Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетикалық сусынның жүрекке әсері қандай: алматылық кардиолог жауап берді

Опубликовано:

Энергетикалық сусын
Энергетикалық сусын. Көрнекі фото: pixabay.com

Кофеині бар энергетикалық сусындар қан қысымын көтеріп, жүректің жиырылуын арттырады, дейді кардиолог Дильбар Аршидинова. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кардиологтың айтуынша, кофеин энергетикалық сусындардың негізгі ингредиенті саналады. Ол қан қысымының жоғарылауына және жүрек соғу жиілігін артуына әкелуі мүмкін. Ал жүрек ақауы немесе жоғары қан қысымы бұрыннан бар адамдарда одан сайын асқындырып жіберуі мүмкін.

Сонымен қатар дәрігер энергетикалық сусындарда жүрекке әсер ететін таурин мен гуаран сияқты басқа да стимуляторлық заттар болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Энергетикалық сусындар жүректің әртүрлі проблемасын тудыруы мүмкін. Ең басты проблеманың бірі - жүрекалды фибрилляциясы сияқты аритмияның даму қаупінің артуы. Бұл жағдай жүрек соғу ырғағының бұзылуымен сипатталады және ауыр зардаптарға, соның ішінде инсульт пен жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ энергетикалық сусындар жоғары қан қысымын тудыруы мүмкін, бұл гипертония және инфаркт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының өршу қаупін арттырады. Бұдан бөлек, сусындарды ішу қан тамырларын тарылтып, қан айналымын нашарлатады. Ал бұл жүректің жұмысына теріс әсер етеді", - деп түсіндірді Дильбар Аршидинова.

Ол энергетикалық сусындардың денеге басқа да жағымсыз әсері бар екенін айтты. Олар дегидратацияға, ұйқының бұзылуына, жүйке және мазасыздыққа әкелуі мүмкін. Кофеин мен басқа да стимуляторлар бірігіп, тәуелділік тудыруы мүмкін және қажетті әсер алу үшін дозаны жоғарылату қажет болуы мүмкін.

Осыған байланысты кардиолог әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар немесе олардың даму қаупі жоғары адамдарға энергетикалық сусындарды тұтынуды шектеуді немесе олардан мүлдем бас тартуды ұсынады.

Бұған дейін кардиолог Әйгерім Сейтқасымова жүрек пен қан тамырларының ауыр ақауларының айқын көрінбейтін белгілерін атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062384-energetikalyq-susynnyn-zurekke-aseri-qandai-almatylyq-kardiolog-zauap-berdi/

pixel