Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 4 наурыз күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Жақын адамыңызға деген сүйіспеншілігіңізді білдірудің және оны арттырудың жаңа жолдарын табуға тырысыңыз. Бұл сізге махаббат сезімдерінің жаңа қырларын сезінуге және сүйікті адамыңызбен байланысыңызды нығайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, серігіңізге әдемі, есте қаларлық сыйлық беру арқылы оны қуантуға тырысыңыз.

Торпақ

Бүгін жақын адамыңызбен сөйлескенде мұқият болыңыз, маңызды мәселелер мен жоспарларды талқыламаңыз.

Егіздер

Бұл күні қарым-қатынас ашық және екі жаққа да тиімді болады. Егер сізде маңызды әңгіме болса, мәселені дереу талқылаңыз. Соңғы сәтке дейін күтпеңіз.

Шаян

Шынайы сенім ұялататын жаңа адаммен танысу және қарым-қатынас жасау мүмкіндігін өткізіп алмаңыз. Жақын адамыңыздың ашықтығы мен сізге деген сенімі эмоционалдық байланыстарды қалпына келтіруге және қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Жақын арада жағымды тосынсый болуы мүмкін.

Арыстан

Бастаманы қолға алудан қорықпаңыз, сүйіктіңізге бір қадам жақындаңыз: ер адам бүгін қиялына ерік беруі мүмкін.

Бикеш

Сіз әлі де көптеген жағымды эмоция мен жарқын сәттерге ие болу үшін серіктесіңізбен қарым-қатынасыңызды қалай жақсартуға болатынын ойланыңыз. Бұл күннің ең маңызды міндеті, оған жетуге тырысыңыз!

Таразы

Қарым-қатынаста бүгін сізден қолдау және сүйіспеншілік күтеді. Осы күні сіз дұрыс серік таңдағаныңызға тағы бір рет көз жеткізесіз.

Сарышаян

Есіңізде болсын, өз құндылығыңызды түсініңіз! Басқалардың қажеттіліктері мен тілегін ысыра тұрыңыз, бірінші өзіңізді түсініп алыңыз. Бұл сіздің махаббатыңызды арттырады.

Мерген

Жаңа романтикалық қарым-қатынасты бастар алдында қорқынышқа жол бермеңіз. Кездейсоқ басқа біреумен ұсталып қалу сияқты жағдайға тап болмау үшін мүмкін болса, жаңа кездесу орындарын таңдаңыз.

Тауешкі

Бүгін жақсы адаммен серік болуға тамаша уақыт. Бір-біріңізді түсіне біліңіздер, ашық қарым-қатынас бәріне керек.

Суқұйғыш

Өзіңізге және серігіңізге әзілмен қарауға тырысыңыз. Күлетін нәрсе де күлмейтін нәрсе де болуы мүмкін. Бір-біріңізбен бірге болу қаншалықты оңай және ыңғайлы екенін байқауға уақыт бар.

Балықтар

Сүйікті орындаушыңыздың концертіне бару - өте жақсы идея. Классикалық музыкаға қызығушылық танытыңыз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін отбасында келіспеушіліктер туындауы мүмкін, жағымсыз жайттардың алдын алу үшін оны сабырмен шешіңіз.

Торпақ

Кез келген ағаттыққа қатал қарамаңыз. Жақындарыңыздың көңіл-күйін бұзып аласыз.

Егіздер

Балаларыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Егер сіз олардан эмоционалды түрде шаршағаныңызды сезсеңіз, психологтың көмегіне жүгініңіз немесе қуаныш сыйлайтын хоббимен айналысыңыз. .

Шаян

Отбасында тұрақсыз эмоционалды атмосфера болуы мүмкін. Шешімдеріңізге абай болыңыз.

Арыстан

Іс-әрекетіңіздің жоспары мен перспективасын отбасы мүшелерімен талқыламаңыз. Бәрін тура мағынасында айтудан сақ болыңыз. Оларға әзірге бұл қажет емес.

Бикеш

Бос уақытыңызды отбасыңызбен қызықты өткізіңіз. Отбасылық отырыста белсенділік көрсетіңіз және демалыс шараларын ұйымдастырыңыз.

Таразы

Жақындарыңызға барынша қамқорлық жасап, назар аударыңыз. Бұл отбасылық қарым-қатынас пен сенімді нығайтатын уақыт.

Сарышаян

Өз қалауыңызға мұқият қараңыз: қазір белсенді болатын уақыт. Сонымен қатар жақын адамдарыңыздың сыны мен объективті кеңесін қабылдай біліңіз, ашық болыңыз.

Мерген

Отбасыңыз үшін жақсы нәрсе жасаңыз, сонда тыстағы шаруаны аяқтау сізге оңайырақ болады.

Тауешкі

Facebook-тен аккаунт ашып көріңіз. Онда сіз көп таныстарыңызды таба аласыз, соның ішінде көршілеріңізді, олардың отбасы мүшелерін тауып қалуыңыз мүмкін. Рецепт, сыйлық жасауға идеялар, жөндеу бойынша кеңестермен алмасыңыз.

Суқұйғыш

Отбасыңызбен уақыт өткізу өте жақсы идея туып қалуы мүмкін. Балаларға көңіл бөлуді ұмытпай, үй жұмысын қатар алып жүруге болады.

Балықтар

Отбасының қаржылық жағдайы жақсарып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізесіздер. Жақындарыңызбен сөйлескенде шыншыл болыңыз, сіздің түсінігіңіз бен ашықтығыңыз оларға ұнайды.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Сіз достығыңыздың нығая түскенін сезінесіз. Бір-біріңізге сеніңіз және пікірін құрметтеңіз.

Торпақ

Сізбен ұзақ уақыт дос болған адам туралы жақсы жаңалық естисіз. Кей достарыңыз жақында өзін жаңа қырынан көрсетеді.

Егіздер

Достық қарым-қатынасыңызды жаңартыңыз және ортаңызды кеңейтіңіз. Жаңа адамдармен танысу өмір сапасын жақсартады. Жаңа таныстарға мұқият болыңыз және ескі достарыңызды ұмытып кетпеңіз.

Шаян

Егер конструктивті кеңес бере алатын немесе тіпті іс жүзінде көмектесе алатын достарыңыз болса, бұл сіздің мансабыңызға оң әсерін береді. Келесі шешім қабылдағанда осыны есте сақтаңыз.

Арыстан

Уақытты достармен қызықты өткізіңіз: табиғат аясына шығыңыз, спорттық іс-шара ұйымдастырыңыз немесе дүкенге барыңыз. Жаныңызға біреуді табу қиын болса, жақын адамдарыңызды жай сөйлесуге немесе кей тақырыптарды талқылауға шақыра аласыз.

Бикеш

Бұл күні жақын достарыңызға жоспарларыңызды, армандарыңызды және күмәндарыңызды бөлісе аласыз.

Таразы

Уақыт достықпен сыналатынына, алтын отпен сыналатынына сенімдіміз. Сондықтан келіспеушіліктерді шешуде достарыңызға жұмсақ болыңыз және әлемге кең көзқараспен қарауға тырысыңыз.

Сарышаян

Бүгін үйдегі барлық ұсақ-түйек мәселелерді қойып, қарым-қатынасқа көңіл бөлуге тырысыңыз. Достар сізге көп нәрсе үйрете алады.

Мерген

Жақсы дос іздеуге көп уақыт жұмсамаңыз. Сіз бұрыннан білетін жақсы адамдар бар. Оларға жомарт болыңыз. Жаңа адамдарға құрмет көрсетіңіз.

Тауешкі

Адамдармен қарым-қатынаста жағымсыз жайттарға тап болуыңыз мүмкін. Достарыңыздың арасында шынайылық пен ашықтық туралы тақырып көтеріңіз, әйтпесе олар сіздіғ дауыс көтергеніңізді түсінбей қалуы мүмкін.

Суқұйғыш

Бүгін достармен қарым-қатынас өте үйлесімді болады, достық қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз. Бәлкім демалыс күнді көңілді өткізуге жақсы серік тауып қаларсыз.

Балықтар

Достарыңызды құшақтап, мейірімділік танытыңыз. Оларға жай ғана көңіл аударыңыз. Бұл сіздің көңіл-күйіңізді жақсартады.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Жеке өмірде де, кәсіби өмірде де абай болыңыз. Мүмкін болса, жиындарға қатысудан аулақ болыңыз.

Торпақ

Бүгін позитивті көңіл-күйде болыңыз, ашуланбаңыз. Әріптестеріңіз тапсырған іске жауапкершілікпен қараңыз: бұл қарым-қатынасты сақтауға және жанжалдың алдын алуға көмектеседі.

Егіздер

Бүгін мансапқа байланысты жаңа лауазым ұыныс жатса, қабылдамаңыз немесе бизнесіңізге үлкен инвестиция салмаңыз. Бұл әсіресе қаржылық қиындықтарға тап болсаңыз өте маңызды.

Шаян

Қызметкерлердің жұмыстан бос отыруына жол бермеңіз: жұмыс көлемін өзіңіз бөлуге тырысыңыз және әріптестеріңізді шамадан тыс бақылаудан аулақ болыңыз.

Арыстан

Жұмыста алға жылжудың басқа жолын қарастырыңыз. Команда сізді бағалайды.

Бикеш

Кәсіби салада өз дағдыларыңызды жетілдіріңіз немесе жетістікке жетуге көмектесетін жаңа және қызықты бизнес саласын табыңыз.

Таразы

Бүгіннен бастап жұмыстан кетуге асықпаңыз: сізді осы жұмысыңызда қызықты істер күтіп тұр. Жалақыңыз артуы мүмкін.

Сарышаян

Жұмыста бәрі ойдағыдай, жоспар бойынша бола бермейді, уайымдамаңыз.

Мерген

Күніңізді өзіңізді кәсіби тұрғыда дамыту жоспарын жасаудан бастаңыз, содан кейін әлсіз тұстарыңызға назар аударыңыз, біліміңіздің жетіспеуі жұмысыңызға теріс әсер етуі мүмкін.

Тауешкі

Ұйымдастыру мәселелерімен айналысыңыз: бұл сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттырады және күтпеген қателердің болуы қаупін азайтады. Мұқият болыңыз, табандылық танытыңыз.

Суқұйғыш

Жұмыстағы жағдайға қатты әсер ететін қателік жасау мүмкіндігі бар. Теріс эмоцияға берілмеңіз, жағдайға байсалдылықпен қарап, одан сабақ алуға тырысыңыз. Сіздің шешім қабылдайтын уақытыңыз жақындап қалды.

Балықтар

Бастықтармен кездесу және құжаттарға қол қою үшін тамаша күн. Бүгін сізге жұмыстағылармен қатынас орнатуға және іскерлік мәселелерде өзара түсіністікке қол жеткізуге болады.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Мүмкіндігінше, өз денсаулығыңызды кешенді тексеруді қолға алыңыз. Ол кез келген аурудың алдын алады және дертті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Торпақ

Ауыр күннен кейін өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз. Күннің соңында кориандр, зімбір, шалфей, иланг-иланг немесе мускат жаңғағы сияқты афродизиактарды тұтынуға болады. Күннің соңында тәбет проблемаларын болдырмас үшін кешкі уақытта тәттілерден аулақ болыңыз.

Егіздер

Жақын адамдарыңыздан денсаулыққа қатысты қолдау көресіз, көмектен бас тартпаңыз.

Шаян

Бүгін сіз өзіңізді аздап нашар сезінуіңіз мүмкін, оны елемеуге болмайды, дереу дәрігерге барған жөн.

Арыстан

Судағы қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз: абай болыңыз, бірақ кез келген жағдайда сіз бүгін сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие боласыз.

Бикеш

Егер денсаулығыңызға шағымыңыз болса, диета ұстаныңыз және дене жаттығуларын жасаңыз. Сіз жағдайыңыздың жақсарғанын сөзсіз сезінесіз. Спорт пен физикалық белсенділікті назардан тыс қалдырмаңыз.

Таразы

Бүгін өзіңізді жақсы сезінесіз: дұрыс тамақтаныңыз және ең болмағанда дене жаттығуларын жасаңыз.

Сарышаян

Өмір салтыңызды қайта қарауға, дұрыс тамақтану және ұйқы режимін қайта қарауға тамаша уақыт.

Мерген

Дұрыс тамақтану мен өмір салтыңызға негізделген шешім қабылдау үшін интуицияңызға сеніңіз. Шамадан тыс артық тамақтанудан аулақ болуға тырысыңыз, бұл бүгін сіздің денсаулығыңызға пайда әкелмейді.

Тауешкі

Кешке өзіңізді қалай сезінетініңізге назар аударыңыз: денсаулықтың нашарлауы ас қорыту проблемаларынан туындауы мүмкін.

Суқұйғыш

Алкоголь мөлшерін бірте-бірте азайтыңыз. Денсаулығыңыз сыр берсе, оның бірден бір себебі - ішімдік.

Балықтар

Жиі шаршау және депрессияға бейімділік бар. Осы қасиетті дұрыс пайдаланыңыз, пассивті өмір салтынан арылуға тырысыңыз. Жаттығу жасаңыз, белсенді әрекет етіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2063897-bugingi-zuldyz-zoramal-4-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel