Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыйға алған затты біреуге қайта сыйлауға бола ма: тыйымдар

Опубликовано:

Сыйлықты ерекше етіп ұсыну тәсілі. Көрнекі сурет
Сыйлықты ерекше етіп ұсыну тәсілі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыйлық сыйлау мәдениеті адамзат дамуымен бірге өзгеріп, түрлі жаңашылдыққа ие болған. Сізге табысталған сыйлықты біреуге қайта сыйлауға бола ма? Аталған сұраққа жауапты бүгінгі материалдан білетін боламыз.

Дәстүрдің шығу тегі мен оған қатысты сенімдер

Ежелден адамдар бағалы сыйлықтар мен оған қатысты дәстүрлерге ерекше мән берген. Бұрындары сыйлық сыйлау рәсімі театрландырылған шоуға ұқсас болған деген деректер бар. Мәселен, адамға сыйлық сыйлау арқылы кімнің дос, кімнің жау екені белгілі болған. Осыған байланысты сыйлықты сыйлау дәстүрі қалыптасқан.

Менталды денсаулық туралы жазатын Сare Сlinics басылымының мәліметінше, сыйлық сыйлауға қатысты ырым-тыйымдар аз емес. Ежелгі адамдар кез келген дәстүрге қатысты наным-сенімдерді берік ұстанатын болған. Ежелде сыйға алған затты өзге адамға қайта сыйлауға болмайды деген түсінік қалыптасқан екен. Мұндай әрекет сыйлықтың бұрынғы және қазіргі иесіне қиындықтар әкеледі деп сенген.

Мысалы, "бақыт әкелсін" деген ниетпен сыйланған білезік немесе арнайы батырға арналған қылыш – сол заттың иесіне арнайы жасалады. Демек кез келген сыйлықты – Тәңірдің сізге берген сыйы деп қабылдаған жөн, дейді мамандар. Ал сізге сыйға берілген дүниені біреуге беру арқылы сіз өзіңізге тиесілі ырыс пен бақыттан айырыласыз деген түсінік қалыптасқан. Сол себепті, ежелде адамдар сыйлықты қайта сыйға тартуға дұрыс қамараған. Осы арқылы адам өз жолын өзі кеседі деп санаған.

Еуропа мәдениетінде "ақ піл" деп аталатын түсінік бар. Бұл қайта сыйлауға болмайтын сыйлықтарға қатысты пайда болған ұғым. Мұндай дәстүр Сиам патша туралы аңызға негізделген дегене дерек бар.

Аңыз бойынша патша альбинос-пілдерді өзінің қоластындағыларға сыйлап, олардың тағдырын одан сайын қиындатқан екен. Ал патша сыйға тартқан мұндай сыйлықты қайтарып беруге немесе оны біреуге сыйға тартуға тыйым салынған көрінеді.

Отбасылық зергерлік бұйымдар - сыйлықтың ерекше түрі. Мұндай заттар тек мұраға қалған және сыйлық оның жаңа иесіне ұнамаса да, оны қайтарып беруге ешқашан рұқсат берілмеген. Түрлі тайпа, халық және мемлекеттердің басшылары оларды көздің қарашығындай сақтаған екен. Әскери жорықтар кезінде сол елдің жаулары мұндай бағалы сыйлықтарды иемденуге тырысқан, себебі олар сол ру мен биліктің символы болған. Отбасылық әшекейлер дәстүрі күні бүгінге дейін сақталған.

Қолға тағатын ерекше білезік. Көрнекі сурет
Қолға тағатын ерекше білезік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыйлықтарды не себепті қайта сыйлауға болмайды?

Белгілі бір адамға арналған және оған арнайы сатып алынған (қолмен жасалған) сыйлық қашан да ерекше болмақ. Мамандар мұндай сыйлық бойында сыйлық беруші адамның энергиясы да бар дейді. Сол себепті адам тағдырына қол сұқпас үшін, сый-жоралғыны өзге біреуге қайта сыйлауға болмайды деп сенеді кей елде. Тарихшылар мұндай сыйлық жаңа иесін бақытты етпейді, себебі ол басқа бір жанға арналған деген сенім туралы жиі жазады. Сондықтан сыйлықты берерде осындай ерекшеліктерге мән берген жөн.

Сыйлық жай ғана зат емес, ол сыйлық беруші адамның жанының, аурасының, биоөрісінің бір бөлігі. Кәдені біреуге беру арқылы сіз өзіңіздің бір бөлігіңізді оған қоса бергендей, тіпті маңызды және құнды затыңыздан айырылғандай күй кешуіңіз мүмкін. Сондықтан барлық сыйлықты мұқият сақтауға кеңес беріледі.

Тіпті сирек немесе мүлдем қолданылмайтын заттарыңыздың өзін біреуге сыйға тартпаған абзал. Егер сыйлық қолмен жасалса оны тіптен өзгеге сыйлауға болмайды. Себебі сыйлық жасаған адам мен оның жаңа иесі арасында қуатты энергетикалық байланыс қалыптасуы әбден мүмкін.

Қорапшадағы сыйлықтар. Көрнекі сурет
Қорапшадағы сыйлықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер сізге арналған, қолдан жасалған сыйлықты сіз біреуге бере салсаңыз, онда сізге сыйлықты берген адам мен сіздің ара қатынасыңыз кенеттен бұзылып, тіпті екеуіңіздің араңызда ұрыс-керіс орын алуы мүмкін деген болжам бар. Сыйлық дүкеннен сатып алынса да, онда сыйдық берушінің энергиясы сақталады.

Сыйлықты таңдау барысында адамдар оның не ұнататынын, мінезін, болмысын, қалауын ескереді. Сондықтан сыйлықты біреуге сыйларда абай болған жөн. Сізге арнайы сыйланған дүниені біреуге бере салу - бұл сыйға тартушы адамның сізге деген ақ көңілі мен сүйіспеншілігін құнсыздандырумен бірдей, дейді мамандар.

Сыйлықтың шын ниетпен берілмегенін қалай білуге болады? Егер сыйлық беруші адам сізге кәдесін ұсынар кезде еш эмоция танытпаса, айтқан сөзі шын көңілден шықпаса, мұндай сыйлық сізге амалсыздан беріліп отыр дей беріңіз. Мұндай кәде иесін бақытты етпейді, керісінше кей жағдайда оған тіпті зиянын тигізуі мүмкін. Сол себепті өзіне ұнамайтын, көңілінен шықпайтын сыйлықты ешкім мәжбүрлі түрде алуға міндетті емес. Мұндай ырымға сенетін адамдар бұл сыйлықтан бас тартуы әбден мүмкін.

Қандай сыйлықтарды екінші адамға қайта сыйға тартуға болады

Сыйлықтардың бәрі бірдей өз иесіне ұнай бермейді. Олардың кейбірі адамға жайсыздық тудыруы мүмкін. Әрине, мұндай сыйлықтан уақытылы бас тартқан жөн. Сонымен, кәде-сыйларды біреуге қайта сыйлауға бола ма? Эзотерикалық тұрғыдан бәрі де сыйлықтың тарихы мен сыйлықтың өзіне байланысты. Адамға қайта сыйлауға болмайтын белгілі бір презенттердің (сағат, өткір заттар, айна) тізімі бар. Жеке заттарды біреуге қайта сыйлауға кеңес берілмейді, ал жалпылама сыйлықтарды қайта сыйлауға болады екен. Қолдан жасалған заттарды қайта сыйға тартпаған жөн.

Ал көлемі немесе мөлшері сізге сай келмеген сыйлықты әдетте адамдар сатылымға қойып жатады немесе сыйлықты сатып алынған дүкенінен қайтарып беріп жатады. Осы мақсатта Еуропада сыйлықпен бірге чек беріледі. Мүлдем қолданылмаған немесе көңілден шықпаған затты басқа адамға сыйлауға рұқсат беріледі. Егер сыйлықты біреуге сыйлағыңыз келсе, төмендегі ережелерді ұмытпаңыз:

  • Сыйлықтарды қорабымен бірге, жаңа күйінде сыйға тартыңыз.
  • Үйде бұрыннан жатқан, сол үйдің иесінің энергиясы әбден сіңген затты қайта сыйламаңыз.
  • Сізге сыйлық жасаған адам мен ол сыйлықты қайта сыйлаған адамдар бір-бірін танымағаны абзал.
Түрлі-түсті қорапшадағы шағын сыйлықтар. Көрнекі сурет
Түрлі-түсті қорапшадағы шағын сыйлықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Блумингтондағы Индиан университеті зерттеуінің нәтижесі бойынша, жақсы сыйлық бұл – cыйға тартушы адам мен сыйлықты алушы адамның арасындағы жылы қарым-қатынастың белгісі. Сондықтан сыйлық аларда жақыныңыздың нені ұнататынын нақтылап алыңыз.

Сыйлықты қайта берер сәтте оның жарамдылық мерзіміне де мән беріңіз. Кәмпит, түрлі сертификат, косметика және т.б. заттардың жарамдылық мерзімі өтсе де, ол сыйлықты алушының көңілінен шығуы әбден мүмкін. Ал жағымсыз естеліктерге толы немесе сізге ұнамайтын адамдардан алған сыйлықтан бірден құтылған жөн.

Мұндай қажетсіз заттарды қайырымдылыққа немесе оған шын мұқтаж жандарға беруге болады. Орынсыз кәде немесе жаттанды сыйлық әр адамның көңілінен шықпауы мүмкін. Сондықтан ел арасында кеңінен танымал ырым-сенімдерге құлақ түргеніңіз дұрыс болады. Сыйлыққа қатысты кез келген шешімді өзіңіз қабылдайтыныңызды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062249-syiga-algan-zatty-bireuge-qaita-syilauga-bola-ma-tyiymdar/

pixel