Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылғы сәуірге жұлдыз жорамал: әр жұлдыз белгісін не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдызды аспанға қарап тұрған жігіт
Жұлдызды аспан. Көрнекі фото: Unsplash

Күннің тұтылуы, Меркурий ретросы, Юпитер мен Уранның одағы сәуірде өзгеріс әкеледі. Барлық белгі трансформациядан өтеді. Астролог Кайли Томас өз жұлдыз жорамалында өзгеріс қай салаларда болатынын айтыпты.

Тоқты

Шолпанның Тоқты белгісі бойынша транзиті назарды серіктеспен қарым-қатынас орнатуға аударуға жетелейді. Орынды іс-қимылдар мен байыпты әрекеттер қажет. Меркурийдің ретрограды 1-24 сәуірде әл-ауқат пен денсаулыққа әсер етеді. Жолда аса сақ болу керек, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексеріс қажет.

Тоқтыларға сәуір айындағы жұлдыз жорамалы қандай? Бұл белгідегілерді жұмыста және шығармашылық хобби саласында өзгерістер күтеді. Белгінің кейбір өкілдері көшеді, ал басқалары серіктестермен қарым-қатынас орнатумен айналысады. Қаржылық жағынан бәрі жақсы болады деген болжам бар.

Торпақ

Сәуір айында Торпақтарды не күтеді? Айдың бірінші жартысында Торпақ бастаған шаруасын аяқтаумен айналысады. Сәуірдің екінші жартысында ол демалып, жанға дауа іздейді. Бұған 19 сәуірден бастап күннің Торпақ белгісіне енуі ықпал етеді, бұл екпінді еңбек белсенділігінен сезім, эмоция және серіктестік саласына ойыстырады.

Қақтығыстарға түспеңіз, ымыраға келіп үйреніңіз, өзімшіл позициядан аулақ болыңыз. 8 сәуірде күн тұтылу күндерінде және 24 сәуірде ай толғанда денсаулығыңызға мұқият болыңыз.

Жұмыс
Жұмыс үстелі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіз

Егіздер өмірге, тұрмысқа және мансапқа деген көзқарасын өзгертуі керек. Белгінің барлық өкілі өз көзқарасынан өзгертуі ықтимал.

Егіздер үшін сәуір 2024 жұлдызнамасы қандай? Олар дау-дамайдан бас тартуды, дұшпанымен татуласуды және адамдарды сол қалпында қабылдауды үйренуі керек. Меркурий Ретросы иммунитетке теріс әсер етеді. Бірінші онкүндікте суық тиіп қалмасын, егер созылмалы аурулар болса, екінші және үшінші декадаларда денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Шаян

19 сәуірден бастап күн Торпақ белгісіне ауысқанда, Шаяндар ертеңгі күнге және оның қаржылық жағдайына толық сенімді бола түседі. Сәуір айында Шаян белгісіндегілерді не күтеді? Оны көптеген іскерлік және романтикалық таныстық күтеді. Іскерлік бастамалар үшін ең жақсы уақыт – 4, 11, 19 және 26 сәуір. 8 және 24 сәуірде қаржылай жағдайыңызға назар аударыңыз.

Cosmopolitan журналының пікірінше, Меркурий ретрограды басшылармен түсініспеушілікке әкеледі. Ағымдағы жобалардың егжей-тегжейін мұқият зерделеп барып, қорытындыларды 24 сәуірден кейінгі кезеңге қалдырыңыз.

Арыстан

Сәуір айында Арыстанның керемет сүйкімділігі оған мансап шыңына жол ашады. Жеке өміріне келетін болсақ, бұл белгідегілер жын тыныштығын табады. Белгінің кейбір өкілдері отбасынан тыс шытырман оқиғаларды іздей бастайды немесе тұрақты серіктес табуға ұмтылады.

Сәуір айында Арыстанға арналған жұлдыз жорамал қандай? Астролог Александрия Леттманның айтуынша, Арыстандар қоғамның кез келген саласының өкілдерімен біркелкі қарым-қатынас жасауды үйренеді. 24 сәуірде реніштерден арылуға және бақытты болуға көмектесетін күн туады.

Бикеш

Бикештің сәуір айындағы жұлдыз жорамалы қандай? Medium әлеуметтік басылымының пікірінше, сәуір Бикеш үшін жеке өсу мен күн тәртібіндегі өзгерістер айы болады. Жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі бақыт пен жағымды өзгеріс сыйлайды.

Жұмыста әріптестер мен басшылыққа проблеманы жасырмай айтыңыз, одан құтылуға көмектесіңіз. Күн тұтылу кезінде шығындарды азайтыңыз және ірі сауда жасаудан аулақ болыңыз. Оқу мен дамуға назар аударыңыз. Өміріңізде жеке қарым-қатынасыңыз тұрақты болады деген болжам бар.

Таразы

Таразылар сәуір айы сәттілік серігі болатын белгілер қатарында. Айдың екінші жартысында жұмыс бойынша ұсыныстар түседі, оларға мұқият болыңыз. Қызметтік роман немесе бұрыннан таныс адамдармен күрт жақындасу да күтілуі мүмкін. Күн тұтылу кезеңінде денсаулыққа көңіл бөліңіз. Астролог Джессика Адамстың айтуынша, сәуір айында сөмкелеріңізді жинайтын уақыт келді, өйткені Таразы мамыр айында саяхатқа шығады немесе көшіп кетуі ғажап емес.

Таразыларды сәуір айында не күтеді? Ай романтикалық көңіл-күйдің әсерімен өтеді. Астролог Кайли Томастың айтуынша, танысу үшін ең жақсы күндер: 3-4, 6-8, 19-20, 29-30 сәуір.

Сарышаян

Сарышаяндардың сәуір айы белсенді және нәтижелі болады. Кездесулер, келіссөздер және іссапарлар күтіледі. Сәуір айында Сарышаянның тағдыры қандай? Оны табысты іскерлік кезең күтеді. Кез-келген сауда тиімді болмақ, бірақ оны 24 сәуірден кейін, Меркурий тікелей қозғалысқа келген кезде жоспарлаңыз. AstroVed астрологиялық басылымының пікірінше, белгі қарыздарын қайтара алады.

Сарышаянда басы бос болса, жүрегінен орын табар адам табады. Отбасы бар сарышаян отбасы мен балаларға қамқорлық жасайды. Денсаулыққа қатысты проблема бола қоймас, бірақ тұтылу кезеңінде (8 сәуір) эмоционалды тұрақсыздық болады.

Мерген

Сәуір айында Мергендерге жұлдыз жорамал қандай болады? Stars Tell астрологиялық басылымының жазуына сенсек, 13 сәуірден кейін бұл белгідегілердің табысы өседі. 10-13 сәуір аралығында Күн, Меркурий, Шолпан және Рахудың балық белгісіндегі бірігуі мансаптық өсуге ықпал етеді. 23 сәуірден кейін Марс Балық белгісіне кіргеннен кейін жұмысты өзгертуге мүмкіндік ашылады, жаңа жұмысқа сұхбатыңыз сәтті өтеді.

Сәуірде Мергендер тұрақты серіктесінен үйлену туралы ұсыныс алады. Жалғызбасты адамдар жаңа таныстық арқылы сыңарын табуы мүмкін. Отбасылық адамдар демалуға және денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алады.

Тауешкі

Sun Signs астрологиялық басылымының пікірінше, еңбекқор Тауешкілерге ай күрделі болады, өйткені әріптестерімен және басшылығымен қарым-қатынаста үйлесім аз болады. Болашаққа деген сенімсіздік пайда болады. Бюджетті бақылау қажет.

Тауешкі үшін 2024 жылдың сәуіріне арналған жұлдыз жорамал қандай? Белгі жұмыстағы жағдайды тұрақтандырады, бірақ бұл жағдай жүйкесіне әсер етуі мүмкін. Эндокриндік жүйеге назар аударыңыз және күйзеліске түспеу үшін өзіңізді тығырыққа тірей бермеңіз. Романтикалық сала жылулық пен қолдау көрсетеді.

Суқұйғыш

Астролог Кайли Томастың айтуынша, Суқұйғыш өткенді талдап, тез арада жаңа көкжиектерге қарай асығады. Плутонның он бірінші жұлдыз белгісі бойынша жиырма жылдық транзиті артқы жағына қарай итеріледі.

Сәуір айында Суқұйғыштарды не күтіп тұр? Оны жағымды отбасылық шаруалар, жаңа таныстық пен пайдалы байланыстар күтеді. Артық ақша жұмсамасаңыз, қаржы саласында тұрақты пайда мен жинақ күтіледі. Юпитер 20 сәуірде Уранмен байланысқанда, жағымды тосынсый күтіңіз.

Жағалаудағы жұп
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балық

Балықтарға сәуір қызық әрі қарқынды жұмыс айы болады. Жаңа міндеттерді шешуге тура келеді, іскерлік сипаттағы көптеген сапар мен кездесу болады. Айдың соңғы онкүндігінде көбіміз демалысқа шығамыз.

Махаббат пен қарым-қатынас саласында Балықтарға жағымды өзгерістер бар. Ешқандай қаржылық қиындықтар күтілмейді. Егер жылы елдерде демалсаңыз, денсаулығыңыз жақсарады.

Сәуірде көптеген маңызды астрологиялық оқиға болады, бірақ қорқатын дәнеңесі жоқ. Көптеген жұлдыз белгісін қаржылық тұрақтылық пен қарым-қатынастың жақсаруын күтеді. Жұлдыз жорамалына назар аудара отырып, бір ай бақытты өмір сүріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2079533-2024-zylgy-sauirge-zuldyz-zoramal-ar-zuldyz-belgisin-ne-kutip-tur/

pixel