Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқты көлік алады, ал таразының мансабы өседі: мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

Мамыргүл және майшам
Хош иісті мамыргүл және майшам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Планеталардың көктемдегі тоғысу шыңы мен Торпақтағы жаңа туған Ай мамырды жарқын ете түседі. Кейбір зодиак белгілеріне мүмкіндік есіктері ашылады, біразы лайықты марапаттарға ие болады. Мамыр айының жұлдыз-жорамалын астролог Кайли Томас құрастырды.

Тоқты

Тоқтылар үшін мамыр айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Оларда бір ай бойы тұрақтылық болады әрі бағалы заттар сатып алатын сәт туады. Жалдамалы жұмыс істейтін адамдарды жайлы жұмыс күтіп тұр. Мамырдың екінші жартысында табыстың артуы жылжымайтын мүлік немесе көлік сатып алуға мүмкіндік береді. 8 мамырда жаңа айда басталған бизнес сәтті болады.

Плутонның ретроград кезеңі (2 мамыр-12 қазан аралығы) әлеуметтік ортаңызды өзгертеді. Астролог Кайли Томастың айтуынша, жаңа романтикалық қызығушылық оянады, махаббат пен құмарлық пайда болады. Дұрыс тамақтану мен сапалы ұйқыға мән беріңіз.

Торпақ

Astrologyk астрологиялық басылымының мәліметіне сүйенсек, мамыр айында Торпақты маңызды таңдау жасайтын кезең күтіп тұр. Торпақ белгісінде Күн, Меркурий, Венера, Юпитер және Уран тоғысады. Жаңа Ай әсерінен белгі өкілдерінің энергиясы артады. Бұл Торпақтың өмірін жарқын әрі табысты етеді.

Мамыр айында Торпақты не күтіп тұр? 2 мамырдан бастап Плутон ретроград кезеңіне өтеді, бұл мансабыңыздағы жағдайды өзгертеді. Жұмыс, кәсіп, басшылықтың ауысу ықтималы бар. 21 мамырдан бастап қаржылық жағдайыңыз пайда әкеледі. Сырт келбетіңізді жақсарту адамдардың назарын аударады. Мамыр айында тағдырдың тосынсыйын күтіңіз.

Ақша және әмиян
Ақша салынған әмиян. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

Плутонның ретроград кезеңі 2 мамырдан бастап саяхатқа шығуға итермелейді. Құжаттарға қатысты жаңалықтар болады, демалыс, саяхат немесе қоныс аудару жоспарлары өзгереді. Іссапарлар болуы ықтимал. Өмірдің ырғағы мен күнделікті тіршілікте өзгеріс болады. 8 мамыр күні Торпақта туатын жаңа Айда қажетсіз заттарды өзгелерге таратып беріңіз.

Егіздерге арналған мамыр айындағы астрологиялық болжам қандай? Олар кірпияз серіктестерімен байланыс орнатудан бас тартады. 22 мамырда Күн Егіздерге енген сәтте күш-қуат артады, ал 23 мамырда Мергендегі толық Айда қарым-қатынас жақсара түседі. 20-24 мамырда Юпитер мен Венераның түйісуі сәттілікке жол ашады.

Шаян

Мамыр айында Шаяндарды не күтіп тұр? Айдың алғашқы күндері біраз алаңдатады, бірақ тұтастай алғанда мамыр айы жайлы болады. Астролог Нина Ханның айтуынша, жүйелі ойлау адамды ілгерілетеді. 2 мамырдағы Плутонның ретроград кезеңі қаржы жағдайын өзгертеді, ал жаңа Ай команда мен бизнестегі ортаны ауыстырады. Ұжымдағы қарым-қатынас жақсарып, әріптестер сізді қолдайтын болады. Мансап жолында бұрынғы талпыныстар өз жемісін береді.

16 мамырдан бастап араласатын адам көп болады, ал айдың соңы әлі де бойдақ жүрген жандар үшін романтикалық кезең басталады. Жұп арасында өзара түсіністік пен қолдау болады.

Арыстан

Арыстандар айдың көп бөлігін сыртқы келбетіне, денсаулығына және өзін-өзі бағалауына арнайды. 8 мамырда жаңа туған Ай адамның өзін-өзі дамытуына арналған жаңа идеялар тудырады. 21 мамырдан бастап Күн осы кезге дейін жұмсаған күш-жігердің жемісін береді. 20-24 мамырда Венера ғаламшары сыйақы мен келісім-шарттардың болатынына уәде береді.

Плутонның ретроград кезеңі Арыстан белгісіндегі адамдардың жұмысына, романтикалық немесе отбасылық қатынастарына әсер етеді. Мамыр айында Арыстандарға арналған жұлдыз-жорамал қандай? Ай жайлы әрі қаржылық жағдай жақсы болады. 23 мамырда Ай толған кезде қызықты саяхат болуы мүмкін.

Көліктегі жұп
Көлікте отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш

Мамыр айында Плутонның ретроград кезеңі қызметке, денсаулыққа және тамақтану режиміне әсер етеді. Өзгерістер сізге көбірек күш-қуат береді. Ұжым мүшелері арасында өзгерістер болады.

Бикеш үшін мамыр айына арналған жұлдызнама қандай? Бикеш мүлікке, жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік мекемелермен байланысты мәселелер бойынша табысқа жетеді. Қарт туыстарға қамқорлық жасауға тура келеді. Жаңа туған Ай алыстан жақсы хабар жеткізеді, шетелдік азаматпен қарым-қатынас орнату немесе жаңа тіл үйренуіңіз ықтимал. 21 мамырдан бастап жаңа мақсаттар пайда болады.

Таразы

Мамыр айында Таразыны не күтіп тұр? Таразылар үшін мамыр айы сәуірге қарағанда жайлы болады. Плутонның ретроград кезеңі, 8 мамырдағы жаңа туған Ай және 20-24 мамырда Венера мен Юпитердің тоғысуы ақша жағдайын жақсы жаққа өзгертеді. Жаңа табыс көзі, мансап жолында өсу және мәртебе пайда болады.

Қарым-қатынас бойынша Таразылардың тұрақсыз эмоцияларымен байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Бойдақ адамдар тез арада ғашық болып, сүйіктісінен тез көңілі қалады. 16 мамырдан бастап құжаттарға қатысты мәселелер шешіледі. 23 мамырдан бастап қысқа мерзімді сапарлар күтіледі.

Сарышаян

Ретроградтық Плутон Сарышаянның қателіктерін түзету үшін оны өткен күндерге қайтарады. Оның өмірлік жоспарлары өзгереді, басқа жаққа көшуі де мүмкін. Сүйіктіңізбен немесе туыстарыңыздың бірімен бірге тұруға мүмкіндік бар. 20-24 мамыр аралығы некелесу үшін өте қолайлы.

Мамыр айында Сарышаяндарға арналған жорамал қандай? 8 мамырдан бастап сенімді серіктестер пайда болады. 21 мамырдан кейін мемлекеттен төлемдер түседі. Мамырдың екінші жартысында қызметіңіз өседі. 23 мамырда толық Ай қаржыны басқаруды және денсаулығыңызды күтуге септігін тигізеді.

Мерген

Ретроградтық Плутон Мергенді бұрынғы серіктестеріне, ескі тұрғылықты жеріне немесе жұмысына қайтарады. 16 мамырдан бастап Меркурий іскерлік байланыстарды нығайтады, құжаттардағы қателерді табуға және оларды түзетуге көмектеседі.

Мамыр айында Мергендерге арналған жұлдыз-жорамал қандай? 21 мамырдан бастап Күн басшылықпен жақсы қарым-қатынас орнатуға оң әсерін тигізежі. 23 мамырда Мергендегі толық Ай бұл белгі өкілдерін көпшіл болуға, имиджін өзгертуге итермелейді. Мамырдың соңы жақындарыңызбен татуласуға ықпал етеді.

Тауешкі

Мамыр айында Тауешкіні не күтіп тұр? Шығындарын азайтқысы келетіндер мұны Плутонның ретроград кезеңінде, яғни 2 мамырдан 12 қазанға дейін жасайды. Балаларға қатысты жаңалықтар қуаныш пен мақтаныш сезімін тудырады. 8 мамырдан бастап Торпақтағы жаңа Ай жаңа және бұрыннан келе жатқан романтикалық қатынасты жақсартуға септігін тигізеді.

21 мамырдан бастап Күн мансап жолындағы жағдайды жақсартуға әсер етеді. Қызмет пен тұрғылықты жерді өзгертуге мүмкіндік бар. Айдың екінші жартысын сабырлы қалыппен өткізіңіз. Мамыр айының соңында дәрігерге қаралып, көбірек демалыңыз, массаж немесе бассейнге барыңыз.

Суқұйғыш

Плутонның ретроград кезеңі ауа белгісінің қызмет барысына әсер етеді. Сіздің мәртебеңіз, мақсаттарыңыз, мамандығыңыз немесе жұмыс орныңыз өзгереді. 8 мамырда жаңа Ай көшуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе азаматтықты өзгертуге әсер етуі мүмкін. Мамырдың соңында шығындарды есептеп, артық ақша жұмсаудан аулақ болыңыз.

Мамыр айында Суқұйғышқа арналған жұлдыз-жорамал қандай? Күннің ықпалы махаббатта жағымды мейрам сыйлайды. Бұл қоныстой немесе үйлену тойына шақыру болуы мүмкін. 26 мамырдан бастап Юпитер мен Венера қарым-қатынасты жандандырады.

Үйлену тойы
Үйлену тойына келген қонақтар мен гүл ұстаған қалыңдық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Мамыр айында Балықтарға арналған жұлдыз-жорамал қандай болады? Оларды бұрын жақын болған адамдармен кездесу, ескі күндерде жасаған қателіктердің себептерін білу, өмірді қайта бастау және өз әлеміне ену сәті күтеді. 8 мамырда туған жаңа айда туыстар туралы жақсы жаңалықтар, жаңа достар мен таныстарды күтіңіз.

16 мамырдан бастап маңызды құжаттарға қол қоюға болады. 23 мамырдан бастап жұмысыңызды немесе мамандығыңызды өзгерте аласыз. Әріптестер және басшылармен байсалды қарым-қатынаста болыңыз. Astroved астрологиялық басылымында жазылған мәліметке сүйенсек, аз ұйықтау сізді жан тыныштығынан айырады. Мамыр айының соңы демалыс үшін өте қолайлы уақыт.

Мамыр көптеген белгі өкілі үшін жарқын, есте қаларлықтай әрі бақытты сәтке толы болады. Мүмкіндікті барынша пайдалану үшін әрбір сәтіңізді жағымды етіп өткізу маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2099495-toqty-kolik-alady-al-tarazynyng-mansaby-osedi-mamyr-aiyna-arnalgan-zhuldyz-zhoramal/