Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық танымал журнал Қазақстан туралы ауқымды нұсқаулық жариялады

Опубликовано:

Журнал
Журналдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Жуырда америкалық әйгілі Travel+Leisure журналының Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бөлімшесінің Қазақстан туризмі туралы шетелдік саяхатшыларға арналған нұсқаулық жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік ақпараты бойынша, саяхат туралы басылымда журналист Яшита Вашишт Қазақстанның бірегей көрікті жерлерін аралай отырып, шетелдік туристерге қажет болатын нұсқаулық жинақтады.

"Не істеу керек, қайда тұру керек және қандай тағамдар бар: Қазақстан бойынша ең үздік маршрут" деп аталатын репортажда көптеген қызықты мәлімет жарияланған. Тіпті, аталған мақаланың мазмұны ел тұрғындарының да қызығушылығын тудырды.

Автор Қазақстанға келу үшін саяхатшыларға сәуірден мамырға дейін немесе қыркүйектен қазанға дейінгі кезеңді таңдауды ұсынады. Яшита Вашишттің пікірі бойынша, бұл кезеңдерде турис тау пейзаждарының панорамасынан және таңғажайып дала кеңістігінен ләззат ала алады", - делінген хабарда.

Travel+Leisure журналисі Астана, Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Алматы қаласы мен оның айналасындағы көрікті жерлерге барып, Қазақстан бойынша жеті күндік саяхат жасаған.

Сонымен қатар журнал өкілі Қазақстанға келгеннен кейін виза қолжетімділігі, ағылшын тіліне аудармасы бар қазақ тіліндегі сөз тіркестері, қонақүйлер мен ұлттық тағамдарды таңдауда пайдалы ақпаратты жинаған.

Ведомство мәліметінше, Travel + Leisure – Нью-Йоркте орналасқан саяхат туралы журнал. Басылым жылына 12 рет шығады, деректер бойынша журналдың оқырман саны – 4,8 миллион. Саяхат туралы басылымда туристік сапарларға маманданған және көбіне саяхатшы емес жазушылар, ақындар, суретшілер, дизайнерлер мен журналистердің мақалалары жарияланады.

Сонымен қатар журнал модельдердің саяхаттағы және беделді жағдайда демалып жатқан фотосуреттерін жарялаған мұқабаларымен танымал.

Travel+Leisure бүкіл әлем бойынша 16 миллион саяхатшылар қауымдастығын біріктіреді және штатта 100-ден астам саяхат туралы жазатын журналистері мен фотографтары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2061921-amerikalyq-tanymal-zurnal-qazaqstan-turaly-auqymdy-nusqaulyq-zariyalady/

pixel