Бүгінгі жұлдыз жорамал: 21 наурыз күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Махаббат жұлдызнамасы
Тоқты
Бүгін сүйіктіңізге мейірімді болыңыз. Ашық сөйлескен де артықтық етпейді.
Торпақ
Егер сіз шын махаббатыңызды жолықтырғыңыз келсе, сүйіктіңізбен маңызды келіссөздерге дайын болыңыз. Өзіңізді тыңдаңыз.
Егіздер
Бүгін сүйіктіңізге тосынсый жасап, қуантып қойыңыз, жабырқап жүрген болуы мүмкін.
Шаян
Бүгін сүйіктіңізбен романтикалық кеш өткізудің орайы келіп тұр, кешіңізге жанды музыкамен әр берсеңіз, өмір бойы үмытылмайтын кеш болмақ.
Арыстан
Сіздің жақсы көңіл-күйіңіз сүйіктіңізге де оң әсер ететінін ұмытпаңыз.
Бикеш
Қарым-қатынаста жанжал болып тұратыны заңдылық, тек оны қоюландырып, сүйіктіңізбен араңызға сызт түсіріп алмауға тырысыңыз.
Таразы
Психологпен сөйлесіп, бір сәт жан-дүниеңізге үңіліп, өзіңізге есеп беруді әдетке айналдырыңыз. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызға да назар аударыңыз және негативті ойларға берілмеңіз.
Сарышаян
Қазір позитивті болыңыз. Қарым-қатынаста пассивті позицияны ұстаныңыз, жанжал тудырмаңыз. Сүйіктіңізбен сөйлесуге уақыт бөліңіз, әсіресе алғаш кездескен сәттеріңізден естеліктер айтып беріңіз, бұл жайт арадағы махаббат отын маздата түседі.
Мерген
Гармония мен балансқа ұмтылатыныңыз қарым-қатынаста да көріне бастайды. Өзара теңдікті қамтамасыз етіп, компромисстерге көбірек барыңыз. Сонда ғана махаббаттағы гармонияға қол жеткізе аласыз.
Тауешкі
Әркімнің өз жолын анықтауға құқығы бар екенін қабылдаңыз. Жанжал шығармауға немесе оны ушықтырмауға тырысыңыз. Сүйіктіңіз де өз қалауы бар жеке тұлға екенін мойындайтын сәт келді.
Суқұйғыш
Бүгін сүйіктісі бар адамдар үшін ерекше күн болмақ. Күніңізге мән, мазмұн беруге тырысыңыз.
Балықтар
Отбасы жұлдызнамасы
Тоқты
Сіздің жеке қасиеттеріңіз бен көршілеріңізге қамқорлық жасау қабілетіңіз отбасыңыздағы үйлесімділікке де себепші болады.
Торпақ
Отбасы мүшелерінің денсаулығына назар аударыңыз, достарыңыз бен туыстарыңыздың кеңесін елемеңіз.
Егіздер
Барлық ауыртпалықты өзіңізге ғана артып алмай, отбасынан көмек сұрау керек екенін ұмытпаңыз, ол өзара құрметті арттыра түседі.
Шаян
Жақындарыңызға шағын сыйлық жасап, қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Арыстан
Демалыс күндерін пайдаланып отбасыңызбен туыстарды аралап, туыстық қарым-қатынасты нығайта түсетін сәт туып тұр.
Бикеш
Отбасындағы жанжалды шешкенде, әр адамды жеке тыңдап, әрқайсысына жеке көңіл бөлуге уақыт табыңыз. Бұл сәл кейінірек өз жемісін береді.
Таразы
Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз. Сізбен сирек уақыт өткізетін отбасы мүшелерімен ымыраға келіңіз. Қыдыратын жерлерді ортақ қызығушылыққа қарай таңдаңыз.
Сарышаян
Отбасылық мерекелер кезінде балаларға назар аударыңыз. Бұл олардың эмоционалдық әл-ауқатына пайдалы болады. Балаларыңыздың сізді тыңдамайтынына ренжіп жүрген болсаңыз, олармен сөйлесіңіз.
Мерген
Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Киноға барудың қажеті жоқ, театр, мұражай секілді балаңыздың рухани баюына себепші болатын мәдени орындарды таңдаңыз.
Тауешкі
Бүгін басқа жұмыстарыңызды ысыра тұрып отбасыңызға көңіл бөліп, оларды толғандырып жүрген мәселелерді тыңдап, кеңесіңізді беріңіз, қажет болса қол ұшын созыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін балаларыңызбен ойын ойнап, кітап оқып беріп, әңгімелесіп, эмоцианалды байланысты нығайта түсіңіз.
Балықтар
Отбасыңызға кеңес бермеңіз, олар сізді тыңдамауы мүмкін, әсіресе өз пікіріңізді өте эмоционалды түрде білдірсеңіз. Өз көзқарасыңызды таңа бермей, жай ғана өмірлік тәжірбиеңізді бөлісіп, қолдау көрсеткеніңіз дұрыс.
Достық жұлдызнамасы
Тоқты
Бүгін сізбен кездесуге көп адам ниет білдіреді. Бірақ солармен шынайы дос болуға дайынсыз ба?
Торпақ
Досыңыз сізді әрдайым түсініп, қолдайтынын ұмытпаңыз. Сондықтан кез келген қиналған сәтіңізде ең бірінші соған жүгінгеніңіз жөн.
Егіздер
Айналаңыздағы сіз араласып жүрген адамдардың бәрі шын дос болуға лайық па?
Шаян
Қиын кезде достарыңыз бен әріптестеріңізге сенім артыңыз, айналаңызды сізге көмектесуге дайын адамдар бар екенін, соларға сенім артуға болатынын ұмытпағайсыз.
Арыстан
Жақын достарыңызға құрмет көрсетіңіз, басына күн туған кезде қолдай біліңіз. Олар соған лайық.
Бикеш
Досыңызға сізді толғандырып жүрген ойларды ашық айтудан қашпаңыз, сізді жақын танитын адам ретінде сізге көп көмек беретіні сөзсіз.
Таразы
Басқа елде тұратын достарыңызбен сөйлесіңіз.Туған жерден жырақта жүрген достарыңызға қазір сіздің жылы сөздеріңіз, көңіл бөлгеніңіз ауадай қажет болуы мүмкін.
Сарышаян
Жақсы адамдар көп екенін ұмытпаңыз, солардың көбі сіздің нағыз досыңызға айналуы бек мүмкін.
Мерген
Достарыңыздың басын қосып, әңгіме-дүкен құрып, достығыңызды бекіте түсуге күш салғаныңыз жөн.
Тауешкі
Досыңызға жоспарларыңызды айтып көріңіз, оны талқылау барысында тың идея туып, күрмеуі қиын көрінген мәселеңіз оңай шешілуі мүмкін.
Суқұйғыш
Бүгін ұмыт бола бастаған ескі достарыңызды кездестіріп қалуыңыз мүмкін. Бұрынғы достармен қайта араласа бастауға жақсы мүмкіндік ашылады.
Балықтар
Достар бүгінгі өміріміздің маңызды көрсеткіші. Оларға көңіл бөлуге дайын болыңыз.
Мансап жұлдызнамасы
Тоқты
Жұмысыңызды өзгерту туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Ойланып көргеніңіз абзал.
Торпақ
Асығыс таңдау жасамаңыз және шешім қабылдауға асықпаңыз. Бизнесте тәуекелге барудан сақ болыңыз.
Егіздер
Кәсіби қабілетіңізді шыңдауды ойластырған жөн. Жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Шаян
Сіздің жұмыста әріптестеріңіздің бірімен жанжал тууы мүмкін. Бірақ бұл жоғары нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болмайды.
Арыстан
Әріптестер мен серіктестердің құрметіне ие болу үшін адал әрі әділ болыңыз, бірақ кәсіби қызметіңізде лайықты деңгейді сақтауға тырысыңыз.
Бикеш
Бизнес ашуды ойластырып көретін уақыт жетті. Пайдадан бұрын сүйіп істейтін ісіңізбен айналысуды ойластырыңыз.
Таразы
Мансапты жоғарылату мүмкіндігін жіберіп алмау үшін қабілетіңіз бен біліміңізге сенім артыңыз. Өзіңізді көрсетуге тырыспаңыз, сіз жұмыс істейтін ұйымға ғана емес, жеке өзіңізге де пайдалы болатын өзін-өзі тану жолын іздеңіз.
Сарышаян
Жұмыстағы қиындықтарды үйге әкелмеуге тырысыңыз және ол сіздің жалпы көңіл-күйіңізге кері әсер етпеуін қадағалаңыз.
Мерген
Сіз компанияның игілігі үшін өнімді жұмыс схемасын жылдам құра аласыз және жаңа қызықты жоба жасай аласыз. Басшылықпен сөйлескен кезде даулы мәселелерді шешу жолын ашық айтудан тартынбаңыз.
Тауешкі
Бүгін адал, ашық, турашыл болыңыз. Бұл сіздің командадағы беделіңізді нығайтуға көмектеседі.
Суқұйғыш
Сіз табысты әріптестерді кездестіресіз, олар сіздің мансап жолыңыздағы бәсекелестеріңіз болуы мүмкін. Бірақ бәсекелстік сізге кәсіби тұрғыдан жетістіктерге жетуге, шыңдалуға жол ашады.
Балықтар
Бұрын HR менеджері болуды армандаған болсаңыз, арманыңызды орындайтын сәт туды. Әлсіз және күшті жақтарыңызға назар аударыңыз және оларды пайдаға асыруды үйреніңіз.
Денсаулық жұлдызнамасы
Тоқты
Бүгін ең қарапайым, бірақ пайдалы тағамдарды ғана жеуге тырысыңыз, сонда сіз дәмді қалаусыз тағамға тәуелділігіңіз қалай төмендейтінін көресіз.
Торпақ
Егер сіз алаңдасаңыз, психотерапевтке/психологқа барып, кеңес сұраңыз. Бұл қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі.
Егіздер
Денеңізді ауыр жаттығулармен шамадан тыс жүктемеңіз. Гипотермия немесе нашар тамақтану денсаулыққа қауіп төндіретін факторлар болып табылады.
Шаян
Бүгінгі күні сауықтыру процедураларымен айналысыңыз: денені тазарту және алдын алу үшін жеңіл жаттығулар жасаңыз немесе жеңіл табиғи витаминдерді қабылдауды бастаңыз.
Арыстан
Бүгінгі күні дененің жалпы жағдайына назар аударыңыз: денсаулық алдын алуды және мұқият емдеуді талап етеді.
Бикеш
Сіздің денсаулығыңызды тексеруді және липидтердің деңгейін анықтау үшін қан тапсыруды елемеңіз.
Таразы
Физикалық және психикалық денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз: достарыңызбен серуендеу, бақшада серуендеу немесе жүгіру сіздің психикаңыз бен миыңызды толық тәртіпке келтіреді.
Сарышаян
Тамақтану сапасына көбірек назар аударыңыз, бұл ең аз қаржылық шығындармен де денені үйлесімділікке әкеледі. Белгілі бір тағамдарға құмар болмасаңыз, дұрыс, теңдестірілген диетаны қолданып көріңіз.
Мерген
Кез келген жағымсыз тәжірибелерден аулақ болыңыз. Релаксация мен медитацияны үйреніңіз.
Тауешкі
Денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңызға пайдалы болу үшін бүгін физикалық белсенділікпен айналысыңыз.
Суқұйғыш
Сіз дәрігерге барудан бас тартуға немесе тіпті бас тартуға аздап алаңдауыңыз мүмкін, бірақ денсаулығыңызды қамтамасыз ету үшін ауруыңыздың сізді жеңуіне жол бермеңіз.
Балықтар
Бүгін денсаулыққа қатысты мәселелерді шешуге қолайлы уақыт. Спорттық телебағдарламаларды көруге уақыт бөліңіз және физикалық жаттығуларға назар аударыңыз. Денсаулық барлық басқа жобалардан маңыздырақ екенін есте сақтаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2071269-bugingi-zuldyz-zoramal-21-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/