Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай жұлдыз белгісі осы айда ғашығын табады: сәуірге арналған махаббат жұлдызнамасы

Опубликовано:

Ғашықтар. Көрнекі сурет
Ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көктемнің ортасында тұтылу дәлізі аяқталады, бірақ Меркурийдің ретросы басталады. Бұл қарым-қатынасқа әсер етеді. Астролог Сьюзан Тейлор сәуірде қай жұлдыз белгісіндегілер ғашығын табатынын айтып берді.

Тоқты

Sky Horoscope астрологиялық басылымының пікірінше, сәуір айында Тоқты энергияға толы болады және спортқа деген ынтасын сезінеді, жақын арада сыртқы келбетіндегі өзгерістерді көріп, сезінеді. Мұның бәрі өзін-өзі бағалауға және сезімге толы қарым-қатынасқа оң әсер етеді.

1 сәуірден бастап Тоқтыдағы Меркурий ретрограды тұрақты серіктестердің қарым-қатынасында тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Махаббатты іздейтін жалғыз Тоқтылар бақытты сезінеді. 13 сәуірден бастап олардың белгісіндегі күн назар аударуға көмектеседі.

Торпақ

Marie Claire әйелдер журналының пікірінше, сәуір – мақсаттарды қайта қарастыруға және жаңа ниеттерді орнатуға тамаша уақыт. Юпитер мен Уран 21 сәуірде Торпақ белгісінде тізіліп, арқасынан ауыр жүк түсіреді, сәттілік сыйлап, бақытқа жол ашады. Бұл махаббат пен серіктестікке оң әсер етеді.

Торпақтың жарқырай түсуі ықтимал серіктестердің назарын аударады. Романтикалық таныстық пен білістік үшін көптеген мүмкіндік болады. Өз қалауыңыз бен екінші жартыңыздың қажеттіліктері арасында тепе-теңдікті сақтаңыз.

Егіз

Астролог Сюзан Тейлордың айтуынша, егіз белгісіндегі Шолпан 11 сәуір мен 7 мамыр аралығында олардың еліктіргіш қасиетін күшейтеді екен. Бұл жаңа таныстыққа, флиртке, серіктеспен қарым-қатынасты дамыту және жаңарту үшін тамаша кезең.

Сәуірдің алғашқы күндерінен бастап егіз белгісіндегілер өз махаббатына жақын екенін сезінеді. Өмір бойы сезім іздейтіндер мінсіз серіктестің қасиеттерін нақты көрсетуі керек. Адамдарға ашық болыңыз және айдың екінші онкүндігінен бастап кездесулерге белсенді қатысыңыз.

Шаян

Insta Astro астрологиялық басылымының мәліметінше, Меркурий мен Шолпан шаяндардың қуатын күшейтеді, өзіне деген сенімділік береді. Ақпаннан тамызға дейін тұрақты серіктестердің қарым-қатынасы сыналады және не нәрсеге болсын оң көзқарас таныту оларды жеңуге көмектеседі.

Жағалаудағы жұп
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәуірдің бірінші жартысында басы бос шаяндар танысу мүмкіндігіне ие болады. Кейбір әлеуетті серіктестер маңызды байланыс үшін жақсы емес. Көңіліңізді түсірмеңіз, бірақ процестен ләззат алыңыз. Сәуір айының аяғына қарай бұрынғы адамдар оралады, бірақ бос сөздерге сенбеңіз.

Арыстан

Indastro астрологиялық басылымы Арыстанға ашық болуды ұсынады. Серіктесіңізді ренжітпеу үшін эгоңызды бақылауға алыңыз. Айдың басында еліктірер адамды сыйлайды. Бұл құмарлық махаббатқа айналмаса да, Арыстан сезімдерді басынан кешіреді.

1-25 сәуір аралығында қолайсыз жағдайлар қайталануы мүмкін. Сатқындыққа жол бермеңіз. Серіктесіңізге жеткілікті уақыт пен көңіл бөлуге тырысыңыз. Ауыр мәселелерді ашық талқылаңыз.

Бикеш

Medium әлеуметтік басылымы бикешке серіктеске бойындағы өзгертуге тұрарлық нәрсені айтқан кезде әдептен озбауды ұсынады. Қарым-қатынаста байсалды адам болуға тырысыңыз, өзге адаммен көңіл жарастырудан аулақ болыңыз.

Өзіңіздің тартымдылығыңызға деген сеніміңізді жоғалтпаңыз. Егер сіз бойдақ болсаңыз, күнделікті өмірде, кафеде немесе фитнес-клубта жаңа махаббатыңыз кездесуі мүмкін. Васанта Наваратри күніндегі (8 сәуір) махаббат рәсімі, Құдайдың әйелдік мерекесі тамаша серіктесті тартуға көмектеседі.

Таразы

Сәуір айында таразы бұрыннан таныс адамға ғашық болады, бірақ қарым-қатынасты бастау қиынға соғады. Басқалардың теріс пікірін жеңу және еңсеру үшін уақыт қажет. Берілмеңіз, өйткені қарым-қатынасты бақытты етуге мүмкіндігіңіз зор.

Тұрақты серіктестер арасындағы қақтығыстар жалпы өткенді ескере отырып шешіледі. Қаншалықты бақытты болғаныңызды есіңізде сақтаңыз және сол сезімдерді қайтарыңыз. 25 сәуірден кейін, Меркурийдің ретросы аяқталғаннан кейін, үлкен сауда жасаңыз, балалы болу туралы шешім қабылдаңыз.

Қол ұстасқан ғашықтар. Скриншот
Қол ұстасқан ғашықтар. Скриншот: pixabay.com

Сарышаян

Сәуір айында басы бос сарышаяндар көптен бері ұнататын адамның назарын аударуға мүмкіндік алады. Егер мұндай адам жоқ болса, танысуға ашық болыңыз, достық пен сүйкімділік танытыңыз.

Жақын адамыңызбен бірге 24 сәуірде толған айға куә болыңыз. Ваннаға, бассейнге немесе аквапаркке барыңыз. Бірлескен су процедуралары керемет релаксация мен рухани жақындасуға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бірге болған адамдар сәуір айында құпияны ашу арқылы жанын жеңілдетуге мүмкіндік алады.

Мерген

Сәуірде мерген көптеген сыннан өтеді. Тұрақты серіктестікке қызығушылық танытқандар өзін ұстай білуі керек. Беріктік сынағынан өтетін қарым-қатынас махаббат пен некені мойындаумен аяқталады.

Басы бос мергендер еркін бола түсіп, танысу мүмкіндіктері жеткілікті болады. Жаңа таныстар берік қарым-қатынасқа айналады немесе өзін-өзі бағалауды арттырады және жағымды әсер қалдырады. Меркурий ретроградында (1-25 күндері) бұрынғы серіктестердің ұсыныстарын қабылдамаңыз.

Тауешкі

Басы бос тауешкілерге сәуір айында келешегі жоқ қарым-қатынасқа түсу қаупі жоғары. Егер сіз өзара сүйіспеншілікке сенімді болмасаңыз, бұған келісім бермеңіз. Ал егер сіз сүйіспеншілік бар екенін аңғарсаңыз, мінездеріңізде айырмашылық ескеріп, өмірлік құндылықтарды салыстырыңыз. Сәйкес келетіндер күшті жұп бола алады.

Тұрақты жұптарда көзқарастар айырмашылығына байланысты қақтығыстар болуы мүмкін. Олар әсіресе сәуір айынан бастап Самватсар Кродхидің келуімен күшейе түседі. Отбасы мен махаббатты бұзбау үшін ашуды тежеңіз, кез келген істі сабырмен шешіңіз.

Суқұйғыш

Сәуірде махаббатыңызды жолықтыруға мүмкіндік бар. Жаңа танысыңыз Суқұйғыш сияқты тірі жанды әрі тәуелсіз болады. Күнделікті шаруаларыңызды тәмамдап, жаңа адаммен көңіл жарастыруға ықпал жасап көріңіз. Егер бұл ісіңіз сәтті болса, кереметтей үйлену тойына дайындала беріңіз.

Бақытты ғашық жұп. Көрнекі сурет
Бақытты ғашық жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тұрақты серіктестер толық үйлесімділік кезеңін бастан кешіреді. Балаларыңызбен және туыстарыңызбен жан жылуыңызды бөлісіңіз, ортақ іс, хоббиге көңіл бөліңіз. Ерлі-зайыптының дағдарысын бастан өткерген Суқұйғыштар оны жеңе алады, қарым-қатынасты жаңартады. Танысу мен тану үшін ең қолайлы күн – 8 сәуір.

Балық

Көктемгі күн тұтылуы балықтардың жеке қарым-қатынасына теріс әсер етеді. Олар серіктесінің дегенімен жүруге мәжбүр болады. Бұл позиция наразылықтың өршуіне әкеледі. Сезімдер туралы ойыңызда шынайы болыңыз және манипуляцияны тоқтатыңыз.

Басы бос балықтар тамаша сыңарын таба алады. Бірақ бұл үшін сіз бір жерге баруыңыз немесе көшуіңіз керек, тұрғылықты жеріңізді өзгертуіңіз керек. Танысу сайттарында уақыт өткізген және кездесуге барған адамдар өзара сүйіспеншілік пен адал байланыс түрінде нәтижеге қол жеткізуі мүмкін.

Сәуір айы сізді жеке өміріңізде қуанышқа бөлейді. Тіпті дауласып, ұрысатындар да келісімге келе алады. Жұлдыздардың кеңестеріне сүйене отырып, басы бос адамдар жұп пен көптен күткен махаббатын табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2076309-qai-zuldyz-belgisi-osy-aida-gasygyn-tabady-sauirge-arnalgan-maxabbat-zuldyznamasy/

pixel