Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы ретроградты Плутон қашан болады және адамдарға қалай әсер етеді: эзотерика құпиялары

Опубликовано:

Плутон
Плутон. Фото: pixabay.com

Кері қозғалыстағы трансформациялар платенасы – адамдарға екі есе сынақ. Плутон 2024 жылдың көктемінде ретроградты болады. Астролог Сюзан Тейлор бұл нені білдіретінін және оның адамдарға несімен қауіпті екенін түсіндіреді.

Материалдан оқитыныңыз:

  • Плутонның 2024 жылы ретроградты болатын күндері
  • Плутонның ретрограды кезінде не істеу керек және неден бас тарту керек.

2024 жылы Плутонның ретрограды болатын күндері

Ретро Меркурий туралы көбіміз білеміз, бірақ карма, трансформация және қайта туылу планетасы Плутонның ретроградты қозғалысы туралы астрологияның жанкүйерлері ғана білмесе, көпшілік біле бермейді. Бұл кезеңнің әлеуетін елемеуге болмайды, өйткені ретро Плутон – жылына бір рет ашылатын мүмкіндіктер дәлізі.

ҚаҺарлы Плутон толығымен дерлік тас пен мұздан тұрады және салмағы Айдан алты есе аз. Бұл Күн жүйесіндегі соңғы және онша көрінбейтін планета. Оның бес серігі бар.

Планетаға ежелгі грек және рим пантеондарының құдайының аты берілген. Ол жер асты әлемі мен өлім патшалығын басқарған деген сенім бар. Бұл ұқсастық Плутонның (планета) адамдарға әсерін түсінуге көмектеседі.

Плутонның мүсіні
Плутонның мүсіні. Фото: Wikimedia Commons / Jebulon

Планеталардың кері қозғалысы оптикалық елес болғанымен, ол энергетикалық деңгейде бар және адамдарға қатты әсер етеді. Parade жаңалықтар журналының жазуынша, Плутонның ретросы өз-өзіне таладу жасау мен мен ойтолғам кезеңінің басталуына әкеледі.

Жеке деңгейде Плутон инстинкттерді, түпсананы, трансформация және тазарту процестерін басқарады. Планетарлық деңгейде оның ықпал ету аясына әлеуметтік тенденциялар, қақтығыстар мен соғыстар, табиғи апаттар мен апаттар кіреді. Әйелдерге арналған Marie Claire журналының жазуынша, Плутонның ретроградты кезеңі басталғаннан кейін олар күшейе түсуі мүмкін.

2024 жылы Плутон қашан ретроградты болады? Astro-Seek астрологиялық басылымы Суқұйғыш белгісінде ретроградты кезең 2 мамырда басталып, 2 қыркүйекте Тауешкі белгісіне ауысады және осы жылдың 12 қазанында аяқталады деп көрсеткен. Medium әлеуметтік басылымының мәліметінше, Плутонның стандартты ретроградты кезеңі шамамен 5-6 айға созылады, бұл оның орбиталық циклінің жартысына жуығына тең.

Астролог Сюзан Тейлордың пікірінше, 2024 жылы ретроградты Плутон мынандай ерекшеліктерге ие:

  • 2 мамырдан 2 қыркүйекке дейінгі кезең – дүниетанымдағы, қалаулар мен ұмтылатын дүниені таңдауға деген өзгерістер.
  • 2 қыркүйектен 12 қазанға дейінгі кезең – жалғыздық, медитация, өзін-өзі тану, амбицияларды талдау және жаңа стратегияны әзірлеу кезеңі.
Әйел
Әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Плутон ергежейлі планета болғанына қарамастан, астрологияда бұл аспан денесі ең ықпалды билеуші болып саналады. Ол Тоқты мен Сарышаянның тағдырына, Арыстанға тікелей әсер етеді, да әсер етеді. Плутон тура бағытта қозғалса, шабыт, әл-ауқат және энергия зарядын әкеледі. Ретроградты кезеңде барлық адам үшін ең жақсы шешім – өткен қателіктерді түзету.

Плутон ретросының адамдарға әсері және оны өткеруге арналған кеңестер

Плутонның ретроградты кезеңінде энергияның жетіспеушілігі байқалады. Қуаныш пен шабыт жоғалады, санада қорқыныш пайда болады. Апатияға бой алдыру оңай, эмоцияларды ұстау қиын. Жұмыс істеу қиындайды, ал демалыс күш-қуатты қалпына келтіре алмайды.

Алдағы алты ай ойдағыдай өтуі үшін кейбір кеңеске құлақ түрі қажет. Плутонның ретрограды кезінде не істеуге болмайды? Тәжірибе мен қарым-қабілет жетіспейтін істерге кіріспеген жөн. Мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізді іске асыру үшін дауласудың және жанжалдасудың, сондай-ақ басқа адамдардың ресурстарына шағымданудың қажеті жоқ. Әр нәрседе өзіңізге сеніңіз және ең жақын адамдардан орта қалыптастыруға тырсыңыз.

Ретро Плутонның әсерін Тоқты, Сарышаян, Суқұйғыш және Таешкі көбірек сезінеді. Әр зодиак белгісі үшін бұл кезең өмірдің әртүрлі салаларына әсер етеді:

Қызметкерлер
Қызметкерлердің қолы. Көрнекі фото: pixabay.com
  • Тоқтының әлеуметтік ортасы толығымен өзгеріп, ықпалды таныстар пайда болады. Ақша мен атақ жариялылық пен командалық жұмыс арқылы келеді.
  • Торпақтың өмірлік бағдары өзгереді. Жұмысы пен қызмет ету саласы өзгереді.
  • Егіздер жұмыс ауқымын кеңейтеді. Жиі сапарлар болуы мүмкін, оның ішінде шетелге де. Жарақаттан сақ болу керек.
  • Арыстанның жеке өмірі өзгереді. Дамуға кедергі келтіріп, артқа тартатын серіктестермен қоштасуға тура келуі мүмкін.
  • Бикеш міндет пен жауапкершілікке назар аударады. Денсаулыққа күтім жасауға тура келеді, өйткені ескі сырқаттар сыр беруі мүмкін.
  • Таразыларда жасампаздық кезеңі басталады. Отбасы құруы, балалы болуы не кәсіп бастауы мүмкін. Араласатын ортасы мен қызығушылықтары өзгереді.
  • Скорпион отбасылық құндылықтарды қайта қарастырады. Ол сезімтал және көпшіл болады. Өзгермейтіндер жалғыз қалады.
  • Сарышаян отбасы құндылығына қайта мән береді. Жаңа дағдылар үйренетін уақыт келді.
  • Тауешкі не қатты байып кетеді, не ақшасынан айырылады. Ол белсенді болса, жаңа табыс көздері пайда болады.
  • Суқұйғыштарды мансап жолында өсуі мүмкін. Қоғамдық қызметтегі табыс оны жаңа әлеуметтік деңгейге көтереді.
  • Балықтар эмоция жетіспеушілігін сезінеді, бұл саяхаттау немесе басқа елге көшу арқылы өтеледі. Жаңа тәжірибелер даналық пен күш береді.
Әуежай
Әуежай: pixabay.com

Плутонның ретроградты кезеңінде гештальттарды жабу және ойды ретке келтіру ұсынылады. Бұған шығармашылық қызығушылықтар, жаңа тәжірибе және білім мен дағдылар үйрену көмектеседі. Өзін-өзі дамыту адамға қабілетіне күмәнданудан бас тартуға және өмірді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді.

Жаңа достар мен романтикалық серіктестер қолдау көрсетіп, қамқор болады. 2024 жылдың қысына жаңа күшпен, жаңа идеялармен жету үшін жаман әдеттерден арылып, пайдалы әдетттер қалыптастыру керек.

Ретрограды Плутон – барлық адамдар үшін сәтті аяқталатын сынақ. Бұл кезең өзгерістер әкеліп қана қоймай, адамдарға жаңа дағдыларды үйретеді. Оны табысқа жетуге пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2093468-2024-zhyly-retrogradty-pluton-qashan-bolady-zhane-adamdarga-qalai-aser-etedi-ezoterika-qupiialary/

pixel