Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 10 наурыз күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Қазір ұзақ мерзімді қарым-қатынас құруға асығуға болмайды. Қарым-қатынасыңыз жанжалға толы болуы мүмкін, қиындық тудырмас үшін одан аулақ болыңыз. Егер қарым-қатынас әлдеқашан басталып кеткен болса, өзара түсіністікке жетуге тырысыңыз. Қарым-қатынаста тәжірибе алудан қорықпаңыз, сезіміңізде шынайы болыңыз.

Торпақ

Сезіміңізді сүйіктіңізге білдіру үшін арнайы бір күнді бөліңіз. Оған қоятын барлық сұрақты алдын ала жазып дайындап алыңыз да, оған міндетті түрде жауап алыңыз.

Егіздер

Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынаста сіздерге қиындық тудыратын мәселе аз болуы мүмкін. Сүйіктіңіздің еркелігіне шыдамды болыңыз.

Шаян

Күлімсіреп жүріңіз, сезіміңізді ашық көрсетіп, серігіңізге оның сіз үшін қаншалықты қымбат екенін білдіріңіз. Сүйіктіңізді үлкен істерге шабыттандырыңыз.

Арыстан

Енді сіз сүйіктіңізге кішкентай тосын сый жасауыңыз керек. Мысалы, романтикалық кеш ұйымдастыруға немесе демалыс күндерін табиғат аясында өткізуге болады. Бұрын біиге барып көрмеген жерлерге барыңыз.

Бикеш

Бүгін сүйіктіңізге ерекше мұқият болыңыз және келіспеушілік пен жанжалдан аулақ болыңыз. Оған тосынсый жасаңыз.

Таразы

Сүйіктіңізбен флирт жасауға ыңғайлы уақыт. Бұл көңіл-күйіңізді көтереді. Өзіңізді сенімді сезінесіз.

Сарышаян

Сүйіктісіңізді енді тапқан жан болсаңыз одан не күтетініңізді айқындап алыңыз. Қалауыңызды ащық айтыңыз. Тек ашық әңгіме арқылы ғана дұрыс қарым-қатынас құруға болады.

Мерген

Ғашығыңызға ұсыныс жасамағаныңыз дұрыс, әйтпесе оның көңіл-күйі жоқ кезге тап болуыңыз мүмкін. Бұл жағдайда сіз көп нәрсе жоғалтасыз.

Тауешкі

Бүгін сіз қарым-қатынасыңызда үйлесімділік пен жайлылық сезінесіз. Өз көзқарасыңызды сүйіктіңізге дұрыс түсіндіре алғаныңызға көз жеткізесіз, өзара түсініспеушілік азаяды. Неге алаңдап тұрғаныңызды айтқызбай біледі.

Суқұйғыш

Бүгін сіз әдеттегіден көп эмоция сыйлайтын ортаға тап боласыз. Сүйіктіңізді ертіп апарыңыз, ол да сізбен бірге алға қадам жасауға дайын.

Балықтар

Бүгін жақсы жаңалыққа дайын болыңыз. Бәрін ашық айта аласыз, сондықтан сүйіктіңізбен арада түсіністік орын алады, өзара махаббат сезімі күшейеді.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Жақыныңызға өз ұстанымыңызды жеткізер уақытта шыдамды, ұстамды болыңыз. Сіздің табандылығыңыз отбасы мүшелерінің қыңырлығын жеңіп шығады.

Торпақ

Бүгін отбасыңызбен уақытты көбірек өткізіңіз: жақындарыңызға қамқор болыңыз, сонда жақындарыңыз оларға қажетті қолдауды сезінеді.

Егіздер

Отбасындағы жағдайды түзетуге тырыспаңыз, өйткені сіздің кез келген әрекетіңіз жағдайды одан да ушықтырады. Әр отбасы мүшесіне демалуға және ойлануға уақыт беріңіз. Олар бұрын шеше алмаған мәселені шешудің жолын іздеуі мүмкін.

Шаян

Егер сіздің қалаңызда Отбасы күнін тойлау дәстүрі болса, бұл ерекше оқиғаны жақын адамдарыңызбен жанды музыкамен атап өтіңіз.

Арыстан

Кішкентай баласы бар ерлі-зайыптыға үй шаруасында қолдау қажет болады, сондықтан жарыңызды қолдап, оған "алғыс күнін" беріңіз. Бұл жасаған барлық ісіміз үшін бір-бірімізге қаншалықты риза екенімізді еске салады.

Бикеш

Үзіліс жасаңыз (кафедегі кездесулер, іс-шаралар), бірақ күнтізбеңізде маңызды күнді белгілеуді ұмытпаңыз. Жоспарлаған, бірақ аяқтамаған барлық нәрседен бас тартыңыз. Жексенбіні жанұяңызбен өткізіңіз.

Таразы

Жоспарыңызда болмаса да, туыстарыңызға қаржылық қолдау көрсетуге дайын болыңыз. Туыстарыңызға тегін көмек көрсетіңіз, жақын арада олардың біреуінің көптен бергі арманын орындауға мүмкіндік аласыз.

Сарышаян

Балаңызға бүгін тәуелсіз күн сыйлап көріңіз: оны серуендеуге және басқа жерлерге апарыңыз, көңіл көтеруіне мүмкіндік беріңіз немесе оған өзі қалаған істі таңдауға мүмкіндік беріңіз.

Мерген

Үй шаруашылығына жақын болыңыз және бір-біріңізге біліміңіз бен тәжірибеңізді бөлісіңіздер: ол әрқайсыңыздың болашағыңызға пайдалы.

Тауешкі

Сіздің қажеттілігіңізді отбасыңыз, әріптестеріңіз немесе достарыңыз айқын біледі. Отбасы мүшелерінің немесе достарыңыздың қажеттіліктеріне назар аударыңыз, өзімшіл болмаңыз. Шыдамдылық танытыңыз және олардың жеке өмірін құрметтеңіз.

Суқұйғыш

Мүмкін болса, демалыс күнін отбасыңызбен өткізіңіз: велосипедпен серуендеңіз, қонаққа барыңыз - кейін бұл сәттерді еске түсіріп отырасыз.

Балықтар

Отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен тілектеріне мұқият назар аударыңыз. Бұл қолайлы атмосфераны құруға және өзара түсіністікке көмектеседі.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Сабырлы болыңыз және жақын досыңыздың айтқанын тыңдаңыз.

Торпақ

Достарыңыздан қолдау мен көмек күтіп жүрген болсаңыз, бірінші оны өзіңіз көрсетіңіз.

Егіздер

Бүгін сіз ескі достарыңызды көріп қалуыңыз мүмкін. Олармен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік бар. Жаңа достар табуды да ұмытпаңыз.

Шаян

Сіз бүгін ерекше мейірімдісіз. Қиындыққа тап болғандарға көңіл бөліңіз: қиын жағдайда қалған достарыңызға қолдау көрсетіңіз.

Арыстан

Бүгін сіздің достарыңыздың бірі бүгін жұмыста немесе үйде маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауы мүмкін, кеңес сұраса оған өз кәсіби көзқарасыңызды айтыңыз.

Бикеш

Жаңа дос табыңыз: ескі достарыңызды да қуантып қойыңыз. Сізге қамқорлық танытатын және сіздің көңіліңізді табатын адамдармен сөйлесуге уақыт бөліңіз.

Таразы

Бүгін не сезінетініңізге және қандай сезімге бой ұсынатыныңызға назар аударыңыз. Достардың өзара түсіністік пен қолдау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Сарышаян

Бүгін қарым-қатынаста түсініспеушілік туындауы мүмкін, достарыңыз бен серіктестеріңіздің барлығы сізге өз істері туралы шынайы айта бермейтінін есте ұстаңыз. Тым тұйық болмай, ашық пікір алмасыңыз, әйтпесе өзіңізге жау жасайсыз.

Мерген

Бұл күні сізде достармен немесе жолдастармен кездесуге уақыт жоқ. Жұмыс істеуге таптырмас уақыт, ештеңеге алаңдамаңыз.

Тауешкі

Достармен бірге уақытты көңілді өткізіңіз. Оларды концертке немесе ойынға шақырыңыз.

Суқұйғыш

Достармен күтпеген кездесуге дайын болыңыз. Бүгін кездесуге барғыңыз келмесе ескертіп қойыңыз.

Балықтар

Достарыңызбен әңгіме бүгін сізге пайдалы болуы мүмкін, бірақ абай болыңыз: мәселелер туралы сөз қозғамаңыз, тіпті жақын достарыңызды да ренжіп қалуы мүмкін.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Егер сіз бұрын бизнеспен айналыспаған болсаңыз немесе жаңа бизнес бастағыңыз келсе, оны бастаудың уақыты келді. Күткеніңізден де көп нәтижеге жету үшін бүгіннен бастаңыз.

Торпақ

Қиын шешім қабылдауыңыз мүмкін, сондықтан мәселенің жақсы және жаман жақтарын таразылаңыз.

Егіздер

Қызметкерлермен қарым-қатынасыңызға назар аударыңыз. Бәлкім сіз жұмыс процесінің әдістерін қайта қарауыңыз керек шығар немесе керісінше, командаңызға жаңа мүше алуыңыз керек болуы мүмкін. Басшылық тарапынан мотивация беру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Шаян

Жоспарланған жобаның маңызды құжаттарына қол қою рәсімі кейінге қалуы мүмкін. Жақын арада жұмыста жаңа ештеңе енгізбеңіз.

Арыстан

Жұмысқа шығармашылық көзқарасты қолданған жөн. Жұмыстаңы мәселелерге басқаша қарауға тырысыңыз.

Бикеш

Жұмысты бастау, кәсіби дамуды жоспарлау, келіссөздер мен сапарлар үшін қолайлы күн – олар жақсы нәтиже береді және ойыңыздан да асып түседі.

Таразы

Маңызды құжаттарды қабылдау кейінге қалады немесе жеткізушілермен проблемалар туындайды. Оған алаңдасаңыз, өз-өзіңізге шабыт беретін нәрселерге назар аударыңыз. Өнімділікті жоғары деңгейде ұстап тұру үшін сізге сырттан мотивация қажет. Өзіңізбен жұмыс жасаңыз және өзіңізге сенімді дамытыңыз.

Сарышаян

Егер қысқа мерзімде табысқа жету жолын білмесеңіз, сізге жаңа жоспар мен нұсқаулық жасау қажет болады. Жоспар бойынша жұмыс істеуге тырысыңыз, сонда сіз жетістікке жете аласыз.

Мерген

Бүгін кәсіби дағдыларды көрсетуге мүмкіндіктер артады. Жаңа жұмыс табу үшін осы дағдыны пайдаланыңыз.

Тауешкі

Шешім қабылдауда абай болыңыз: бүгін сіз үлкен үміт күтетін жұмыс жағдайында қате шешім қабылдауыңыз мүмкін. Шешім қабылдау кезінде қателікті түсіну үшін жақындарыңыз бен әріптестеріңіздің айтқанын мұқият тыңдаңыз. Егер сіз өз бетіңізше әрекет етсеңіз, қаржылық шығындар мен қателіктерге ұрынуыңыз мүмкін.

Суқұйғыш

Бүгін кәсіби тұрғыда өзіңізді дамытуға қолайлы күн. Көп адаммен таныстық жұмысыңызға көмектеседі.

Балықтар

Бүгін сіздің шығармашылығыңыз бен креативтілігіңіз жұмыстағы маңызды және шұғыл мәселелерді тез шешуге көмектеседі, жоспарларыңыздан немесе тапсырмаларыңыздан ауытқымаңыз.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Табиғат аясында болу психологиялық мәселелерден тез арылуға көмектеседі.

Торпақ

Тері мен шашыңыздың жағдайына назар аударыңыз. Оны емдеу үшін дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды көбірек тұтыныңыз. Егер сізде шаш немесе тері проблемалары болса, дерматологқа немесе трихологқа жүгініңіз.

Егіздер

Бүгінде салауатты өмір салтына қадам жасауға мүмкіндік бар. Бұл мақсатқа жету үшін күнделікті жүйелі жаттығу жасау қажет.

Шаян

Денсаулықтағы жасырын проблемаларыңызды анықтаңыз. Тұрақты жаттығулар денедегі жасырын немесе созылмалы ауруды жеңіп, жүрек және қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады.

Арыстан

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз және дұрыс тамақтану арқылы тәніңізді күтіңіз.

Бикеш

Ас қорыту жүйесіне көбірек көңіл бөліңіз. Дене пішініне пайдалы жеңіл жаттығулар жасаңыз.

Таразы

Дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз, бүгін диетаға отыруға немесе ашығуға тамаша уақыт.

Сарышаян

Тамағыңызға абай болыңыз. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Өйткені ол сіздің денеңіз бен ақыл-ойыңызды тонуста ұстауға көмектеседі.

Мерген

Бүгін сіз өз мүмкіндіктеріңіз бен жағдайыңызды асыра бағалайсыз және денсаулығыңызда қиындықтарға кезігесіз. Жыныстық және жалпы денсаулыққа әсер ететін эмоционалды және физикалық стресс алу ықтыималдығы бар.

Тауешкі

Салауатты өмір салтын ұстануға тырысыңыз: таңертеңгілік жаттығуға уақыт бөліңіз, күні бойы жаттығу жасаңыз, судың қажетті мөлшерін ішіңіз. Ас қорыту жүйесі ауруларының алдын алу үшін ас қорыту жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыс жасаңыз. Балалардың дұрыс тамақтануын қадағалаңыз, балалар рационындағы қант пен табиғи емес ингредиенттерден жасалған тағамдарды алып тастаңыз, бұл олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Суқұйғыш

Бүгін жаттығуды тыста жасаңыз: бұл сіздің эмоционалдық және физикалық хәліңізді жақсартады.

Балықтар

Бүгін денсаулығыңыздың жағдайына назар аудару, мамандардың тексеруінен өтуге тырысу керек. Жоспарланған оңалту курсына бару маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2065206-bugingi-zuldyz-zoramal-10-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel