Бүгінгі жұлдыз жорамал: 2 сәуір күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Мансап жұлдызнамасы
Тоқты
Мансапта жетістікке жету немесе қажетті адамдармен байланыс орнату үшін креативті идеялар ұсынуға тырысыңыз. Белсенді жұмыс жасап, мүдделер қайшылығы бар жерде икемдірек болыңыз.
Торпақ
Жұмыста ұқсас позициядағы адамдармен танысыңыз, олармен тез ортақ тіл табысып кетуіңіз ықтимал.
Егіздер
Мансаптық өсу жолында бюрократия мәселелері, жұмыстағы қаржылық қиындықтар деген сияқты кедергілерге тап болуыңыз мүмкін.
Шаян
Басшылықты өнімді жұмыс жасап жатқаныңызға сендіріңіз. Себебі бұл мансабыңызға оң әсер етуі мүмкін. Табысқа жету стратегиясымен жұмыс жасап, оған жеткізер нақты іс-әрекет жоспарын белгілеңіз.
Арыстан
Қателіктеріңізден сабақ алыңыз, сондықтан жеке нәтижелерге қол жеткізуге әкелетін жобалардан бас тартпаңыз. Инвестиция салып жатқан бизнесте тәуекелге бармас бұрын тәжірибе жинаған дұрыс.
Бикеш
Жұмысыңызға арнайы дәптер бастаңыз, бұл ақпаратты жүйелеуге және жұмысыңызды жақсартуға көмектеседі. Уақыт пен күш-жігерді үнемдеу үшін кәсіби көмекші шақырыңыз.
Таразы
Бүгін сізді көптеген кездесулер мен маңызды келіссөздер күтіп тұр – белсенді болып, батылдық танытыңыз. Әріптестеріңізбен және әлеуетті серіктестермен белсенді келіссөздерге дайын болыңыз.
Сарышаян
Бүгін келесі айға жоспар мен тапсырмалар тізімін құруды бастаңыз. Мұнда сіз жетістіктеріңізді жақсырақ қадағалап, өсу мүмкіндіктерін талдай аласыз. Мүмкіндігінше тырысыңыз, болашақ жұмысыңыз немесе мансабыңыз осыған байланысты болуы мүмкін.
Мерген
Теріс пікірлердің себептерін анықтауға уақыт жұмсамаңыз. Бұл жақсылыққа әкелмейді. Одан да жағдайды жылдам түзетуге тырыссаңыз, мұның жағымды жаққа қарай өзгеретінін көресіз.
Тауешкі
Бүгін мансаптың кейбір аспектілерінде: оқуда және дамуда бастама көтеруге және шеберлікті көрсетуге қолайлы уақыт. Есіңізде болсын, ең бастысы – табандылық және бастамашылық.
Суқұйғыш
Сіздің бүгінгі қаржылық балансыңызды тұрақты деп атауға болады. Бүгін жаңа табыс көздерін іздеуге немесе ақша салуға болмайды. Өзіңізге ұнайтын іспен айналыссаңыз, табысыңыз да тұрақты болады.
Балықтар
Басшыңыздан жалақыңызды көтеруді сұраңыз, себебі қазіргі жалақыңыз еңбегіңізге сәйкес келмейді. Өз бағаңызды білгеніңіз жөн.
Отбасы жұлдызнамасы
Тоқты
Қарым-қатынастағы табандылық пен шыдамдылық отбасын сақтаудың негізі болмақ. Сүйіктіңіздің сезіміне сенімді болыңыз және оған қамқорлық көрсетіңіз. Сонда қарым-қатынасыңыз жақсара түспек.
Торпақ
Өзіңізге тым көп жауапкершілік алмаңыз, жанжалдарды болдырмауға тырысыңыз және туыстарыңызбен жеке мәселелерді талқыламаңыз.
Егіздер
Бүгін отбасыңыз сіздің көмегіңізге – қаржылық қолдауға мұқтаж. Сондықтан бюджетті есептеп, оны қалай өзгерту керектігін шешіңіз. Отбасы мүшелерінің қажет етіп жүрген нәрселері болса, оған да назар аударыңыз.
Шаян
Бұған дейін болған отбасылық мәселелерді іштей ой елегінен өткізіп, қазіргі кезде олар қайталанып жүрген жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір салдары туындаса, оны түзеуге тырысыңыз.
Арыстан
Күнделікті өмір мен үй шаруалары сіздің бар уақытыңызды алады, бірақ бұл сіздің туыстарыңызға көмектесу үшін және олармен қарым-қатынас пен достық орнатуға жеткілікті болады.
Бикеш
Отбасында жағымды тосынсыйлар мен эмоциялар күтуде. Сондықтан жақын адамдарыңыздың көңілін қалдырмай, олармен бірге тамаша уақыт өткізуге тырысыңыз.
Таразы
Отбасыңызда түсініспеушілік орын алса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір шешу жолдарын қарастырыңыз. Ата-анаңызға көңіл бөліп, аға буын туыстарыңызбен араласыңыз және шынайы болудан еш қорықпаңыз.
Сарышаян
Ата-анаңызбен олардың сезімі және бауырларыңызбен қарым-қатынасыңыз туралы туралы сөйлесуге жақсы күн. Бұл сіздің олармен қарым-қатынасыңызды жақсартуға және болашақта оларға қолдау көрсетуге көмектеседі.
Мерген
Бүгін қаладан тыс жерде отбасылық демалысты жоспарлауға болады. Отбасы мүшелерін, жақын туыстарыңыздың басын қосып, керемет кеш өткізіңіз.
Тауешкі
Отбасыңызға берген бұрынғы уәделеріңізді бүгін орындаңыз. Сондай-ақ үйдегілермен уақыт өткізуге тырысыңыз. Мысалы, әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіз немесе көңіл сергітіп, ойын-сауық орталығына барыңыздар.
Суқұйғыш
Бүгін жақындарыңыздың қателесуіне кешіріммен қараңыз. Себебі, бәріміз де пендеміз, біреудің қателігін бетіне басып айта беруден гөрі көмектескеніміз әлдеқайда дұрысырақ болмақ.
Балықтар
Отбасыңызбен және достарыңызбен тіл табыса алмай жүрсеңіз, бүгін ымыраға келуге тырысыңыз. Бір мезет олардың да ойын тыңдап, түсіністік танытсаңыз, бұл даулы мәселелерді болдырмауға көмектеседі.
Достық жұлдызнамасы
Тоқты
Егер жақын достарыңызбен қарым-қатынаста адал және ашық болуға шешім қабылдасаңыз, бүгін сіз ең жақсы дос боласыз. Оларға жанашырлық пен жомарттық танытыңыз.
Торпақ
Дұрыс әрекет етуді және достарды қолдауды үйреніңіз, бұл әсіресе көшуді жоспарлаған кезде пайдалы болады.
Егіздер
Бұл күн достық пен жаңа байланыстар орнатуға қолайлы. Достарыңызды тыңдап, оларды да түсінуге тырысыңыз. Олармен қарым-қатынасыңызды жақсарту мақсатында жаңа жолдарын іздеген дұрыс.
Шаян
Бүгін Ддсыңызға құрмет көрсетіңіз. Онымен қажет кезде ғана сөйлеспей, өзіңіз іздеп, қал-жағдайын сұраңыз.
Арыстан
Жақындарыңызбен және достарыңызбен жиі араласуға тырысыңыз, тіпті кеш өткізіңіз. Елгезектік танытып, мейірімді болыңыз.
Бикеш
Бүгін достық қарым-қатынасты айтарлықтай қажет етесіз. Бұл – жаңа достармен, пікірлес адамдармен кездесуге қолайлы күн. Сондықтан өз ой-пікіріңізбен және сезіміңізбен бөлісуге ұялмай, қайта пайдалы байланыс орнатыңыз.
Таразы
Жаңа ортада әңгіме-дүкен құрудан қашқақтамаңыз, сонда достар табу да оңайырақ болмақ. Сондай-ақ өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетіп, әңгімелесіп отырған адамыңыздың айтқандарын қызығушылық танытып тыңдаңыз.
Сарышаян
Осы аптада сіз достарыңызбен кездесіп, әңгімелесуге, естеліктер жасауға немесе көңіл көтеруге уақыт бөле аласыз.
Мерген
Жақын арада сіздің эмоционалдық денсаулығыңызды жақсартуға көмектесетін және жан дүниеңізде үйлесімділік табуға мүмкіндік беретін достарыңызбен кездесу болады.
Тауешкі
Досыңызбен тыныш кеш өткізіңіз, кинотеатрға немесе кафеге барыңыз, көптен бері көргіңіз келетін фильмді көріңіз.
Суқұйғыш
Бүгін достығыңыз өз жемісін беруі мүмкін: бірге қандай да бір нәрсе ұйымдастырып көріңіздер, себебі нәтижесі жақсы болмақ.
Балықтар
Достарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Сол себепті шыдамдылық танытып, әр айтқан сөзіңізге мән беріңіз. Өз ойыңызды басқаларға таңып, сізден еш сұрамаса, кеңес беруге асықпаңыз.
Денсаулық жұлдызнамасы
Тоқты
Бүгін денсаулықты күтуге және иммундық жүйені нығайтуға тамаша күн. Вирустық ауруларға, соның ішінде тұмауға қарсы жеңіл профилактикалық вакцина алыңыз.
Торпақ
Бүгінгі күні қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болған жөн. Есіңізде болсын: бүгін сіздің денсаулығыңыз сезімтал.
Егіздер
Жүрек-қан тамырларының денсаулығына назар аударыңыз. Протеинді көбірек жеп, стресс деңгейін бақылаңыз.
Шаян
Бүгін қатты күйзелістен аулақ болуға тырысыңыз. Себебі бұл ұйқының сапасын нашарлатуы мүмкін. Демалуға уақыт бөліп, жан тыныштығын қамтамасыз етуге тырысыңыз.
Арыстан
Белсенді спортпен айналысыңыз және дұрыс тамақтануға назар аударыңыз. Себебі әл-ауқатыңыз тікелей соған байланысты.
Бикеш
Шамадан тыс дене жаттығуларын жасамаңыз, әсіресе фитнес залында жүктеменің аз болуына мән беріңіз.
Таразы
Бүгін денсаулығыңызға барынша көңіл бөліңіз, тіпті жоспалы тексеруден өту де артық етпейді.
Сарышаян
Сізге қуат беретін, денеңізге пайда әкелетін және денеңізбен байланысыңызды нығайтатын күнделікті немесе апта сайынғы жаттығуларды енгізіңіз.
Мерген
Бұл күні денсаулығыңызда оң өзгерістер болады. Егер сіз суық тию немесе басқа да аурулар туралы алаңдасаңыз, алдын алу шараларын жасаңыз.
Тауешкі
Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі шаршаңқылық сезімін жеңілдету үшін бұл күнді медитация жасаумен немесе жылы ванна қабылдаумен аяқтаңыз.
Суқұйғыш
Жалпы денсаулықты жақсарту үшін мыналарды орындау ұсынылады: үйде заттарды ретке келтіру, өзіңізге уақыт бөлу: массаж, ванна. Мүмкіндігінше стресс пен физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз.
Балықтар
Бүгін денсаулығыңызға мұқият болыңыз, бірқатар созылмалы мәселелерді шешу үшін тіс дәрігеріне немесе терапевтке барыңыз.
Махаббат жұлдызнамасы
Тоқты
Қарым-қатынасты сақтау үшін ренжи бермеңіз. Мұндайда қарым-қатынас ұзаққа созылмайды. Сондықтан барынша тырысып, сүйіктіңізге қамқорлық көрсетіңіз.
Торпақ
Махаббатта тығырыққа тірелгеніңізді сезсеңіз, өзіңізді бақылап көріңіз. Бұл жіберген қателіктеріңізді түсініп, кеш болмай тұрғанда барлығын жақсартуға көмектесері анық.
Егіздер
Бүгін ғашығыңыз жартыңыз сізге сый-құрмет көрсетіп, сезімдеріңізге деген сеніміңіз арта түседі. Сол себепті сіз де аянып қалмай, сүйіктіңіздің романтикаға толы сәттерді барынша сезінуіне сеп болыңыз.
Шаян
Жаңа күтпеген романтикалық танысулар болады. Өміріңізге жарқын эмоциялар әкелетін жаңа ғашығыңызды кездестіруіңіз мүмкін.
Арыстан
Бүгін махаббат жайында алаңдауыңыз мүмкін. Дегенмен барлығы жақсы болатынына және бұл болашақ өміріңізге әсер етпейтініне сенімді болыңыз.
Бикеш
Жеке қарым-қатынасыңызға назар аударыңыз. Сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдіруге әлі дайын емеспін деп ойласаңыз, керісінше, батылырақ болыңыз! Мүмкін, ол да сізді асыға күтіп жүрген болар.
Таразы
Барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз, себебі махаббат жолы ешқашан оңай болған емес. Қайта сүйіктіңізді кездесуге шақырып, қандай да бір мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, талқылап, ортақ шешімін табуға тырысыңыз.
Сарышаян
Ғашығыңызды әдемі сөздермен баурап аламын десеңіз, қателесесіз. Кім де болсын, сөзден гөрі іспен дәлелдеген дұрыс болады.
Мерген
Егер сүйікті адамыңыз болса, онда бүгін ол сізді романтикалық кездесуге шақыруы мүмкін. Сондықтан сіз де барынша оған көңіл бөліп, сезіміңізді арттыруға тырысыңыз.
Тауешкі
Махаббат сізге күнделікті уайымдарды ұмытуға және таңдаған адамыңызбен жайлы, романтикалық кеш өткізуге көмектеседі.
Суқұйғыш
Жаңа махаббатты кездестіруге дайын болыңыз. Бұл адам өміріңізді өзгертеді. Онымен бірге қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуге барыңызды салыңыз.
Балықтар
Сүйіктіңізбен қарым-қатынасқа назар аударыңыз. Қандай да бір даулы мәселеде сүйікті адамыңыздың не сезінетінін түсінуге тырысып, оны барынша шешуге тырысыңыз. Тіпті түсінбей жатсаңыз, мәселенің басын ашып, өзінен сұрау да артық етпейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2076516-bugingi-zuldyz-zoramal-2-sauir-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/