Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамның түсіне қалай кіруге болады және бұл мүмкін бе

Жарияланған күні:

Адам түсі
Адам түсі. Иллюстрация: pixabay.com

Ұйқы — ерекше тылсым дүние. Ұйқы әр адамның жеке кеңістігі және адам түсін басқара алмайды. Десе де кей ғалымдар ұйқының ережеге бағынбайтын тұстары да бар екенін, қалаған адамның түсіне саналы түрде кіруге болатынын айтады. Бүгінгі мақалада өзге адамның түсіне енудің бірнеше жолы туралы ақпарат ұсынбақпыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада адамның түсіне саналы түрде кіру мүмкіндігі мен оның жолдары талқыланады.
  • Түске кірудің бірнеше әдістері ұсынылады: визуализация, сендіру және фотосуретпен жасалатын рәсім.
  • Түске кіру практикасын қолдану кезінде позитивті ниет, табысқа сену, денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау маңызды екені айтылады.

Ұйқы — өткен күннің белгілері және түпсананың бізге берер маңызды белгілері. Ғалымдар Скотт Кэрни мен Бернхард Старесина түстен жаңа мәлімет алуға болатынын дәлелдеген.

Адамның түсіне саналы түрде кіріп, сөйлесуге бола ма?

Егер оянғаннан кейін түсіңізді жазуға және түсіндіруге асықсаңыз, сонымен қатар болжамдар жиі орындалатынын ескерсеңіз, сіз үшін маңызды адамдардың түсіне кіруге тырысуға болады.

Бұл мүмкін бе? Иә, өйткені түсімізді адам мүмкіндігінен тыс қабілеттері бар адамдар ғана емес, сонымен қатар жоғары эмпатиясы, икемді ойлауы бар және ұйқымен тәжірибе жасауға дайын адамдар да басқара алады. Мұндай адамдар мынаған қабілетті:

  • Басқа адамның түсіну кіруге.
  • Адаммен сөйлесіп, оған маңызды айтарыңызды жеткізуге болады.
  • Өз түсіңіздің сценарийін жасауға болады.

Өзгенің түсіне енуді өзіңіздің саналы түрде көретін түстеріңізден бастауыңыз керек. Бұл сана жағдайының өзгерісі, ол жылдам көретін түс фазасы мен өң арасында тіркеледі. Бұл уақытта адам түс көріп жатса да, оның сценарийіне өзгеріс енгізе алады.

Бұл терминді голландиялық психиатр әрі жазушы Фредерик Ван Эден, "Түсті зерттеу" мақаласының авторы енгізген. Америкалық психиатр әрі түс зерттеушісі Джон Аллан Хобсон мидың электромагниттік стимуляциясы және белгілі бір тәжірибелер айқын түс күйіне енуге көмектесетінін анықтады.

Түс көру
Түс көру. Фото: pixabay.com

Өзге адамның түсіне не үшін кіру керек?

Түстерді басқару дағдысы үрейлі түстерден арылуға ғана емес, өмірлік бірқатар проблеманы шешуге де көмектеседі. Мысалы серігіңіздің назарын бұруға көмектесе алады. Түс көру арқылы іскерлік және жұмыс ара-қатынасындағы адамдарға ықпал етуге болады. Егер басшы немесе іскерлік серіктес аргументіңізді құлаққа ілмей, сіздің шартыңызға келіспесе, мұны түс арқылы шешуге болады. Түсіне кіріп, түс көрушіге сіздің пікіріңіз неге тиімді екенін немесе белгілі бір белгі беріп көріңіз.

Сізден белгілі бір қашықтағы адамның түсіне енуге болады. Жекелей қарым-қатынастың болмауы ең мығым деген ара-қатынасқа салқынын тигізуі мүмкін. Ал жақын адамыңыздың түсіне ену арқылы өзіңізді есіне түсіріп, қатынасыңызды күшейтуге я сақтауға болады. Адам түсіне енуге басқа да себептер баршылық:

  • Тікелей қарым-қатынастан қашып, өкпелеп жүрген адаммен татуласу.
  • Өзіңізді оның есіне түсіріп, көптен көріспей кеткен адамға бар екеніңді еске салу.
  • Сізді құрмет тұтатын адамға дұрыс жол сілтеудің ерекше жолы.

Біреу-міреудің түсіне кіру – күшті әрі бірегей машық. Адамға белгілі бір билік жүргізуіңізге көмектеседі.

Үрейлі түс
Үрейлі түс. Иллюстрация: pixabay.com

Түске кіру жолдары

Қуатты энергетикалық байланыс — бөтеннің түсін басқарудағы әдістеменің негізі. Кіммен жақсы таныс болып, кімге ықпалыңыз жүрсе, оның түсіне де кіру оңай. Ал таныстығы тығыз емес адамдардың түсіне кіру қиын. Кейде тіпті жанжалдасып қалған адамның да түсіне кіру оңайға соқпайды.

Өзгенің түсіне қалай кіруге болады? Бұл үшін саналы түс көру практикасын қолдану керек, адам энергетикасын сезініп, түс көрушімен ара-қатынас әдістерін жасап көру керек:

  • Визуализация әдісі. Қиялы ұшқыр адамдарға және алыста жүргендерге жарайды. Ұйықтап жатқан адамды елестетіп, оны ақ бұлтпен қоршаңыз. Бұлтта өзіңіздің пайда болғаныңызды елестетіп көріңіз және одан шығып келе жатқаныңызды елестетіңіз.
  • Сендіру әдісі. Шамдарды жағып, төсекке ыңғайлы отырыңыз. Өзіңіздің бейнеңізді, іс-әрекеттеріңізді, сөздеріңізді алдын ала ойластырыңыз және таң атқанға дейін ұйықтап жатқан адамға сіз туралы түс көретінін ойлаңыз.
  • Фотосуретпен жасалатын рәсім. Жарықты өшіріңіз, ақ шамды жағыңыз. Түс көрушінің суретін алыңыз, оған мұқият қараңыз, түсінде не келгіңіз келетіні туралы қысқа хабарлама жіберіңіз. Фотосуретті бір жаққа қойыңыз, шамның жалынының үстінде алақаннан күмбез жасаңыз. Алақандар қызған кезде, оларды бір-біріне бүктеп, "осылай болсын" деп тілек тілеңіз. Ұйқыға жатыңыз.

Бұл практика тиімді болуы үшін мынадай кеңестерді ескеріңіз:

  • Позитив ниеттің болуы сәттіліктің кепілі. Теріс я жағымсыз ниет тәжірибені қара магияға жақындатады, бұл қауіпті және қолайсыз әрекет деп саналады.
  • Табысқа сену – міндетті компонент. "Мен жетістікке жетемін" деген сөздермен автотренинг өткізіңіз.
  • Саулық үшін фитнес және салауатты психиканың болуы рәсімге қажет энергетикалық толықтық негізі саналады.
  • Алдын ала ойластырылған ұйқы сценарийі — практикаға назар аударуға көмектеседі.
  • Атрибуттар мен орта сценарийдің бөлігі болып саналады. Рәсімді түнде өткізу керек, шамдарды қолдану керек, ыңғайлы киім кию керек, шашты жайып, денесі ыңғайлы орналасуы керек.
Көлеңкедегі қыз
Көлеңкедегі қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Гипнотерапевт, нейролингвистикалық бағдарлау бойынша сертификатталған жаттықтырушы әрі тыныс алу практикасынан сертификатталған маман Жизель Бауме түстерді басқаруда ай тұтылуының энергиясын қолдануға кеңес береді.

Түспен тәжірибе жасау туралы шешім қабылдағаннан кейін, өзара әрекеттесу этикасын ескеріңіз: сіздің әрекеттеріңіз экологиялық таза және процестің барлық аспектісі үшін қауіпсіз болуы керек. Адам түсіне зиянсыз қалай кіруге болады? Ол үшін жатар алдында адамнан рұқсат сұрау керек. Жақсы ниет пен түс көрушінің жеке шекараларын құрметтеу маңызды.

Түске ену арқылы сіз қарым-қатынас орната аласыз, сенімге ие бола аласыз. Ол үшін түске ену практикасы қолданылады. Оларды қолдануға тырысыңыз, бірақ қауіпсіздік ережелерін ескеріп, жақсы ниетте болғаныңыз маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2090288-adamnyng-tusine-qalai-kiruge-bolady-zhane-bul-mumkin-be/