Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз айына арналған жұлдыз-жорамал: көктемнің алғашқы айына арналған жұлдызнама

Опубликовано:

Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан, жаңа туған Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың тұтылуы және Күннің Балықтардан Тоқтыға ауысуы наурызды жарқын етеді. Көктемнің алғашқы айында қай белгіні сәттілік күтеді? Наурыз айына арналған жұлдыз жорамалды астролог Кайли Томас ұсынады.

Тоқты

Көктемгі күн мен түннің теңелуі (20 наурыз) және Күннің Балықтардан Тоқтыға ауысуы (21 наурыз) зодиактың от белгісіне барынша әсер етеді. Тоқтылар үшін наурыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Ол жарқын, белсенді, жылдам және батыл бола түседі. Шығармашылық күш-қуат жаңа жобаларды жүзеге асыруға итермелейді. Жұмысқа ден қою қателіктерді болдырмауға көмектеседі.

26 наурыздан бастап Меркурийдің Тоқты белгісі арқылы өтуі және көктеммен бірге пайда болатын жаңару энергиясы романтикалық шытырман оқиғаларға жол ашады. Ерлі-зайыптылар арасында үйлесімділік орнайды, ал денсаулық тамаша күйде болады.

Торпақ

Жұлдыз жорамал бойынша 2024 жылдың наурыз айында Торпақты не күтеді? Торпақ наурыздың көп бөлігін күнделікті істерге арнайды. Жұмыс мәселелерін ұжым болып шешіңіз, себебі істі жалғыз орындау сәтсіздікке әкеледі. Меркурий жұлдыз жорамалының он бірінші үйінде тұрақтап тұрған кезде, яғни 10 наурызға дейін белсенді болыңыз. Идеяларыңызды ешкімге айтпаңыз, айналаңызға бір шолып шығыңыз, сіздің жағыңызда болмайтын адамдармен араласпаңыз. 20 наурыздан кейін қаржы жағдайына назар аударыңыз.

Екінші және үшінші онкүндікте серігіңізге мұқият болыңыз. Жұптық қатынас бойынша шыдамдылық танытып, тепе-теңдікті сақтаңыз. 13-15 наурыз аралығында қомақты ақшаға зат сатып алуға барыңыз. Дәрумендер мен биологиялық қоспалар иммундық жүйені нығайтады және күш береді.

Шырын ұстаған қыз
Апельсин шырынын ұстап тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

Наурыз Егіздер үшін мансап айы болады. Жоспарлар жазыңыз, идеяларыңызға тұжырым жасап көріңіз және оларды дереу жүзеге асырыңыз, ал Тоқтыдағы Меркурий шешендігіңіз бен келіссөздер жүргізу қабілетіңізді арттырады. Қаржы уақытылы келеді, ал шығыс табыстан аспайды.

Егіздер үшін 2024 жылдың наурыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Наурызда Егіздер энергиясы мен өзіне деген сенімділігінің арқасында армандарына жақындай алады. Ай толғанға дейін денсаулығыңыз қиындық тудырмайды. Іссапарларға, кездесулерге және іскерлік іс-шараларға дайындалыңыз. Қарым-қатынаста ешқандай өзгеріс жоқ.

Шаян

Наурызда Шаяндарға арналған жұлдыз жорамал қандай болады? Наурызда жұмыс ортасы тұрақсыз, бірақ Шаяндар қаржыны бақылауда ұстай алады. Рухани және кәсіби өсуге деген ұмтылыс пайда болады. Курстарға жазылыңыз, емтихан тапсырыңыз, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз.

25 наурызда толық Ай кезінде адам көп жиналатын жерлерге бармаңыз, бұл күні жарақаттар мен суық тиюден сақ болыңыз. Маусым айында туылған Шаяндардың жұптық қарым-қатынасы керемет болады, ал шілдедегі Шаяндарға шын жүректен ашылып сөйлесу керек болады.

Арыстан

Күн мен Юпитердің үйлесімділігі, Хирон мен Венера және Уранмен Меркурий тандемі Арыстанды жарқыратады. Олар адамдардың басын біріктіріп, басқара алады. IT, ғылым және білім саласында жұмыс істейтіндерді жетістік күтеді.

Арыстан үшін 2024 жылдың наурыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Оны қажырлы еңбек арқылы қол жеткізетін мол табыс күтіп тұр. Ақша жиналмайды, барлық табыс өз рахаты үшін жұмсалып кетеді. Денсаулығыңызға, күнделікті режиміңізге және тамақтану рационыңызға мән беріңіз. Жағымды әсер қалдыратын танысу, серігіңіздің назар аударуы мен махаббатын күтіңіз.

Құшақтасқан жұп
Қыздың маңдайынан сүйген жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш

2024 жылдың наурыз айында Бикешке арналған жұлдыз жорамал қандай? Наурызда Бикешке адамдармен көбірек араласуға, кездесулерге баруға және сөзі жараспайтын адамдармен байланысын үзуге тура келеді. Астролог Кайли Томастың айтуынша, Суқұйғыштағы Венера 11 наурызға дейін қатынас бойынша еркіндікке ұмтылады және эксцентрлік тәсілдермен сүйіспеншілігін білдіреді. Бұл ерлі-зайыптылардың сезімін жандандырып, бойдақтарды кездесуге ұмтылдырады.

Күннің Балықтардағы энергиясы мансабыңызға оң әсер етеді. Жұмысыңызға білек сыбана кірісу үшін үшін жеке қалыңыз. Толық айдағы құрт (25 наурыз) наурызда басталған жобалардың алғашқы нәтижелерін көрсетеді.

Таразы

Таразылар үшін 2024 жылдың наурыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Sun Signs астрологиялық басылымының мәліметінше, Таразы белгісіндегі кәсіби мамандар мансап жолында табысқа жетеді, бірақ іссапарлардың еш пайдасы болмайды. Әріптестермен керемет қарым-қатынас орнайды. Қаржыны мақсатсыз жұмсасаңыз, қиындықтар туындайды.

Жан жарыңызды кезіктіру оңай емес. Отбасында келіспеушілік басым. Ымыраға келу ерлі-зайыпты арасының жақсаруына ықпал етеді. Денсаулығыңыз жақсы болады. Наурыз - оқу мен даму үшін қолайлы ай.

Сарышаян

Сарышаяндар мансап жолындағы жетістіктерге үміт артады, ал күнделікті өмір мен ақша жинау мәселелері кейінге қалады. Наурыз айында Сарышаянға арналған жұлдыз жорамал қандай? Олар жаңа дағдыларды меңгеріп, біліктілігін арттыруы керек. Жұмыс бойынша табысқа коммерция, ақпараттық технологиялар, электроника, инженерлік және ғылыми мамандықтар саласында жұмыс істейтіндер жетеді.

Бүйрегіңіздің саулығына мән беріп, демалсаңыз, денсаулығыңыз алаңдатпайтын болады. Жақын адамдармен кездесуге уақыт табылады. Бесінші үйдегі Күн Сарышаянның назарын балаларға бағыттайды. Ерлі-зайыптылар арасында бала сүю тақырыбы өзекті.

Қол ұстасқан ер мен әйел
Кішкентай баланың аяқ киімін ұстаған ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген

Ұжым басшысы және бизнес иесі саналатын Мергендер мансап жолында табысқа жетеді. Наурызда олардың тартымдылығы артады, ал бойдақтар жұбын табады.

Мерген үшін 2024 жылдың наурыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Отбасылы Мергендер отбасының құшағына асығады, олар жақын адамдардың ортасында өзін жайлы сезінеді. Бұған төртінші үйдегі Күн ықпал етеді. Балалар жетістіктерімен қуантады. Денсаулық пен сергектік наурыздың ауыр жүктемелеріне төтеп беруге мүмкіндік береді.

Тауешкі

Наурыз айында Тауешкіні не күтеді? Қызығушылықтың өзгеруі, ұзақ сапарлар мен саяхат Тауешкінің жұмысына оң әсер етеді. Үшінші үйдегі Күн сізді оқу мен дамуға итермелейді. 10 наурыздағы жаңа туған Айда және 25 наурыздағы толық Ай кезінде қарқынды физикалық белсенділік пен адамдар көп жиналған жерден аулақ болыңыз.

Sky Horoscope астрологиялық басылымының мәліметінше, наурыз айында Тауешкілер өзін дұрыс емес адамдар тартады деп ойлайды, ал олардың тағдыры жалғыздық дейді. Бірақ Уранның әсері ескі досының сезімін білдіруіне ықпал етеді. Ерлі-зайыптылар арасында бәрі тұрақты болады.

Суқұйғыш

Жұлдызнаманың екінші үйіндегі Күн қаржы мен жұмысқа назар аудартады. Суқұйғыштар наурыз айында ақша табу үшін бәрін жасайды. Дәрігерлер, кәсіпкерлер, қызмет көрсету саласының мамандары табысқа жетеді.

Суқұйғыштар үшін 2024 жылдың наурыз айындағы жұлдыз жорамал қандай? Күнделікті физикалық белсенділікті кестеңізге енгізіп, денсаулығыңызға мән беріңіз. Ауа райының өзгеруі белгінің күн райына тәуелді өкілдерінің денсаулығының нашарлауына әкеледі. Қаңтарда туғандарда сүйіспеншілік басым болады, ал ақпандағы Суқұйғыштар сүйікті хоббиімен айналысады.

Велосипедтегі әйел
Велосипед теуіп бара жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Наурыз айында Балықтарға арналған жұлдыз жорамал қандай болады? Наурызда барлық жеке планета Балықтар белгісінен өтеді. Сатурн жаңа шындықты, Нептун - мінсіздікті тарту етеді. 1 наурыздан бастап транзиттік Күн Юпитерге қолайлы болмақ. Бұл сізге құжаттарды зерттеуге және дайындауға көмектеседі. 11 наурыздан бастап жұлдыз жорамалының бірінші үйіндегі Венера қаржы бағытына оң әсер етеді.

10 наурызда Балықтардағы жаңа Ай, Меркурий мен Қара Ай шиеленісі қарым-қатынас пен достыққа әсер етеді. Қақтығыстардан аулақ болыңыз және жаңа танысқан адамдарға тым жақын болмаңыз. 25 наурыздағы тұтылу кезінде денсаулығыңызға назар аударыңыз, эндокринологқа барыңыз.

Наурыз маңызды астрологиялық оқиғаға толы. Астрологтар жұлдызнамаға құлақ асатындарды жағымды тосынсыйлар күтіп тұрғанан айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2064564-nauryz-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-koktemnin-algasqy-aiyna-arnalgan-zuldyznama/

pixel