Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Америкада күннің толық тұтылуы байқалды: желіде видеолар жарияланды

Опубликовано:

Күннің тұтылуы
Күннің тұтылуы. Көрнекі фото: pixabay.com

8 сәуірде осы жылдағы алғашқы күн тұтылуы болды, оны Солтүстік Америка тұрғындары байқай алды. Желіде осы бір ерекше құбылыстың видеолары тарады.

РБК хабарлауынша, тұтылу Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де Мексика штаттарынан басталған, кейін оны Техас пен АҚШ-тың орталық штаттарының тұрғындары көрген.

Биыл толық тұтылуды 32 миллионға жуық адам бақылағаны белгілі болды.

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда шамамен 2,5 есе көп. Белгілі бір дәрежеде тұтылуды Америка Құрама Штаттарының әрбір штатында, сондай-ақ Мексиканың кейбір солтүстік-батыс аймақтарында және Канаданың оңтүстік-шығысында көруге мүмкіндік болды, деп жазады басылым.

Euronews басылымының хабарлауынша, тұтылу төрт минутқа жуық уақытқа созылған – ай Күнді толығымен жауып, аспанды қараңғылық басты. Мұндай кезде аспанға көру қабілетіне зақым келтірмеу үшін арнайы қорғаныс көзілдірігімен қарау керек.

Басылымның мәліметінше, тұтылудың жекелеген фазаларын Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Орталық Америкада және Батыс Еуропада тұратындар да көре алған.

Келесі толық тұтылу 2026 жылғы 12 тамызда болады, ол солтүстік жарты шардың бір бөлігін қамтиды деп болжанып отыр.

Тұтылудың ғарыштан қалай көрінетінін NASA мамандары көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2081249-soltustik-amerikada-kunnin-tolyq-tutyluy-baiqaldy-zelide-videolar-zariyalandy/

pixel