Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың "бұлбұлы": әйгілі Бибігүл Төлегенованың тағдыры, шығармашылығы және жетістіктері

Опубликовано:

Бибігүл Төлегенова
Қазақтың бұлбұлы - Бибігүл Төлегенова. Көрнекі сурет: Sputnik Қазақстан/ ИОСИФ БУДНЕВИЧ: Instagram

Бибігүл Төлегенова - қазақ өнерінде өзіндік орны бар әнші. Қазақтың бұлбұлы атанған опера әншісі, актриса әрі педагог, Социалистік еңбек ері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер ұсынамыз.

Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылық жолы

Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Әншінің әкесі скрипкада ойнаған, ал анасы әуезді үнімен ән салатын жан болған. Бибігүл Ахметқызының балалық шағы қиын кезеңдермен тұспа-тұс келді.

Әкесі Ахмет 1937 жылы репрессия құрбаны болып, атылып кетеді. Ол кезде бала Бибігүл небәрі 7 жаста еді. Ол бала болса да, 25 жасында жеті баласымен жесір қалған анасына қолқабыс етіп, бауырларына көмектесіп жүрді. Соғыс жылдарының салқыны сол заман балаларының бала болып ойнауына мұрша бермеген еді.

Әнші еңбекке өте ерте араласты. Ол 1946 жылы еңбек жолын Семейдегі ет комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастады. Кешкі мектептің 7 сыныбында оқитын бала Бибігүл аурушаң анасына көмектесіп, ет комбинатының клубына киномеханик болып орналасады. Әнді сүйетін қыздың басты мақсаты жұмыс барысында өнерге жақын жүріп, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу еді. Алайда 1945 жылы үйдегі қаржы жағдайының қиындауына байланысты ол ет комбинатының темір-қалбырлық цехына ауысады.

Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. Бибігүл Төлегенованың әншілік талантын байқап, өнер жолына түсуіне бағыт берген сол кездері Семейге жер аударылған орыс жазушысы Галина Серебрякова мен Халық әртісі Надежда Самышина еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Семейге және Қазақстанның барлық қаласына ғалымдар, әдебиетшілер, музыканттар көшірілген еді. Бибігүл Төлегенованы көркемөнерпаздар көрсетілімдерінің бірінде байқап қалған кеңес жазушысы Г. И. Серебрякова оған алғашқы музыка сабақтарын берген болатын.

1951 жылы Алматы консерваториясының студентін Қазақ радиосы солист болуға жұмысқа шақырады. Ал 1954 жылы ұстазы Н.Н. Самышинамен бірге Бүкілодақтық вокал конференциясына қатысу үшін Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург қаласы) аттанады. Бұл шара Бибігүлдің өнердегі жолын ашады.

  • Бибігүл Ахметқызы 1954 жылы Алматы мемлекеттік консераваториясын бітірген.
  • 1951-1953 жылдары Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрында еңбек етті.
  • 1956-1971 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі болды.
  • 1971 жылдан бастап Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрында еңбек етті.
  • 1979 жылдан бері Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызмет (профессор) атқарды.

Бала кезінен ән айтқан әнші (лирикалық-колоратуралық сопрано), КАЗКСР-інің (1958) және КСРО (1967) халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері (1991) атанған.

Әншінің жетістіктері

Қазақтың бұлбұлы атанған әншінің репертуарында халық әндері, Батыс Европа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Бибігүл Төлегенова концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты.

pushkinlibrary.kz ұсынған мәліметте әнші бірнеше фильм арқылы өз замандастарының образын жасап, республика, ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды.

  • Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ-қа гастрольдік сапарда болған.
  • 1957-1958 жылдары Мәскеуде өткен әншілер конкурсының лауреаты атанған.
  • КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970 жылы) және КАЗКСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1966 жылы) лауреаты.
  • 7-11 сайланған КАЗКСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Бибігүл Төлегенованың репертуарында қандай шығармалар бар? Әнші репертуарындағы Латиф Хамидидің "Қазақ вальсі", Е.Брусиловскийдің "Қос қарлығаш", М.Төлебаевтың "Еске алу" және Батыс Еуропа композиторларының шығармаларынан вальс, романс, арияларын жоғары деңгейде орындады.

Бибігүл Төлегеноваға 1968 жылы шілдеде "Семей қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2075400-qazaqtyn-bulbuly-aigili-bibigul-tolegenovanyn-tagdyry-sygarmasylygy-zane-zetistikteri/

pixel