Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 3 наурызда сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін сүйіктіңіз сізге ұмытылмас кеш сыйлайды. Мұны сақтықпен қабылдаңыз өйткені бүгін жыныстық қатынас кезінде эмоцияға беріліп кету қаупі жоғарылайды және бұл ыңғайсыз жағдайға әкелуі мүмкін.

Торпақ

Сүйіктіңізге ерекше сезім сыйлағыңыз келсе, онда жоспарыңызды ұялмай жүзеге асыруыңыз керек. Бәрі де бірінші рет байқап көреді. Құмарлықтан ләззат алыңыз, өз бетіңізше шешім қабылдаңыз.

Егіздер

Бүгін жаныңызға жайлы серік пайда болуы мүмкін, бірақ абай болыңыз. Ол екі кеменің басын ұстаған біреу болуы мүмкін, әрине ондай жағдай көп қиындық тудырады. Алдап-арбау немесе түсініксіз жайттардың құрбаны болмау үшін бәрін салмақтап, ұтымды тұсын көре біліңіз.

Шаян

Жеке амбицияны көрсетуден аулақ болыңыз. Үйлену, отбасын құру туралы ойланыңыз.

Арыстан

Қарым-қатынастың тереңдей түскенін байқағанда, сіз өз серігіңізді қаншалықты бағалайтыныңызды және оған қаншалықты үйренісіп кеткеніңізді сезінесіз.

Бикеш

Арандатушылыққа берілмеңіз, әдепті болып, шектен шықпаңыз және серігіңізді ренжітпеуге тырысыңыз.

Таразы

Жаңа күтпеген романтикалық таныстықтар болады. Сіз өз өміріңізге жарқын эмоция әкелетін жаңа адам кездестіресіз.

Сарышаян

Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз бұзылуы мүмкін, бәріне дайын болыңыз!

Мерген

Шын ғашық болуды қалайсыз ба? Кез келген шешім қабылдарда тәуекелге барудан аулақ болыңыз. Жоспарға берік болыңыз және тілегіңіз орындалатынына сеніңіз.

Тауешкі

Сүйікті адамыңызды кездесуге шақырыңыз, тосын сый жасаңыз: дәмді тағам пісіріңіз, майшам жағып романтикалық кешкі ас ұйымдастырыңыз.

Суқұйғыш

Бұл күнді жан серігіңіздің құшағында өткізіңіз. Бір-біріңізге толық көңіл бөлуге тырысыңыз. Кешкілік жоспарыңызға романтикалық сыйлық қосуды ұмытпаңыз. Жақын адамыңызды дүкенге немесе мейрамханаға шақырыңыз.

Балықтар

Сақ болыңыз. Уақыт ағынымен жүріңіз, бірақ күтпеген жағдайға дайын болыңыз - сүйіктіңізбен түсінбеушілік пен келіспеушілік болуы мүмкін.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Әзірге жаңа таныстықтан немесе біреудің кеңесімен танысқан адаммен қарым-қатынас құрудан аулақ болыңыз. Кейінірек жеке қарым-қатынас пен отбасылық қарым-қатынас арасындағы үйлесімділікті табуға болады.

Торпақ

Егер шаңырағыңызда отбасылық мерекелерді тойлау дәстүрі болса, оларды қайта жаңғыртуға тырысыңыз, сонда неке нығая түседі.

Егіздер

Бүгін сізде отбасымен қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін. Түсініспеушіліктің алдын алу үшін абай болыңыз.

Шаян

Бүгін отбасымен бірге отбасылық серуен ұйымдастырыңыз - театрға немесе, сіз көптен қалаған көңіл көтеретін орындарға барыңыз. Ал жеке қызығушылығыңызды кейінге қалдырыңыз.

Арыстан

Ата-анаңызға уақыт бөліңіз, оларға бала махаббатыңыз, қолдауыңыз қажет. Жылы сөздеріңізді аямаңыз.

Бикеш

Бүгін отбасында жанжал мен келіспеушіліктер болуы мүмкін, сондықтан алдын ала ойланыңыз және ол жағдайдан шығудың жолын қарастырыңыз.

Таразы

Ата-анаңыздың мінез-құлқына назар аударыңыз. Оларға қамқорлық көрсеткеніңіз жөн, бірақ кейде сіз оларды түсінбей қалуыңыз мүмкін. Олардың іс-әрекеті әрқашан дұрыс бола бермейді. Оған бола көңіліңіз түспесін.

Сарышаян

Сіз туыстарыңыздың мінез-құлқынан өзгерістерді байқайсыз. Жаңа қасиеттері мен таланттары ашылады. Отбасыңызға уақыт бөліңіз: маңызды тақырыптарды талқылаңыз.

Мерген

Отбасылық қарым-қатынаста сенім жетіспейді. Жұмысыңызда және болашаққа жоспарларыңызда жақындарыңыздың қолдауы маңызды.

Тауешкі

Отбасылық жиналыс жасауыңыз керек. Дәмді шоколад, десерттермен бір кесе ыстық шай немесе кофе ішіп алып жоспар құрыңыз. Жиналысты жүйелі түрде жасап тұру артық етпейді. Тіпті дәстүрге айналдырып алыңыз.

Суқұйғыш

Жақын адамыңызға берген уәдені еске түсіріңіз. Бірақ жанжалға бой алдырмаңыз. Жағдай жақын арада тұрақталады.

Балықтар

Туыстарыңыздың бірі қатты ауырып қалуы мүмкін: қарт туыстарға көңіл бөліңіз, қиындықтарын жеңуге көмектесіңіз.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Енді сізге екі досыңыздың немесе таныстарыңыздың арасында таңдау жасауға тура келуі мүмкін. Ең қызығы екі адаммен де ашық сөйлесе алмайсыз.

Торпақ

Достықта сізден қамқорлық пен қолдау іздейді, досыңызға күмәнмен күресуге көмектесіңіз. Достарыңыздың жеке және ұжымдық өмірінен хабардар болыңыз, сонда сіз олардың проблемаларының себептерін түсініп, сол мәселелерді шешуге көмектесе аласыз.

Егіздер

Достарыңызға жанашырлық танытыңыз: кейбіреулері қарым-қатынасында қиын кезеңді бастан өткеруде, екіншілері жұмыста қиындықтарға тап болса, басқаларының денсаулығында проблемалар бар.

Шаян

Бүгін жаңа дос табасыз, көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз. Оған адал болыңыз. Шынайы және мейірімді болу айналаңызға магнит секілді әсер етіп, үйлесімділікті сезінесіз.

Арыстан

Бүгін бастама көтеруден қашпаңыз, достарыңызға көптен бері қажет болған көмегіңізді ұсыныңыз.

Бикеш

Әр доспен қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік табылады. Оларды күшейту үшін келісімге келу керек.

Таразы

Өмірдегі жағдайларға қарамастан әлі де бала күнгі досыңызбен араласып жүрсеңіз бұл өте құптарлық қасиет. Ескі достармен қайта байланыс орнату үшін тамаша уақыт.

Сарышаян

Оң көзқарас, сенім және достық өз жоспарларыңызды жүзеге асыруға көмектеседі. Жаңа достарға ашық болыңыз, қарым-қатынастан қашпаңыз. Сіздің жаңа таныстықтарыңыз қиын жағдайлардан шығуға себеп болуы мүмкін.

Мерген

Достардың өтініштері мен тілектерін жерге тастамаңыз - сізге олардың да көмегі қажет болуы мүмкін.

Тауешкі

Мүмкіндігінше, досыңызбен ұсақ-түйекке бола ренжіспеңіз, онымен мәселе шешілмейді. Әдептілік пен дипломатия барлық жағдайда көмекке келеді.

Суқұйғыш

Бүгін достарыңызды жоғалтып алу қаупі бар. Жанжалдан қашық жүріңіз. Кешке үйде болыңыз.

Балықтар

Түстен кейін және кешкі уақытты достармен бірге немесе ескі әріптестермен өткізу мүмкіндігін қарастырыңыз. Белсенді бола бастағандығыңыздан әлгі адамдар сіз туралы жиі ойлана бастады.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Мәселені тиімдірек шешу және жұмыстағы қиындықтарды жеңу үшін жағдайға жаңаша қарауға тырысыңыз. Бұл күш салуды қажет етпейді, бірақ нәтижесі сізді қуантады. Икемді бола біліңіз және егер қажет болса, басшылықтан сұранудан қорықпаңыз.

Торпақ

Жұмысқа қатты әсер ететін қателік жасау мүмкіндігі бар. Теріс эмоцияларға берілмеңіз, жағдайға байсалдылықпен қарап, одан сабақ алуға тырысыңыз. Сіздің шешім қабылдайтын уақытыңыз жақындап қалды.

Егіздер

Маңызды істерді кейінге қалдырмаңыз. Алаңдап, күмәндануға жол бермеңіз - бұл сіздің күш-жігеріңізді босқа әкеледі. Нақты шешім қабылдаңыз, жоспарды ұстаныңыз.

Шаян

Жұмысыңыз ойдағыдай болады, сондықтан әрекетке асықпаңыз. Мүмкін болса, бұл күні өзіңізге жаңа бастамалар мен жауапкершілік алмаңыз, бұрыннан бар жобалармен және берілген тапсырмалармен жұмыс істеңіз. Шешім қабылдауды және жақын болашаққа қойған жоспарды жүзеге асыруды кейінге қалдырыңыз.

Арыстан

Жұмысыңызда табысқа жетуге бел будыңыз. Еркін ойлау қабілеті, табандылығыңыз, тәжірибеңіз бен кәсібилігіңіз оған көмектеседі. Жұмыста көшбасшысыз, сондықтан артық жанжалға кіріспеңіз.

Бикеш

Маңызды істерді кейінге қалдырмаңыз - Бүгін жұмыс әлдеқайда қызықты болады. Қол астындағыларға сеніп тапсыруға болатын істерге назар аударыңыз - бүгін сіз олардың көмегіне сенуіңіз керек!

Таразы

Бүгін жұмыста табысқа жетесіз, әріптестеріңіз сізді мойындай бастайды. Олар сізді бағалайды және қолдайды. Басшылықпен және әріптестеріңізбен болашақ туралы идеялармен бөлісуге дайын болыңыз, тек өз айтар ойыңызды алдын ала жазып алыңыз.

Сарышаян

Жұмыстағы шығармашылық қабілетіңіз бен интеллектуалдық әлеуетіңіздің арқасында сізге әрі қарай дамуыңызға көмектесетін маңызды ұсыныстар түседі.

Мерген

Мансап сатысымен жоғары көтерілу мүмкіндігіне ие боласыз. Дегенмен осы кезеңде ұстамды болу және басқа қызметкерлердің жетістіктерін елемей, тым көп менмендік танытпаңыз, сақтық таныту маңызды. Бүгін сіз өзіңіздің басымдықтарыңыз бен ұжымыңыздың мүдделеріне негізделген қиын шешім қабылдауға мәжбүр боласыз.

Тауешкі

Өткен шақтағы сезімдерді оятуға жұмысыңыздағы жағымды эмоциялар себеп болады. Бұл жолы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан жақсы жұмыс істеп нәтиже көрсете аласыз.

Суқұйғыш

Бастықтың алдында өз көзқарасыңызды қорғауға дайын болыңыз - бүгін ол сізден есеп талап етеді. Дегенмен сіз өзіңіздің пікіріңізге, айтар сөзіңізге берік болыңыз. Сенімді болыңыз.

Балықтар

Қазіргі кезде істелінуі керек жұмыстарды қарап шығыңыз, өзіңізге ең маңызды нәрселерді ғана алыңыз. Ұсақ-түйектерге алаңдамаңыз. Жұмыс беруші сіздің еңбегіңізді бағалайды.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Қарбалас күннен кейін асқазаныңызда ауырлық сезінсеңіз, бір күн бұрын ақуыз тағамдарын тұтынуды шектеңіз.

Торпақ

Сіздің рационыңызда жаңа тағамдар пайда болуы керек. Олардың ағзаға әсері әлі зерттелмеген. Жаңа тағамдардың ағзаңызға әсерін түсіну үшін қан талдауын тапсырыңыз.

Егіздер

Алкогольді асыра пайдаланбауыңыз керек. Тәтті сусындарды спиртті сусындармен араластырмау керек. Жаттығулар мен дұрыс тамақтанудан кейін нәтижелерді жақсарту үшін тағамдық қоспаларды пайдаланыңыз.

Шаян

Күндізгі уақытта денеңізді шамадан тыс шаршатпаңыз, әсіресе тыныс алу жүйесі мен жүйке жүйесі әлсіз. Үйдегі демалыс сізге пайдалы болады.

Арыстан

Шамадан тыс жұмыс істеп, эмоционалды күйзеліске түсіп кетпеңіз, шаршаған жағдайда эмоциялық тұрғыда қалыпқа келу үшін қысқа демалыс немесе кем дегенде ұйықтап алған пайдалы болады.

Бикеш

Бет пен көздің терісін күту және емдік шаралар қабылдау үшін таптырмас уақыт. Бәрі ауыртпалықсыз болады, сондықтан тері күтіміне мүмкіндігінше көп уақыт бөлген жөн. Нәрлендіретін маскаларды қолдану арқылы тері өңін жақсартуға ерекше назар аударыңыз.

Таразы

Ағза жұмысын және жалпы денсаулықты жақсарту үшін, сондай-ақ денені тазарту және эмоционалды тепе-теңдікке жету үшін тағамдарды аз мөлшерде тұтыныңыз. Бүгін артық тамақтану сізге қиындық тудырады.

Сарышаян

Денеңіздің кез келген бөлігі ауырсынса сезінсеңіз, дәрігермен кеңесіңіз.

Мерген

Өнімділікті арттырыңыз: терең тыныс алыңыз, бұлшықеттеріңізді босаңсытып, буындарыңызды созуға мүмкіндік беріңіз. Күшіңізді қалпына келтіруге көмектесу үшін терең тыныс алу әдістерін қолданыңыз.

Тауешкі

Шаршаңқы күй мен депрессияның алдын алу үшін көбірек тынығу және дұрыс тамақтану қажет.

Суқұйғыш

Тыныс алу жаттығуларын жасаңыз, денені босаңсыту үшін медитациялық музыка тыңдаңыз, Бұл жүйкеңізді тыныштандыруға және депрессиядан арылуға көмектеседі.

Балықтар

Ішімдікке әуестенбеңіз: алкоголь миға кері әсер етеді, адам мас болған кезде есте сақтау қабілеті нашарлайді. Таңертеңгі уақытта кешегі оқиғаларды еске түсіру қиынға соғады. Сонымен қатар, алкоголь сіздің денеңіздегі D және K дәрумендерін жуып-шайып кететінін есте ұстаған жөн, бұл сіздің күш-қуатыңызға және жақын адамдарыңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2063896-bugingi-zuldyz-zoramal-3-nauryzda-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel