Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылдың наурыз айындағы магниттік дауылдар: адамға қалай әсер етеді және қай күндері болады

Опубликовано:

Ғарыштағы түрлі планеталар. Көрнекі сурет
Ғарыштағы түрлі планеталар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көктемнің алғашқы айындағы магниттік дауылдар айдың тұтылуы салдарынан болады. Олар наурыз айында қай күндері болады және адамдарға қалай әсер етуі мүмкін? Наурыз айын магниттік дауылдар болжамына қарап жоспарлаңыз.

Магниттік дауылдардың мәні мен себебі

Жердің ғарыштық ауа райы дегеніміз — Күн мен Күн жүйесінің әсеріне байланысты Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында болатын құбылыстардың Жер планетасына ықпалы. Магниттік дауылдар — ғарыштық ауа райының белгілі факторларының бірі. Магниттік дауыл дегеніміз не? Магниттік дауыл — жердің геомагниттік өрісіндегі (магнитосфера) бұзылыстар.

NASA агенттігінің хабарлауынша, олар магнитосфераны басып, адамдарға, объектілер мен процестерге әсер ететін Күн бетіндегі жарқылдан және артынша пайда болатын күн желдерінен (иондалған бөлшектер ағындарынан) туындайды.

Магниттік дауыл денсаулыққа әсер етеді. Одан бөлек мынадай мәселелер тудыруы мүмкін:

  • Навигациялық жүйелер мен радиобайланыстың дұрыс жұмыс істемеуі.
  • Электр желілеріндегі кернеуді бақылау мәселелері.
  • Электр желілерінде авариялық ажырату жүйесін іске қосу.
  • Құрылғылар мен жүйелердің жұмысындағы ақаулар.
  • Поляр шұғыласының күшеюі немесе бұрын болмаған жерде пайда болуы.
  • Ғарыш аппараттары мен спутниктердің жұмысындағы бұзылыстар. Наурыз айында ғарыш зымыранын жасаушылар кезекті ұшыру сәтін кейінге шегерген еді.

Магниттік дауылдардың әсерін бақылау үшін ресми агенттіктер (NOAA, TESIS) жұмыс істейді. Олардың зерттеулері негізінде магниттік дауылдардың алдағы екі-үш айға арналған өзекті болжамы жасалады. Ресми агенттіктерден басқа еріктілер тобы басқаратын бельгиялық SpaceWeatherLive сияқты тәуелсіз ресурстар бар.

Магниттік дауылдар қалай пайда болады?

Магниттік дауылдардың негізгі себебі Күн белсенділігінің артуымен байланысты. Жердің магниттік сферасы (магнитосфера) планеталардың өрістерінен пайда болады және оны Күн шығаратын бөлшектерден қорғайды. Тәжді массаның жарқылы (CME) немесе жоғары жылдамдықтағы Күн ағыны біздің планетамызға жеткенде ол осы қорғанысқа түседі. Сақиналы тоқтың күшеюі және Жердің магнит өрісі кернеуінің төмендеуі байқалады.

Бұл 6-12 сағатқа созылады. Бірнеше күн ішінде кернеу қайта қалпына келеді. Күн сәулесінде неліктен алау пайда болады? Плазма мен радиацияның қатты бөлінуі көбінесе тәжді тесіктермен байланысты. Бұл Күн желінің Күннен ғарышқа шығатын зарядталған бөлшектер (протондар мен электрондар) ағындарының өтуіне мүмкіндік беретін ашық магнит өрісі сызықтарының аймақтары. Осылайша магниттік өріс сызықтары бар алып плазма бұлттары пайда болады.

Олар Жердің магнит өрісін бұзып, біршама өзгерістер әкеледі. Күн плазмасы қорғанысты қалай бұзады? Полюстер аймағында магниттік сфера ашылады. Мұнда плазманың атмосфералық газдармен өзара әрекеттесуі және поляр шұғыласы пайда болады. Бұл — атмосфераның жоғарғы қабаттарының жарқырауынан туындайтын оптикалық құбылыс.

Күннің тұтылуы. Көрнекі сурет
Күннің тұтылуы. Көрнекі сурет: pixabay.com

2024 жылдың наурыз айына арналған магниттік дауыл күнтізбесі

Зарядталған бөлшектердің шығарылуын тудыратын Күн сәулесінің жарқылы Жердің магнит өрісіне әсер етеді. Геомагниттік алаудың қуатын өлшеу үшін әлем ғалымдары мен метеорологтар мынадай көрсеткіштерді қолданады:

  • Күн алауының типтік шкаласы: A, B, C, M, X, мұның ең қуаттысы — Х.
  • Геомагниттік дауылдың қарқынын, күшін және деңгейін сипаттайтын бес балдық G шкаласы. АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық әкімшілігі (NOAA) әзірлеген.
  • Жаһандық геомагниттік белсенділік индексі немесе Kp-index (К). Ол 0-9 диапазонында ауытқиды, мұндағы 0 "өте төмен дауыл", ал 9 "экстремалдық дауыл" дегенді білдіреді.

Ғаламшар туралы Earth.com сайтының мәліметінше, қазіргі таңда біз 2019 жылы басталып, 2030 жылға дейін жалғасатын 25 циклда тұрмыз. 2024 жылдың ақпан айында болатын магниттік жарқылдар күнде болатын құбылыстарды ерекше бақылау қажеттігін және олардың космостық ауа райына қалай әсер ететінін көрсетеді.

2024 жылдың наурыз айында магниттік дауылдар қай күндері болады?

Космостық ауа райын болжау орталығының болжамынша, көктемнің алғашқы айындағы күннің белсенділігі орташа деңгейде болмақ. Десе де, 2024 жылдың ақпан айының соңында орын алған болжалды дауылдар протондық құбылыстарға (1-2 наурыз) әкеп соқтыруы мүмкін. Космостық ауа райы туралы Space Weather Live сайты ұсынған деректерге сәйкес, бұл кезеңде радиобайланыс жоғалуы мүмкін. Метеотұрақты адамдарға арналған Meteoagent мобильді қосымшасы келесідегідей болжам жасады:

  • 2 наурыз - K-Index 4 (орташа).
  • 24–26 наурыз — K-Index 3 (төмен).

Наурыздың алғашқы аптасындағы геомагниттік белсенділіктің күшеюін ғалымдар ақпан айындағы X1санатындағы екі күшті күн жарқылымен түсіндіреді. Олар сәрсенбі және бейсенбі күндері (21 және 22 ақпан) болған. Десе де ғалымдар екі оқиға арасында қандай да бір байланысты жоққы шығарса да, сол күні АҚШ бойынша барлық өңірлерде ұялы телефон мен электр энергиясының сөнуі байқалған.

Аталған дауылдардың салдары наурыздың алғашқы күндерімен тұспа-тұс келетін геомагниттік болжамға да әсер етеді. Осылайша, геодауылдар 3–4, 9–10, 15–16, 21–22 және 27–28 наурыз күндері болады деп болжануда. Болжам бойынша бұл ай ақпанмен салыстырғанда тыныш өтпек.

Жер және Ай. Көрнекі сурет
Жер және Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Наурыз айындағы магниттік дауылдардың адамдарға әсері мен оған қатысты кеңестер

Күннің белсенділігі оның 11 циклы – "күннің максималды белсенділігі" деп аталатын, ең белсенді бөлігіне қарай жақындауымен күшейе түседі. Британдық геологиялық қызмет оны полярлық шағылулардың көбеюіне орай, Аврора жылы деп атайды. Геотәуелді адамдар үшін магнитті дауылдар сынаққа толы болуы мүмкін. Сол себепті наурызда олар төмендегідей күйді кешуі ықтимал:

  • Бас ауруы, бас сақинасы, бас айналуы.
  • Ұйқының келуі, ұйқысыздық, апатия.
  • Әлденеге шамадан тыс алаңдаушылық сезім, күйзеліс.
  • Ашушаңдық пен агрессия.
  • Қан қысымының тұрақсыз болуы.
  • Жүрек ритмінің бұзылуы.
  • Дененің ауыр сезінуі, буындардың ауруы.
  • Созылмалы аурулардың асқынуы.

Мұндай жайсыз күйден шығуға оларға менталды және физикалық белсенділік көмектеседі. Ол үшін уақтылы ұйықтап, демалған жөн. Сондай-ақ жаныңызды тыныштандыратын (йога және тыныс алу тәжірибелері) техникалардың да көмегіне жүгінсеңіз болады. Сондықтан дұрыс тамақтанып, орташа физикалық белсенділікті сақтап, жиі-жиі серуендеңіз.

Серуендеп жүрген әйел. Көрнекі сурет
Серуендеп жүрген әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Наурыз айында геомагниттік жағдай тыныш әрі тұрақты болады. Сондықтан магниттік дауылдар жоспарларыңызды бұзбау үшін, айды алдын ала жоспарлағаныңыз жөн. Ол үшін, жоғарыдағы кеңестерге құлақ түруді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2064710-2024-zyldyn-nauryz-aiyndagy-magnittik-dauyldar-adamga-qalai-aser-etedi-zane-qai-kunderi-bolady/

pixel