Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде жаңбыр жауып тұрса не болады: белгілі түс жору кітаптары бойынша болжамдар

Жарияланған күні:

Жаңбырлы түн
Қолшатыр ұстаған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамның түсіне жаңбыр жауған сәттің кіруі қандай да бір кикілжің туралы ескерту немесе жақсы табыс күтіп тұрғанын білдіруі мүмкін. Ауа райымен байланысты бұл құбылысты түсіңізде көру өмірде өзгеріс болатынын аңдатады. Ал мұның қандай өзгерістер екенін белгілі түс жору кітаптарынан іздеп көрдік.

Бұл мақаладан мынадай мәліметтерді біле аласыз:

  1. Нострадамустың түс жору кітабы бойынша түсіңізде жаңбыр көру нені білдіреді?
  2. Фрейд жаңбыр туралы түсті қалай жорыған?
  3. Ислами түс жору кітабы бойынша жаңбыр нені білдіреді?
  4. Цветковтың түсіндірмелерінде жаңбыр туралы не делінген?
  5. Түс жорушы Лофф жауын жайлы не дейді?
  6. Ванганың түс жору кітабы бойынша жаңбыр нені аңдатады?
  7. Феломеннің түс жору кітабындағы жаңбыр туралы түсіндірме қандай?
  8. Миллер жаңбыр туралы түсті қалай жориды?
  9. Юнонаның түс жору кітабы бойынша жаңбыр туралы түстің мағынасы нені білдіреді?
  10. Хассенің түс жору кітабында жаңбыр жайлы қандай түсіндірме берілген?

Нострадамустың түс жору кітабы

Нострадамустың түс жору кітабында су өмірдің, өзгерістің, қарама-қайшылықты шешудің, жаңару мен эволюцияның белгісі саналады. Ол күнәларды жуып, ұмыттырады. Мұндай түс мынадай маңызды оқиғалардың болатынынан хабар береді:

  • Түсіңізде қатты найзағай ойнап, жаңбыр жауған сәтті көру – алыстан күтпеген хабар жететінінің белгісі.
  • Өзіңізді найзағай түсетін нысана ретінде көру – кикілжің болатынын ескерту.
  • Найзағай жарқылынан кейін күн күркіреуінің естілуі мінез-құлқыңызға мән беру қажеттігін көрсетеді.

Адам неліктен түсінде қатты жауған жаңбырды көреді? Нострадамустың түс жору кітабы бойынша адам найзағай жарқылымен қатар қатты жауып жатқан жаңбырды көрсе, онда ол алға ұмтылған мықты тұлға болып саналады. Бұл бойдағы күштің оянғанының және өмірдегі кей жағдайларды жеңудің белгісі.

Жағадағы ер адам
Теңіз жағасында отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Фрейдтің түс жору кітабы

Фрейдтің жорамалы бойынша адамның түсінде күннің күркіреген сәтін көруі қандай да бір күреспен байланысты. Психоаналитик адамдар бар жан-тәнімен ұмтылатын нәрсені түсінде көреді деп сенеді. Сондықтан түсте жаңбыр көру шынайы өмірде өзіңізді тазартуға, сергітуге және жаңартуға деген ұмтылыс болса керек.

Әйел адамның түсіне неліктен жаңбыр кіреді? Бұл жүктіліктен хабар беретін түс болып саналады. Түсінде жауын астында жүргенін көрген әйел ана болуды армандайды. Ал түсінде жаңбырдан пана іздеген әйел керісінше жүкті болғысы келмейді.

Ислами түс жору кітабы

Ислами түс жору кітабында ешқандай зияны жоқ жаңбыр суы адам өміріндегі гүлденудің, мейірімділіктің және келісімнің белгісі деп есептеледі. Басқа түсіндірмелер мынадай:

  • Нөсер – қуанышты кездесулер.
  • Егінге зиянын тигізген жаңбыр жаман әрекеттерді ескертеді.
  • Жаңбыр салдарынан үйді су басу отбасындағы үйлесімділікті білдіреді.

Егер ер адам түсінде құм мен жаңбыр жауғанын көрсе, оны сыйлық күтеді, ал егер қан көрсе, бұл жолдағы қауіпті білдіреді. Әйелдердің түсінде қар мен жаңбыр көруі кедейшілікті болжайды.

Цветковтың түс жору кітабы

Жаңбырдың астында қалған сәт неліктен түске кіреді? Цветковтың түсіндірмесі бойынша ағынды су пайданы, қалаған затты алатыныңызды білдіреді. Егер өмірде ұзақ уақыт бойы жаңбыр жаумаса, найзағай туралы түс көптен күткен сыйлықты меңзейді. Түстің басқа түсіндірмесі мынадай:

  • Себелеп жауып тұрған жаңбыр – ақталу.
  • Қатты жауған жаңбыр сәтсіздікті білдіреді.

Егер адам түсінде жаңбырдың дыбысын естісе, өсектің құрбаны болады. Сонымен қатар бұл уақытты босқа өткізу, кез келген әрекеттің нәтиже бермейтінін аңғартады.

Құрбылардың әңгімесі
Әңгімелесіп отырған құрбылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Лоффтың түс жору кітабы

Лоффтың түс жору кітабына сүйенсек, жаңбыр түстегі бейнелерлің бір бөлігі болуы мүмкін. Бұл арнайы түсіндірмені қажет етпейді. Жаңбыр түстегі басты оқиғаға және көрініске айналса, бұл тыныштықты, үйлесімділікті және жемісті жұмысты немесе алаңдауға негіз болатын оқиғаларды білдіреді.

Адамның түсінде үсті-басы жаңбыр суынан шылқуы нені білдіреді? Егер түс көрген адам денесіне жаңбырдың жылы тамшылары тигенін сезінсе, оның өмірінде қолайлы кезең басталады. Егер жойқын дауылға тап болса, қиындықтардан құтылуы қиындау.

Ванганың түс жору кітабы

Ванганың айтуынша, адамның түсінде жаңбырдың қалай жауғанын көруі маңызды. Бұл өмірдегі өзгерістердің, қарама-қайшылықтарды шешудің, эволюцияның, жаңарудың немесе қиындықтардың белгісі саналады. Таза және жаңа жауған жаңбыр түс көрген адамның тағдырында бақытты сәттер болатынын білдіретін оң белгі.

Лай су – қиындықтың белгісі. Лас жаңбыр өмірдегі және адамдармен қарым-қатынастағы қиындықтарды білдіреді. Егер жаңбыр суы үйді басса, жақын арада адамның жеке басына және әлеуметтік байланыстарына әсер ететін жаңалықтар пайда болады. Жаңбырдан кейін кемпірқосақты көрсеңіз, жақсы оқиғаларды күтіңіз.

Феломеннің түс жору кітабы

Түсінде сіркіреген жаңбыр адамның маңызды шешім қабылдауы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын еместігін білдіреді. Себелеп жауған жаңбыр – қалыпты өмір сүрудің белгісі. Жаңбырдан жасырыну – кез келген жағдайдан тез жол таба білу.

Феломенның түс жору кітабы бойынша қатты жауған жаңбыр қауіпті, ауруды және бизнесті жүргізудегі қиындықтарды білдіреді. Алдағы күндерде барынша мұқият болыңыз.

Жұмыс істеп отырған ер адам
Кеңседе жұмыс істеп отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Миллердің түс жору кітабы

Миллердің түс жору кітабында адамның түсінде жаңбыр көруі мықты денсаулық пен өркендеудің белгісі саналады. Жаңбырдан қашу – мәселелерді шешуді білдірсе, аспандағы түнерген бұлт өмірдің әр түрлі жағдайына байланысты алаңдаушылықты білдіреді.

Миллер жорамалы бойынша түсінде дауыл көру бизнестегі шығындар мен іскер адамдармен қарым-қатынастағы мәселелерден хабар береді. Жеке кәсібі бар адамдар әрбір қадамын есептеп отыруы керек. Егер адам түсінде жауын-шашын көрмесе, тек жаңбыр мен күн күркіреген сәттің дауысын естісе, оның ұзаққа созылатын дертке, ұрыс-керіс пен қиындықтарға, эмоциялық қиналысқа жеткізетін кикілжіңге тап болуы ғажап емес. Аспаннан төгілген жаңбырдың мөлдір суы қуанышты, ал лай су қауіпті хабардар етеді.

Юнонаның түс жору кітабы

Юноның түс жору кітабында жаңбыр балғындық пен жаңарудың белгісі саналады. Мұндай түсті қандай да бір істің бел ортасында жүргендер және өмірде көптеген эмоцияны бастан кешіретін адамдар көреді. Жақын уақытта ол адамның өмірінде түбегейлі оң өзгерістер болады.

Қатты жауған жаңбыр, дауыл немесе нөсер ғана қолайсыз болып саналады. Мұндай түс көз жасы мен сәтсіздіктерді болжайды. Суға малыну және тоңу жақын адамға деген салқындықты білдіреді.

Түрлі-түсті гүлдер
Көктемде егілген гүлдер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хассенің түс жору кітабы

Хассенің болжамы бойынша жаңбыр тазаруды немесе адамның көп жылайтын кезеңдерін білдіреді. Өсімдіктерге тіршілік сыйлайтын жаңбыр адам өмірінің де жемісті болуы мен дамудың белгісі саналады. Күн шығып түрғанда жауған жаңбыр – жағымды өзгерістер мен қуаныштың белгісі.

Аспаннан жаңбыр төгілсе, кәсібін дөңгелетіп жүрген адамдарға соғұрлым мол пайда әкеледі. Себелеп жауған жылы жаңбыр жер өңдеумен айналысатын адамдардың өміріне тиімді әсерін береді.

Адамның түсінде жаңбыр жауған сәтті көруі өзгерістерден, қуанышты оқиғалардан хабар береді. Ал найзағай ойнаса, қиындықтар болуы мүмкін. Түсті зерттеп, әр түрлі түс жору кітаптарының түсіндірмелерін салыстырып көріңіз. Болжамдарға қарай көрген түске баға беріп, алдағы әрекеттеріңізді жүйелей аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2078807-tusinizde-zanbyr-zauyp-tursa-ne-bolady-belgili-tus-zoru-kitaptary-boiynsa-bolzamdar/