Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктіңізді кездестіресіз: 2024 жылдың наурыз айына арналған махаббат жұлдызнамасы

Опубликовано:

Үйлену тойындағы қалыңдық пен күйеу жігіт. Көрнекі сурет
Үйлену тойындағы қалыңдық пен күйеу жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көктем - шабыт мен шаттану мезгілі. Бұл кезеңде көптеген адамның жеке өмірінде де оң өзгерістер болып жатады. Көктемнің алғашқы айы - наурызда жұлдыз белгілерінің жеке өмірі қандай болмақ? астролог Александрия Леттман болжап көрді.

Тоқтылар

Astrosage астрологиялық порталы 14 наурызға дейін басы бос Тоқтылар махаббатта үйлесімге қол жеткізге, 15 наурыздан бастап жұптар арасында келеңсіздіктер орын алуы мүмкін екенін айтады. Мұндайда жұптар шыдамдылық танытса, онда ара қатынасын сақтап қала алады екен. Отбасылы жандардың өмірінде 7 наурыздан бастап маңызды кезең басталмақ.

Торпақтар бұл кезеңде өздерін күшті, энергиясы сол әрі тартымды сезінеді. Бұған себеп Меркурийдің 26 наурыздан бастап Тоқтыға өтуі болмақ. Жұбы жоқ жандар маңайындағы адамдар тарапынан ерекше ықыласқа ие болып, солардың арасынан өз таңдауын жасайтын болады. Осылайша, өзінің тартымдылығы арқасында Тоқтылар жалғыздан біржола арылатын болады.

Торпақтар

Торпақтардың жеке өмірінде де өзгерістер болуы мүмкін, себебі олар ара қатынастағы тепе-теңдікті бұзатын маңызды шешім қабылдайтын болады. Таразыларда 25 наурыздан бастап Толған ай дәлізі орнағанда, Торпақтарға жылы ара қатынасты сақтау қиынға соғады. Ал тепе-теңдікті сақтай алған Торпақтар жеке өміріндегі қарым-қатынасын керісінше, тереңдете түседі. Сол себепті Торпақтарға табиғатта демалуға, жүзіп үйренуге және мүсін жасау өнерін игеріп алуға кеңес беріледі.

Егіздер

Indastro мерзімді басылымының хабарлауынша, Егіздер үшін көктемнің алғашқы айы түрлі оқиғаға толы болады. Олар өзін ұнататын құпия жаннан ойламаған жерден ұсыныс алады деген болжам бар. Сондықтан көп қиялға берілмей, жүрегіңіз махаббатқа ашық болсын.

Бұрыннан қарым-қатынаста болған жұптар үшін наурыз айы тыныш өтпек. Олар жұмысы мен мансабына көңіл бөліп, жеке өмірін екінші орынға қояды. Сәуір айында олардың сезімі күшейе түспек.

Теңізге қарап отырған жұп. Көрнекі сурет
Теңізге қарап отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндар

Ай Шаяндарға тыныштық пен үйлесім сыйлайды. Astrologyk астрологиялық порталының хабарлауынша, кездесіп жүрген жұптар арадағы барлық түсініспеушілікті жойып, үйлесім табады. Сондықтан оларға отбасындағы тыныштықты сақтау кеңес беріледі.

Жеке өмірде, әсіресе маусым айында дүниеге келген Шаяндар маңызды жетістікке қол жеткізеді. Ал шілде айында туғандар керісінше жағымсыз жайтқа тап болып, оның соңы жұптар арасында дау-жанжалға ұласуы мүмкін. Сол себепті, мәселені ушықтыра бермей, еңбек демалысын қайда өткізгендеріңізді алдын ала болжағандарыңыз жөн. Бұл арадағы келіспеушіліктерді жоюға көмектеседі.

Арыстандар

Рухани денсаулық платформасының негізін қалаушы әрі астролог Александрия Леттманның пікірінше, 2024 жыл бойы Арыстандар үшін белгілі бір міндеттер жылы болмақ. Наурыз айында бойдақ Арыстандар отбасын құру туралы ойланғаны абзал.

Бойдақ жандарға жеке өміріне қатысты көптеген ұсыныс түседі. Тіпті, жай таныстықтан басталған қарым-қатынастың соңы романтикалық қатынасқа ұласуы мүмкін деген болжам бар. Отбасылы Арыстандарда бәрі тұрақты болады. Олар бірлесе отырып бала, мүлік және қаржы жинау мәселелерін шешетін болады.

Бикештер

Наурыз айында Бикештер маңайындағылар үшін тартымды бола түседі, сөйтіп оларға жұмыс бойынша жаңа ұсыныс түсінуі мүмкін. Ал бұл Бикештерге жаңа достар, әріптестермен танысуға мүмкіндік береді. Сондықтан адамдарға жақсылық жасауды ұмытпаңыз, есесіне сіз сыйлық алып, ыстық ықыласқа бөленетін боласыз.

Жеке өмірде Бикештерді күтпеген тосынсыйлар күтіп тұр. Олар өзін ұнататын адамдармен кездесіп, болашақ жоспарларын талқылайтын болады. Ал бір-бірімен енді танысып жатқан жандардың арасы жақындай түседі.

Орман ішінде серуендеп жүрген жұп. Көрнекі сурет
Орман ішінде серуендеп жүрген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразылар

25 наурыздағы айдың жартылай тұтылуы Таразыларға белгілі бір міндеттерді жүктейді. Жұптың қайсысы көшбасшы екені анықталады. Сол себепті жұп бір-бірінің кемшілігін бетіне басып, заңға қатысты да бірқатар мәселе бойынша тартысып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан қарым-қатынасқа нүкте қою керек пе жоқ па деген мәселенің ара-жігін анықтап алу керек.

Басы бос Таразылар наурызда өзіне қандай адам керек екенін түсінетін болады. Тұтылу кезеңіндегі таныстықтар оңай болмайды. Сондықтан сәуір айында өз сүйіктіңізді кездестіру үшін қазіргі қарым-қатынастардан бас тартқаныңыз абзал.

Сарышаяндар

Parade ақпараттық басылымының пікірінше, соңғы жылдардағы тұтылулар Сарышаяндардың жеке өмірін қиындатқан көрінеді. Десе де биыл наурыз айында олардың өмірінде айтарлықтай өзгерістер болуы ықтимал.

Жарыңыз болғанын қалайтын жанды жазға таман кездестіруіңіз мүмкін, әзірге өзіңізді дамытуға көңіл бөлгеніңіз жөн. Ол үшін спортпен шұғылданып, гардеробыңызды жаңартыңыз, өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғалтпаңыз. Ал романтика кезеңі 25 наурыздан кейін басталады. Бұрыннан кездесіп жүрген жұп отбасын құруға шешім қабылдайды. Кейбір Сарышаяндар балалы болу туралы шешім қабылдап, жоба бастап, оны бірге жүзеге асыруы мүмкін.

Мергендер

Medium әлеуметтік басылымының мәліметінше, наурыз Мергендер үшін авантюризмге толы ай болмақ. Жеке өмірге айтарлықтай өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайтын болады. Жылдар бойы кездесіп жүрген жұп бір-біріне бауыр баса түседі. Көптеген Мерген танымал бола бастайды. Оларды өзгелер байқап, көп көңіл бөлетін болады. Жаңа таныстықтардың ауылы алыс болмайды, десе де олар жаңа қарым-қатынастың қалануына себепкер болуы мүмкін.

Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тауешкілер

Vogue сән журналының хабарлауынша, Тауешкілерді махаббатта тосынсыйлар күтіп тұр. Өзгерістер сәуір айының соңына тап келеді, ал наурыз оларға жаңа хобби табуға, достық қарым-қатынас орнатуға қолайлы кезең болмақ.

Тауешкілер наурыз айында романтикалық қарым-қатынас орнатуы мүмкін. Жеке өміріңізге ешкімнің араласпауын қаласаңыз, өзіңіз бен сүйіктіңізге көңіл бөліңіз. 25 наурызға дейін жұптар арасында ара қатынас тұрақты болады. Сол себепті бірлесе жоспар құрып, бір-біріңізге барынша қолдау көрсетіңіз.

Суқұйғыштар

Қаңтар айында туған Суқұйғыштарды романтикалық қарым-қатынас күтіп тұрса, ақпан айында туғандар күйзеліске тап болуы мүмкін. Оған жол бермес үшін жұмысыңыз бен хоббиіңізге көңіл аударыңыз.

Достармен жиі кездесіп, оқу курстарына жазылыңыз. Жұптар арасында қарым-қатынасқа қатысты дау туындап, бәрі оңымен шешілсе, бір жылға арналған жоспар құру кезеңі басталады. Сондықтан серіктесіңіздің пікіріне құлақ асыңыз. Осы арқылы сіздер ара қатынаста маңызды жетістіктерге қол жеткізетін боласыз.

Балықтар

Наурыз айында Күн мен Юпитердің тоғысуы Балықтарды тартымды ете түседі. Басы бос жандар сүйіктісін кездестіруі мүмкін. Болашақ ғашығыңызды кездейсоқ кездестіруіңіз мүмкін. Бұл ретте Балықтарға Шолпан мен Марс көмекке келетін болады. Олар жұптар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге атсалысады. Ал өз жұбымен ашық сөйлесе алатын Балықтардың басым көпшілігі өз ара қатынасын сақтап қала алады.

Наурыз айында барлық жұлдыз белгілерін махаббат пен романтикалық қарым-қатынас саласында тосын сыйлар күтіп тұр. Көпшілігі өз сүйіктісін кездестірсе, енді бірі ескі қарым-қатынаспен қоштасатын болады. Жұбыңыздың айтқанына құлақ асу арқылы жұлдыз белгілері ара қатынастағы келіспеушіліктерді шеше алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2064444-suiiktinizdi-kezdestiresiz-2024-zyldyn-nauryz-aiyna-arnalgan-maxabbat-zuldyznamasy/

pixel