Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер арасындағы ең әдемі белгі өкілдері кім: астрологтар рейтингі

Опубликовано:

Әдемі қыздар
Көгалда демалып жатқан әдемі қыздар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Зодиак белгісі әйел затының мінезіне ғана емес, оның тартымдылығына да әсер етеді дейді астрологтар. Жұлдыздар әлемінде қай белгі өкілдері ең әдемі болып саналады? Anytime Astro астрологиялық басылымының рейтингін негізге ала отырып, сұлу белгі өкілдерін анықтап көрдік.

Балықтар

Anytime Astro астрологиялық басылымы Балықтар белгісіндегі әйелдерді зодиак шеңберіндегі ең әдемі ханымдар деп атайды. Олардың мінсіз аяғы мен баурап алатын жанары басты ерекшелік болса керек.

Балықтар сезімтал, сергек, эмоцияға жақын болады әрі әуезді үні бар. Олардың жан дүниесі жанашырлыққа толы, оған қоса сауыққой боп келеді. Бұл белгі ханымдары қолаң шашты, сымбатты болады, аяғы оқтаудай түзу, саусақтары сүйріктей. Олардың тартымдылығын сирек кездесетін сұлулық деп айтуға болады, бір жымиғаны ең қатал деген ер адамның жүрегін жібіту үшін жеткілікті.

Бикеш

Бикеш бет терісінің балғындығымен адамдарды баурап алады және жасы ұлғайса да, жас әрі тартымды болып көрінеді. Олар табанды және әрбір ісі жүйелі, өзінің күшті жақтарын көрсетіп, сыртқы келбетіндегі аз-мәз кемшіліктерін жасыруды біледі.

Бұл ханымдардың сұлулығын мұзға теңеуге болады. Шиедей ерін, әдемі көзқарасымен Бикеш өте сүйкімді көрінеді. Жәудіреген көзі мен періште жүзді бет әлпеті оларды мұңайып тұрғандай және меланхолик секілді көрсетеді. Әйелдерге арналған The Voice басылымының жазуынша, Бикеш ақыл мен сұлулық үйлесімінің үлгісі болып саналады.

Іскер әйел
Сұлу әрі іскер әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арыстан

Астролог Мэдисон Картер Арыстандарға ең әдемі ханымдар рейтингі бойынша екінші орын берді, ал Anytime Astro басылымы Арыстан белгісіндегі әйелдерді үшінші орынға қойды. Арыстан әйелдердің шашының бұйралығы әдемі және көзі ерекше тартымды, мұрын пішіні мінсіз және өте ажарлы. Арыстанның өзіне сенімді, патшаға тән мінез-құлқы бар. Ол ештеңеден қорықпайды, өзін мақтанышпен биік әрі еркін ұстайды. Көпшілік арасында да бұл ханымдар өзінің келбетімен ерекшеленеді, талғампаз киінуді және сәнді көрінуді біледі. Олардың қамқоршысы - Күн, сондықтан Арыстан әйелдер жарқырау үшін туған.

Тоқты

Тоқты ернінің сұлулығымен және қасының мінсіз пішінімен ерекшеленеді. Әдетте олардың бойы ұзын болады және дене пішіні тым әдемі. Бұл әйелдер өзінің тартымды келбетімен, темпераментімен танымал ең сүйкімді белгілердің бірі болып саналады.

Тоқты белгісіндегі әйелдер ақылды, мінезді және ер адамдармен оңай қарым-қатынас орната алады. Олар трансформацияның шебері, сұлулығын макияж арқылы әдемі көрсете біледі және қоғамда өзін әрқашан сенімді ұстайды. Мұндай әйелге ғашық болмау мүмкін емес, сондықтан Тоқты рейтингте көшбасшылар қатарында.

Таразы

Таразылардың жүзінде әдемі ойық бар, ол жымиған кезде өте тартымды көрінеді. Ведалық астрологиялық Astro Talk басылымның мәліметінше, Таразы үйлесімділіктің арқасында тартымды болып көрінеді. Венера планетасына тән сүйіспеншілік пен эстетика секілді олар сымбатымен, сыртқы және рухани сұлулық тепе-теңдігімен белгілі.

Олардың сыртқы түрі нәзік және сыпайы көрінеді: мінсіз бет пішіні, жазық маңдай, қиылған қас, өткір көзқарас пен жібектей шаш. Таразылар өте сүйкімді, бұл белгінің әйел өкілдері ер адамды еріксіз баурап алады.

Сұлу әйел
Түймедақ гүлдерінің арасында тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Торпақ

Торпақ белгісіндегі әйелдің ерні әдемі, мойнында сызығы бар. Сезімталдық пен нәзіктік - жер белгісінің ханымдарына назар аудартатын басты қасиеттер. Бұл әйелдер дәмді тағамды, әдемі киімді және сапалы жыныстық қатынасты жақсы көреді. Олардың қарапайым табиғаты мен тән ләззатына деген сүйіспеншілігі тартымдылығына да әсер етеді.

Бұл белгінің ханымдары беттегі бояуын жуып-шаймай төсекке жатпайды. Олар сыртқы келбетіне ақша аямайды, сән қуады және дене бітіміне мән береді.

Мерген

Мерген белгісіндегі әйелдің мықымы тартымды және еліктіретін күлкісі бар. Олар әдемі көзімен және қалың бұйра шашымен баурайды. Олардың сыртқы болмысы экзотикалық келбет ретінде бағаланады және бұл Мергенді тартымды етіп тұрған себептердің бірі.

Олар көбіне ұзын бойлы келеді және денесін әдемі физикалық пішінде ұстайды. Мергенді сұлулық әлеміндегі күресте төмендететін жалғыз нәрсе - тұрақсыздық. Бірде олар модельге ұқсаса, бірде хиппи қыздарға ұқсайды. Мергендерді ұнататын адам көп, олар жүректі жиі жаралайды.

Егіздер

Егіздердің қолы әдемі және бұлшықеттері мықты болады. Олардың бет-әлпеті қуыршақ тәрізді, ал өткір көзқарасын құдды періштеге балайтындар бар. Бұл белгі әйелдерінің шашы толқынды, сондықтан оларды ерекше сүйкімді етіп көрсетеді.

Ақыл мен өмірге деген сүйіспеншілік Егіздердің әрқашан позитивті болуына мүмкіндік береді. Олардың ішкі дүниесіндегі жарық, табиғи харизма, тапқырлық пен жеңіл жүруі сыртқы келбетіндегі ұсақ кемшіліктерін білдірмейді. Әр түрлі жағдайға бейімделу, даналыққа толы әңгімелер айту және интеллектін көрсету қабілеті Егіздер белгісіндегі әйелдерді жақсырақ тануға ​​деген ұмтылысты тудырады.

Спортшы әйел
Спортпен шұғылданатын әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарышаян

Сарышаян белгісіндегі әйелдің жүзі әдемі, ал оның көзі ер адамды тартатын магнит тәрізді. Бұл ханымның ажары ер адамның есін кетіреді. Сарышаяндардың жұмбақ және тартымды аурасы бар. Оның терең ойы, құштарлығы және эмоциялық деңгейде қарым-қатынас орнату қабілеті Сарышаяндарды ерекше етіп көрсетеді. Олардың магнит секілді тартатын сүйкімділігі бар, бірақ Сарышаяндар өзі елемейтін адамдарға қатал.

Сарышаян белгісіндегі әйелге көбірек жеңіл, ашық болу артық етпейді. Онымен сөйлесу оңай емес, бірақ әрқашан қызықты.

Шаян

Шаян белгісіндегі әйелдің түрі бейкүнә сәби сияқты көрінеді, сондықтан ер адамдар бұл ханымға қамқорлық көрсетіп, қорғауға дайын тұрады. Оның ұрты томпақ, көрген кезде еріксіз шымшып алғың келеді және өте сүйкімді, көзі үлкен болуы мүмкін. Оның сұлулығына бөлек баға беруге болады.

Шаян белгісіндегі әйелдің болмысы қарапайым, мінезі сабырлы. Ол жалт-жұлт еткен макияжды ұнатпайды және барлық жағынан табиғи болуға ұмтылады. Ол көп ішінде ерекшеленбейді, бейтарап реңктегі киімдерді киеді, сондықтан астрологиялық рейтингтегі басқа, батыл ханымдардан қалыс қалады.

Тауешкі

Әдемі, түзу аяқ - Тауешкі белгісіндегі әйелдің ерекшелігі. Олардың талғамы жақсы және киім мен аксессуарларды әдемі үйлестіру қабілеті бар, бірақ бұл ханымдар сыртқы түріне емес, ішкі әлеміне көбірек мән береді.

Тауешкілерге шапшаңдық, ашықтық, интимдік қарым-қатынаста еркіндік пен нәзіктік жетіспейді. Мұндай әйелдер бизнеске, мансап пен үй шаруасына тым көп көңіл бөледі. Оларға шынайылық, жылылық және қамқорлық жасау қабілеті тән. Тауешкі белгісіндегі әйелдер құлпыра түсіп, сұлулық рейтингінің шыңына көтерілу үшін өздерін жақсы көруі керек.

Сымбатты әйел
Қызыл көйлек киген сұлу әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыш

Суқұйғыш белгісіндегі әйелдер өте тартымды. Әсіресе ер адамдарды нәзік аяғы мен тобығы естен тандырады. Суқұйғыштар ақылды және еркін боп келеді. Олар үшін басқа адамдарға қандай әсер қалдыру маңызды емес. Оларды өз өмірі ғана қызықтырады, мақсаты мен арманы, жоспары көп, сән трендерін қууға, сөмкесін тырнақ бояуының түсімен сәйкестендіріп жүруге уақыты жоқ.

Мұндай сұлулар әрбір сәттен ләззат алады. Суқұйғыштардың сұлулық рейтингіндегі төменгі орын алуының бірден-бір себебі басқа адамдар үшін емес, өзі үшін өмір сүруімен байланысты болса керек.

Астрологиялық сұлулық рейтингі шартты болып саналады және жеке адамдардың тартымдылығын ашып көрсетпейді. Жақсы жақтарыңызды одан сайын тартымды ету үшін дамыта түсіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2079398-aielder-arasyndagy-en-ademi-belgi-okilderi-kim-astrologtar-reitingi/

pixel