Бүгінгі жұлдыз жорамал: 25 ақпан күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Махаббат жұлдызнамасы
Тоқты
Сезім, қарым-қатынас, идеялар мен арманыңыздағы жарқын оқиғаларға дайын болыңыз. Сәттілік пен сыйлық келуі бек мүмкін.
Торпақ
Бүгін жаңа романтикалық қарым-қатынас орнату үшін қолайлы күн: алдыңызда жаңа таныстық пен бұрынғы жақын адамыңыздың арасында таңдау болады.
Егіздер
Отбасыңыз бен жақындарыңыз үшін дұға етіңіз. Сүйіктіңіз қиын кезеңді бастан өткеруде: оның өміріндегі қиындықтар өзін бақытты сезінуіне кедергі жасайды. Оған шектеулерді бұзуға және ішкі тепе-теңдікті табуға мүмкіндік беріңіз.
Шаян
Қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Кейбір мәселені шешуге мүмкіндік болады: мысалы, қарым-қатынасыңызды жаңа деңгейге жеткіңіз.
Арыстан
Тосын сыйға, романтикалық немесе эротикалық шытырман оқиғаға дайын болыңыз. Жаңа достар табу үшін ашық болыңыз.
Бикеш
Сүйікті ер адамыңыз сізге жеткілікті көңіл бөлмейтін сияқты ма? Осы жағдай туралы өзімен сөйлесіңіз. Оған шын мәнінде не маңызды екенін тыңдаңыз.
Таразы
Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста өзара түсіністік маңызды болады.
Сарышаян
Бүгін жаңа таныстықтың арқасында жаңа эмоцияларға кенелесіз. Қарым-қатынасқта эмоцияға берілуден сақ болыңыз.
Мерген
Ғашықтар арасындағы қарым-қатынас тереңдеп, нығая бастайды, махаббаты нәзік болады.
Тауешкі
Бүгін сіз қарым-қатынасқа сенбеуіңіз керек. Қандай себеп екені маңызды емес - қарым-қатынас жасауға дайындығыңыз жоқ немесе ол сіздің адамыңыз емес шығар. Бірақ айналаңызда жүрген адамдар туралы біліп жүріңіз. Жаныңызда жүрген адамдарға мұқият қараңыз. Сіз әлі өзіңіздің махаббатыңызды кездестірген жоқсыз, бірақ сіз оны міндетті түрде табасыз.
Суқұйғыш
Егер қайтадан ғашық болғыңыз келсе, бірінші болып қадам жасаңыз - өмірлік жар іздеу сайттарында көп ақпарат бар.
Балықтар
Бүгін көптен жоспарланған сапарға шығуға немесе өмірлік жарыңызды іздеуді бастау үшін тамаша күн. Жоспар бойынша шығармашылықпен айналысыңыз, күніңізді қызықты жерлерде өткізіңіз.
Отбасы жұлдызнамасы
Тоқты
Отбасылық қиындықты талқыламауға тырысыңыз: одан сіздің көңіл-күйіңіз түсіп қана қоймай, басқарлар да дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.
Торпақ
Егер отбасында жанжал болса, оны шешуде бастамашы болыңыз, сол ісіңіз нәтижелі болады.
Егіздер
Егер әулетіңізде қиын өмірлік жағдайға тап болған туысыңыз болса, оларға көмектесіңіз. Сенімділігін арттыруға септігіңізді тигізіңіз.
Шаян
Бүгін жақсы ата-ана деген атқа лайық болыңыз. Отбасыңызға қамқорлық жасаңыз және көңіл бөліңіз, шыдамды болыңыз.
Арыстан
Жақын туысыңыздың туған күніне барып, шынайы тілек айтуға уақыт бөліңіз және оларға қолдау көрсетіңіз. Бүгін мерейтойға бару үшін тамаша күн.
Бикеш
Отбасыңызда эмоциялық жылулық жетіспеуі мүмкін. Бүгін оны жақын адамдарыңызға беруге тырысыңыз, олардың көңіл-күйін көтеріп, бірге уақыт өткізіңіз.
Таразы
Жақын адамдарыңызға дағдарысты жеңуге және қиын жағдайдан шығудың жолын табуға көмектесе аласыз. Ол үшін түсіністік танытып, бар күш-жігеріңізді салыңыз.
Сарышаян
Отбасы мүшелерін, әсіресе аналар мен әжелерді тыңдаңыз: бұл адамдар отбасыңыздың берекесін арттыруға көмектеседі.
Мерген
Ата-аналар балаларына мұқият және қамқор болғаны маңызды. Оларға артық қысым жасамай, күнделікті мәселелерді шешуге көмектесу қажет. Оларға тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз.
Тауешкі
Егер отбасыңызда біреу ашуланып, сізбен ұрысып қалса, татуласуға қадамды бірінші болып жасаңыз. Сіз дайын болсаңыз олар да татуласудан бас тартпайды.
Суқұйғыш
Отбасылық келісім маңызды. Жанжалсыз келісімге келуге тырысыңыз. Орта жолды табыңыз.
Балықтар
Бұл күн отбасылық қарым-қатынас үшін қолайлы: бұл күні жақын адамдарыңыздың назар аударуға тұрарлық қажеттіліктері мен мүдделері бар екенін есте ұстаған жөн.
Достық жұлдызнамасы
Тоқты
Сіз өте эмоционалдысыз, сондықтан достарыңызды тыныштандыру немесе көңіл көтеру жолын таба аласыз, олар сізге бұл үшін көп рақмет айтады.
Торпақ
Немқұрайлылығыңыз және қарым-қатынас орнатуға ынтаңыз жоқ екенін достарыңыз бен таныстарыңызға білдірмеңіз, әйтпесе өкінесіз.
Егіздер
Жеке амбицияңыз бен көңіл-күйіңіз достарыңызбен қарым-қатынасыңызға әсер етпеуі керек: олар сізге қамқорлық жасап, қолдау көрсетсін.
Шаян
Достарыңыз өмірдегі қиындықтары мен проблемалары туралы сізге шағымдана бастайды. Оларға берілмеңіз. Әйтпесе, өзіңізді кінәлі сезінуіңіз мүмкін. Ал егер ыңғайсыз жағдайға тап болсаңыз, өзіңіз ренжіткен барлық адамнан кешірім сұраңыз.
Арыстан
Достық қарым-қатынасты сақтауға тырысыңыз және тек виртуалды ғана емес, сонымен қатар шынайы өмірде де қарым-қатынасты сақтау мүмкіндігін табыңыз. Қарым-қатынас рахат пен қуаныш әкелуі мүмкін.
Бикеш
Жанжалды бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз, бұл достықты сақтауға көмектеседі және шешім қабылдау кезінде жағдайды ушықтырмайды. Қарым-қатынасқа ашық болыңыз, бұл қарым-қатынасты жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
Таразы
Достарыңызға өз міндеттеріңізді арта бермеңіз және олардың сіз үшін жұмыс істеуіне жол бермеңіз. Бәрі орнымен болсын.
Сарышаян
Күтпеген жерден көшбасшылық қабілетін көрсеткісі келіп, өзіңізді сынай бастаған достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен ашық қақтығысқа дайын болыңыз.
Мерген
Достарыңызбен және жақын адамдарыңызбен бірге қызықты іс-әрекетпен айналысатын уақыт жақындап келеді, бұл барлық қорқыныш жойылатын, күйзеліссіз өмірден ләззат алуға мүмкіндік беретін уақыт.
Тауешкі
Бүгін өзіңіз танымайтын, алыс адамдармен танысуыңыз мүмкін: таныстық демалыс кезінде немесе басқа қалада, шетелде болады.
Суқұйғыш
Достарыңыз сіздің қолдауыңыз бен кеңесіңізге бұрынғыдан да мұқтаж. Оларға қиындығын, проблемаларын жеңуге көмектесіңіз, түсіністік танытыңыз.
Балықтар
Бүгін сіздің достығыңыз сыртқы және ішкі кедергілерге қарамастан гүлдейді.
Мансап жұлдызнамасы
Тоқты
Жаңару жолындағы жоспарыңызды жүзеге асырып көріңіз. Бұл сізге бұдан да тәуелсіз және өршіл болуға және әріптестеріңіздің құрметіне ие болуға мүмкіндік береді.
Торпақ
Сіз бүгін мақтау естисіз, жетістіктеріңізді атап өтеді. Орындаған жақсы жұмысыңыз үшін аздаған аванс берілуі мүмкін. Өзіңіздің талантты және білікті маман екеніңізді ұмытпаңыз.
Егіздер
Бүгін сіз көшбасшылық қабілеттеріңізді көрсете аласыз. Ұжымда құрметке ие болу үшін маңыздылығыңызды дәлелдеудің жолын табуға тырысыңыз.
Шаян
Күрделі психологиялық және эмоциялық фон кәсіби қызметтегі тұрақсыздыққа ықпал етеді. Ұстамды болыңыз және басқалардың жетегіне ермеңіз, асығыс шешім қабылдамаңыз.
Арыстан
Бүгін сізге артық жұмыс істеуден бас тартуға және бос уақытыңызды жұмыс үшін құрбан етуге тура келеді. Барлық шұғыл тапсырманы кешке дейін аяқтау үшін неге басымдық беру керектгіні анықтаңыз.
Бикеш
Бүгін әріптестеріңізбен және аға менеджерлермен жақсы қарым-қатынаста болыңыз: мәселені оңай шешесіз. Бұл сіздің мансабыңыздың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Зияткерлік қабілетіңізге ерекше назар аударыңыз: олардың дамуы сіздің кәсіби өсуіңізге оң әсер етеді.
Таразы
Өз қалауыңыз бен арманыңызға мұқият болыңыз. Өзіңіздің мақсатқа жету және көпке танылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Тапсырманы уақытылы орындап беріңіз.
Сарышаян
Шешім қабылдаудан және тәуекелге барудан қорықпаңыз, тіпті тәуекелге барғаныңыз сәтсіз болып шықса да, тәуекелдің күтпеген нәтижеге әкелетінін өз тәжірибеңізден үйренесіз, мүмкіндіктер мен жаңа көкжиектер сізді таң қалдырады.
Мерген
Ұйымыңызда бедел қалыптастыру үшін шынымен жақсы көретін жұмысқа орналасып, жақсы қасиеттеріңізді көрсетуіңіз керек. Сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңіз өте жоғары. Өз қабілетіңізге назар аударатын уақыт келді. Жақында өз жетістіктеріңіз көріне бастайды.
Тауешкі
Болашақ үшін жұмыс істегенде, нақты жолыңызды сызып, белгіленген жоспарларды ұстану керек. Тұрақтылық жетістіктің кепілі болып қала береді.
Суқұйғыш
Бүгін сіз бос емессіз, бірақ сізде жұмыс істеуге ресурс жеткілікті.
Балықтар
Даралығызды басқалар көрсін десеңіз өзіңіздің ең жақсы қасиеттеріңізді бағалаңыз. Құрбыларыңыздың, жолдастарыңыздың құрметіне ие болу үшін шеберлігіңіз бен тәжірибеңізді көрсету қажет. Бар мүмкіндікті пайдаланыңыз.
Денсаулық жұлдызнамасы
Тоқты
Суық тию қаупі бар, абай болыңыз және ұйқы мен демалыс кестесінен ауытқып кетпеңіз.
Торпақ
Бүгін сізде физикалық белсенділік деңгейі төмен. Жаттығуды кейінге қалдырыңыз. Бұл дененің жалпы жағдайына оң әсер етеді.
Егіздер
Контрасты душ немесе ванна қабылдаңыз. Бұл детоксикация процесін бастап, қан айналымын жақсартады және лимфа ағынын жеделдетеді. Ұйықтар алдында жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз: қозғалыс жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді және жақсы ұйықтауға көмектеседі.
Шаян
Алдағы күндері сіз шаршап, шамадан тыс жұмыс істеуге байланысты күш-қуатыңыз сарқылады. Дәрумен қабылдаңыз, олар асқынудың алдын алады және жалпы жағдайыңызды жақсартуға көмектеседі.
Арыстан
Спорт үшін қолайлы күн. Сондай-ақ курстарға қатыса аласыз, ақшаңыз болмаса, үйде онлайн оқуға болады: бұған сізде көп уақыт бар.
Бикеш
Көру қабілетіңіз нашарласа көзіңіз шаршап жүрген шығар, сәл тынығып алыңыз. Егер бұл мәселе мазаңызды алса, офтальмологпен кеңесіңіз.
Таразы
Қалыпты өміріңізге кедергі келтіретін ауру болмаса, жағымсыз белгілерге назар аудармаңыз. Табиғат аясында демалыңыз, өзіңізді дәмді нәрсемен қуантыңыз және келесі 14 күн бойы өзіңізді күтіңіз.
Сарышаян
Асқазан-ішек жолдарының денсаулығына назар аударыңыз. Аурулардың белгісін жою үшін алкоголь мен кофеинді көп пайдаланбаңыз.
Мерген
Бұл күні көбірек демалу керек, әсіресе бұлшықеттер бір күн бұрын шамадан тыс жұмыс істеп, микрожарақат, күйік алған болса. Ауыр күннен кейін демалу үшін жылы душқа шомылыңыз. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерге жазылыңыз.
Тауешкі
Жүйке жүйесіне кері әсер ететін жағдайға дайын болыңыз; тыныш релаксация және медитация жаттығуларының көмегімен эмоционалдық күйіңізді тепе-теңдікке келтіріңіз.
Суқұйғыш
Суды көбірек ішіңіз - бұл сіздің жүрегіңізге, миыңызға және иммундық жүйеңізге пайдалы.
Балықтар
Денсаулыққа мән бері, күш-қуатыңызды қалпына келтіріңіз. Маңыздысы сіздің эмоцияңыз емес, физикалық жағдайыңыз екенін есте сақтаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062583-bugingi-zuldyz-zoramal-25-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.