Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 27 наурыз күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Мансап жұлдызнамасы

Тоқты

Мансап сатысымен көтерілуге мүмкіндік бар. Жұмыста жетістікке жету немесе қажетті адамдармен байланыс орнату үшін креативті идеялар ұсынуға тырысыңыз. Белсенді жұмыс жасап, мүдделер қайшылығы бар жерде икемдірек болыңыз.

Торпақ

Пайдаңызды ақылмен басқара отырып, қаржылық жағдайыңызды өзгертіңіз. Азғыруларға қарсы тұруды үйреніңіз: бұл сізді қаржылық тұрақтылыққа әкеледі.

Егіздер

Компанияңыда қандай тапсырмалардың маңызды әрі шұғыл екенін анықтап алыңыз. Барлығын уақытында, дәл әрі кәсіби түрде орындау үшін барлық шараны қабылдаңыз. Бұл үшін маңызды құжаттармен жұмыс жасаған кезде мұқият болыңыз.

Шаян

Жұмыс күні жемісті болады, дегенмен көп еңбекті қажет ететін күнделікті жұмыстарды орындауға тура келеді. Бірақ нәтижесі сізді қуантары сөзсіз.

Арыстан

Бүгін жақсы интуицияның арқасында бизнес стратегияңызды жоспарлауды бастаңыз. Бәлкім, серіктестер табыла кетіп, жұмысыңыз жемісін беруі де ғажап емес.

Бикеш

Жұмысты өзгерту туралы ойланатын уақыт келді: жаңа мамандықты үйреніп көріңіз немесе басқа жерге қоныс аударуға тырысыңыз.

Таразы

Біліктілікті арттыру және өсу үшін жақсы кезең. Назарды бір іске шоғырландырып, көп нәрсеге ұмтылу кәсіби қызметте табысқа жетуге көмектеседі.

Сарышаян

Жалпы жұмыс тиімділігін арттыру үшін бүгін бірнеше кішкентай тапсырманы орындауды жоспарлаңыз. Тәуекел етуден қорықпаңыз, сіздің интеллектуалдық қабілетіңіз жақсы дамыған.

Мерген

Бүгін әріптестеріңізден немесе отбасыңыздан жоғары деңгейдегі көмек күтпеңіз. Сізден сұраған нәрсеге шыдамдылық танытыңыз және оларды тым көп жүктемеңіз. Кейінірек олардың бұған шағымдануы мүмкін.

Тауешкі

Тынымсыз еңбектің арқасында жетістіктерге қол жеткізуге болады. Егер мақсатыңызға жету үшін көп жұмыс істеуге дайын болсаңыз, нәтижесі сізді қуантып, марапатқа ие боласыз. Оқуға көбірек уақыт бөліңіз, себебі сіз білім деңгейіңізді және кәсіби дағдыларыңызды арттыра аласыз.

Суқұйғыш

Жұмыстағы қарым-қатынаста әріптестерге жаңа идеяларды ұсынуға дайын болыңыз: оның табыстылығы жобаға қосқан үлесіңізге немесе олар ұсынған идеяға байланысты болуы мүмкін.

Балықтар

Бүгін кәсіби тұрғыдан шешім қабылдауды үйрену маңызды. Бұл әлеуметтік жағдайыңызды жақсартуға және мансап жолында көтерілуге көмектеседі.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Отбасындағы эмоционалдық жағдайға назар аударыңыз. Егер түсініспеушілік орын алса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір шешу жолдарын қарастырыңыз.

Торпақ

Ата-анаңызбен сөйлесіп, олармен уақыт өткізуге тырысыңыз. Әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіздер немесе көңіл сергітіп, ойын-сауық орталығына барыңыздар. Бәлкім, баршаңызға дәл осы нәрсе жетіспей жүрген болар.

Егіздер

Отбасыңызға көңіл бөліңіз: кешті балаларыңызбен өткізіңіз және ертеңгі күннің жоспарын талқылаңыз. Отбасы мүшелері көмекке мұқтаж болса, шамаңыз келгенше көмектесуге тырысыңыз.

Шаян

Мүмкіндігінше отбасыңызбен бірге мәдени іс-шараларға барыңыз, бұл бір-біріңізді жақынырақ білуге және сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің қажет етіп жүрген нәрселері болса, оған да назар аударыңыз.

Арыстан

Отбасылық бюджетті сақтауға тырысыңыз. Егер бұл нәтиже бермесе, ренжімеңіз: бұл қалыпты жағдай, әсіресе мұндай қиындықтарға тап болғандар үшін.

Бикеш

Отбасыңызғақаншалықты қамқорлық жасайтыныңызды көрсетіңіз, барлығына құрмет танытыңыз. Жақындарыңызға шынайы жомарттық пен қамқорлық көрсетіп, ізгі ниетіңізді аямаңыз.

Таразы

Басқа жаққа қоныс аударуды қарастырып көріңіз. Туыстарыңыздан алыстап кетемін деп уайымдамай, жаңа мүмкіндіктердің барын ойлаңыз.

Сарышаян

Отбасыңызбен және жақындарыңызбен жақсы демалыңыз. Ұзақ уақыт бойы жоспарлағандай бірге уақыт өткізіңіз: отбасылық фильмге барыңыздар, серуендеңіздер немесе дәмді тамақтаныңыздар.

Мерген

Кәсіби міндеттеріңізге байланысты жұмыс істеу және отбасылық қарым-қатынасты сақтау қиынға соғуы мүмкін. Мүмкіндігінше адал болуға және жақын қарым-қатынастарды сақтауға тырысыңыз.

Тауешкі

Бұрын болған отбасылық мәселелерді іштей ой елегінен өткізіп, қазіргі кезде олар қайталанып жүрген жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір салдары туындаса, оны түзеуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Жақындарыңызбен ұрыспағаныңыз жөн, бұл тек жағымсыз эмоциялар мен жанжалға апарып соқтырады. Сондықтан ақылдылық танытып, келісімге келуге тырысқан дұрыс.

Балықтар

Отбасыңызға уақыт бөліңіз. Мүмкін сіз оларды ұзақ уақыт көрмей, сағынған шығарсыз. Сондықтан оларды қуантуға тырысыңыз.

Достық жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін досыңызбен қарым-қатынасыңыздың қаншалықты нығая түскенін сезінесіз. Сіз қиындықтарды жеңуге көмектесетін адамдардың қолдауы мен түсіністігіне ие боласыз.

Торпақ

Бүгін сізді толғандыратын мәселелер бойынша достарыңыздан кеңес сұрауға болмайды. Өзіңізге сеніңіз және уақыт беріңіз, сіз не істеу керектігін білесіз және басқа біреудің пікіріне мұқтаж емессіз.

Егіздер

Достарыңызды себепсіз қиындыққа қалдырмаңыз; есіңізде болсын, қазір олар сіздің қолдауыңызға мұқтаж. Сондықтан оларға шамаңыз келгенше көмектесуге тырысыңыз.

Шаян

Егер достық қарым-қатынасыңызды нығайтқыңыз келсе, жақын достарыңыздың басын қосып, олармен демалысқа немесе бірге саяхаттауға шығыңыз.

Арыстан

Осы күндері өзіңізді ренжітуге жол бермей, ең тартысты даулар мен жағдайларда да сабырлы және позитивті болу маңызды. Дипломатияңыз бен парасаттылығыңыздың арқасында бәрін жеңесіз.

Бикеш

Достарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Сол себепті шыдамдылық танытып, әр айтқан сөзіңізге мән беріңіз. Өз ойыңызды басқаларға таңып, сізден еш сұрамаса, кеңес беруге асықпаңыз.

Таразы

Достарыңыздың айтқанына еріп, асығыс шешім қабылдамаңыз. Қарым-қатынасыңыздың барлық аспектілерін қарастыруға тырысыңыз.

Сарышаян

Ескі достарыңызға адал болыңыз. Қарым-қатынасыңызды нығайту үшін достарыңызға деген қызғаныш пен немқұрайлылықтан арылуға тырысыңыз. Бұл тамаша бастама болмақ.

Мерген

Есіңізде болсын, достар сізді шектемейді, шабыттандырады. Бүгін досыңызбен қарым-қатынасыңыздың қаншалықты нығая түскенін сезінесіз.

Тауешкі

Әлеуметтік желілерде жаңа достар тауып көріңіз: бұл сізге пікірлес адамдар табуға көмектеседі. Бәлкім, ойларыңыз ұқсас адаммен танысып, соңы керемет достыққа ұласар.

Суқұйғыш

Егер бүгін сізге айналаңыздағылардың бәрі жаман болып көрінсе және достарыңыз жер бетіндегі ең бақытсыз адамдар сияқты көрінсе, жаңа орта іздеуге асықпаңыз. Мүмкін сіз жай ғана шаршаған шығарсыз. Жалғыз қалып, ойыңызды ретке келтіріңіз.

Балықтар

Эмоционалдық қажеттіліктеріңіз бен басқалармен достық қарым-қатынас арасында теңгерімді табу маңызды.Тыныштық пен эмоционалды тепе-теңдікті сақтаңыз.

Денсаулық жұлдызнамасы

Тоқты

Денеңізге спорт пен дұрыс тамақтану қазір маңызды екенін еске салған дұрыс. Бәлкім, қазір диетаңызға жаңа тағамдарды енгізу және денеңізге тазарту режимін қосатын уақыты келген болар.

Торпақ

Салқын сусындар немесе шөп шайларын ішу метаболизмді қалыпқа келтіруге және инсулин деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі. Сусындарды және құрамында кофеин бар сусындарды көп мөлшерде ішуден аулақ болыңыз. Кофеинсіз шөп шайларын қолданыңыз.

Егіздер

Өзіңізге шамаңыздан тыс күш түсірмеңіз және ағзаның қажеттіліктерін тыңдаңыз: демалудың және ағзаны қалпына келтірудің маңыздылығын есте ұстаңыз, денеге демалуға уақыт беріңіз және физикалық белсенділікпен асыра сілтемеңіз.

Шаян

Бүгін сауықтыру бағдарламасын бастау немесе қалаған өзгерістерге әкелетін тренинг курсын бастау үшін қолайлы күн.

Арыстан

Бүгін өзіңізді сергек сезіну үшін денеңізді жаттықтыруға уақыт бөлуіңіз керек. Бұл денсаулығыңызды қалпына келтірудің кілті болмақ.

Бикеш

Егер сізде арқа проблемалары бар деп ойласаңыз, созылу жаттығуларын жасай бастаңыз, әсіресе олар арқа бұлшықеттеріне қатысты болса, сізге пайдалысы сол болмақ.

Таразы

Иммунитетіңізге назар аударыңыз. Егер өзіңізді аздап нашар сезінсеңіз, демалуға және ұйықтауға тырысыңыз. Сізге қуат, тыныштық және әл-ауқат қажет болады.

Сарышаян

Өз денсаулығыңызды күтіңіз. Белсенді спортпен айналысыңыз және дұрыс тамақтануға назар аударыңыз. Себебі әл-ауқатыңыз тікелей соған байланысты.

Мерген

Бүгін қатты күйзелістен аулақ болуға тырысыңыз. Себебі бұл ұйқының сапасын нашарлатуы мүмкін.

Тауешкі

Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі шаршаңқылық сезімін жеңілдету үшін бұл күнді медитация жасаумен немесе жылы ванна қабылдаумен аяқтаңыз.

Суқұйғыш

Егер сіз үнемі шаршап жүрсеңіз, физикалық белсенділікке назар аударыңыз. Тұрақты жаттығулар денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңыз үшін пайдалы.

Балықтар

Жүрек және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алуға көбірек уақыт бөліңіз. Күйзелістен және қатты толқып, уайымдамаңыз. Дұрыс тамақтануды ұстанып, тұрақты жаттығу жасаңыз, йогамен айналысыңыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Жеке өміріңізде белсенді болыңыз. Егер сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдіруге әлі дайын емеспін деп ойласаңыз, керісінше, батылырақ болыңыз! Мүмкін, ол да сізді асыға күтіп жүрген болар.

Торпақ

Өткенде өзі туралы жағымды әсер қалдырмаған адаммен бүгін кездесуді жоспарламаған жөн. Жалғыз демалып, миыңызды тынықтырғаныңыз дұрыс.

Егіздер

Сүйікті адамыңыздың әрекетін бақылаңыз. Аса бір маңызы жоқ, ұсақ-түйек болып көрінген нәрселер нағыз проблемаға айналуы мүмкін.

Шаян

Егер махаббат майданында тығырыққа тірелгеніңізді сезсеңіз, өзіңізді сырт көзбен бақылап, сынап көріңіз. Бұл жіберген қателіктеріңізді түсініп, кеш болмай тұрғанда барлығын жақсартуға көмектесері анық.

Арыстан

Қарым-қатынаста табандылық пен қамқорлық көрсетіңіз, шыдамды болуға тырысыңыз. Бір-біріңізден не күтетініңізді түсініңіздер: егер бірдеңе дұрыс болмаса, жақын адамыңызға сізді не мазалап жүргенін тура айтыңыз.

Бикеш

Күннің бірінші жартысында кездесуге асықпаған жөн. Ал күннің екінші жартысында қандай да бір мерекеде немесе салтанатты іс-шарада сүйіктіңізді жолықтыру ықтималдылығы жоғары. Ал егер сүйіктіңіз бар болса, оның махаббатқа адал жан екенін естен шығармаңыз.

Таразы

Өміріңізде қиындықтар туындағандай сезінуіңіз мүмкін. Бұл кезеңнен сүйіктіңізбен бірге өтуге тырысыңыз. Бір-біріңізге деген сүйіспеншілік өте маңызды және қиын уақытта сізді қолдайтынын есте сақтаңыз.

Сарышаян

Егер сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз шырғалаңға түсіп, шешімін таппай жүрсеңіз, бірнеше айға үзіліс алыңыз. Бұл оңаша қалып, барлығын қайта дұрыстап ойлануыңызға көмектесері сөзсіз.

Мерген

Бүгін жаңа қарым-қатынас үшін тамаша күн. Әлемге ашыұ болыңыз, сонда сіз өзіңіздің нағыз махаббатыңызды таба аласыз.

Тауешкі

Бүгін отбасылық немесе романтикалық қарым-қатынаста жалғыздықты сезіну және махаббатты жоғалту қаупі бар. Отбасындағы сүйіспеншілік пен адалдықты қайтару үшін қарым-қатынас үшін күресуге немесе жаңа жұп іздеуге дайын болыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін екінші жартыңыз сізге сый-құрмет көрсетіп, сезімдеріңізге деген сеніміңіз арта түседі. Сол себепті сіз де аянып қалмай, сүйіктіңіздің романтикаға толы сәттерді барынша сезінуіне сеп болыңыз.

Балықтар

Бірге жаңа нәрсені бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Қарым-қатынаста креативті болуға тырысыңыз: майшам жағып, кешкі ас ішіңіздер немесе сауда жасаңыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2073204-bugingi-zuldyz-zoramal-27-nauryz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel