұзақ уақыт өмір сүре алады.

Ойыншықты сумен вазаға қоя алмайсыз. Демек, сізге ұзаққа сақталатын гүл қажет. Оның үстіне, хризантемалар жақсы иіс шығарады, тіпті кептіруден кейін де олар ұзақ уақыт бойы хош иісін жоғалтпайды.

Ойыншық қонжық
Ойыншық қонжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шын пайдасы бар сыйлықтар

Ал материалдық құндылықтан гөрі, қамқорлыққа назар аударғыңыз келсе, мұндай сыйлықтарға әдетте мынадай нұсқаларды жатқызамыз:

  • Спортзалға, массажға немесе сұлулық салонына абонемент;
  • Аспаздық, тігін, тоқу, фотография курстары;
  • Театр, кино, музей, тіпті ұшақ пен пойызға билет;
  • Фотосессия.

Бұл сыйлықтарды жасау үшін, әбден ұйымдастырып, сәйкестендіріп, дайындық жүргізгеніңіз керек. Себебі, мысалы спортзал, массаж не сұлулық салонына абонемент сыйлағыңыз келсе, оның мекенжайын қыздың үйінен алыс болмағанына назар аударыңыз.

Сондай-ақ, курстар сатып алып бергіңіз келсе де, оның қызығушылықтарын, курсқа қатысуға ниеті бар-жоғын біліп алуыңыз шарт. Театр я киноға билет әперсеңіз де, ұшақ пен пойызға жолақысын төлеп берсеңіз де, мерзімін лайықтап алуға тура келеді. Себебі темір жол мен әуежай билеттерінің кей түрі қайтарымсыз болуы да ғажап емес.

Ескеріңіз, сыйлық алушының қызығушылықтары мен бос уақыты туралы біле алмасаңыз, бұл сыйлықтарды тосынсый ретінде жасау қателік болады. Сондықтан, курстарға сертификат берсеңіз, онда тосынсый жасамауыңыз керек, бірақ сіздің сұлуыңыз сонда баратын-бармайтынын нақты келісуіңіз керек. Егер сабақтың уақыты немесе орны сәйкес келмесе, бұл өте ұят болады.

Жан қалайтын сыйлықтар

Байқайсыз ба, кейде адам сыйлық ретінде күнделікті күйбең мен тіршіліктен ада, оған қатысы жоқ бір әлдеқандай зат алғысы келеді. Осындай кезде мынадай идеяларымызды да қарастырып көріңіз:

  • жуынуға арналған халат;
  • әдемі әрі жылы үй аяқ киімі;
  • кешкі салқында тоңдырмайтын жамылғы;
  • дәмді шай, кофе, кәмпит немесе тіскебасар;
  • ноутбуктың астына қоятын салқындатқышы бар құрылғы;
  • электронды кітап.
Жамылғы
Жамылғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Келісесіз бе, мұндай сыйлықтарды адам әдетте өзіне арнай бермейді, ал кейде өзіне қимай жүруі мүмкін. Осындай сәтте сіздің сыйлығыңыз сәтті болып шыға келеді.

Қандай сыйлық жасауға болмайды?

Ескеріңіз, қыз балаға ешқашан косметика сыйламаңыз. Әдетте ер адамға, әсіресе сыйлық алғысы келген адамға білместігін пайдаланған сатушылар нашар нұсқаларды ұсынуы мүмкін. Оның үстіне, мұндай сыйлық жеке гигиенаға қатысты болған соң, бұл сыйлық алушының жеке кеңістігін құрметтемеу деп саналуы әбден мүмкін.

Пайдасы жоқ, бір ұстап көрген соң, шаң басып жататын түрлі мүсіншелер, сувенирлерді де сыйлауға асықпаңыз. Бұл сіздің сыйлық таңдаудан ерініп, кез келген сыйлық сататын дүңгіршекке 5 минутқа кіріп-шыққаныңыз болып қабылдануы мүмкін.

Мысалы 2021 жылы 74.ru журналистері "Қандай сыйлық ең нашар?" деген сұрақты Желіде нәзік жандыларға қойып көріпті. Сонда бірінші орында түрлі сувенирлер болған. Екінші орынға косметика мен әтір су жайғасқан. Ал "антиүштікті" гүл, ойыншық және ас үй ыдыстары қорытындылаған.

Әрине, 8 наурызға арналған сыйлық таңдау идея көп болған сайын күрделене түседі. Сондықтан, бұл мерекеге сыйлық алудың қысқа ережесін ұсынайық:

  • Әдеттегі тұрмыстық заттар бермеңіз: ас үй керек-жарақтары, душқа арналған гельдер және басқа да гигиеналық заттар. Мұндай сыйлықтар сіздің сыйлық таңдауға жүрдім-бардым қараған ниетіңізді көрсетеді;
  • Қыздың қызығушылықтары туралы көбірек білу үшін оның достарымен сөйлесіңіз, бәлкім олар құнды кеңес беріп қалар. Сонымен қатар дүкендерде бірге серуендеңіз, ханымыңыздың назарын не аударатынына куә бола аласыз. Сосын әлеуметтік желідегі парақшаларына кіріп көре аласыз. Көбінесе қолданушылар не қалайтынын, не ұнататынын, арман-тілектерін жазып жүреді;
  • 8 наурызға арналған сәтті сыйлық таңдау қарым-қатынастың ұзақтығына байланысты екенін ұмытпаңыз. Егер сіз енді ғана кездесе бастасаңыз және бір-біріңізді, өзара қызығушылықтарыңызды жақсы білмесеңіз, онда әмбебап сыйлық таңдаңыз. Бірақ ханымға деген көзқарасыңызды білдіре отырып, оны ерекшелеуге тырысыңыз. Қиялды іске қосыңыз.
Сақина
Сақина. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ал 2021 жылы SuperJob хедхантерлік орталығының сарапшылары жасаған қорытынды бойынша, 8 наурызға жасалатын үздік сыйлықтарға, қызық болғанда, қымбар парфюмерия мен косметика, сондай-ақ жаңа телефон кіріпті.

Сондықтан сыйлықтың қай-қайсы болса да, аса мұқият таңдалған, қымбат, тосын болуы маңызды екенін ескеріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2061532-8-nauryzda-qyzdarga-ne-beremiz-zigitterge-en-uzdik-kenester/