Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның сізге деген сезімі суығанын қайдан білеміз: маңызды 8 белгі

Опубликовано:

Ер мен әйел
Ер азаматын құшақтаған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұп арасындағы қатынаста сырттай бәрі жақсы болып көрінуі мүмкін, бірақ кей әйелдер ер азаматының оған деген қызығушылығы басылғанын сезеді. Психологиялық басылымдар мұның шын мәнінде қалай болатынын тізіп берді.

Ер мен әйел арасындағы махаббаттың қандай екені тек жыныстық қатынас арқылы анықталмайды. Дегенмен ер адамның алыстауы әйелді бей-жай қалдырмауы керек және бұл жөнінде ерімен ашық сөйлескені абзал. Бұл арадағы жылулықты және бір-біріне деген құмарлықты сақтау үшін қажет.

Жыныстық қатынастың аз болуы немесе мүлдем болмауы

Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық белсенділік екі жастың алғаш қосылған кездері және үйлену тойынан кейінгі бірнеше жыл ішінде жоғары болады. Бұл гормоналдық серпіліс пен қарым-қатынастағы құмарлыққа байланысты. Күнделікті күйбең тірлік, балалардың дүниеге келуі, жұмыс және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріс болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, 25 пен 34 жас аралығында ерлердің жыныстық белсенділігі төмендейді. Алайда мұндай жағдай бірте-бірте емес, кенеттен бола қалса, онда жыныстық қаытынастың болмауын құмарлықтың табиғи түрде төмендеуімен байланыстырмаған жөн, оның себебі неде екенін анықтау керек.

Егер ер адам төсекке жата салысымен жанындағы әйеліне мән бермей тез ұйықтап қалса, ал оған дейін тұрақты түрде жыныстық қатынаста болса, бұл әйелді алаңдатады.

Жалықтыратын, бірсарынды жыныстық қатынас

Егер интимдік қатынас бұрынғыдай, бірақ әйел ерінің құштарлығын сезінбесе, арада сүйіспеншілік азаяды. Ер адам әйелін еркелетпесе, бір-бірінен алшақтай түссе, жылы сөздер айтылмаса, мұның бәрі ескерту белгілері болуы ықтимал. Әйел ер адамның алдында тартымдылығы азайғанын түсінеді.

Сексолог Альви жыныстық қатынастың күн сайын болуы міндетті емес, бірақ аптасына 2-3 рет қосылу дұрыс қарым-қатынастың нормасы, - деп түсіндіреді. Бірақ жыныстық қатынастың санына қарағанда сапасы маңызды, - дейді дәрігер. Екінші монотонды механикалық процесс секілді жыныстық қатынас қалыпты болып саналмайды.

Сүйіктісіне аз уақыт арнайды

Әр адамның өзінің жеке уақыты болуы керек. Алайда ер адам үнемі үйден кетуге асығып тұрса, тіпті демалыс күндері де бизнесін сылтауратса, бұл әйелді ойландыруы керек.

Ол жалғыз болғысы келетін шығар (кейде жұп арасында осындай терапия жасалады), бірақ ол мұны сүйіктісіне айтпайды. Ол ештеңе болмағандай немесе дым өзгермегендей кейіп танытады, бірақ шынымен де жоспардан тыс кездесу, достарымен балық аулау, көлік жөндеу сияқты істейтін істері бар.

Егер сіздің бірге өткен уақытыңыз бұрынғыға қарағанда азайса, ер адам әйеліне эмоциялық тұрғыда жақын болмаса, бұл құмарлықтың әлсірегенінің белгісі болуы мүмкін, - деп ескертеді Very Well Mind психикалық саулық платформасының авторы Элизабет Пламптр.

Әйелі мен ері
Ақ көрпе жамылған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жақындаудан қашқақтайды

Жанасу - романтикалық байланыста жақындықты көрсететін негізгі әрекет. Ғашықтар бір-біріне тұрақты түрде физикалық тартытылысты сезінеді. Олар үшін сипалап, құшақтау, сүю қалыпты жағдай, мұны тіпті кейбір жұп қоғамдық орындарда да жасырмайды, өз қалауына қарсы тұра алмайды.

Зерттеу барысында адамның сүйіктісіне деген сүйіспеншілік сезімі неғұрлым жоғары болса, олар бір-біріне жиі жақындасады, араларында нәзік жанасу түрлері көбірек байқалады. Егер ер адам кездескен кезде салқындық танытса, құшақтап, сүйген кезде бұрынғыдай құшырланбаса, сіздің бетіңізден, шашыңыздан сипауға, еркелетуге ниет білдірмесе, онда бұл қалыпты жағдай емес.

Назар аудармайды, сыйлық бермейді

Ол соңғы рет қашан себепсіз гүл сыйлап, әдемі сыйлық немесе сіздің қалауыңыздағыдай тосынсый жасады? Сіздің қуанған сәтіңізді, ризашылық білдіргеніңізді көру үшін қандай зат сатып алды? Есіңізде жоқ па?

Ер адам сүйген әйелінің көңілінен шыға алса, өзін бақытты сезінеді. Арадағы қатынас басталған сәттен-ақ ол сіз үшін ерекше жан болғысы келмеді ме? Сізге тамсанды ма, мақтау сөз айтты ма? Егер біраз уақыт өткеннен кейін мұның бәрі артта қалса, бұл оның сізге бей-жай қарайтынын білдіреді. Ол әйеліне сүйсінбейді және ұнауға тырыспайды. Сүйіктісіне ұнауға деген ұмтылыс - бұл махаббаттың өзгермейтін заңдылығы.

Гүл сыйлау
Сүйіктісіне гүл сыйлаған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелдің өтінішіне құлақ аспайды

Бұрын ол сіз үшін от пен суға түсуге дайын болса, қазір сіздің өтініштеріңізді ұмыта бастады немесе мүлдем жауап бермей ме? Үйге қайтар жолда йогурт сатып алуын өтіндіңіз, бірақ ол ұмытып кетті. Оның ойы сүйіктісінен алыс екені анық, ол басқа нәрсе туралы ойлайды. Сіз онымен бірге жаңа мейрамханаға барғыңыз келетінін меңзедіңіз, бірақ ол естімегендей кейіппен мүлдем жауап бермеді.

Егер осыған ұқсас іс-әрекет сирек болса, онда оны түсінуге және бұл туралы ұмыта салуға болады. Алайда жүйелі түрде осылай қайталанса, елемей көз жұмып жүруге де болмайды. Психолог Джон Готтман мұны махаббат немесе сенімділіктен гөрі әйелдердің ер адам бойынан іздейтін ең маңызды дүниесі, - деп түсіндіреді.

Қызғанбайды

Күйеуінің қызғанышын байқаған әйел қашан да қуанатын еді. Ал күйеуі әйелінің қайда және кіммен жүргенін, қай уақытта қайтып келетінін сұрамаса, әйелінің сөзіне жауап ретінде тек басын изейтін болса, бұл алаңдаушылық тудырады. Ол сіздің бос уақытыңызды қалай және қандай ортада өткізетініңіз туралы ойламайды, сізбен бірге ешқайда барғысы келмейді. Сіз құрбыңыңызбен кафеге бардыңыз ба? Мәселе жоқ. Ата-анаңыздың үйіне қонып қалдыңыз ба? Ештеңе етпейді. Мұндай көзқарастан салқындық байқалады.

Оның мұндай әрекетін шаршап жүргенімен байланыстырып ақтамаңыз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: сіздің сүйікті адамыңыздың қалай және кіммен уақыт өткізетіні сізді қызықтыратын ба еді? Егер сізге бұл маңызды болмаса, онда махаббат жоқ.

Жиі ызаланады

Көптеген жанжал мен ер адамның ашулануы адамның қаншалықты қашық екенін білдіретін дабыл қоңырауы болса керек. Ол енді сіздің сезіміңізге мән бермейді, қамқорлық жасамайды, аңдамай сөйлейді, ренжітіп алудан қорықпайды. Сіз жиі ұрыса бастайсыз, тіпті мұның қалай басталғаны есіңізге түспейді. Көйлегін дұрыс үтіктемегеніңіз, тағамды дәмсіз етіп пісіргеніңіз, дұрыс жүрмегеніңіз, біртүрлі күлгеніңіз оның ызасын келтіреді.

Ер адам шын қалайтын әйел әрқашан тұғырда болады. Ол не істесе де, ер адамға бәрі ұнайды, ол әйелді өзіне тартады және оның бойындағы құштарлықты оятады. Мұндайда үнемі қорлау, айыптау және ренжітуге жол жоқ.

Қаланы төбеден тамашалаған жұп
Қаланы төбеден тамашалап тұрған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер ер адам әйелімен үйлесімді байланыс орнатса, ұрыс-керіс те басылады, жыныстық қатынас тұрақты әрі жақсы болады. "Женщина. Руководство для мужчин" кітабының авторлары жұп арасында өзін жалғыз сезіну болмайтынын жазады.

Қарым-қатынас адамның сыртқы келбетінің тартымдылығына ғана байланысты емес. Бірақ махаббаттың бастау алған негізі осы болса керек. Егер іргетас құласа, ғимарат бір орында тұрмайтыны секілді ер адам әйелін қаламаса, мұны да ескерусіз қалдыруға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2085047-er-adamnyn-sizge-degen-sezimi-suyganyn-qaidan-bilemiz-manyzdy-8-belgi/

pixel