Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беттің физиогномикасы: адамның түр-әлпетіне қарап оның мінезін қалай білуге болады

Опубликовано:

Бет-әлпеті сұлу, бұйра шашты әйел. Көрнекі сурет
Бет-әлпеті сұлу, бұйра шашты әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Физиогномика арқылы адамның мінезінің қандай екенін білуге болады. Бұл арқылы оның жан дүниесін жақыннан тануға мүмкіндік береді. Адамның бет әлпетіне қарап, оның мінезін қалай анықтаймыз? Сарапшы Джамбаттиста делла Порта аталған сауалға жауап іздеп көрді.

Физиогномиканың шығу тегі мен мән-мағынасы

Физиогномика дегеніміз не? Физиогномика – бұл адамның, оның жан дүниесі мен денсаулығын бет әлпеті арқылы анықтау әдісі. Ол "physis" ("табиғат") және "gnomon " ("ой") деген сөздерден туындаған. Бет әлпеті арқылы адамның болмысын анықтаутын салалар қатарына прозопология, прозопомания кіреді.

Физиогномиканың Шығыс бағытының отаны - Ежелгі Қытай мен Жапония. Батыста ол Ежелгі Грекияда пайда болған. Терминді алғаш рет Гиппократ қолданысқа енгізсе, әдістемелік тұрғыдан "Физиогномика туралы очерктер" еңбегінің авторы Джамбаттиста делла Порта мен Иоганн Каспар Лафатер және Аристотель дамытты.

Физиогномиканың көмегімен атақты ғалым Пифагор жастарды өз мектебіне оқуға қабылдаған екен. Ол осы арқылы олардың мінезі мен болмысын зерттеп көрген екен. Торонто университетінің биомедициналық коммуникациялар кафедрасының доценті және Ғылыми бейнелеу зертханасының бас зерттеушісі Джоди Дженкинсон физиогномика XIV ғасырдан бастап танымал бола бастағанын айтады. Қазіргі таңда да аталған бағытта ілім көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр.

Бет-әлпеті сұлу бойжеткен. Көрнекі сурет
Бет-әлпеті сұлу бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Физиогномика не үшін қажет? Ілімнің бұл саласы сыртқы келбеттің тағдырға қалай әсерін ететінін сипаттап, адамның жеке қабілеттерін ашуға және табысқа жету жолын табуға мүмкіндік береді. Ол адамдардың денсаулығы мен энергетикалық әлеуетін бағалау тәсілдерінің бірі болып саналады. Бүгінгі таңда физиогномика келесі салаларда қолданылады:

  • Қызметкерлерді іріктеу және оларға баға беру.
  • Психологиялық коррекция.
  • Денсаулығын баға беру.
  • Өмірлік серігін таңдау.
  • Қылмыстарды ашу, биометрия саласында.
  • Бәсекелестермен және әлеуетті серіктестермен келіссөздерге дайындық барысында.

Физиогномика бәсекелес жанның жоспарларын білуге, адамдардың оқыс жағдайларда өзін қалай ұстайтынын, әңгімеге тартып отырған адамды қалай ашуға болатынын білуге көмектесетін ілім. Бұл ретте оның принциптері мен нәтижелеріне баса мән берген жөн. Десе де, физиогномиканығылымның бір саласы, жалған ғылым немесе эзотерикалық ағым деуге қатысты пікірталастар күні бүгінге дейін таусылған емес.

Мәселен, Леонардо да Винчи физиогномиканы хиромантияға теңестіріп, олар шын ақпаратты бермейді деп есептеген. Танымал қылқалас шеберіне қарағанда, итальяндық психиатр және криминолог Чезаре Ломброзо дәл осы тәсілді қылмыскерлерді анықтау мақсатында қолданған екен.

Су ішінде жатқан әйел. Көрнекі сурет
Су ішінде жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамандардың пікірінше, адамдардың сыртқы бет-әлпетін талдау кезінде субъективті көзқарастан аулақ болған жөн. Бұл ретте аталған тәсілге қатысты нақты критерийлер қойылмайды. Мәселен, макияж, пластика, татуаж, пирсинг, пластикалық ота және басқа да бет-әлпеттегі өзгерістер адамның ажарырының табиғи ерекшеліктерін өзгертеді, сондай-ақ олар зерттеу нәтижелеріне әсер етеді.

Зерттелетін адамның дәл сол кездегі көңіл-күйі де оның түр әлпетіне қарап, болмысын анықтау нәтижелерін төмендетеді. Десе де, мұндай ерекшеліктердің барлығы физиогномиканы жақтаушыларға аталған ілімге сенуден мүлдем бас тартқыза алмайды.

Адамдарды түріне қарап қалай "оқуға" болады

Адамды бет-әлпетіне қарап қалай "оқуға" болады? Ол үшін тұлғаның ерекше профилін қалыптастыратын сыртқы келбеттің 3-5 басты ерекшеліктеріне мән беру керек. Бұл сіздерге белгілі бір адамға тән мінез-құлық заңдылықтары мен шешім қабылдау механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Талдауды адамның бет пішіні мен профилін бағалаудан бастайды, содан кейін оның бетінің өзге де аймақтарына талдау жүргізіледі:

  • Сопақ бет пішіні бар адамдар импульсивті әрекеттерге бейім, ал тіктөртбұрыш бетті адамдардың бойынан көшбасшылық қасиет табылады. Дөңес профильді бет шығармашылық тұлғаларға тән, ал ойыс профиль пессимист жандарға тәнерекшелік.
  • Бас пен бас сүйегінің пішіні бойынша адамдарды логиктер мен интуиттер деп екіге бөледі. Адамдардың бірінші түрі логикалық тізбектер құраса, екіншісі таза ішкі түйсігіне сүйенеді. Логиктер еркін талдау жасауға бейім болса, ал интуиттер жоғары эмоционалдылықпен ерекшеленеді.
  • Жақтың пішініне қарап,адамның ерік-жігерін білуге болады. Күшті, жалпақ жақ және жақсы дамыған шайнау жүйесі бар адамдар – генетикалық деңгейде қалыптасқан күшті физикалық күшке ие.
  • Ауыз мөлшері ұстап алу әлеуетін көрсетеді: ауыз неғұрлым үлкен болса, соғұрлым адам тағамның үлкен бөлігін шайнауға бейім болып келеді. Бұл оның өжеттілігі мен табандылығын көрсетеді. Мұрын - ерін бұлшық еті адамның мотивтері мен мақсаттарын бағалауға көмектеседі, ал бет сүйектері — қарым-қатынас жасау қабілетін айқындайды.
  • Мұрын мен маңдай — импульсивтілік пен рефлексивтіліктің белгілері. Маңдайдың көлбеу пішіні мен мұрынның жіңішке бөлігі — тұлғаның импульсивті екенін көрсетеді. Ұзын маңдай мен кең, түзу мұрын асықпай, ойластырып қана шешім қабылдайтын адамдарға тән қасиет.
Бетін бүркеп жауып алған бойжеткен. Көрнекі сурет
Бетін бүркеп жауып алған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамның көзі арқылы нені білуге болады? Кез келген адамның көзі олар жайлы шындықты білуге және болашақты жоспарлау деңгейін анықтауға көмектеседі. Бұл ретте көздің қиығы, олардың бетте орналасуы, қабақтың пішіні, кірпіктердің ұзындығы мен әжімдердің орналасуына мән беріңіз. Көзі дөңгелек адамдар тез қимылдайды, ал көздері жақын орналасқан адамдар әр қадамын аңдап басады. Көздің мөлшері неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым адам ашық болады.

Көздің терең орналасуы консерватизмді білдірсе, ал көзі алақ-жұлақ етіп тұратын адамдар азартты адам екенін білдіреді. Көздің қара шығы неғұрлым қара болса, соғұрлым бұл адам өжет болады деген сөз.

Қастар адамдардың сезімдері мен эмоцияларын білдіреді. Адамның әл-ауқат деңгейін сипаттайтын адамның түр әлпетінің бірқатар белгілері болады. Потенциалды бай адамдардың ерекшеліктері:

  • сопақша және трапеция тәрізді бет пішіні;
  • әдемі қанат пішіні мен дөңгелек ұшы, өркеші бар тік мұрын;
  • әдемі және біркелкі тістері, ірі еріндері бар үлкен ауыз;
  • жоғарғы жағы қастардан жоғары тұратын үлкен құлақтар;
  • қос қабақты және жылтыр, ашық қарашығы бар ұзартылған көз пішіні;
  • ұзын, әдемі қастар.
Жылы жүзді балақай. Көрнекі сурет
Жылы жүзді балақай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Физиогномикада маңдайдан қастарға дейінгі беттің жоғарғы бөлігі туылғаннан бастап 34 жасқа дейінгі жасты сипаттайды. Бұл интеллектуалды аймақ деп аталады. Орташа немесе эмоционалды (қабақтан мұрынға дейін) — 35-50 жас деген мағынаны білдіреді. Төменгі немесе өмірлік (мұрынның ұшынан иекке дейінгі аралық) - бұл соңғы жылдардағы аймақ болып табылады. Ол арқылы сіз сәттілік пен беделіңіздің қандай болатынын, мансап пен некеңізді, мұраға не алатыныңызды бағалай аласыз. Жалпы бет-әлпетті фотосурет немесе өмірде тікелей көру арқылы бағалауға болады.

Физиогномика – өзін-өзі тану және басқа адамдарды сыртқы келбеті бойынша бағалау өнері. Оның артықшылықтары, кемшіліктері және қолдану аясы бар. Өз әлеуетіңізді ашу және басқа адамдарды түсіну үшін жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062007-bettin-fiziognomikasy-adamnyn-tur-alpetine-qarap-onyn-minezin-qalai-biluge-bolady/

pixel