Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай белгі өкілдері ақшалы болады: 2024 жылдың маусым айына арналған қаржы жорамалы

Опубликовано:

Зодиак шеңбері
Зодиак шеңберіндегі белгілер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маусым айындағы планеталар шеруі және Юпитердің, Марс пен Плутоннның жайлы кезеңі белгі өкілдеріне табыс әкеледі. Бұл айда баюға мүмкіндік бар. Астролог Лиз Симмонс бір айға арналған қаржы болжамын жасады.

Тоқты

Тоқтылар үшін маусым – әл-ауқатты нығайту айы. Мансап сатысына көтерілу үшін өзіңізді дәлелдеңіз. Басты міндет – әр қадамды ой елегінен өткізіп, ақылмен әрекет ету. 5-6, 10, 14-15, 20 және 25 маусым жұмыс пен қаржы үшін жайсыз күндер саналады. Бұл күндері инвестиция салудың, қомақты қаржыға зат сатып алудың, қарыз берудің немесе несие алудың қажеті жоқ.

Айдың басында алған табысыңыз арқылы жұмыстан кейін денеңізге, денсаулығыңызға және сыртқы келбетіңізге күтім жасау арқылы өзіңізді марапаттаңыз. Жазушы және астролог Стеф Койфман айдың соңына дейін әмияныңызды босатып алмау үшін демалыста көп ақша жұмсамауға кеңес береді.

Торпақ

9 маусымнан бастап Марс Торпақ белгісіне ауысады, бұл белгі өкілдерін жігерлі және өр ете түседі. Маусым айының бірінші жартысында Венера мен Юпитер Торпақта болады, сондықтан бұл белгінің үстінен алтын жаңбыр жауады деуге болады. Торпаққа мансап бойынша жаңа ұсыныстар жасалады.

GaneshaSpeaks астрологиялық басылымы мамырдан шілдеге дейін лайықты ақша табуға мүмкіндік барын жазады. Табыс көбейіп, басшылықтың сенімі нығаяды. Жұмыстағы жағдай жақсарады. Артық энергияны әлеуметтік жұмыстарға бағыттаңыз, таныстар шеңберін кеңейтіңіз. Бала-шаға мен туыстарға ақша жұмсауға тура келеді.

Бақытты отбасы
Демалысқа шыққан отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

Маусымның бірінші жартысы Егіздер үшін қолайлы, себебі бұл кезде Күн осы белгіде болады. Қызмет саласын өзгерту және қомақты ақшаға тауар сатып алуды жоспарлай аласыз. Қаржылық жағдай тұрақты әрі ақша үнемдеуге болады. Астролог Лиз Симмонс қаржылық сауаттылықты үйренуді ұсынады.

3 маусымнан 17 маусымға дейін Меркурий Егіздер белгісінен өтеді. Бұл әлеуметтік және іскерлік байланыс аясын кеңейтеді. 6 маусымда Егіздердегі жаңа Ай белгіге оң әсер етеді. Сәтті өтетін іссапарлар күтіледі, оқу оңай және қызықты болады.

Шаян

Ай жаңа кәсіби міндеттер мен қызметтің жоғарылауымен басталады. 17 маусымнан бастап Меркурий мен Венера Шаян белгісіне енеді, бұл ақпаратты қабылдауға әсер етеді. 22 маусымнан бастап олардың қатарына Күн қосылады. Бұл Шаянға сенім мен амбиция береді. Құпиялардың ашылуын және жұмыстағы жағдайдың шешілуін күтіңіз.

Маусымның екінші жартысы белсенді әрекет ету үшін қолайлы. Сонымен қатар көптеген Шан белгісінің өкілі сынды сезімталдықпен қабылдайды. Кез келген ақпаратты екі рет тексеріңіз. Венерамен бірге мүмкіндік те артады, жақсы зат сатып алу үшін қосымша ақша табу мүмкіндігі бар.

Арыстан

Арыстанға маусым айындағы планеталар шеруі қатты әсер етеді. 3 маусымнан бастап алты аспан денесі (Меркурий, Марс, Юпитер, Уран, Сатурн және Нептун) сап түзеді. Арыстанда үйленуге, ұрпақ жалғастыруға немесе көшуге деген ниет пайда болады. Шешім қабылдап, оны жүзеге асырыңыз, өйткені адамдар мен жоғары күштердің күші мен қолдауы жеткілікті болады.

Ұжымдық іс-шаралар мен міндеттер ең үлкен табыс әкеледі. Әріптестеріңізді бірігіп жұмыс істеуге тартыңыз. Басшылық лауазымнан босаған жағдайда ақша төленеді.

Ақшалы ер мен әйел
Ақша ұстап тұрған ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш

Бикешті бір ай бойы көп тапсырма күтіп тұр. Мансапты жеке өміріңізбен біріктіріп, жұмыспен демалуға тура келеді. Қаржы саласында күтпеген жағдайлар болуы мүмкін: төлемдерді кешіктіру, бонустар, қарызды өтеу. Instaastro астрологиялық басылымы бюджетті үнемдеу үшін шығындарды бақылауға және көңіліңізді түсірмеуге кеңес береді.

Маусым бағалы зат сатып алу үшін қолайлы уақыт емес, бірақ білім алу үшін оңтайлы уақыт саналады. Курстар сатып алыңыз, репетитор қызметіне жүгініңіз. Жақында бұл шығын өзін өтейді. Жақындарыңызға сыйлық алудан бас тартпаңыз. Айдың үшінші онкүндігі мен Күннің тоқырауы тұрақтылық пен үлкен ақша ағынын әкеледі.

Таразы

Таразылар үшін маусым – өзіңізге және жақындарыңызға уақыт арнайтын ай. Мансап пен табыс екінші орында тұрады. Бастығыңыз аса талапшыл емес, ал әріптестеріңіз сізге көмектеседі. Үйлену тойлары мен туған күндер болуы мүмкін, бұл шығындарды талап етеді. Барлығына ақша жеткілікті, уайымдайтын ештеңе жоқ.

22 маусымнан бастап Лилит Таразыда болады, бұл отбасылық қарым-қатынас, өзара міндеттер мен уәделер бойынша әсер етеді. Көптеген Таразы белгісінің өкілі өсиет қалдырады, еңбек келісім-шарттарына және неке шартына қол қояды.

Сарышаян

Сарышаян үшін маусым командалық жұмыс айы болады. Әріптестерімен және серіктесімен бірге өзі армандағанынан да көп табады. Қоғамға араласатын, блогер, лектор, жаттықтырушы ретінде жұмыс істейтіндер табысты болады.

Айдың ортасында Плутонмен Марстың күрделі шаршысы Юпитердің қолайлы аспектісін оятады. Сарышаян жұмысқа көңіл бөледі. 30 маусымнан бастап Ай Плутонмен шаршы алаңға шығады, бұл кезде Сарышаян күресуге ниет білдіреді. Еңбегіңіз үшін өзіңізді сыйлықпен марапаттаңыз.

Телефон ұстаған ер адам
Телефонмен суретке түсіріп тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген

Мерген үшін маусым айы сәттілікке толы болады, тек сол бір сәттерді жіберіп алмау маңызды. Ол үшін саяхаттаңыз, әлеуетті тұтынушылармен және серіктестермен танысыңыз, сөйлесіңіз. Адамдар Мергеннің кәсіби құзыреттілігін жоғары бағалайды. Бұл дамуға, қаржылай табысқа жетуге итермелейді және өзіне-өзі риза болады.

Қаржы жағдайы қуантады, өйткені ақша арнасы толы болады. Тұрақты төлемдер ғана емес, сонымен қатар әжептәуір сыйлықтар да болуы мүмкін. Барлық келісімге мән беріңіз. Құжаттарды оқымай тұрып қол қоймаңыз.

Тауешкі

Starwalk астрономиялық басылымының мәліметіне сүйенсек, Сатурнның ретроград уақыты жақындап келеді. Ол 29 маусым мен 15 қараша аралығында ретроградтық кезеңде болады. Сатурн Тауешкінің билеушісі болғандықтан, белгі өкілдері маусым айында жұмыстан кету, жаңа жұмыс табу, несиені жабу секілді барлық маңызды мәселесін аяқтауы керек. Барлығына ақша жеткілікті.

Маусым айының екінші жартысында жұмыс қарқынын бәсеңдетіңіз. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды нығайтып, демалыңыз, ұйықтаңыз. 22 маусымда Тауешкідегі толық Ай құлпынай айы деп аталады. Осы тұста болашақты қалай жоспарлау керегі белгілі болады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштардың қаржылық жағдайы маусым айында жақсарады. Табыс артады, ал серіктесіңіз одан да көп табыс табады. Демалысқа шығуды жоспарлай аласыз, қомақты ақшаға зат сатып ала аласыз. Маусым айының басында күнделікті жұмысқа кірісіп, айдың екінші жартысын шығармашылыққа арнаңыз.

Маусым айында тиімді жоба пайда болады. Бизнес серіктес іздегендер ойындағыдай адамды табады. Қызметіңізді жоғарылататын мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Көпшілік алдында сөйлеу басқалардың назарын өзіңізге аударуға мүмкіндік береді. Кей адамдарға қызмет саласын өзгертуге байланысты ұсыныс айтылады. Байқап көріңіз, өкінбейсіз.

Кәсіпкер әйел
Ғимарат жанындағы кәсіпкер әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Балықтар үшін маусым айы үй шаруасының маңайында өтеді. Көбі жөндеу жұмыстарын жүргізеді, көшіп-қонады және жаңа үйін салады. Құрал-жабдықтарға және интерьер заттарына жұмсалған ақша ойлағандай болады. Жоспарға сәйкес қомақты сомаға сауда жасаңыз және ал аяқ астынан бір затты сатып алуды шектеңіз. Барлық қаржыңызды қазіргі жобаларды аяқтауға жұмсаңыз, сонда шілде айында емін-еркін жүре аласыз.

Қаржы тұрғысынан ең қолайлы күндер 1-2, 18, 24 және 26 маусым болады. Осы күндері қымбат инвестиция жасаңыз, зат сатып алыңыз және бағалы дүниелер сатыңыз.

Маусым айында барлық зодиак белгісінің жағдайы жақсы болады. Қаржылық ахуалыңызды нығайтып, мансап жолында табысқа жету үшін мүмкіндік жеткілікті. Қиындыққа жол бермеу үшін жұлдыз жорамалының кеңестерін оқып көріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2113824-qai-belgi-okilderi-aqshaly-bolady-2024-zhyldyng-mausym-aiyna-arnalgan-qarzhy-zhoramaly/