Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Романтикаға толы жаз: 2024 жылдың маусым айына арналған махаббат жұлдыз жорамалы

Опубликовано:

Ер мен әйелдің махаббаты
Гүлдесте таққан қыз бен оның маңдайынан сүйген ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаз – романтикалық оқиғаға толы ең керемет мезгіл. Кейбір белгі өкілдері маусым айында махаббатын табады. Астролог Нина Хан бұл айда барлық зодиак өкілінің жеке өмірі қалай болатынын айтып берді.

Тоқты

Тоқты маусым айында бет пен дене күтіміне ақша жұмсап, киімдерін жаңартып, тартымды бола түседі. Astrofree астрологиялық басылымы жазғандай, от белгісін романтикалық шытырман оқиғалар күтіп тұр. Тоқты күш-қуатының артқанын және өмірге деген қызығушылықтың пайда болғанын сезінеді. 6 маусымда туған жаңа Ай шытырман оқиғалы қарым-қатынасқа жол ашады.

22 маусымдағы толық Ай эмоцияларды күшейтеді, бұл ішкі тілектеріңізді айтуға мүмкіндік береді, ал қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі. Ерлі-зайыптылар бірге уақыт өткізіп, отбасылық мерекелерге қатысады.

Торпақ

9 маусымда Марстың Торпақ белгісіне енуі романтикаға жол ашады. Тіпті тұрақты жұп арасында құмарлық артуы мүмкін. Материалист Торпақтар махаббат пен мансапты біріктіріп, сүйіктісімен бірге іссапарға шығады. 11 маусымнан бастап Марс Плутонмен түйіскен кезде кикілжіңді азайтып, жақын адамыңызбен татуласуға тырысыңыз.

Белгінің бойдақ өкілдері достарының ортасында көп уақыт өткізеді. Ескі таныстарға жақынырақ болатын немесе жаңа таныстармен етене жақындасатын уақыты келді. Олардың арасында Торпақтың тағдырына әсер ететін жаңа махаббаты жүруі мүмкін.

Жас балалар
Бір-бірін құшақтап тұрған жастар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

Маусым – Егіздердің кезеңі. Бұл белгінің өкілдері жарқырай түседі. Астролог Нина Ханның айтуынша, 2 маусымдағы Юпитер-Плутон үштігі философиялық ойлар мен ішкі өзгерістерге итермелейді. Бұл қарым-қатынаста өзіңізді, мақсатыңызды және құндылықтарыңызды қабылдауыңызға әсер етеді.

3 маусымда Меркурийдің Күнмен түйісуі жаңа адамдармен танысуға септігін тигізеді. 4 маусымнан бастап Күн Венерамен қосылып, көңілді жүруге, наздануға және романтикаға есік ашады. 6 маусымда Егіздердегі жаңа Ай – тілек тілеп, сүйіктіңізді табу үшін тамаша уақыт.

Шаян

Жаздың басы – махаббат пен романтика үшін ең жақсы кезең. Маусым айы Шаянды шабыттандырады әрі жағымды болады.

Marie Claire әйелдер журналы 21 маусымнан кейін өзгерістер үшін тамаша уақыт келетінін жазады. Егер махаббаттағы әлеміңіз түсініксіз болса, оны реттейтін кез келді. Сүйіктіңізді визуализация немесе аффирмация арқылы өзіңізге тартыңыз. Махаббат үшін ең жақсы күндер –17, 19 және 21 маусым. 22 маусымда жаңа Ай мен құлпынайлы Ай кезінде үндемеген дұрыс, әйтпесе ойланбай сөйлеген сөзіңізбен кикілжің тудырасыз.

Арыстан

Маусым айында Арыстанның жеке өмірінде үлкен өзгерістер болады. 3 маусымдағы планеталар шеруі және 20 маусымдағы жазғы күн тоқырауы отбасылық қарым-қатынасты нығайтады, бірақ серігіңізді ортақ мақсаттар үшін өзгертуге мәжбүр етеді.

Маусым айында Арыстан адамдармен танысқаннан кейін жағымды әср қалдыратын толқу сезімі пайда болады. Жаңа адамдар тапқыр әрі қызықты болып шығады. Қарым-қатынас жаз бойы жалғасады, кейбір адамдармен махаббат басталады. 8 маусымнан 11 маусымға дейін жеке шекараға байланысты түсінбеушілік болуы мүмкін. Тепе-теңдікті іздеңіз, келісімге келіңіз.

Велосипедтегі жұп
Велосипедте отырған жас жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш

Allure сән журналының жазбасына сүйенсек, Бикештің билеуші ​​планетасы Меркурий 3 маусым, дүйсенбі күні Егіздермен түйіседі. Бұл – жеке өміріңіз үшін алдыңызға мақсат пен міндет қою үшін тамаша кезең. Серігіңіздің мінсіз портретін сипаттау арқылы оны тезірек кездестіресіз. Бұған Егіздердегі жаңа туған Ай ықпал етеді.

Әкесімен қарым-қатынасы аса жақсы емес Бикеш әйелдер бұл олқылықты 11 және 16 маусым аралығында жақсарта алады. Бұл жеке өміріңізге оң әсер етеді және ойыңыздағы бойдақтық тәжін және басқа да психологиялық кедергілерді жояды.

Таразы

Маусым айының ортасында Венераның Шаянға ойысуы Таразылардың назарын отбасылық құндылықтарға аударады. Балалармен және туыстармен бірге өткізетін уақыт көп болады. Сізге үйлену туралы ұсыныс түсуі ықтимал. Үйлену тойын сүйіктіңізбен бірге жоспарлаңыз, бұл араңызды жақындастады және байланысты нығайтады.

Әлі де бойдақ жүргендер көп уақытын үйде өткізіп, пайдалы іс жасауға және өміріндегі жайлылықты арттыруға ұмтылады. Бұл сізді жаңа қарым-қатынас туралы ойлануға итермелейді. Танысу сайтына тіркеліңіз және жақын арада тартымды адамды кездестіресіз. Егер ол адаммен ортақ хобби жөнінде сөйлесе бастасаңыз, көп ұзамай ғашық боласыз.

Сарышаян

Венера маусымда Күн мен Меркурийдің Шаян белгісіне өтуіне байланысты күшейеді. Сарышаяндар қарым-қатынасты түйсік арқылы жақындық деңгейіне жеткізеді. Ортақ мүдделер мен жобалар арқылы байланысыңызды нығайтыңыз. Көпшілігі үйленіп, балалы болуға шешім қабылдайды.

Жаңа таныстармен сөйлескенде абай болыңыз, өйткені маусым айында әлсіз тұлғалар жолығады. Қарым-қатынастағы жауапкершілікке мән беріңіз. Махаббаттан үзіліс алғысы келетіндер демалысқа жалғыз барса болады және бұған өкінбейді.

Жас жігіт
Жағада отырған жас жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген

Маусымның басындағы Юпитер мен Плутонның үйлесімділігі Мергеннің өміріне оң әсер етеді. Ол белсенділік танытып, бірге өткізетін болашақ үшін жауапкершілік алады. Жалғыз жүруден жалыққан жандар ерікті түрде жалғыздықтан құтылуға ұмтылады. Керемет жұп болуға мүмкіндік бар. Indastro астрологиялық басылымы сүйікті адамыңыздан үміт күту керегін жазады. Неке шартына қол қойылады.

Рухани құндылықтарға негізделген қарым-қатынастар нығая түседі. Маусым айының соңында махаббат әлемі барынша жақсы болады. Бұрынғы сүйіктіңіз қайта оралуы мүмкін.

Тауешкі

6 маусымдағы Егіздердегі жаңа Ай және 22 маусымдағы Тауешкідегі толық Ай эмоцияға толы қарқынды күндер сыйлайды. Жақындарыңызбен араздаспаңыз, эмоцияларыңызды бақылаңыз, ортақ әңгіме тауып, тіл табысыңыз. Өзіңізді де ұмытпаңыз және жеке мүдделерді құрбан етпеңіз.

Маусым айында сүйіктіңізбен бірге демалыңыз, қазіргі немесе жаңа серігіңізді романтикалық сапарға шақырыңыз. Бұл бір-біріңізді білуге ​​және болашақ туралы шешім қабылдауға көмектеседі. Маусым айының соңына қарай көптеген Тауешкі белгісінің өкілі жақын адамдарымен бірге қоныс аударады.

Суқұйғыш

Ауа белгісі саналатын Суқұйғыш маусым айында еркіндікке ие болады. Қарым-қатынас орнатуға асықпайтындар пікірлес адамдармен кездесіп, жаңа қызықты хобби үйренеді. Бұл ай ақша табу және жұмыс орнын ауыстыру үшін қолайлы, сондықтан бойдақ Суқұйғыштар мансап пен оқуға кіріседі.

Белгінің отбасылы өкілдері туыстары мен балаларының істеріне назар аударады. Романтика үшін көп уақыт пен күш болмайды, сондықтан мұның орнын сүйікті адамыңызға мақтау сөздер айтып, сыйлықтармен толтыруға тырысыңыз.

Дәптерге қарап отырған қыз
Дәптердегі жазбаларына қарап отырған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Эмоцияға жақын Балықтар жаздың басында өз әлемінде болады. Бұл романтиканың, шытырман оқиғаның, саяхаттың және жаңа байланыстардың толқынын әкеледі. Жеке өміріңізге тәжірибе жасаудан қорықпаңыз. Тұрақты жұптар сезімдерін жаңартады, ал жаңадан жұп атанғандар қарым-қатынасты өрбітуге кіріседі.

Отбасылық Балықтар өз ұясын әрі қарай ширатады, балаларына қамқорлық жасайды және ата-анасына көмектеседі. Олардың арасында бірге өткізген жылдар мен маусымның қолайлы ғарыштық энергиясының арқасында мистикамен шектесетін рухани жақындық сезімі пайда болады. Осы сәттен ләззат алыңыз.

Маусым бойы зодиак белгісі өкілдерінің қарым-қатынасы жақсы болады. Бойдақтар махаббатын табады, байланыс аясын кеңейтіп, жаңа адамдармен танысуды және жаңа дүниелерді байқап көргісі келеді. Жұлдыздардың кеңестерін пайдаланып, жеке өміріңізге үйлесімділік орнатыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2113200-romantikaga-toly-zhaz-2024-zhyldyng-mausym-aiyna-arnalgan-mahabbat-zhuldyz-zhoramaly/