Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 наурыз мерекесі: балаларға арналған қызықты байқаулар

Опубликовано:

Доп ұстаған балалар
Боулинг добын ұстап тұрған балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мектепте өтетін мерекелік кештер балаларға көңілді атмосфера сыйлайды. Мұндай шараларға қатысқан әрбір бала белсенділік танытады. Қызықты іс-шаралар балаларға бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі.

8 наурызда мектепте қандай қызықты шаралар өткізуге болады? Мерекеге орай әр түрлі тәсілді таңдауға болады. Мысалы: таза ауадағы ойындар, шығармашылық жарыстар, интеллектуалдық викториналар, интуицияға арналған тапсырмалар. Мектеп жасындағы балалар үшін шығармашылықпен айналысуға және қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шаралар қызықты.

"Көктемгі гүлдер"

"Праздники в средней школе" кітабының авторы Вероника Лещинская орта мектеп жасындағы балалардың интеллектуалдық, эмоциялық және физикалық тұрғыдан дамығанын, ауыр жүктемелерге қабілетті, бірақ айтарлықтай тәртіпті және ұйымшыл емес екенін жазады.

"Көктем гүлдері" деген атаумен командалық сайыс өткізіп көріңіз. Қатысушыларды 4 адамнан тұратын екі командаға бөліңіз. Ойыншылар көрермендерге қарай бірінен соң бірі қатарға тұрады. Команданың соңғы мүшесіне қағаздағы гүлдің суреті көрсетіледі және оны келесі мүшенің артына саусағымен салуды ұсынады.

Балалар алдыңғы қатардағы оқушының артқы жағындағы суретті бірінші кезекте тұрған адамға жеткенше қайталайды. Ол қағазға соңғы гүлді салуы керек. Содан кейін қатысушылар бастапқы сызба мен алынған нәтижені бірге салыстырады.

"Қыздың заттары"

Атауына қарамастан, ер балалар да жарысқа қатысуға шақырылады. Жарысқа екі командаға бөлінген 6-8 адам қатыса алады. Кейбір қыздың керек-жарақтары (шашбау, білезік, шаш қыстырғыш, бұйралағыш, көз бояуы, тұрмыстық заттар) бір жағы ашық қорапқа салынады.

Бір қатысушы қораптың артында тұрады, оның ішінде қандай зат бар екенін көре алмайды. Осылайша қораптағы заттың не екенін табу керек. Екінші қатысушы оған қарама-қарсы тұрады. Ол сойынға шыққан оқушының сұрақтарына "иә" немесе "жоқ" деп жауап беріп, оған қандай зат ұстағанын табуға көмектеседі.

Бала және қорап
Қорапқа салынған заттарды ұстап тұрған бала. Көрнекі сурет: YouTube/TheDadLab

"Сөмке"

Байқауға қыздардың сөмкесі бейнеленген стикерлер мен екі плакат дайындау керек. Жарысқа қатысушылар командаға бөлінеді. Әр команданың міндеті - үш минут ішінде қыз баланың сөмкесіндегі заттардың атауы жазылған плакатқа мүмкіндігінше көп стикер жабыстыру.

Берілген уақыт біткен соң командалар өз жауаптарын оқып, сөмкелердің ішіндегі заттарды салыстырады. Басқа командадағы балаларды қайталамаған нұсқаларына ұпай есептеледі. Сөмкені көп затпен толтырған қатысушы жеңімпаз атанады.

"Кім екенімді тап!"

Ата-аналарға арналған Verywell Family ресурсы он жастағы балалардың дені электроника қолданатынын айтады. Олар көбіне сандық камералармен суретке түсуге немесе бейне ойындар ойнауға қызығушылық танытады. Технология дамыған әрі мектеп жасындағы балалардың гаджеттерді пайдалануға бейімділігін пайдаланып, байқау ұйымдастыруға болады.

Онлайн қызметтерді пайдаланып, сыныптағы қыздардың портреттерінен мультфильм кейіпкерлерін жасаңыз. Портреттерді қағазға басып шығарыңыз. Балаларды портреттердің артында сыныптастарының қайсысы жасырылғанын табуға тапсырма беріңіз. Жоғары сынып оқушылары үшін (14–15 жас) байқауды күрделендіруге болады. Мысалы TikTok-тағы эффект түрлерін пайдаланып, қыздардың бейне хабарламаларын жазу мүмкіндігі бар.

Телефонға видео түсіру
Телефонға видео түсіріп тұрған қыз бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Сыйлық квесті"

"Сценарии праздников в начальной и средней школе" кітабының авторлары мектеп оқушылары үшін мерекелердің орны бөлек екенін жазады. Мерекелік шаралар баланың психикасын қалыптастырады, оның жеке тұлға ретінде дамытады, сезімдері мен эмоцияларына әсер етеді. 8 наурызды есте қалатындай жарқын эмоциялармен өткізудің тамаша тәсілі ретінде сыйлық квестін ұйымдастыруға болады.

Жігіттер командасы қыздарға алдын-ала мерекелік квест дайындайды. Ол білім немесе спортпен байланысты болуы мүмкін, жұмбақтарды қолдануға да болады. Әрбір тапсырманың жауабын табу қыздар командасын сыйлық тұрған құпия орынға жақындатады. Егер сыныпта тәттілер толы үстел жасау жоспарланған болса, квест бағыты команданы тікелей іс-шара өтетін жерге апаруы мүмкін, ал мерекелік торт пен тәттілер жағымды әсер қалдырады.

"Асүй ханшайымы"

Қыздар арасында қандай жарыс ұйымдастыруға болады? Қыздарға арналған жарыстардың сценарийін дайындағанда олардың тапқырлығын, шаруаға икемділігін, табандылығын және талантын көрсететін қызықты ойын түрлерін ойластырыңыз. Мысалы, "Асүй ханшайымы" деп аталатын аспаздар байқауын немесе "Қыздардың логикасы" викторинасын ұйымдастырып көріңіз.

Аспаздар сайысы үшін бірнеше шұңғыл табақ дайындаңыз. Олардың әрқайсысына жарма, ұн, крахмал немесе майда көкөністер мен жемістерді салыңыз. Жарысқа қатысушылардың көздерін байлаңыз. Олар әр ыдыстағы тағамдарды түртіп көру арқылы не екенін білу керек. Ингредиенттерді көбірек тапқан қатысушы жеңімпаз болады.

Асүйдегі қыздар
Аспаз киімін киген қыз балалар. Көрнекі сурет: Freepik

"Қыздарың логикасы"

Бұл сайыстың мақсаты – жас қатысушылардың қайсысының логикасы жақсы дамығанын және күрделі сұрақтарға жауап бере алатынын анықтау. Әр түрлі тапсырманы қолданып көріңіз.

  • Логикалық жұмбақтар: 9 қабатты ғимаратта лифт бар. Бірінші қабатта 8 адам, екінші қабатта 10 адам, үшінші қабатта 10 адам, төртінші қабатта 15 адам тұрады. Бұл ғимараттағы лифтінің қай түймесі жиі басылады? (1-қабаттағы түймесі).
  • Шатастыратын сұрақтар. Мысалы: шайды қай қолмен араластыру керек? (Шайды қолмен емес, қасықпен араластыру керек).
  • Артық сөзді алып тастайтын тапсырмалар. Мысалы: "тәтті", "ыстық", "қышқыл", "ащы" сөздерінің ішінде не артық? (Артық сөз "ыстық", өйткені тапсырмадағы барлық сөз температураны емес, дәмді білдіреді.)

Ойынға қатысушыл оқушылардың сұрақтарды жеңіл түсінуі үшін проектор көмегімен мәтінді тақтада көрсетуге болады. Көбірек дұрыс жауап берген қатысушы жеңеді.

Викториналар мен ойындар мерекеге арналған байқауларды көңілді өткізудің тамаша тәсілі болып саналады. Әр түрлі іс-шара мерекені қызықты, есте қалатындай және жағымды эмоцияларға толы етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062816-8-nauryz-merekesi-balalarga-arnalgan-qyzyqty-baiqaular/

pixel