jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді (видео)

Алматының ботаникалық бағындағы бәйшешектер
Алматының ботаникалық бағындағы бәйшешектер. Видеодан кадр: instagram/botsadkz

Алматының бас ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді. Биылғы алғашқы галантустың суреттері ботаникалық бақтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Енді көктем келді деп анық айта аламыз. Ақыры ботаникалық бақта галантус гүлдегенін көрдік. Оны бәйшешек деп те атайды. Шын мәнінде, бұл гүлдердің алғашқы өскіні қаңтардың ортасында пайда болды, бірақ суық және қалың қар олардың толық гүлдеуіне жол бермеді", - делінген желідегі жазбада.

Ботаникалық бақ мамандары бәйшешекті тамашалағысы келетіндер +7708 970 58 66 нөмірі арқылы экскурсияға жазыла алатынын ескертті.

Мамандардың айтуынша, галантустар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

"Сондықтан оларға ұқыпты қарауыңызды, көгалдар мен ашық жерлерде жүрмеуіңізді, әсіресе гүл термеуіңізді сұраймыз. Қызыл кітапқа енген өсімдік түрлерін жою айыппұлмен, тіпті үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Галантустардың сұлулығын алыстан тамашалаңыз", - дейді бақ мамандары.

Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.