Бүгінгі жұлдыз жорамал: 24 ақпан күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Махаббат жұлдызнамасы
Тоқты
Эмоция шығаруда бейтарап болыңыз. Басқа адамдардың мәселелеріне килікпеңіз және оны шешуге араласпаңыз. Бұл сізге қарым-қатынаста оң нәтиже береді.
Торпақ
Бүгін сүйіктіңіз бен оның достарының өтінішін орындауға асықпаңыз. Мүмкін бүгін сізге басқа адамдарға назар аудару қажет емес шығар, олардың өтінішіне бола өз жоспарыңызды ысыруға болмайды.
Егіздер
Сүйіктіңіздің шынайы бейнесін тануға тырысыңыз. Бұл тек жақын қарым-қатынасқа ғана қатысты емес. Осы жылы сіз сүйіктіңіздің эмоционалды және интеллектуалдық тұрғыдан қаншалықты өзіңізге жақын екенін біліп таң қаласыз.
Шаян
Бүгін жаңа таныстықтың арқасында сізде эмоциялық жаңару болуы мүмкін. Қарым-қатынасқа келгенде эмоцияңызды ұстап, дұрыс емес шешім қабылдаудан сақ болыңыз.
Арыстан
Романтиканы культке айналдырғандықтан бүгінде көптеген ерлі-зайыпты үйлесімділігін жоғалтады. Сезім туралы көзқарасыңызды түсініп алғаннан кейін, ерлі-зайыпты ретінде сүйіспеншілік пен бақытқа назарыңызды аудара бастайсыз. Сонда махаббат әлдеқайда күшейе түседі.
Бикеш
Бұл сүйіктіңізге өзіңіздің ол үшін қаншалықты маңызды екеніңізді еске салуға жақсы уақыт.
Таразы
Ғашық кезде қызғаныш та болады. Сезіміңізді жасырмауға тырысыңыз. Жақын адамыңыз кейде өзін біртүрлі ұстаса да, оған күмән келтіруге себеп бермеңіз.
Сарышаян
Бүгінгі интимді қарым-қатынас екеуіңіз үшін үйлесімді болады. Ғашықтар бір-бірін жақсы сезіп, көңіл көтереді.
Мерген
Сүйікті адамыңызды ренжітпеу үшін ол туралы айтқан сөздеріңізге, ойыңызға абай болыңыз. Жүрекке тиетін сөз айтпаңыз және айыптамаңыз.
Тауешкі
Татуласу үшін шешуші қадам жасау сіздің сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартып, үйлесім табады.
Суқұйғыш
Бүгін маңызды шешім қабылдауға асықпаңыз, әсіресе қарым-қатынаста, бірақ жүрегіңізді тыңдаңыз - сүйіктіңізге қысым жасамаңыз.
Балықтар
Сіз күні бойы қарым-қатынасыңызға қауіп төніп тұрғандай күйде жүресіз. Көшбасшылық дағдыны қажет ететін жағдайға қарсы тұруға дайын болыңыз. Сүйіктіңізге қолайлы шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз және оның реакциясы ең дұрыс таңдау болғанын мойындаңыз.
Отбасы жұлдызнамасы
Тоқты
Демалыс күндері ешқандай себепсіз мерекелік кешкі ас дайындаңыз. Қиялыңызды шектемеңіз: әдеттен тыс тағамдарды таңдаңыз, дастарханды жайғастыруды ұмытпаңыз, отбасы мүшелеріне қызмет көрсетуге көбірек уақыт пен көңіл бөліңіз. Отбасыңызбен сөйлескенде мейіріміңізді төгіңіз: оларды жылылықпен қуантыңыз.
Торпақ
Отбасыңызда түбегейлі өзгеріске әкелетін шешім қабылдауды кейінге қалдырыңыз. Кез келген шешім эмоция үстінде қабылданып кетуі мүмкін. Бұл жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасқа әсер етеді, қазір ол қажет емес.
Егіздер
Жақын адамдарға қамқор болыңыз. Бүгін тыста отбасылық кездесу өткізуге болады.
Шаян
Көптен бері жақындарыңызбен бірге уақыт өткізуді жоспарлап жүрсеңіз, бүгін бірге фильм көрудің уақыты келді.
Арыстан
Егер үйде біреудің басына іс түссе немесе қандай да бір тығырыққа тірелсе, оны моральдық жағынан қолдаңыз, бұл оған қиындықты жеңуге күш береді.
Бикеш
Отбасыңды тым қатты сынамаңыз. Есіңізде болсын, өмір оңай емес. Отбасы мүшелерін қолдауға сенімділік қажет. Отбасын басқаруға тырыспауыңыз керек. Барлық тараптың қажеттілігі мен дағдысын ескеретін шешім табуға тырысыңыз.
Таразы
Жақындарыңызға көңіл бөліңіз, бүгін туыстарыңыздың немесе достарыңыздың қолдауы қиындықтарды жеңуге көмектесуі мүмкін. Сондай-ақ қазіргі отбасылық мәселеде олардың көмегіне сенуге болады.
Сарышаян
Жақындарыңызды серуендеуге, отбасылық ойынға немесе спектакльге шақырыңыз.
Мерген
Бүгін отбасылық мәселелерге жауапкершілікпен қараңыз, бірақ жұбайыңызды үй шаруасына салып қоймаңыз.
Тауешкі
Балаларға отбасындағы қарым-қатынастың қандай болатынын көрсету маңызды. Ата-ана арасындағы қатынас сыйластыққа негізделген болса, әрі жылы болса, онда бала да осындай ортаны іздейтін болады. Балалардың көзінше қатты айғайлап, дауыс көтермеуге тырысыңыз.
Суқұйғыш
Отбасылық демалысқа немесе саяхатқа баруды армандағандар үшін: егер сізге шынымен демалыс қажет болса, алдағы бірнеше күнде сапарға шығуды жоспарлаңыз. Әйтпесе, уақытыңыз бен ақшаңызды босқа жұмсағаныңызға өкінесіз.
Балықтар
Екі ұрпақтың қажеттілігі арасында ымыраға келу жолын білу керек. Балаларды өз бетінше шешім қабылдауға немесе өрескел қателік жібермеуге үйретіңіз. Бұл олардың өзіне сенімін арттырады.
Достық жұлдызнамасы
Тоқты
Егер бүгін сіздің негізгі жұмысыңыз адамдармен қарым-қатынас жасаумен байланысты болса, бүгін ол сіздің қолыңыздан 100 пайыз келіп тұр. Ал қарапайым жобалар болса, достарыңызбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз. Бұл бүгін сізге ауадай қажет.
Торпақ
Жеке қарым-қатынастағы жағдайды өзгерту, ең жақын достарыңызбен және туыстарыңызбен қарым-қатынас жасау - бүгінді бөлісуге тұрарлық маңызды нәрсе.
Егіздер
Достарыңыздан немесе әріптестеріңізден кеңес алуда абай болыңыз: қателік жасау мүмкіндігі жоғары.
Шаян
Сіз достық қарым-қатынас орнатудың жаңа тәсілін таба аласыз, достықты сақтау үшін ымыраға келуді үйренесіз және достықтарыңыз берік болады. Осы айда достарыңызға шынымен ұнайтын нәрсе беруге дайын болыңыз.
Арыстан
Апта қаншалықты сәтті өтіп жатқанына назар аударыңыз: жаңа таныстықтар мен кездесулер мәңгілік достыққа әкелуі мүмкін. Шытырман оқиғаға дайын болыңыз.
Бикеш
Достарыңызға моральдық қолдау көрсету қазір сізге қиын болса, мұны жасырмаңыз, бірақ жағдайды түсіндіріп айтыңыз, оның мәселесін талқылауды екеуіңізге де ыңғайлы уақытқа жылжытуды ұсыныңыз.
Таразы
Бүгін достарыңызбен және отбасыңызбен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Ортақ тіл табуға тырысыңыз және әңгімеңізде ашық болыңыз.
Сарышаян
Бүгін басқа да шұғыл істермен айналыссаңыз да, достарыңызға моральдық қолдау көрсету маңызды.
Мерген
Жаңа таныстарға мұқият болыңыз, бірақ артық қысым жасамаңыз, мейірімді болыңыз.
Тауешкі
Қазір жаңа адамдармен танысуға өте жақсы уақыт: бизнесте ғана емес, достық қарым-қатынаста да адамдармен кездесуде барынша ашық болыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін достарыңыз үшін алаңдауыңыз мүмкін. Кез келген оқиғаға дайын болыңыз, бірақ сабырлы болыңыз.
Балықтар
Ештеңені тура мағынасында қабылдамаңыз, достар мен таныстарды ажыратуды үйреніңіз.
Мансап жұлдызнамасы
Тоқты
Егер сіз жұмыста өзіңізді көрсеткіңіз келсе, біраз уақытқа салаңызға өзгеріс енгізіп көріңіз: басқа көзқараспен және әдеттеріңізді ескермей, бизнестің қандай болатынын бағамдаңыз.
Торпақ
Бүгін бизнесте өзіңізді көрсетуге көптеген мүмкіндіктер болады. Әріптестеріңіздің тәжірибесін, тұжырымдарын және кеңесін пайдаланыңыз – бұл сіздің жетістіктеріңізді толықтырады.
Егіздер
Кәсіби салада сізді жетілдіретін нәрсе бар. Өтінішке абай болыңыз, әріптестеріңізбен жанжалдаспаңыз, оларға ультиматум қоймаңыз. Жыл басында жанжалдан аулақ болыңыз.
Шаян
Қазіргі жұмыс кестеңізді талдаңыз, егжей-тегжейлі жұмыс кестесін жасаңыз немесе оны бірнеше жылға жоспарлаңыз. Үлкен мақсатты айларға бөліңіз, сонда оған жету сіз үшін қандай үлкен жетістік болатынын түсінесіз.
Арыстан
Сейсенбі/бейсенбі күндері жұмыс істеуді жоспарласаңыз, келесі айда істелінуі керек жобаларға назар аударыңыз: олар сәтті болады.
Бикеш
Уақытыңыздың көп бөлігін жұмысқа арнауға дайын болыңыз.
Таразы
Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, бүгін сіз жаңа жұмыс орнында немесе кәсіби салада өз мәртебеңіз бен жетістіктеріңізді арттыруға мүмкіндік аласыз. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Сарышаян
Жұмыста жоғарылатуды сұрамас бұрын, қазіргі лауазымыңыздағы еңбегіңізді және үлкен жауапкершілік алуға дайын екеніңізді байсалды түрде бағалауға тырысыңыз.
Мерген
Мансаптық өсу кезінде немесе жоғарылау кезінде, мүмкіндіктерді іздестіру кезінде қиындықтарға немесе сәтсіздіктерге тап болу мүмкіндігі бар, абайлаңыз, мұқият болыңыз.
Тауешкі
Жұмыста маңызды мәселелермен күресуге тура келуі мүмкін. Жұмыста өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге дайын болыңыз.
Суқұйғыш
Қазіргі мансабыңызда үлкен қадам жасаңыз. Алдағы 1-2 жылда сіз ешқашан армандамаған нәрселерге қол жеткізіп, қаржылық және эмоционалды түрде марапатталатын боласыз.
Балықтар
Жұмыс пен демалыс кестесін үйлестіре біліңіз. Жұмыста басқа бөлімде немесе тіпті басқа компанияда өзіңізді көрсету арқылы өршіл мақсатқа жетуге болады. Барлық бизнес-жүйеде негізгі мақсатыңызды анықтау және оларға қол жеткізуге назар аудару маңызды.
Денсаулық жұлдызнамасы
Тоқты
Бүгін терапевтке немесе урологқа баратын уақыт. Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз және оны күтіңіз.
Торпақ
Бүгін денеңізді ретке келтіруге, тазартуға және жасартуға өте қолайлы уақыт.
Егіздер
Кеңсеңізді, үйіңізді немесе гаражыңызды тазалаңыз; бұл сізге суық тиюден аулақ болуға көмектеседі, өйткені үйіңіз шаңға толы.
Шаян
Демалыс күндері жақсылап тынығыңыз, өйткені апта ішінде сіздің денеңіз әлі де тұрақты күйзелістен және шамадан тыс жүктемеден шаршайды.
Арыстан
Кешке арқаңызға назар аударыңыз: омыртқа мен бұлшықетке арналған жаттығуды жасап көріңіз. Егер ауырлық пен ыңғайсыздықты сезінсеңіз, дәрігермен кеңесіңіз.
Бикеш
Денеңізге өң беру үшін және ұйқысыздыққа байланысты бас ауруының алдын алу үшін жеткілікті ұйықтаңыз.
Таразы
Мүмкін болса, дәрігерге баруды кейінге қалдырыңыз. Уақытты өзіңізге ыңғайлы, пассивті режимде өткізсеңіз, өзіңізді жақсы сезінесіз. Демалыңыз және жағымды нәрселер жасауға ден қойыңыз.
Сарышаян
Егер сіз бүгін жаттығу жасамаған болсаңыз, бұл күн жаттығу үшін жақсы уақыт. Демалыс күндері жүзу немесе жүгіру арқылы рахат алыңыз. Өзіңізге уақыт бөліңіз - бұл аз уақыт ішінде күшіңізді нығайтуға және төзімді болуға мүмкіндік береді.
Мерген
Денсаулықты жақсартуға немесе аурудан арылуға қолайлы күн. Жүрегіңіздің немесе ас қорыту функцияларының саулығына алаңдасаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Тауешкі
Мультивитаминді немесе теңдестірілген таңғы асты өткізіп алмаңыз, бұл сіздің денсаулығыңызға қажет, аурулардың алдын алады.
Суқұйғыш
Дәрігерге баруды жоспарлаңыз. Денсаулығыңызда маманның араласуымен шешілетін мәселелер болуы мүмкін.
Балықтар
Бүгін ауру белгісін түсініу үшін және ауруды немесе жарақатты диагностикадан өткізу үшін дәрігерге баруыңыз керек. Осылайша денсаулығыңызды бақылауға уақыт бөліңіз. Сізге заманауи технологияларды қолдана отырып, денені толық тексеруден өту қажет болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062585-bugingi-zuldyz-zoramal-24-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/