Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз, Ронни және Нэнси: Ақорда Тоқаевтың тазыларын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Тоғай ішінде жүрген тазы
Тоқаевтың Наурыз атты тазысы. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаевтың баспасөз қызметі президенттің тазыларын көрсетті – қазір мемлекет басшысы үш тазы асырап отыр. Бұл жөнінде президенттің қызметі туралы ресми медиа-ресурсқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Наурыз атты тазыны мемлекет басшысына былтыр ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.

Тоғай ішінде жүрген тазы ит
Тоқаевтың Наурыз атты тазысы. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент қолына күшік ұстап тұр
Анна Захарова мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Наурыздан бөлек президенттің төрт жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазысы мен бес жасар ақшыл түсті Нэнси деген тазы иті бар.

"Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады", – дейді Тоқаевтың баспасөз қызметіндегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2068218-nauryz-ronni-zane-nensi-aqorda-toqaevtyn-tazylaryn-korsetti-foto-video/

pixel