Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңде жалаңаш адам көрсең не болады: танымал түс жорушылардың пайымдаулары

Опубликовано:

Ұйықтап жатқан әйел
Ұйықтап жатқан әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Түске жалаңаш адам кірсе, адам ыңғайсызданып, таңданады, қауіп-қатерден күмәнданады. Мұндай түс көбінесе жаман белгі ретінде қабылданып жатады. Шым мәнінде солай ма? Ендеше танымал түс жорушылардың осы тұрғыдағы тұжырымдарына тоқталып көрейік.

Бұл материалдан оқитыныңыз:

  • Нострадамус жалаңаш адам туралы түстің мәнін қалай ашқан.
  • Ванга жалаңаш адам туралы түсті қалай түсіндірген.
  • Исламдық түс жору кітабында жалаңаш адам туралы не айтылған.
  • Лофф жалаңаш адам туралы түсті қалай жорыған.
  • Юнонның пайымдауынша, түске кірген жалаңаш адам нені білдіреді.
  • Феломен түстегі киімсіз адам туралы не дейді.
  • Цветковтың түс жоруы.
  • Миллердің түс жору кітабында жалаңаш адам туралы не айтылған.
  • Хассе мұндай түсті қалай жорыған.
  • Фрейд жалаңаш адам туралы түс нені білдіретінін қалай түсіндірген

Нострадамустың жоруы

Неге түске жалаңаш ер адам кіреді? Нострадамустың түсіндіруінше, қапалы жалаңаш адам мүліктен, ақшадан не жақын адамнан айырылуды білдіреді. Егер түске кірген адамнан оң энергия сезілсе:

  • Жалаңаш ағасы – үйлену тойға шақырту.
  • Жағымды жас бейтаныс – сәттілік.
  • Жалаңаш қария – қоғамда сый-құрметке бөлену.

Марқұм болған жалаңаш адам психикалық және физикалық тұрғыдан қатты шаршаған адамның түсіне кіреді. Ол уайымдауды қойып, үзіліс жасап, демалуы керек.

Қыз
Компьютер алдында отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Ванганың жоруы

Ванга түсіндірмелерінде жалаңаш адам рулық байланыстың маңыздылығын еске салады. Егер түске жалаңаш бейтаныс адам кірсе, ата-ананың, аға-бауырдың, әпке-қарындастың, алыс-жақын туыстың қал-жағдайын білетін сәттің келгені. Әйелдер мына кеңестерді ескеруі керек:

  • Сымбатты жалаңаш ер адам – отбасыks адаммен жақын қарым-қатынаста қиындықтар туады.
  • Жалаңаш кедей – жағымсыз жайттар.
  • Жалаңаш күйеу – интимдік өмірге қанағаттанбау.

Егер түсте адам тыр жалаңаш шешінетін болса, бұл аурудан хабардар етеді.

Исламдағы түс жору

Түсінде өзіңізді жалаңаш көрсең не болады? Егер адам түсінде өзін жалаңаш көрсе, ол маңызды істе сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай түсті әйел көрсе, ажырасып кетуі мүмкін екенін білдіреді.

Ежелгі исламдық түс жору кітабында былай делінген: егер ер адам түсінде киімсіз әдемі, еліктірерлік қызды көрген болса, бұл барлық салада керемет жетістікке жетеді деген сөз. Жасы келген әйелдің түсінде жалаңаш ер адамды көрсе, ақшасы көбеюі, саяхаттауы не жаңа адамдармен танысуы мүмкін.

Бума ақша
Бума ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Лоффтың жоруы

Психотерапевт Лоффтың жоруынша, тыр жалаңаш адамдар кіретін түстер адамның өз-өзін тежеп жүргенін білдіреді. Мұндай түс жан дүниесінде асау сезім буырқанып жатса да, адам өзін ұстап, әдептен озбауға тырысатынын білдіреді.

Лоффтың түс жору кітабында басқа да тұжырымдар кездеседі:

  • Әйелдер үшін жалаңаш ер адам – маңызды жаңалық.
  • Ер адам үшін жалаңаш әйел – мәселесін басқалардан жасырып қалуға тырысу

Егер түске шаршап, қиналып жүрген жалаңаш адам кірсе, онда түс көруші адам шынайы бет-бейнесін жасырады деген сөз. Ол өзінің әлсіздігінен қорқады.

Юнонның жоруы

Юнонның жоруы бойынша, жалаңаш адам туралы түс алданып қалу қаупін білдіреді. Бұған қоса мынандай пайымдар бар:

  • Көп жалаңаш қыз – өсек-аяңға ұшырау.
  • Жалаңаш кемпір – құпияның ашылуы.

Егер ер адамның түсіне жалаңаш сұлу кірсе, өңінде жолы болып, қуанышқа бөленеді.

Феломеннің жоруы

Феломен жалаңаш адам туралы түстерді қорғансыздық пен қорқыныштың көрінісі ретінде түсіндіреді. Оның пайымдауынша, мұндай түстер адамдармен қарым-қатынастардағы қиындықтарды, қаржылық қиындықтарды, отбасы мен жұмыстағы жайсыздықтарды меңзейді.

Айнаға қарап тұрған әйел
Айнаға қарап тұрған әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Адам түсінде айнаға жалаңаш қарап тұрса, өңінде жақындарымен жанжалдасып қалуы мүмкін.. Егер адам түсінде жалаңаш адамнан қашса, қиындықтарға тап болады. Оны еңсеру үшін белді бекем буып, жеңіп шығуға талпыну керек.

Цветковтың жоруы

Түске сүйіктіңіз жалаңаш күйде кірсе не болады? Түсте онымен сүйіскен болса, өңінде ақшасы көбейеді, егер бірге душ қабылдаса, жағымды сыйлықтар алады. Егер әйелі түсінде күйеуін жалаңаш күйде көрсе, өңінде күйеуі тосынсый жасауы мүмкін.

Цветковтың жоруынша, түсіңде киіммен тұрған адамдар арасында өзіңді жалаңаш күйде көрсең, бұл қорғансыздың күйін кешіп жүргеніңді білдіреді. Ұйықтап жатқан адам ұялғанынан беті қызарып кеткенін сезсе, ол шынайы өмірде тым ұялшақ және өз бойындағы табысқа жетуге қажет қасиеттерді басып тастап жүргені.

Миллердің жоруы

Миллердің түсіндіруінше, түс көруші адамды түсінде жалаңаш күйдегі бейтаныс адам шошытқан болса, ол ескерту деп саналады. Ұйқыдағы адам бір нәрседен қорқып жүргені.

Басқа түсіндірмелері:

  • Өзіңді жалаңаш көру – жанжал.
  • Бір топ жалаңаш адам көру – қастық.
  • Өз-өзіне тамсанып тұрған жалаңаш әйел – зор сәттілік.

Хассенің жоруы

Хассенің жоруынша, түсіңде жалаңаш балалар судың жанында ойнап жүрсе, жақсы нышан деген сөз. Бұлтүс көрушінің күш-қуатының зор екенін, денсаулығы мықты екенін білдіреді. Егер түске жалаңаш ер адам кірсе, өңінде түс көруші адам өзінің кесірінен абыройсыздыққа ұышрауы мүмкін.

Мұндай түсті тұрмыстағы әйел көрсе, жақсылықтың белгісі саланады. Мисс Хассенің тұжырымдауынша, егер әйел түсінде сүйікті жарын жалаңаш күйде көрсе, алдағы өмірі жайлы, бай-қуатты болады деген сөз.

Фрейдтің жоруы

Фрейдтің түс жору кітабында түсінде жалаңаш адамдар емін-еркін әңгіме-дүкен құрып, демалып жүрсе, бұл түс көрушінің еркін екенін немесе ішкі еркіндікті қажет ететінін білдіреді.

Басқа түсіндірулер:

  • Ер адамдар үшін түсінде өзін жалаңаш көру – мансап жолында өсудің белгісі.
  • Әйел үшін түсінде өзін жалаңаш көру – сүйіктісін кездестіретінін білдіреді.
Жігіт қыздың маңдайынан иіскеп тұр
Жігіт қыздың маңдайынан иіскеп тұр. Көрнекі фото: pixabay.com

Ислам дінінде түсті жорытуда өте сақ болу қажет екені айтылады. Хадисте: "Түс жорылғандай болады, бұның мысалы: бір аяғын көріп, қашан қоярын тосып отырған адам секілді, сондықтан біреулерің түс көрсе, тек жанашыр немесе ғалым адамға айтсын", делінгенін ескерген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2082638-tusinde-zalanas-adam-korsen-ne-bolady-tanymal-tus-zorusylardyn-paiymdaulary/

pixel