Көктемдегі қауіп: кене шақса не істеу керек және қандай әрекеттерден аулақ болған жөн
Жарияланған күні:
Жаз айларында және жалпы күн жылыған кезде кене шағып, дәрігердің көмегіне жүгінетіндер саны артады. Бұл мақаламызда кене шаққанда не істеу керегін және қандай әрекеттерден аулақ болу керегін түсіндіруді ұйғардық.
Айта кетейік, кене шаққанда ең әуелі дәрігердің көмегіне жүгіну керек және бұл мақаламыз таныстыру мақсатында жазылғанын ескеріңіз.
Кене шаққанда не істеу керек?
Жазда жазғы серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады. Кене адамға жабысады және анестетикалық затты енгізгендіктен мүлдем ауыртпайды. Аш кене өте кішкентай – көкнәр тұқымының мөлшеріндей ғана болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан жадынамасы бойынша, кене адамның денесінде 12 күнге дейін жабысып тұра алады және осы уақыт ішінде диаметрі 2 см болатын шардың мөлшеріне дейін өседі.
Кейбір жағдайларда кенелер энцефалит, кене сүзегі, кене боррелиозы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып, аллергиялық реакциялар тудыратынын есте ұстаған жөн.
Амалдар:
- Біріншіден, кенені толығымен өз бетінше алу мүмкін емес. Кененің басы жұлынып, жараның ішінде қалуы мүмкін.
- Екіншіден, ем-шара кезінде кенені ұсақтауға болады. Жәндіктердің уы денеге тері арқылы да енуі мүмкін. Ем-шараны жүргізушіге жұқтыру қаупі бар.
- Үшіншіден, егер сіз кенені өзіңіз алып тастасаңыз оның жұқтырғыштығын білу мүмкін болмайды және оны тексеру үшін маманға бару керек.
- Егер кене шағып алғаннан кейін дене температурасының жоғарылауы, ауырсыну, қатты бас ауруы байқалса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Өзін-өзі емдеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
- Жәндіктермен байланыста болудан қалай сақтануға болады? Табиғатқа (жайылымға, егістікке және демалыс орындарына) барған кезде жәндіктердің шағуынан қорғану құралдарын (репелленттерді) өзіңізбен бірге алыңыз.
- Қатты, ашық түсті киіммен жақсы киініп, дененің ашық жерлерін (бет, мойын, қол, тобық) мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз, жабық аяқ киім киіңіз.
Кене шаққанда қандай әрекеттерден аулақ болу керек?
Кене шаққанда ықтимал асқынулардың алдын алу үшін аулақ болу керек белгілі бір әрекеттер бар:
- Алкогольді немесе майды қолданбаңыз: кенені алкогольмен немесе маймен тұншықтыруға тырыспаңыз, себебі бұл кененің реакциясын тудыруы және инфекцияның таралу мүмкіндігін арттыруы мүмкін.
- Ауырсынуды басатын дәрілерді қолданбаңыз: кенені эвтанизациялауға немесе тістеген жерді жансыздандыруға тырыспаңыз, себебі бұл кенені жоюды қиындатады және жұқтыру қаупін арттырады.
- Кенені бұрамаңыз: кенені алып тастаған кезде айналмалы қозғалыстардан аулақ болыңыз, себебі бұл кенені зақымдауы және инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін.
- Кененің аяқтарын теріде қалдырмаңыз: кенені алып тастаған кезде оның аяқтарын қоса, оның толығымен жойылғанына көз жеткізіңіз. Кененің қалып қойған аяқтары қабынуды немесе инфекцияны тудыруы мүмкін.
- Дүрбелеңге салынбаңыз: кене шағуы жағымсыз болуы мүмкін, бірақ сабырлы болуға тырысыңыз. Дүрбелең инфекцияның таралу қаупін арттыратын дұрыс емес әрекеттерге әкеп соғуы мүмкін.
Осы нұсқауларды орындау және кенені мұқият алып тастау арқылы кене шаққаннан кейін асқыну қаупін азайтуға болады. Егер күмән немесе асқынулар болса, медициналық көмекке жүгіну маңызды.
Сондай-ақ инфекционист, паразитолог Рабиға Нүсіповадан кене шағып алған жағдайда не істемеу керегін түсіндіріпті.
Дәрігер халық еміне жүгінбеуге кеңес береді.
"Кенені сығып немесе жарақаттау арқылы теріден шығаруды тіптен ойламаңыз. Олай жасаған жағдайда ондағы вирус бүкіл денеге тарап, жүйке жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, адамның денесінде кене неғұрлым ұзақ болса, аурудың даму қаупі соғұрлым жоғары болады. Дегенмен кене ара емес, бірден тістемейді және оған екі сағат қажет. Сондықтан уақтылы тексеру көбіне барлық проблеманы жояды. Олар ұшпайды, секірмейді. Сондықтан қорғану үшін ағаштардан, жапырақты тоғайлардан қашқан жөн және жалаң аяқ шөпті баспау керек", - дейді маман.
Кене шағуы адамға несімен қауіпті?
Massaget.kz порталының жазуынша, қан сорғыш паразиттер – вирусты және бактериялы сипаттағы бірнеше инфекцияны таратушылар. Олардың ішіндегі ең қауіптілері – кене энцефалиті, боррелиоз, моноцитарлы эрлихиоз, риккетсиоз (кене арқылы берілетін дақты безгек).
Кене энцефалиті – ми мен жұлынды зақымдайтын өте ауыр вирусты ауру. Кене денеге жабысып, сілекей сұйықтығын енгізген бойда ауру бірден адамға беріледі. Ауру дірілдеу, қызу көтерілу, жүрек айну, бас ауыру, көз және маңдай тұсының ауыруы, жарықтан қорқу, есін жоғалту және кейде комаға түсумен қатар жүреді.
"Жүйке жүйесі жұмысы бұзылатындықтан, бұл ауру адамның мүгедек болып қалуына да әкелуі мүмкін. Кене боррелиозы Лайм ауруы деп белгілі. Ол буындар, жүрек, ми және жұлынды зақымдайды. Бұл ауру ешқандай белгісіз өтуі мүмкін, айлар бойы білінбей дамиды. Кейде емделеді, ал кейде созылмалыға айналады. Қоздырғыш кене сілекейінде де, кене ішегінде де болады. Сондықтан оны екі күн ішінде алып тастаса, онымен зақымдалу қаупі азаяды", - делінген порталда.
Егер кене шақса, неше сағатта дәрігерге көріну қажет?
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сайтындағы ақпарат бойынша, сәуір мен маусым айларында қауіпті жәндіктер белсенді болады. Алматыда кене шағу ықтималдығы жоғары аймақтарға Көктөбе, Медеу және Алма-арасан шатқалдары жатады. Сондықтан дәрігерлер табиғатқа шыққанда абай болуды ескертеді. Ақ түсті жабық киім киген жөн.
Егер кене шақса, алғашқы 72 сағатта дәрігерге көріну қажет. Зиянкесті ауруханаға өзімен бірге шыны ыдысқа салып алып келгені жөн. Себебі, табиғаттағы кенелердің 1,5-2 процентінде ғана кене энцефалитының қоздырғышы болады. Оны тек зертханада тексеруге мүмкіндік бар.
"Кене ауруының қатерлілігі сонда, ол ауру кезінде кене ауруының қоздырғышы арбавирустар орталық жүйке жүйесін зақымдай отырып, ауруда тек қана дене қызуы сонымен қатар, улану тудырмай, және өте ауыр түрде әртүрлі салдарлар туғызуы ықтимал. Сондықтан, салданудың әсерінен адам кемтар болып қалуы мүмкін. Сондықтан кене энцефалитына өте дұрыс көзқараспен қарап, оны алдын ала болдырмау қажет", - дейді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Әділ Қатарбаев.
Кене шағуынан қалай қорғанамыз?
ҚР Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығы ауруханасының инфекционист дәрігері Гүлжан Сейдахметова кене шағудан қорғану және шаққан жағдайда не істеу керегін айтып берген.
Оның сөзінше, кене энцефалитінің негізгі белгілеріне бас ауруы, жүрек айну, құсу, лихорадка жатады. Сондай-ақ, адам санасында шатасу болып, бағдарсыздыққа тап болады. Дене құрысып, қозғалыс және сезімталдық сезімі бұзылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда психикалық бұзылулар байқалады.
Адамдар кене энцефалитінің эндемиялық аймақтарына барған кезде жұқтыруы мүмкін. Ол дегеніміз ормандар мен саябақтар, жеке бақша учаскелер, сол сияқты үй жануарлары (ит, мысық) арқылы жұқтыру қаупі бар. Сонымен қатар киім-кешек, гүлдер, ағаш, өсімдік бұтақтары арқылы тарауы мүмкін. Одан бөлек, кене вирусы оның шаққан жерін қасығанда, денедегі кенені сығып өлтіргенде және төрт-түлік малдың сүтін сүтін шикілей ішкенде де жұғуы мүмкін. Сондықтан сүтті пісіріп ішкен абзал.
Жұқпалы аурулар дәрігері Гүлжан Сейдахметованың айтуынша, кене шақпауы үшін адам өзін-өзі қорғауы керек.
"Табиғат аясында саяхаттағанда ұзын жеңді киім кию керек және бас киім міндетті түрде. Шашты бас киімнің астына жасыру керек. Жейде немесе футболканы шалбарға салу керек. Аяқ-киім мен шұлыққа да мән берген жөн. Аяқты толық жауып тұруы керек", - деп түсіндірді инфекционист.
Кене шақпай-ақ ауру жұқтыруы мүмкін
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматолог-ортопед дәрігері Қанат Тезекбаевтың айтуынша, кене энцефалитіне жәндіктің өзі шаққаннан басқа, ауру ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішу арқылы да жұғуы мүмкін. Көктемде және жазда кенелер адамға күннің немесе түннің кез келген уақытында қауіп төндіреді.
"Энцефалит вирусын жұқтырған кене шаққаннан кейін үш күн ішінде шұғыл профилактика жүргізу қажет: дене салмағының 10 кг-на 1 мл дозада кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу немесе сәйкес схема бойынша йодантипирин қабылдау қажет. Энцефалиттің асқынуының қауіптілігі сонша, алдын алған маңызды", - деп кеңес берген дәрігер вакциналаудың басты профилактика екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2097470-koktemdegi-qauip-kene-shaqsa-ne-isteu-kerek-zhane-qandai-areketterden-aulaq-bolgan-zhon/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.