Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 26 ақпан күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін өзгенің сезімін түсіну маңызды. Өмірлік серігіңіздің мәселесіне бей-жай қарамай, сүйіспеншілікпен тыңдаңыз.

Торпақ

Жан серігіңізбен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру қажет, қарым-қатынасыңызда жаңа эмоция, романтикалық және сексуалдық аспектілерге өзгеріс енгізер уақыт келді. Өзіңізге шынайы болуға мүмкіндік беріңіз. Бір-біріңізге эмоционалды жақын болыңыздар, сонда қарым-қатынастарыңыз тереңдей түседі.

Егіздер

Бүгін романтикамен бірге шытырман оқиғаларды бастан кешуіңіз мүмкін.

Шаян

Сүйіктіңіз үшін аптаның бірінші күнін дұрыс жоспарлауға көмектесіңіз. Оқиғаны бірге атап өтіңіз немесе жай ғана көңіл көтеріңіз.

Арыстан

Жеке өміріңізде оң өзгерістер болады. Барлығы жақсы болады, сүйікті адамыңыз көп күттірмейді.

Бикеш

Махаббатыңызды кезіктіресіз, оны өзгертуге тырыспаңыз.

Таразы

Ғашығыңызға жомарт және нәзік бола біліңіз. Сіз жақын адамдарыңыздың құрметіне және қолдауына лайықсыз. Қарым-қатынасты нығайтып, ерлі-зайыпты деңгейіне жету үшін ашық және мейірімді болыңыз. Дәл қазір оған тамаша уақыт.

Сарышаян

Бүгін романтикалық қарым-қатынастасты доғарып, үзіліс жасауға уақыт бөліңіз.

Мерген

Романтикалық қарым-қатынаста мақтау сөздерге абай болыңыз. Қарым-қатынас үшін "сен ең жақсы адамсың" немесе "мен сені сүйемін" деген сөздер ауадай қажет.

Тауешкі

Бүгін сүйіктіңізге мүмкіндігінше көп уақыт бөлуге тырысыңыз. Ол өзіне назар аударғанды жақсы көреді.

Суқұйғыш

Бүгін романтикалық қарым-қатынас күтіп тұр, ол сіздің көңіліңізден шығады.

Балықтар

Жыныстық қатынасқа бей-жай қарамаған абзал, бүгін сіз сүйіктіңізбен ерекше сезімтал боласыздар.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Отбасы кеңесін құрып, некедегі негізгі мәселелерді талқылауға жақсы уақыт. Өзіңіз одан не қалайтыныңыз туралы айтыңыз: бірге болу керек пе, әлде уақытша бөлек тұрған дұрыс па? Бөлек өмір сүру керек болса одан қорықпаңыз, өзіңіздің қалай дамып жатқаныңызды бақылаңыз.

Торпақ

Отбасыңызбен және жақын адамдарыңызбен тыныш және үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бар. Демалысқа шығып, әлемге жаңа көзбен қараңыз. Демалыс кезінде телефонды өшіріңіз.

Егіздер

Жақындарыңыз бүгін сіздің қорғаныңызда болуы қажет: оларға алдын ала уақыт бөлуді жоспарлап, барлық уайымды кейінге қалдырыңыз.

Шаян

Бүгін жақын туыстарыңызға қолдау көрсету өте маңызды. Оларға жан-дүниесінде болып жатқан арпалысты түсінуге қөмектесіңіз.

Арыстан

Бүгін отбасыңыз сіздің назарыңызды талап етеді, оған сізден көп уақыт та қажет емес, сізге ол қуаныш сыйлайды.

Бикеш

Туыстарыңызды қажетсіз уайыммен мазаламаңыз: ренжітіп алмаңыз. Әркім өз бетінше маңызды деп санайтын нәрселерді жасасын.

Таразы

Балаларға көңіл бөліңіз. Олармен шын жүректен сөйлесіңіз, жеке өміріндегі кейбір мәселесін тыңдап, оны шешуге көмектесіңіз немесе хобби таңдауға қатысты кеңес беріңіз. Үйдегі тыныштық пен тұрақтылық тікелей балаларға байланысты. Уақытты балаларыңызбен өткізіңіз, осылайша өзіңізді тыныштандырыңыз.

Сарышаян

Отбасыңызға қатысты асығыс шешім қабылдамаңыз, барлық артықшылық пен кемшілікті өлшеп, отбасылық бюджетті талқылаңыз және ірі зат сатып алуды кейінге қалдырыңыз.

Мерген

Мүмкін болса, отбасылық кеш өткізіңіз. Бұл сіздің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізді атап өтудің тамаша тәсілі болады.

Тауешкі

Отбасы мүшелерімен жанжалдаспаңыз, түсініспеушілік болмасын. Өзіңізге қажет және пайдалы нәрселерді бірге жасауға болады.

Суқұйғыш

Туыстарыңыз, әсіресе жақын туыстарыңыз қаржылық мәселелерді шешуде сізге арқа сүйейді: оларға қажетті уақытта көмек көрсету керек, нені үнемдеу керектігі туралы кеңес берген жөн.

Балықтар

Отбасы үшін жағымды кездесу болуы мүмкін: түскі ас ұйымдастырыңыз, туыстарыңызды серуендеуге шақырыңыз немесе уақытты үйде бірге өткізіңіз.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін сіз үшін достық маңызды. Оларға барынша ашық болып, оқшауланбауға тырысыңыз, бәрін бөлісіңіз. Сабырлы ,төзімді болыңыз, жақын достарыңызды жоғалтпау үшін оларға көбірек мейірім танытып, қамқорлық көрсетіңіз.

Торпақ

Жұмыстан тыс уақытта бірге уақыт өткізу үшін достармен мәдени іс-шара жоспарын жасаңыз. Достығыңызды нығайту үшін достарыңыз бен таныстарыңыздың ортасында жүру керек болады.

Егіздер

Жаңа адамдармен танысудан және дос табудан қашпаңыз. Бүгін сізді міндетті түрде оң өзгеріс болады.

Шаян

Бүгін басқалармен салыстырғанда достармен қарым-қатынас әлдеқайда жеңіл болады. Өзіңіз туралы қызықты бірдеңе естуіңіз мүмкін, есітген ақпаратты шынайы қызығушылықпен қабылдаңыз.

Арыстан

Бүгін достарыңызды кешкі асқа немесе серуендеуге шақыруға болады: олармен бірге уақыт өткізу сізге күні бойы жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Бикеш

Бүгін сізге бұрын көп араласпаған таныстардың телефон нөмірі қажет болуы мүмкін. Сіз ұзақ уақыт бойы кездеспеген адамдармен іскерлік байланыс орнатып қаларсыз. Достарыңыздан қалай көмек сұрау керегін үйреніп алыңыз.

Таразы

Ортаңыздағы жаңадан танысқан адамдарға назар аударыңыз, өйткені сіз олардың ішінен өзіңізді өзгертуге әсер ететін достар табасыз. Сіз өз ортаңызда үлкен өзгеріске келе жатырсыз.

Сарышаян

Бүгін жаңа таныстар мен достар табуға пайдалы күн. Егер сізбен бұрыннан кездескісі келген біреу болса, бірақ ол әлі сіздің айналаңызда болмаса, онда тағдыр сізге сыйлық ретінде дайындап жатқан шығар.

Мерген

Асықпаңыз, егер достарыңыз бүгін сіздің ұсыныстарыңызды қабыл алмаса, бұл олар мұны шынымен қаламайды дегенді білдіреді. Осындай сәтсіз әрекетке бола оларды ренжітудің қажеті жоқ. Жанжалға бармаңыз.

Тауешкі

Бүгін достарыңыз бен туыстарыңыздан көмек сұрайтын күн емес. Маңызды шешімдерді кейінге қалдырған маңызды. Өз тұжырымдарыңыз бен идеяларыңызға күмәндану психикаға зиян. Ол басты мәселеден алшақтатады.

Суқұйғыш

Бүгін көптен бері сөйлеспеген достарыңызға хабарлама жазудан қорықпаңыз. Бұл сіз үшін күні бойғы ең пайдалы нәрсе болуы мүмкін.

Балықтар

Егер қандай да бір себеппен сізде достық қарым-қатынас үзілсе немесе бұрын-соңды жан досыңыз болмаған болса, жаңа адамдармен танысуға асықпаңыз. Сіз тым көп күш жұмсап, уақытыңызды бекер жоғалтуыңыз мүмкін. Тырысып көріңіз, бірақ бүгінгі таныстық аса маңызды болмауы мүмкін.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін нәтижелі жұмыстар көп болады, сондықтан алдыңызда тұрған міндеттерді маңыздылығы бойынша және уақытылы орындауға тырысыңыз.

Торпақ

Бүгін қарбалас күн болады, әсіресе маңызды мәселелерді шешуге және кәсіби салаға қатысты маңызды келісімдер жасауға келгенде реттілік болмайды. Бүгін сіз жұмыста табандылық пен тапқырлық танытасыз және жағдайға қарамастан жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.

Егіздер

Кәсіби дайындыққа назар аударыңыз. Әріптестеріңізден сізге құнды кәсіби кеңестер немесе ұсыныстар сұраңыз.

Шаян

Жұмысты аяқтауда қиындықтар туындауы мүмкін, тіпті оны қайта жасау қажет болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізге және басқаларға зиян тигізбеу үшін сақ болыңыз. Сондай-ақ айдың соңына дейін созылатын жұмыстар аяқталмай, кешіктіруіңіз мүмкін. Аз жұмсап, көбірек үнемдеуге тырысыңыз.

Арыстан

Әріптестермен дау-дамайға түспеңіз, сіз жеңіліп қаласыз.

Бикеш

Қалаған мақсатыңызға жету үшін жұмыс істегенде егжей-тегжейлі жоспар құрыңыз. Қажетсіз нәрселерге алаңдамаңыз, қосымша күш-жігер қажет болады. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін егжей-тегжейге көбірек назар аударыңыз.

Таразы

Кәсіби жаңа жобаңызды бастай беріңіз. Сізді қызықты саяхат, жаңа идеялар мен шытырман оқиғалар күтіп тұр. Егер күмәндансаңыз немесе қаржылық шығынға ұшырауыңыз мүмкін деп ойласаңыз, тәуекел етпеңіз.

Сарышаян

Жұмысыңызды жарты жолда тастамаңыз. Дағдарысқа қарамастан, тынбай еңбектене беріңіз және жақын арада мансаптық жолыңызда көтерілуге көптеген мүмкіндік ашылады.

Мерген

Икемділік пен дипломатияны талап ететін келіссөздер болуы мүмкін. Әріптестер тобы арасында даулы мәселелерді талқылау мүмкіндігі бар. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін сізге компанияның ұстанымын қорғау қажет болуы мүмкін. Бірақ абай болыңыз: егер компания сізге жұмыс орнында өзінің беделін сақтау үшін енді қажет емес деп шешілсе, бұл сіздің амбицияларыңызға ауыр соққы болады. Жаңа достармен және әріптестермен дипломатиялық қарым-қатынаста болыңыз және басқа бөлімшелердегі әріптестерге жұмысқа қабылданған күннен бастап құрметпен қараңыз.

Тауешкі

Бүгін кәсіби амбицияларыңызғы қатысты жоспар жасауға қолайлы күн. Одан әрі өсу үшін ынта-жігер бар, сондықтан қол жеткізген нәрсемен шектелмеңіз.

Суқұйғыш

Бүгін жұмысқа бармағаныңыз жөн.

Балықтар

Болашақ әріптестермен қарым-қатынас, байланыс орнатуға қолайлы күн, сұхбат сәтті болады. Сіз жақсы жұмыс табасыз.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Егер сіз дұрыс тамақтануға көшсеңіз, өз денсаулығыңыз үшін маманнан кеңес алуды ұмытпаңыз.

Торпақ

Бұл күні жарақат алу қаупі бар. Өзіңізге абай болыңыз, аса қажет болмаса көшеге шықпағаныңыз жөн.

Егіздер

Эмоционалдық өміріңіз стресске толы болса, жұмыста үзіліс кезінде демалуға немесе хош иісті майлармен емдік массажға барған дұрыс, бұл сізді тыныштандыруға көмектеседі.

Шаян

Сіздің назарыңыз денеңізде болсын: өз жағдайыңызды білу үшін дәрігерге барыңыз, денсаулығыңызды күту мақсатында фитнеске жазылыңыз.

Арыстан

Ұйқысыздық проблемалары мазалап жүрген болар. Ұйқының жеткілікті болуы маңызды. Денсаулығыңыздағы мәселелерге бей-жай қарамаңыз.

Бикеш

Бұл күні гигиенаға назар аудару қажет. Зиянды тағамдар мен стресстен аулақ болу, физикалық жаттығу жасау маңызды. Егер сізді қан қысымы мазаласа, алаңдаушылықты азайтатын, денсаулыққа зиян келтірмейтін шешім табыңыз. Денсаулыққа қатысты шешімдерді тәжірибелі дәрігер қабылдауы керек.

Таразы

Сіз қалай тамақтанып жүргеніңізге көңіл бөле бастайсыз, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануыңыз керек. Диетаға дайын болыңыз.

Сарышаян

Жүрек пен қан айналымы жүйесіне назар аударыңыз, кейбіріңізде жүрек проблемалары болуы мүмкін.

Мерген

Сіздің денсаулығыңыз үшін бүгін жаттығу жасаған немесе жүгірген жақсы. Депрессияға түспеңіз, ренжуге ешқандай себеп жоқ.

Тауешкі

Артық тамақтану әдетіне бола бүгін азық-түлік сатып алу кезінде калорияға көңіл бөлесіз. Жоғары гликемиялық индексі бар көмірсуларды тұтынудан аулақ болыңыз. Қантты тәтті жемістермен, балмен, жидектермен немесе құрмамен алмастыруға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Табиғат сізге бағыт-бағдар беріп тұр, денсаулығыңызды ойлаңыз: серуендеуге қолайлы орын табыңыз.

Балықтар

Өз салмағыңызға назар аударыңыз. Тіпті диетадан сәл ауытқу артық салмақтың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Салмақты бірқалыпта сақтау үшін жаттығуға көңіл бөліп, жеңіл тағамдарды тұтынуға тырысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062584-bugingi-zuldyz-zoramal-26-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel